6. Тәуелдік жалғауын тауып көрсет:
а) лар, лер, дар, дер. ә) ды, ді та, те, ға, ге.
б) –ім, ым, ың, ің, ы, і. в) да, де, тар, тер.
7. Сан есімнің сұрақтары:
а) қандай? қай? ә) кім? не? кімді? нені?
б) қанша? неше? нешінші? в) қашан? қайда?
8. Есептік сан есім дегеніміз не?
а) нешінші? сұрағына жауап беретін ә) қанша? неше? сұрақтарына жауап беретін
б) екі сөзден тұратын в) бір сөзден тұратын
9. Тәуелдік жалғауындағы “халқым” сөзі қай жаққа жататынын белгіле:
а) 3 жақ ә) 1 жақ
б) 2 жақ в) 4 жақ
10. Етістік дегеніміз не?
а) заттың атын білдіреді ә) заттың қимылын білдіреді
б) заттың сапасын білдіреді в) заттың санын білдіреді
11. Күрделі етістікті көрсет:
а) жүгірді ә) дайындалды
б) келе жатыр в) отырғызды
12. Туынды етістік дегеніміз не?
а) түбір сөзден болған етістік ә) бір сөзден құралған етістік
б) түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған етістік
в) екі сөзден тұратын етістікъ
Достарыңызбен бөлісу: |