Объектіге-бағытталған бағдарламалау Объектно-ориентированное программирование; Обжецт-орінтед программінг) — объектілерді қолдану арқылы бағдарламалау парадигмасы, объектілік-бағдарланған архитектурасы пайдаланады. Мәліметтердің әрбір құрылымы тек бір программалық модульде тұруы тиіс. Бұл мәліметтер құрылымындағы өзгерістердің және мәліметтермен орындалатын әрекеттердің оңашалануына кепілдік береді. Мәліметтерге кез келген қатынас құру тек модульді пайдалану арқылы болады. Объектілік-бағдарланған программалау негізгі 3 қасиетімен: инкапсуляцияларымен, мұрагерлігімен және полиморфизмімен сипатталады. Объект ұғымы дәстүрлі Паскаль, Си процедуралық бейімделгіш программалар тілдеріне де енгізіледі.
Объектіге-бағытталған бағдарламалау – объектілердің көмегімен бағдарламаларды жобалау, жазу. Объектіге -бағытталған бағдарламалаудың негізі болып объект саналады. Объект деп – мәліметтер және олармен жұмыс істеу әдістерінің жиынтығы аталады. Объектілі -бағытталған бағдарлама деп – объектілер және олардың өзара әрекеттесу тәсілдерінің жиынтығы аталады.
Қазіргі замаңғы объектіге бағытталған бағдарламалау тілдерінде мына әдістер болады:
Мұрагерлік Қосымша элементтерді (әдістерді) қосу арқылы жаңа объектілер классын жасау. Қазіргі таңда ОБ тілдері көптік мұрагерлеуді қолдануға рұқсат береді, яғни бір класста бірнеше класстың мүмкіндіктерін біріктіреді.
Инкапсуляция. Бағдарламаның бір бөлігін басқа бөліктерге әсер етпей өзгертуді қамтамасыз ететін реализацияларды құпиялайды. Ол өз кезегінде бағдарламаның модификациясын және қолдауын әжептәуір жеңілдетеді.
Полиморфизм. Полиформизм кезінде әкелік класстың кейбір бөліктері (әдістері) белгілі бір балалық класстың спецификалық әрекетін орындайтын жаңа әдіспен ауыстырылады. Бұл жағдайда кластың интерфейсі өзгеріссіз қалады, бірақ бір атаулы әдістердің орындалуы мен параметрлері өзгешеленеді. Полиформизммен соңғы қосылулар тығыз байланыста болады.
Тимпизация. Компиляция кезінде көптеген қателерді жоюға мүмкіндік береді. Операциялар белгілі бір типтегі объектілермен ғана орындалады