Байланысты: Ќазаќстан Респуликасыныѕ Білім жјне єылым министрлігі
Әкімшілік іс жүргізу – бұл жеке әкімшілік істерді заңдыжәнеобъективтіқарап, шешуді қамтамасыз ететін процессуалдық әректтерді атқарудың нормамен реттелген тәртібі. Мысалы, азаматтардың шағымдарын қарау тәртібі, лицензиялау тәртібі, әкімшілік мәжбүрлеу шараларын қолдану тәртібі, т.с.с. – осының бәрі әкімшілік іс жүргізудің түрлері. Сондықтан, әкімшілікіс жүргізудің өзі нақты тақырыптарымен айырылысатын әкімшілік іс жүргізудің жиынтығы болып табылады.
Әкімшілік іс жүргізуді екі мағынада түсінуге болады:
а) рәсімдеушілік іс жүргізу ә) юрисдикциялық іс жүргізу Әкімшілік іс жүргізудің екі түрініе де ортақ жалпы белгілері бар. Олардың ішінде:
жеке істерді көпшілігінде соттан тысқары жолмен шешу;
әр түрлі көрінісі болатын заңдық-биліктік негізі;
әкімшілік-процессуалдық нормалармен (әр түрлі дәрежеде) реттелінгендігі,
әкімшілік-процессуалдық қатынастар және принциптер, т.с.с.
Олардың арасындағы аса маңызды айырмашылықтары әкімшілік іс жүргізудің әр түрін сипаттағанда көрсетілетін болады.