Dhelpi-дегі кластар иерархиясы Delphiде кластар деп бағдарламаның жұмысын аяқтаған бөлігін айтады, олар өздеріне үлгі жасап алады. Бағдарлама құрастырушы бір рет қана класс құрып, оның көшірмесін түрлі бағдарламаларға енгізе алады, немесе бір бағдарламаның бірнеше жеріне орналастыра алады. Мұндай әдіс, бағдарлама құруда оның алдында жазылған үзінділерді қолдану есебінен жоғары нэтиже алуға ықпалын тигізеді. Delphi құрамына Borland корпорациясы бағдарламашылары дайындаған бірнеше жүздеген кластар кіреді. Оларды стандарт кластар деп атайды. Стандарт кластардың жиынтығы бағдарлама құрудың жоғары мүмкіндігін анықтайды. Әрбір компонент қатаң түрде белгілі бір класқа жатады, ал компоненттің формаға қойылатын барлық нақты даналары, сандық индекс қосылған класс атына ие болады. Delphiде қолдануда келісім бойынша кластар аты Т әрпінен басталады. Осылай, TForm1 дегеніміз стандарт TForm бойынша жасалған кластың атын білдіреді. Егер сіз код терезесінде мәтіннің басын көретін болсаңыз, онда келесі қатарларды көресіз: Type TForm1=class(TForm) TForm стандартты класының үлгісінде пайда болған TForm1 жаңа класты хабарлайды. Forml=TForml; осы кластың Forml атты данасын құрады. TForm стандартты класы Windowsтың бос терезесін жазады. Бұл уакытта TForm1 класы қойылып қойған белгі және батырма компоненттерін жазады. Buttonl компоненті Tbutton стандартты класының бір данасын, ал Label1 Tlabel класының данасы екенін білдіреді. Процедураның TForm1.ButtonlClick атынан кейін дөңгелек жақшада шақыру праметрінің түсініктемесі жазылады. (Sender:TObject). Sender аты бар параметр Tobject класына жатады. Buttonl:TButton; Label1:TLabel; Procedure Button1Click (Sender: TObject); private {Private declarations} public {Private declarations} end;
Var Form1:TForm1; Implementation {$R*.dfrn} Біз көріп отырғандай ары қарай процедураларда бір емес бірнеше шақыру параметрлері болатынын немесе мүлдем болмайтынын байқаймыз. Шақыру параметрлері (егер олар бар болса) процедурадағы белгілі бір жұмысты орындайтын жүзеге асырылған алгоритмді баптауға қызмет етеді. Sender параметрі Delphiгe қажет болған жағдай үшін қойылған. Оның көмегімен Button1Click қосалқы бағдарламасы OnClick оқиғасының қандай компонент қүрғанын анықтай алады. Procedure Button1Click (Sender:TObject); процедураның тақырыбы деп аталады. Оны « » символы аяқтайды. Бұл символ Object pascalда маңызды роль атқарады, компиляторға тілдегі сөйлемнің аяқталғанын көрсетеді. Жеке сөйлемдерден бағдарламаның толық мәтіні құрастырылады. Әрбір сөйлемнің соңында нүктелі үтір қою керек бұл тіл синтаксисінің міндетті талабы. Begin End;қатарлары процедураның денесін анықтайды Біз үшін маңыздысы, Button1 батырмасын басқан сайын басқару процедура денесіне беріліп отырады, яғни, begin және end сөздерінің арасына осы оқиғаға жауап беретін бағдарлама үзіндісін қоюға болады.