Сыр білдірмеу – сыр білдірмеу дегеніміз палуанның қарсыласынан өзінің шын пилығын жасыру үшін оның бармау жүргізуіне кедергі келтіріп, сөйтіп өзінің даярлығы жөнінде жаңылыста болуын қамтамасыз ететін тактикалық әрекеті.
Сондай-ақ қарсыласының алдында, ол соны пайдаланып кетпеуі үшін, өзінің қандай күйде екенін білдірмеуі керек. Жағдайдың және айқастағы тактикалық ойдың өзгеруіне байланысты өзінің шаршағанын сездірмей, күші әлі де мол екенін білдіретіндей сергектік көрсетуі немесе кез келген сәтте шабуылға шығатынын сездірмеу үшін сылбырлық танытып, тез шаршайтын болып, көрінуі қажет болады.
Барлау – жарысқа жақсы даярланып, табыспен күресудің негізгі шарттарының бірі сол жарыстың ерекшеліктерін, сонымен қатар болашақ қарсыластарының шеберліктерін жақсы білу болып табылады.
Қарсыластарды және жарыс жайлы деректерді палуан алдын-ала және тікелей айқас кезінде жүргізетін барлаудың нәтижесінде алады.