Ќазаќстан Республикасыныѕі білім жјне єылым министрлігі



бет115/120
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#22181
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120
XIV – ші апта


14 кредит сағат
ОЖСӨЖ мазмұны :
1. Ойынды жазып жүру тәртібі.


Ойынды жазып жүру тәртібі.
Жүрісті жазу үшін, ең алдымен, жүріс жасалатын отаудың рет санын, оның қасына сол отауда жатқан құмалақтың санын көрсетіп цифр жазылады. Мәселен, 39 – үшінші отауда 9 құмалақ бар деген сөз. 315 – үшінші отауда 15 құмалақ бар деген сөз. 712 – жетінші отауда 12 құмалақ бар деген сөз. 11 – бірінші отауда 1 құмалақ бар деген сөз. т.с.с. Бұдан кейін жүріс жасау белгілері – сызықша (– ) немесе қос нүкте ( : ) қойылады да, соңғы құмалақ барып түскен отаудың рет саны мен сол отаудағы құмалақ санының қанша болғанын көрсетіп цифр жазылады. Ойын кезінде 39-215 деген жазу жазылды дейік. Яғни тоғыз құмалағы бар үшінші отаудан жүріс жасалып, қарсыласының 14 құмалағы бар екінші отауына түседі де, құмалақ санын 15-ке жеткізеді. Бұл жай жүріс. Ойын кезінде 412 : 614 деген жазу болады. Яғни 12 құмалағы бар төртінші отаудан жасалған жүріс қарсыласының 13 құмалағы бар алтыншы отауына жетеді де, құмалақ санын 14-ке жеткізіп, ол құмалақтарды ұтып алады. Міне, осындай жүрісте қос нүкте ( : ) қойылады.
Ойын кезінде « тұздық » алынса, Х белгісі қойылады. Мысалы, 513 : 83 Х ( 5-отауда жатқан 13 құмалақтарды жүріп, қарсыласының 8-отаудағы құмалақтарды үшеу етіп, тұздық алғандықтан жазылады ). Егер ойын барысында жүрістің соңғы құмалағы « тұздық » алынған отауға тап келсе, отаудың рет санынан кейін тағы да Х белгісі жазылады. Мысалы, 414-8Х. Яғни, төртінші отаудан жүрген жүріс « тұздық » алынған сегізінші отауға тап келді деген сөз.
« Тоғызқұмалақ » партияларын жазғанда мынадай негізгі шартты белгілер пайдалану керек :
– жай жүріс ;
: – табысты жүріс ;
Х – « тұздық » белгісі ;
! – күшті жүріс ;
!! – өте күшті жүріс ;
? – әлсіз жүріс ;
?? – өте әлсіз жүріс ;
00 – қайда жүрсе де, басқа жүріс жүрсе де бәрі бір деген ұғымды береді.


Әдебиеттер :
1. « Тоғызқұмалақ »., Ә.Ақшораев., Алматы : Қазақстан., 1979 жыл. – 29-32 беттер.
2. Таңғажайып тоғызқұмалақ., М.Шотаев., Н.Жұмабаев., С.Ақназаров., Түркістан., 2004 ж. – 26-30 беттер.
3. Қазақтың ұлттық спорт түрлері., М.Болғамбаев., Алматы : Қайнар., 1983 жыл. – 125 – 126 бет.
4. Қазақтың ұлттық ойындары., Б.Төтенаев., Алматы : Қайнар., 1994 жыл. – 111-112 беттер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет