Қазақстан Республикасынын білім және ғылым министрлігі Азаматтық Авиация Академиясы



бет13/84
Дата07.02.2022
өлшемі261,84 Kb.
#85798
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84
Байланысты:
УМКД Философия (ОНО)

11. Өнер философиясы.
Эстетика пәні философиялық білім саласы ретінде. Антикалық эстетикалық ойлардың тарихы (софистер, Сократ, Платон, Аристотель). Араб-мұсылмандық эстетика (Омар Хайям, Әл-Фараби, Ибн Рушд, Ибн Араби, Руми). Христиандық ортағасырлықтың көркемдік-эстетикалық әлемі (А.Августин, Иоанн Дамаскин). Қайта Өрлеу дәуірінің эстетикасы (Л.Б. Альберти, Леонардо да Винчи, А.Дюрер, М.Монтень, Эразм Роттердамский). XVII-XVIII ғ.ғ. Жаңа заман эстетикасы және көркемдік практикасы (Д.Локк, Р.Декарт, Вольтер, Д.Дидро, Ж. Руссо). Классикалық эстетиканың негіздері (И.Кант, Г.Гегель, Ф.Шеллинг). XIX - XX ғ.ғ. классикалық емес эстетика (Ф. Ницше, Дж.Дьюи, Ж.-П. Сартр. М. Хайдеггер).
Эстетикалық тәжірибе. Адам өмірінің эстетикалық өлшемі.Негізгі эстетикалық категориялар: сұлулық – ұсқынсыздық, трагикалық-комедиялық, асқақ-төмен. Сұлулықтың құндылығы.
Философия және өнер. Өнер – мәдениет феномені, оның тұлғалық және және әлеуметтік қызметтері. Көркем шығармашылық субъектісі. Өнер әлеміндегі адам. Адамның мінез-құлқы, іс-қимылы, жан тебіреністерінің себептерін ашудағы өнердің мүмкіндіктері.
Өнерді зерттеудің заманауи философиялық тәсілдері. Қазіргі өнер философиясының негізгі категориялары: әлемді эстетикалық сезіну, еліктеу және елігу; сұлулық, көркем бейне, көркем стиль, көркем талғам, символ мен симулякр және тағы басқалары. Қазақ халқының сұлулық философиясы. Жырау және билердің шығармашылығындағы этикалық және эстетикалық бастамалары. Қ.Нұрланова: "Адам - Әлем біртұтас" концепциясы. Ұлттық аспаптар қобыз, домбыра көшпенділердің рухани мәдениетінің көрінісі ретінде. Қазақ дәстүрлі музыкасының ерекшеліктері. Күй – қазақ өнерінің феномені.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   84




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет