READ (V1, V2,….,VN); мұндағы V1,V2,…,VN - енгізілуші айнымалыларды белгілеулері және бұл айнымалылар үш түрдің біреуі болуын мүмкін:
(INTEGER, REAL, CHAR); Программа орындалу командасы (CTRL+F9) берілген соң, компилятор READ операторын оқып шығады да, программаның орындалуын кідіртіп, клавиатурадан мәндер енгізілуін күтеді. Ал мәндер бос орын арқылы ажыратылып, енгізіледі.Егер енгізу операторына Ln- жалғауы жалғанса, мәндер енгізіліп, біткен соң, курсор келесі қатардың басына өтеді. Мысалы, Readln(a,b,c); Readln(d); Егер тек Readln;- деп жазылса, онда Enter пернесі басылған соң курсор келесі қатар басына өтеді.
Қорытындылау, шығару операторы бар нәтижені баспаға шығарып көрсету үшін, қорытынды нәтижені алу үшін қолданылады. WRITE- айнымалы мәндерін, текстерді, тұрақтыларды, арифметикалық өрнектің орындалу нәтижесін экран бетіне шығару операторы.
Жалпы түрі:
WRITE(P1,P2,…PN); немесе
WRITELN (P1, P2,…PN); мұндағы P1, P2,…PN - шығарылушы нәтижелердің тізімі. Өрнектердің тиісті мәндерін шығарумен қатар, символдық (белгілік) жазуларды да баспаға шығаруға болады.
Мысалы: WRITELN (‘P=’P); жазылуы егер P=15.6-ға тең болса, баспаға дәл солай басылып шығады.
Атап кететін жағдай, негізгі барлдық бағдарламаның міндеттерінің бірі, сондай бір кез-келген деректерді бір іс-әрекетке енгізіп, содан соң нәтижесін алу қызметін READ, WRITE операторлары атқарады.
Writeln түріндегі жазылуын қолдану арқылы біз жаңа жолға өте аламыз, бұл бізге алған нәтижемізді көрнекті әрі ыңғайлы түрге келтіруге көмектеседі.
(Е:М) түріндегі жазылуды Е - түріндегі мәніміздің М –ге тең етіп, алатын орнын білдіреді.
Мысалы: A:=50; B:=260; Write(‘A+B=’, A+B: 1, ’A’, A+1);
деп жазылған болса, онда экранда мына түрді аламыз:
A+B=310 A=50
(Е:М:N) түріндегі жазылуда мәніміз тек Real түрінде болғанда ғана қолдануға болады.
Мысалы: Write (3.141592:8:2) жазылуы экранда - - - - 3.14 түрінде беріледі. Сонда 3.141592 санының бүтін бөлігінің орны 8-ге тең болып, ал бөлшек бөлігіне 2 орын белгіленген болды. Егер Write(3.141592:8:6) деп жазсақ экранда 3.141592 санын аламыз. Сонымен М- бүкіл санның алатын орны, ал N-бөлшек бөлігінің орны болды.
Құрама оператор Егер белгілі бір шартпен оператордың бір нақты тізбегін орындау керек болса, онда оларды құрама операторларға біріктіреді. Құрама оператор Begin негізгі жазылуымен басталып, End сөзінің аяқталуымен аяқталады.