Ќазаќстан Республикасыныѕі білім жјне єылым министрлігі



бет22/120
Дата05.02.2022
өлшемі1,61 Mb.
#22181
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   120
VII – ші апта.


7 кредит сағат
7 дәріс
Тақырыбы: Жарыстың сипаты, түрі және өткізу әдістері.
Қандай міндеттер қойылғанына (қарамастан) қарай жарысты мынадай түрлерге
бөледі. Оқу топтарының, секциялардың, қалалардағы дене шынықтыру коллективтердің, облыстардың республиканың, ерікті спорт қоғамының жеке ведомостволардың біріншілігі. Бұл жарыстарда оқу жаттық жұмыстардың қортындысы шығарылып, оң күшті палуандар мен командалар анықталадй.
Спорттың бірнеше түрін қосып, сөйтіп компекеті біріншілік болып табылатын республика спартакиадасы және спорттық ұлттық түрінен өтетін спортакиадалар жарыстардың бірі түріне жатады. Газет редакцияларының жүлделі, республиканың атақты адамдарының, совет Одағы Батырларының атындағы жүлде үшін де жарыстар өткізіледі.
Соңғы жылдары қазақша күрестен екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Жазылбек Қуанышбаев атындағы және Совет Одағының Батыры Жақсығұлов атындағы жүлделер үшін жарыстар кеңінен өткізіліп келеді. Сондай-ақ, әр түрлі жаттықтырушылардың топтары, дене шынықтыру коллективтерінің секциялары арасында мачтық кездесулер болып тұрады. Мұндай кездесуге тәжірибейде алмасуға, шеберлікті арттыруға ықпалын тигізіп, спортшыларды, патриотизмге, өзінің коллективті үшін намысқа тырысуға үйретті.
Іріктеу жарыстары күшті палуандардың арасында таңдалып алып, құрама командаларды толықтыру үшін, ал бақылау жарыстары даярлықтың соңғы кезеңінде палуандардың алдағы кездесулерге қандай екендігін анықтау үшін өткізіледі. Күрес өнерін көрсету жарыстары спорттық шеберлігінің артуына және қазақша күресті насихаттауға көмектеседі. Классификациялық жарыстар спорттық разряд нормаларын орындап, палуандардың шеберлігін арттыру мақсатында өткізіледі.
Бір салмақ категориясында жарысқа қатынастың палуан саны екіден асатын болса, жарысты өткізу әдісін анықтап алу қажет. Қазақша күрестен жарыс айналым және жарыстан шығып қалу жүйесі бойынша өткізіледі. Айналым жүйесінде жарысқа қатысушы әрбір палуан басқа қатысушы палуандармен кездеседі. Бұл жүйе жарысқа түскен палуандардың күшін барынша дәл анықтауға мүмкіндік бергенімен уақытты көп алады. Сондықтан ол жарысқа қатынасушылар соны аз болғанда ғана қолданылады. Жарысқа шығып қалу жүйесінде палуан ережеде көрсетілген айып ұпай санын, яғни 2 рет жеңілгеннен жарыстан шығып қалады. Жарыстан шығып қалу жүйесі бойынша жарыс өткізу үшін палуандарды жұптаудың белгілі бір тәртібін пайдаланады. Әр палуанның салмағын өлшеп болысымен жеребе тартқызу арқылы рет санын анықтайды.
Бірінші айналымның жұптарын мынадай тәртіппен құрады: мыс: бірінші екіншісімен 3-ші 4-ші мен, 5-ші, 6-шы мен күреседі. Жарысқа қатысушылар саны тақ болған жағдайда бірінші айналымдағы соңғы номерлі палуан бос қалады. Екінші айналымда 1-ші номерлі палуан өзіне ең жақын номірі үлкен өзі әлі күреспеген палуанмен белдеседі, мыс. 1-ші, 2-ші, 3-ші, 4-ші, 5-ші, 7-ші мен т.с.с. Алғашқы айналымда жарысқа қатысушылар саны дақ болып, палуан бас қоса, ол спортшы келесі айналымда жүп жасағанда бірінші орынға шығарылады. Бұл жағдайда бірінші тұрған палуан жеребе бойынша екінші, орын, 2-ші 3-ші орын т.с.с. орын алады.
Жасына қарай қазақша күрес бойынша жарысқа қатынасушылар мынадай топқа бөлінеді: жеткіншіктер (12-13 жас), жасөспірімдер кішіректер тобы (14-15 жас) ересектеу тобы (16-17 жас) жастар (18-19 жас) ересектер (20 жас және одан да жоғары). Жастарға ересектер арасындағы жастарға қатысуға рұқсат етілуі мүмкін, салмағына қарай жарысқа қатынасушылар салмақ категорияларына бөлінеді.
Жарысқа дайындау және ұйымдастыру. Жарысқа табысты өтуі көп жағдайда әбден ойластырылып жүргізілген мұқият дайындыққа байланысты. Барлық дайындық жұмыстарын бірнеше кезеңге бөлген дұрыс. Бірінші кезеңге жарыстың мерзімі мен өткізілетін орнын анықтау, ережелер мен шығындар сметамын жасап бекіту, жарысты өткізуге жауапты адамдарды болу немесе ұйымдастыру комитетін бекіту, бас төреші мен бас секретарьды бекіту жатады. Дайындықтың бұл кезеңінде жарыс еределері жасалады, онда мыналар көрсетілуі тиіс: жарыстың аты, онда мақсаты мен міндеттері, уақыты мен өткізілетін орны, жарысты өткізуге басшылық, қатынасушы ұйымдармен қатынасушылар, заявка беру мерзімі, жарысты өткізудің шарттары және жеңімпаздарды анықтау жеңімпаздарды наградтау.
Жарыс жөніндегі ережемен қоса шығындар сметасы да жасалады. Соның негізінде жарысты өткізетін ұйымдар ақша және материал бөледі. Сметаны жасаған кезде жарыстың аты, өткізілетін мерзімі және уақыты, төрешілер саны, жарысқа қатынасушылар саны. Олардың тамағына, орналастыруға, жолына, т.б. кететін шығындар көрсетіледі. Қазақша күрестен жарыс өткізгенде 5-7 адамнан комитеті құрылады. Оның жұмыс жоспарына жарысқа дайындықты барынша күшейтіп, оны жақсы өткізуге бағытталған шаралар кіреді. Ұйымдастыру комитеті өзінің жұмысына қоғамдық активті кезінен тартып отырады.
Жарысқа дайындықтың екінші кезеңіне мыналар кіреді: Жарыс өткізетін орынды таңдап алу, жабдықтау, жарыстың программасы мен графигін жасау, секретариат пен төрешілер коллегиясын толықтыру, жарыс жөнінде алдын-ала хабарлар беру. Жарыс өткізілетін залдың іші санитарлық-гигиеналық талаптарға сай келуі және оның ішінде киім ілгіштер, төрешілер, демалу бөлмелері ьолуы, көрермендерге орын жеткілікті болуы тиіс.
Қазақша күрестен жарыс өткізген жағдайда айқас өткізілетін кілем төрт бұрышты немесе доңгелек, беті тегіс, ішіне толтырылғаны тұтас әрі жеткілікті тығыз, мөлшері 6х6-ден кем және 8х8-ден артық, қалындығы 10 сантиметрден кем болмауы қажет. Қалындағы 5 см ден кем емес синтетикалық материалдан жасалған кілемді де пайдалануға болады. Кілемді айнала ені бар метрден кем түстпейтін маттар төселуі тиіс. Кілем төселетін орынның жапжағы кілемнен кемінде 2,5 м кең болуы керек.
Қазақша күрестен өткізілетін жарыстың ерекшелігі ережеде мұнда күн сайын палуандардың салмағын өлшеп тұру көзделген. Бұл жағдай жарысты ұйымдастыру ісіне ерекше талап қояды, өйткені жеребе тарту нәтижесіне қарай палуандардың кілемге шығатын уақыты шамамен белгілі болады. Төрешілер коллегиясын сайлағанда қазақша күрестің Қазақ ССР Министірлер Советі жанындағы физкультура физкультура және спорт жөніндегі комитет бекіткен ережелерінде көрсетілген жайлар есепке алынады.
Жарысқа қатынасушылар жиналып келген күні төрешілер коллегиясының командаларының өкілдері мен бірлескен мәжілісі болады. Оны жарысты өткізетін ұйымның өкілі мен бас төреші басқарып жүргізіледі. Осы мәжілісте жарыс жөніндегі жағдай түсіндіріледі. Жарысты қатынасушыларды ұйымдастыру комитетінің мүшелері мен қоғамдық актив қарсы алып орналастырады, ал оларды жарысқа мандат комиссиясы жібереді, ол комиссия әр спортшының атынан берілген заявканы, анкетасын және ережеде көрсетілген басқа да документтерді тексеріп отырады. Бұдан соңғы жұмыс тікелей жарысты өткізуге сияды. Жарыстың программасы мен графигін жасағанда спортшылар мен төрешілердің күн сайын жарысқа үзілісін қосқанда 6-8 сағаттан артық қатыса алмайтындығын ескерту қажет.
Төрешілік етуді ұйымдастыру.
Төрешілер коллегиясын олардың ішіндегі ең тәжірибелісінен сайланған бас төреші басқарады. Ол жарыстың барысын басқарып, оған қатынасушылардың қазақша щкүрес ережелерін, оның шарттарын орындауын қадағалайды. Бас төреші барлық жұмысты жарысты ұйымдастырушылармен тығыз байланыс жасай отырып жүргізеді, ол ұйымдастырушылар оның нұсқаларының түгел орындалуын қамтамасыз етеді.
Дайындық жұмысы кезінде бас төреші жарыс шарттарын оқып, танысады, график және программа жасайдыз, жарыс орнын жабдықтау, төрешілер коллегиясын құрып толықтыру жөнінде нұсқау береді. Әрбір айқасты білгірлікпен бірдей етіп болу қажет. Айқасты бақылап тұратын төрешілер бейтарап болса, жарыстың объективті бағалатнатынын тәжірейбе көрсетіп келеді. Жарыс басталатын күні бас төреші жарысқа қатынасушыларды өлшеуді, жеребе тартуды ұйымдастырып, төрешілер бригадасын айқасқа төрешілік етуге бөледі.
Жарыс кезінде бас төреші айқастардың барысын, төрешілер коллегиясының жұмысын бақылап отырады. Бас төрешіден ережелерді өте жақөсы білу және оларды нақты жағдайларда қателіспей пайдалана алу талап етіледі. Төрешілердін, палуандардың кілем шетіндегі техникалық әрекеттерін бағалағанда, тыйым салынған амалдарды, палуанның сылбыр қимылын анықтағанда көбірек қателесетінің тәжірибейде көрсетіп келеді.
Финалдық жарыстарды өткізгенде бас төреші екі төрешіден жюри тағайындайды. Жарыс аяқталғаннан соң бас төреші мен бас секретарь қол қойып, өздеріне жарысты өткізуге тапсырған ұйымға есеп береді. Бас төреші болмай атқарады. Бас төрешінің орынбасары сол кілемдегі төрешілер бригадасының жұмысын ұйымдастырады және жарыстың жоғары спорттық дәрежеде өтуіне жауап береді. Ол айқастарды қадағалап тұратын төрешілерді бөледі; бригаданың жіберген қателіктерін түзейді, палуанды жарыстан шығарып тастауға қатынасады, төрешілердің жұмысын бағалау жөнінде бас төрешілердің ұсыныс жасайды.
Айқасқа төрешілік жасағанда арбитр ен жауапты қызмет атқарады: бүкіл жекпе-жекті ақырында диін басқарып тұрады. Арбитордың жұмысы палуандарды кілемге шақырған кезде арбитр қолданған әдістерді өзі анық көріп дұрыс бағалай алатындай жерде бірақ бұл кезде кілемдегі айқасты басқарушыға, жанындағы төрешілерге, сондай-ақ көрермендерге палуандарды палуандарды көруге кедергі жасамағаны жөн.
Арбитор палуандардың әрекеттерін белгілі бір қимылдар, ысқыру арқылы басқарады. Ол қолын қимылдатып спортшылардың барлық амалдарына баға береді: бас бармағын көрсетсе 1 балл, бас бармағы мен сұқ саусағын көрсетсе – 2 балл, үш саусағын көрсетсе – 2 балл, үш саусағын көрсетсе 3 балл. Таза жеңіс деп бағалағанда арбитр алақаның кілемге соғады және жеңімпаздың белбеуінің түсіндей мата оралған қолын көтереді. Бұл кезде үш төрешінің біреуі таза жеңіс деп онымен келіскен жағдайда ғана ысқырық берілуі тиіс. Арбитр асықпауға күйбендемеуге тиіс. Өйткені айқасты қайта-қайта тоқтат берсе палуандардың жүйкесіне тиіп, сойып келгенде айқастың нашар өтуіне соқтырады. Сондықтан арбитор ереже бұзылған жағдайда оны дәл әрі білгірлікпен бағалап, кездейсоқ, елеусіздеу кемшіліктерді айқастың барысына әсер ететіндей етіп ережені әдейі бұзушылықтан ажыратып тұруы тиіс.
7 практикалық сабақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   120




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет