Ќазаќстан Республикасыныѕі білім жјне єылым министрлігі



бет12/120
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#22181
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   120
V – ші апта.


5 кредит сағат
5 дәріс
Тақырыбы: Жарыстарға қатысу тактикасы

Жарыстарға тактика ең жақсы нәтижеге жету үшін палуанның барлық мүмкіндіктерін шебер пайдалануға салды.


Жарыс қарсаңында әрбір кездесудің мақсаты, жан-жақты, дайындықта, күрестің техникалық және тактикалық құралдарын барынша тиімді пайдалану жолдарын анықтайды. Сонымен қатар сол жарыстың ерекшеліктерін және нақты жағдайды ескереді.
Тіпті сипаты жағынан да бірдей жарыстардың өзінде де палуанның тактикасы әртүрлі болады, өйткені ол түрліше жағдайға қарай жасалады. Сонымен бірге палуанның тактикалық әрекеттерінде бірдей жағдайлар да болады.
Палуанның жарыста алға қойған мақсаты әрбір жеке айқастарда көрініс табуы тиіс. Сондықтан алдын ала жасалған жоспарында, жарысқа қатысудық тұтас мүддесіне орай, ол қандай айқасты таза жеңіспен немесе артықшылықпен аяқтайтынын белгілейді немесе ұпайымен жеңу міндетін алдына қояды.
Әрбір салмақ категориясындағы жарысқа қатысушы спортшылар саны көп. (шамамен 25 адам және одан да артық) жарыстарда палуанға финалға шығу үшін әдетте, кілемгі ең кемі алты рет шығуға тура келеді. Мұндай жағдайда қарсыластарына техника жағынан едәуір басым түсуге болады, бірақ белдесулерде тек қана ұпай бойынша жеңіске жету, бірінші орын ала алмай қалады. Сондықтан палуан ең кемі бір белдесуде басым түсіп, таза жеңіске жету үшін барлық мүмкіндігін пайдалануы тиіс. Егер палуан алдағы жекпе-жекке дейін бір немесе бірнеше кездесу өткізіп айып ұпай алып қалған болса, енді осы белдесуде жарыста қарай жалғастыруға мүмкіндік беретін нәтижеге жетуді жоспарлауы тиіс. Бес айып ұпай болса, палуан тек қана таза жеңіске жетуге ұмтылады. Бірақ бұл екі жағдайда да ерекшелік болуы мүмкін. Мысалы егер бәсеке финалға шығу үшін немесе турнир кестесіндегі жақсы орын үшін өткізілетін болса, палуанды жоғарыда айтылғандағыдай төмен нәтиже де қанағаттандыра алады.
Мачтың жеке біріншілік және командалық жарыстарда палуан жеңілетін жағдайда болса, ол барынша батыл және тайсалмастан шабуылға шығуы, өзіне қауіп төнетін қимылдарды да жасауы, жеіңске жетудің қандай мүмкіндігін болса да пайдалануы тиіс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет