Объектілерді құру және жоюға есептер шығару Компьютерде жұмыс істеу барысында нысандарға (файлдарға, бумаларға және жарлықтарға) көбіне мынандай амалдар қолданады:
- көшіру (нысанның көшірмесідискінің басқа жеріне орналастырады)
- орын алмастыру (нысанның өзі дискінің басқа жеріне орналастырылады)
- жою
- атын алмастыру (нысанның атауы өзгереді)
Кез келген амалды Windows ортасында бірнеше тісілмен орындауға болады. Әдетте бұйрықты мәзірдің, контекстік мәзірдің немесе пернетақтаның көмегімен береді. Ең жылдам орындалатыны пернетақтаның тәсілі, бірақ ол үшін пернелердің негізгі тіркесімдерін есте сақтау керек.
Барлық амалдар ерекшеленген нысандарға қолданылады. Нысан тышқанның сол жақ батырмасын шерту арқылы ерекшеленеді. Амалдарды бірден бірінеше нысанға бірге қолдану қажеттілігі жиі кездеседі.
Экранда әртүрлі орналасқан нысандар тобын ерекшелеу амалдарын қарастырайық.
Қатар орналасқан нысандар тобын шектес нысандар деп аталады.
Бастау - «Компьютер» терезесі – «Изображения» нысаны – «Образцы изображений» бумасын ашыңдар. Тышқанның сол жақ батырмасын басып, нысандардың үстімен жылжытып көр. Не байқадың?
Қатар тұрған аралас нысандарды ерекшелеу арқылы белгілеп алуға болады.
Әрекеттің реті:
1. Топтың бірінші нысанын белгілейміз
2. Sift пернесін басып тұрып, соңғы нысанды ерекшелейміз
Әрқашан шектес нысандарды ғана ерекшелеу керек емес. Егер нысандар экранда бір – бірінен алшақ орналасса (олардың арасында басқа нысандар болса), онда оларды ерекшелеу үшін Ctrl пернесін қолданады.
Терезедегі барлық нысандарды ерекшелеу үшін «Упорядочить» - «Выделить все» бұйрығымен немесе Ctrl+А пренелерінің тіркесімдері қолданылады.
Нысандарды жылжыту және көшіру
Нысандарды жылжыту және көшіру тәсілдерін қарастырайық.
Тышқанман жылжыту/көшіру. Егер екі бума бір ғана дискіде орналасса, онда нысанда бумадан бумаға тышқанмен сүйреуге болады.
Мұрагерлік.Мұрагерлік кластарын жою Мұрагерлік дегеніміз алдын-ала бар кластардан туынды кластарды құру. Алдын-ала бар класты негізгі (базалық) клас деп, ал мұрагер класты туынды класс деп атаймыз. Туынды класс негізгі кластың барлық мүмкіндіктерін қабылдаумен қатар, өзінің мүмкіндіктерінде дамыта алады. Бұл жағдайда негізгі класс өзгеріссіз қалады. Мұрагерлік бар кодты бірнеше рет қайталап қолдануа мүмкіндік береді. Туынды класты алу үшін класс есімімен кейін қос нүкте, содан соң public сөзінен кейін негізгі кластың есімі көрсетіледі. Біз кластың private және public бөліктерінің бар екендігін білеміз. Кластың ішінде рrivate бөліктердегі берілгендер мен әістерді көре аламыз. Ал сырттан тек public бөлігіндегі берілгендер мен функцияларды көруге болады.
Туынды кластар негізгі кластың private бөлігіндегі берілгендер мен функцияларды қолдана алмайды. Енді класқа қосымша тағы бір бөлік қосылады. Ол protected бөлігі. Бұл бөліктегі берілгендер мен функциялар туынды кластарға public бөліктегі берілгендер мен функциялар қоса көрінеді. Тек кластың ішінде ғана private бөліктегі берілгендер мен функцияларды көруге болады. Мысалы ,программада анықталған класс объектісі тек public бөліктегі берілгендер мен функцияларды қолдана алады.
CountDn класы Counter класының конструкторы қолдана алады, ал Count Dn класының объектілері үшін бұл жағдайда негізгі Counter класының бір аргументті конструкторын қолдануға болмайды. CountDn класы үшін конструкторды анықтаймыз:
class Count Dn: public Counter
{ public:
Count Dn ( ): Counter ( )
{}
Count Dn (int c): Counter (с )
{}
Count Dn operator - - ( )
{return Count (- - count );}
};
class А - класс әдістері өзінің ішіндегі private бөліктегі де, public бөліктегі берілгендерді көре алады;
Егер программа мұрагерлікті қолданса, онда жаңа класты құру үшін базалық класс қажет
Туынды класс элементтерін инициализациялау үшін программа базалық және туынды кластардың конструкторын шақыруы тиіс.
Нүкте операторын қлданып программада базалық және туынды кластардың элементтерін қолдануға болады.
Жалпы (public) және дербес (private) мақсаттағы элементтермен бірге C++ тілінде базалық және туынды кластарда қолдануға болатын қорғалған элементтер (protected) элементтер болады,
Мұрагерлік ө объектігеөбағытталған программалаудың негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Мұрагерлік өтуынды кластың базалық кластың мінездемелерін өзіне мұрагер ретінде алу қасиеті. Мысалы, бізде базалық класс employee бар болсын:
class employee
{
public:
employee(char*,char*,float);
voidshow_employee(void);
private:
charname[64];
charposition[64];
floatsalary;
};
Визуалды бағдарламалау.Delphi ортасында проект жасау 1991 жылы, яғни Windows 3.2 операциялық жүйесі пайда болғаннан кейін Borland корпорациясы Turbo Pascal for Windows программалау жүйесін жарыққа шығарды. Ал, 1992 жылы осы программалау жүйесінің жетілдірілген Borland Pascal with Object 7.0 версиясын шығарды. Бұл бірінші мамандандырылған құралдар Windows-ты негізгі түрде білуді талап етті және оқып – білуде күрделі болды.
Бірақ 1993 жылы Microsoft корпорациясы бірінші Visual Basic көрнекі программалау ортасын дүниеге әкелді. Бұдан кейін, тіпті, Windows үшін программалау MS-DOS үшін программалаудан жеңіл болып қалды.
Бұған жауап ретінде Borland корпорациясы 1995 жылы Delphi-дің бірінші версиясын шығарды. Одан кейін бір жыл интервалмен тағы да 4 версиясын: 2, 3, 4, 5 және 6 шығарды.
Программалауды оқып – білуде және тез қабылдауда ең жақсы тіл – Паскаль, ал, MS – DOS үшін әлемдегі ең жақсы программалау жүйесі — Turbo Pascal екені даусыз. Delphi Паскаль – бағдарланған программалау құралдарының сериясын жалғастыра түсті және осы Delphi Windows – прграммалау үшін барынша қолайлы құрал болып табылады.
Жалпы, Delphi ортасының құрылуының негізі – Object Pascal программалау тілі. Жаңа Object Pascal программалау тілін білмей, меңгермей жатып Delphi-де жақсы әрі эффектілі жұмыс істеу мүмкін емес. Object Pascal-дыңнегізін салатын инструмент – кластар мен объектілердің маңызы зор. Барлық қазіргі кездегі жаңа программалау тілдері (оның ішінде С++ және Visual Basic – тер де бар) практикалық түрде, аз уақытта программа құруға және оның сапасын жоғарлатуға мүмкіндік беретін объектілі – бағдарланған программалау методикасын қолданады.
Delphi- дің мәліметтер қорымен жұмыс басқа программалау тілдерімен салыстырғанда өте жоғары сатыда тұр. Delphi-де мектептер үшін, жоғары оқу орындары үшін, банктар үшін, үлкен корпарациялар үшін мәліметтер қорымен байланыстырып программа құруға болады және ол басқа программалар тіліне қарағанда тиімді және объектілі – бағдарланған программа болғандықтан қолданылуда өте жеңіл. Сондықтан да Delphi-ге көп көңіл бөлінетіні де осы да.
Информатика пәнінен оқу үрдісін ұйымдастыру нысанды – бағытталған программалауға үлкен көңіл бөледі. Нысанға бағытталған программалау (НБП) қоршаған ортаны модельдеуде сапалы мүмкіндіктерге ие, сезімдік тұрғыдан түсініктіұғымдар жиынтығы негізінде құрылады, алдын – ала жазылып қойған программа кодын көп рет қолдануға мүкіндік береді. Delphi және Visual Basic НБП іске асырудың танымал құралдары болып табылады. Бұл орталар сонымен бірге визуалды программалау ұоалдар ретінде ұсынылады, яғни объектілерді монитор экранында көру және оларды программаны орындалуына дейін қандай да бір түрде бейнелеу мүмкіндігін береді.
Іс — әрекеттің кез-келген басқа түрі сияқты программалау да – технология, ол бағдарлама құру процесін межелі өңдірістік іс-әрекетке айналдыру арқылы жинақталған тәжірибе мен білімді жетілдіреді. Программалау технологиясы көлемді, ауқымды программалық жүйелерді ұжыммен жасауға және шағын программаларды дербес құруда қолданылады. Үлкен программалық жобаларды мына әрекеттерге сүйену қажеттігі туындайды:
Әрбір кезең үшін мақсат, міндет және нәтижелерді анықтау арқылы жалпы жұмысты кезеңдерге бөлу;