Қазақстан республикасынын білім және ғылым министрлігі


Еңбекті қорғау және өндіріс гигиена ережелерін сақтау



бет2/22
Дата23.01.2023
өлшемі119,43 Kb.
#166120
түріМазмұндама
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Байланысты:
Алгоритм практика Азиза 2пвт (1)

Еңбекті қорғау және өндіріс гигиена ережелерін сақтау
Еңбек гигиенасы , кәсіби гигиена — еңбектің және айналадағы өндірістік ортаның адам организміне тигізетін әсерін зерттейтін, еңбек етуге қолайлы жағдай туғызу, кәсіби ауруларға жол бермеу шараларын қарастыратын гигиена саласы. Еңбек гигиенасының Қазақстанда ғылым ретінде қалыптасуы Қазақ медицина институтының (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) санитарлық-гигиеналық ф-тінің ашылуымен байланысты (1942). Бұл саладағы жүйелі ғылыми зерттеулер Қазақстан ұА-ның Еңбек гигиенасы және кәсіби аурулар секторында басталды (1946). 1950 жылдары а. ш-ндағы Еңбек гигиенасы мәселесімен Қазақ эпидемиология, микробиология және жұқпалы аурулар ғыл.-зерт. ин-ты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғыл.-зерт. орт.) айналысты. Еңбек гигиенасының негізгі бағыттары: өндірістегі әр түрлі физика, химия, биология (шаң-тозаң, шу, вибрация, улы заттар, газ, сәуле, ыстық, суық, су, т.б.) факторлардың адам организміне тигізетін әсерін зерттеу; өндірістің зиянды жағдайларын жоюда инженерлік-тех. (мыс., ауыр, зиянды жұмыс түрлерін механикаландыру, жұмысшылардың жұмыс орнын, сондай-ақ, бүкіл өндіріс орындарын желдету, тазарту, т.б.) шараларды жетілдіру арқылы іске асыру, т.б. Еңбек гигиенасы физиология, токсикология, химия, физика, санитария, статистика және кәсіби патология ғылымдарымен тығыз байланысты. Еңбек гигиенасының тәжірибе жүзіндегі ұсыныстарының орындалуын санитарлық-эпидемиология стансалар қадағалап отырады. Сондай-ақ, санитарлық ережелер, мемлекеттік стандарт (ГОСТ-тар), шектеулі мөлшерде алынған концентрация, т.б. нормативтік құжаттар дайындалады.
Алгоритмнің түрлері
Алгоритм, алгорифм (ағылш.: algorіthm, algorіsmus — Әл-Хорезмидің атынан шыққан) — бастапқы берілген мәліметтермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмысты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптар орындау, техникалық объектілерді жобалау, ғылыми-зерттеу жұмысын жүргізу т.б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы. Алгоритм — математика мен кибернетиканың негізгі ұғымдарының бірі. Алгоритмді орындау алгоритмдік үрдіс деп аталады.
Жалпы Алгоритм деп алдын ала не істеу керек екені дәл көрсетілген есептеу үрдісін айтады. Есептеу үрдісі қандай болса да алғашқы мәндерден бастап, сол арқылы толық анықталған қорытынды шыққанша жүргізіледі. Алгоритм ұғымының алғышартына алгоритмдік үрдіспен қатар мүмкін болатын алғашқы деректер жиынтығының нұсқауы және қорытынды алуға байланысты жүргізілген үрдістің аяқталғандығын көрсететін ереже енеді. Белгілі бір бастапқы деректердің жиынына қолданылған Алгоритм тиянақты қорытындыға келмеуі немесе есептеу барысы аяқталмай тоқталуы мүмкін. Егер есептеу үрдісі белгілі бір қорытынды алумен аяқталса (не аяқталмай қалса), онда Алгоритм мүмкін болатын бастапқы деректерге қолданылады (не қолдануға болмайды) деп ұйғарылады.
Алгоритм — қазіргі математикада, оның ішінде электронды есептеуіш машинада қолданылатын негізгі ұғымдардың бірі. Белгілі бір теңдеу түбірінің жуық мәнін кез келген дәлдікпен табу оған арналған Алгоритммен есептеледі. Компьютердің кең қолданылуына байланысты Алгоритм жаңа мағынаға ие болды. Берілген есепті шешу барысында орындаушыға біртіндеп қандай әрекеттер жасау керектігін түсінікті әрі дәл көрсететін нұсқау да Алгоритм деп аталады. Алгоритмді орындаушы — адам, Компьютер немесе робот. Әрбір нұсқау — бұйрық. Ал орындаушының жүзеге асыра алатын бұйрықтар жиыны бұйрықтар жүйесі деп аталады. Мысалы, у = (ax + b) (cx - d) функциясын есептеу ЭЕМ-да мынадай әрекеттерден құралады:
Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады.
Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген
логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1 - ші серия), ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2 - ші серия) орындалады.
Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдер екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп атайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет