СӨЖ мазмұны : 1. Ойын және компьютер.
XIII – ші апта
13 кредит сағат № 13 дәріс Тақырыбы: Спорттағы бағдарлау мен іріктеу Дене тәрбиесі мұғаліміне спорт дайындықтарының негізгі сипаттамасын, оның оқушылардың дене тәрбиесі жүйесіндегі орнын білуі. Спорттық бағдарлау мен іріктеуге белсене қатысуы қажет. Спорт дайындықтары бірнеше бағыттарға бөлінеді:
Әрбір спорт түріне дарынды балаларды қызықтырып , тарта білу.
Спорттық жаттықтыру үрдісін ұйымдастыру
Жарысқа қатысу
Оқушылар спортқа жан-тәнімен берілуі қажет . Егер оқушы спорт түрін жақсы таңдай білсе және онымен бар ықыласымен айналысса , онда ол сөзсізжоғары көрсеткіштерге қол жеткізеді. Жаттығушылардың спорт секцияларында тұрақтамауы , оқу тәрбие жұмысына кері әсерін тигізеді. Сондықтан оқушылардың спорт түрін таңдауына дене тәрбиесі мұғалімі мен жаттықтырушы бағыт сілтеп отыруы , бірге жұмыс істеуі қажет. Спорттағы бағдарлау және іріктеу кезінде спорт түрінің талаптарына , баланың өз басының ерекшеліктеріне, қабілеттілігіне көңіл аударған жөн .
Қабілеттілік-баланың өзі таңдап алған спорт түрінің қимыл, әрекеттерін тез және нәтижелі меңгере алуы және сол әрекеттердің оған ұнауы.