Dhelpi-дің консольдік режимде жұмыс жасау Обьектіге бағдарлы оқиғалық программалау тілінде программаның жұмысы негізінен оқиғалар тізбегінен және түрлі обьектілердің осы оқиғаларға жауабынан тұрады. Олардың визуальды түрлері – visual Basic тілі Qbasic программалау тілі негізінде, Delphi (Делфи) обьектілі Паскаль (Object Pascal) тілі негізінде Windows операциялық жүйесін басшылыққа алып құрылған (visual - көзбен көру, экрандық). Олар, әсірісе, Delphi программалау тілі - кез-келген қосымшаны дайындауға болатын жылдамдығы тез, қуатты тіл.
Delphi – де берілгендерді енгізу мен шығару үшін Турбо Паскальда пайдаланылатын read (оқу) жєне write (жазу) операторларын пайдалану тєсілі де бар. Оларды пайдаланып құрылатын программалар, осы үшін арналған, MS – DOS операциялық жүйесінде жұмыс істейтін консольдық қосымша терезесіне енгізіледі. Қосымшаны іске қосу тєсілі:
File – New Application (Файл-Жаңа қолданба) қосымшасын беру;
Кµрінген Form1, Unit.pas терезелерін жабу. Экранда Delphi мен Object Inspector терезелері қалады;
Project-View Source (Проект – Кµріп шығу) командасын беру. Project.dpr тақырыпты терезе ашылады;
Терезені тазалау жєне экранды ақ түсті ету (соңғысы үшін терезенің таңдау түймесін шертіп, көрсеткіш арқылы экранды таңдап шықса болғаны);
Программа теру. Ол ASCII кодтары қолданылатын Турбо Паскаль программасындай жұмыс істейді. Программа мєтіні {$APPTYPE CONSOLE} нұсқауынан басталады (2.20- сурет). Ол консольдық қошымша дайындалатыны жµнінде компилятар нұсқауы. Мысалы,
Program My Progr;
{$APPTYPE CONSOLE}
Uses
SysUtils;
Var x, y : real;
Begin
Write(‘x=?’); readln(x);
Y:=3*x+5;
Writeln(‘y=’, y : 6 : 3);
Readln;
End.
Енгізу және шығару операторы. Енгізу және шығару операторлары ең басты операторлардың бірі болып табылады. Өйткені кез-келген бағдарлама белгілі бір деректерді енгізіп, нәтижесінде бір мән алады. Осы қызметті атқаратын операторлар бар. Енгізу операторын READ, ал шығару операторын WRITE деп белгілейді.
Жалпы түрі: