Қазақстан ресубликасының білім және ғылым министрлігі



бет3/4
Дата27.08.2017
өлшемі0,89 Mb.
#29773
1   2   3   4

Сұрақтар:

  1. Сапаның негізгі көрсеткіштерін атаңыз.

  2. Эстетикалыққа қандай көрсеткіштері жатады?

  3. Сенімділік көрсеткіштеріне қандай көрсеткіштер жатады?

  4. Сипатталатын қасиеттердің саны бойынша көрсеткіштері атаңыз.

6 ДӘРІС


Тақырыбы: Сапаны басқару қызметі.
Сапаны басқарудың барлық қызметтері арнайы қызметтер негізінде жүзеге асады. Осыған байланысты оларды келесі басқарушылық қызметтеріне бөлуге болады:

  1. Қажеттіліктерді, техникалық деңгейді және өнім сапасын болжау қызметі мынаған бағытталған:

  • Ғылыми-техникалық және экономикалық мүмкіндіктерді анықтау және тұтынушының талаптарын қанағаттандыру жолдарын анықтау;

  • Тұтынушылардың өнімнің номенклатурасына, ассортиментіне және сапасына талаптарын анықтау.

  • Өнімнің перспективалық түрін әзірлеуде және бұрыннан бар өнімдерді модернизациялауда номенклатураларды, сапа көрсеткіштерін анықтау.

  1. Өнімнің сапасын арттыруды болжау қызметі:

  • Өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу;

  • Шығарылатын өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын арттыру;

  • Жаңа өнімді меңгеру бойынша тапсырмалар әзірлеу;

  • Дайындалған өнім сапасы мен жұмыс сапасын арттыру.

  1. Өнімді әзірлеу мен өндірісті тәртіпке келтіру ең жақсы жетістіктерге немесе олардан артуға сәйкес келетін жаңа өнім үлгілерін, құруға, техникалық деңгей мен экономикалық көрсеткіштерді құруға бағытталған;

  2. Өнімнің технологиялық сапасын қамтамасыз ету қызметі өнімнің бірінші үлгіде баста өндіріске технологиялық дайындылығын қамтамасыз етуге бағытталған;

  3. Өнім сапасын метрологиялық қамтамасыз ету қызметі өнім параметрлерінің өлшемдерінің біркелкілігі мен қажет етілген дәлдігіне негізделген толық көлемдегішараларды уақытында жүзеге асырудан тұрады.

  4. Өнім сапасын материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметі өнімді, шикізатты және т.б.жеткізуге бағытталған.

  5. Өнім сапасын жақсарту саласындағы қызметкерді дайындау мен біліктілігін арттыру қызметі өнімді әзірлеу, дайындау және пайдаланудың алғы әдістерінің барлық категорияларына жұмыс істейтіндерді оқытуға үйымдастыруға бағытталған.

  6. Өнім сапасы жөнінде тұтынушы мен жеткізуші арасындағы өзара қарым-қатынас қызметі бір тараптан шикізатты, қосымша өнімдерді жеткізуші мен екінші тараптан өнім мен дайындаушы арасындағы кең ақпараттық байланыстардың болуына негізделген.

  7. Жоспарланған сапа деңгейінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қызметі өнім сапасына кері әсер ететін себептердің алдын алу мен жоюға бағытталған.

  8. Өнімді сынаудағы сапаны бақылау қызметі стандарт талаптарына, техникалық шарттарға, сызбаларға, бекітілген үлгілерге, жеткізу мен шарт талаптарына сәйкес келмейтін өнімді шығаруды болдырмауға бағытталған.

  9. Өнімді тезнико-экономикалық талдауды жақсарту қызметі кәсіпорынның қызметінің соңғы нәтижелерін анықтауға бағытталған.

  10. Өнім сапасын басқару жүйесін құқықтық қамтамасыз ету қызметі өнімнің барлық кезеңінде басқару органдары мен объектілерінің заңдық әсерінің құралдары мен формаларын тиімді қолдануды қамтамасыз етуге бағытталған.

  11. Өнім сапасын арттыруды ынталандыру қызметі жоғары сападағы өнімді шығаруды кеңіту мен өнім ассортиментін жүйелік жаңартуды қамтамасыз етуге бағытталған.

Сапаны басқарудың жалпы қызметтері:

  • Сапа саласында саясатты анықтау мен жоспарлау;

  • Сапа жөнінде жұмысты ұйымдастыру;

  • Қызметкерді оқыту мен мотивация.

Сапаны басқарудың арнайы қызметтері:

  • Стандарттау;

  • Сәйкестікті растау;

  • Өнімді сынау.

Сапаны басқаруды қамтамасыз ететін қызметтер:

  • Құқықтық қамтамасыз ету;

  • Ақпараттық қамтамасыз ету;

  • Материалдық-техниккалық қамтамасыз ету;

  • Қаржылық қамтамасыз ету.


Сұрақтар:

  1. Сапаны басқарудың қандай қызметтері бар?

7 ДӘРІС


Тақырып: Өнеркәсіптегі өнім жүйесін қолдану.
Қазіргі кезде елдегі кәсіпорындарға халықаралық стандарттарды пайдалану, соның ішінде, әсіресе, сапа менеджменті жүйесі бойынша 9000 стандарттар топтамасын жаппай енгізу мәселесіне мемлекет тарапынан баса назар аударылуда. Оның айқын көрінісі менеджмент жүйелері бойынша халықаралық стандарттарды қолданудың барлық алғышарттары жасалуында. Мәселен, кәсіпорындарда қажетті заңнамалық база құрұлып, мемлекеттік қолдау тетіктері анықталды. Сонымен қатар, менеджмент жүйесін даярлап енгізу және сертификаттау бойынша білікті кеңесшілер мен сарапшы-аудиторлар тобы қалыптасып, көптеген кәсіпорын басшылары халықаралық стандарттарды, соның ішінде сапа менеджменті жүйесін енгізудің пайдасы мен қажеттілігін толықтай түсіне бастады.

Бүгінде дүние жүзінде мененджмент жүйелеріне талаптар белгілейтін бірнеше стандарт бар. Оларға ISO 9000 (сапа менеджмент жүйелері немесе СМЖ), ИСО 14000 (экологиялық менеджмент), OHSAS 18000 (өндіріс қауіпсіздігі және денсаулық сақтау), HASSP нормалары ж2не ИСО 22000 (тамақ өнімдерінің қауіпсізідігі), SА 8000 (әлеуметтік және этикалық менеджмент) стандарт топтамалары жатады.

Менеджмент  жүйелерін енгізу бойынша мақсатқа сай жұмысты қамтамасыз ету мақсатында әрбір кәсіпорын (ұйым) – бұдан әрі кәсіпорын - өз тұжырымдамасын жасауға тиіс, осы кезде кәсіпорынды басқару мыналарға сүйенуге тиіс:

- тұрақты даму өнім мен көрсетілетін  қызметтердің сапасын, экологиялық  және өнеркәсіптік қауіпсіздікті және әлеуметтік жауаптылықты қамтамасыз етпей, қоршаған ортаға техногендік жүктемені төмендету бойынша мақсатқа сай және келісілген жұмысқа қатыспай жүзеге асырыла алмайды;

- экономикалық, әлеуметтік және экологиялық  теңгерілген шешімдерді іздестіру және олардың орындалуын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс үнемі жүргізілуге тиіс;

-менеджмент жүйесінің жай-күйін және кәсіпорынның барлық құрылымдарының экологиялық қауіпсіздігін талдау негізінде қабылданатын шешімдер ISO 9000 және 14000; ОНSАS 18001 және SА 8000 сериялы халықаралық стандарттардың ережелері ескерілуі керек.

Кәсіпорында біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу тұжырымдамасы кәсіпорында сапа менеджменті мәселелерінің және әлеуметтік-экологиялық проблемалардың кешенді шешімдерін қолданылатын технологиялардың ерекшелігін ескеріп және негізгі өндірістің техникалық дамуымен байланыста қарастырылуға тиіс.

Кәсіпорында біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу тұжырымдамасы шаруашылық қызметті жүзеге асыру және қоршаған ортаны қорғау саласында заңнамалық-құқықтық және нормативтік-техникалық талаптардың қатаң сақтау міндеттілігіне сүйенуге тиіс:

1)кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметін басқарудың барлық деңгейлерінде;

2) осы қызметтің барлық кезеңдерінде – жобалау, құру, пайдалану, жою  жұмыстарын жүргізу кезінде;

3) барлық салаларда – жобалық-технологиялық, өндірістік-пайдалану, қаржылық-экономикалық  салаларда.

Кәсіпорында біріккен менеджмент жүйесін әзірлеу тұжырымдамасын әзірлеу мынадай принциптермен жүзеге асырылуға тиіс:

- бар экологиялық проблемаларды шешудің басымдылығы және оңтайлылығы;

- бағдарламалық іс-шараларды іске  асыру процесінде бірыңғай ғылыми-әдістемелік,  метрологиялық және техникалық  тәсілдерді қамтамасыз ету;

- бағдарламалық іс-шараларды өз  уақытында және толық қаржыландыруды  қамтамасыз ету;

- кәсіпорынның өзінің өндірістік қызметінің экологиялық қауіпсіздігін  қамтамасыз ету саласындағы ой-мақсаттары туралы ақпараттың ашықтығы және  қолжетімдігі;

- бағдарламалық іс-шараларды орындауды қатаң бақылау.

Кәсіпорынның  Тұжырымдамасы негізіне мыналар салынуға тиіс:

- кәсіпорынның экологиялық саясаты  принциптері;

- кәсіпорынның жаңашылдық стратегиясы;

- кәсіпорынның қызметкерлері мен  басшылары арасындағы тарифтік  келісім;

- кәсіпорын қызметінің тиімділігін  арттыруға бағытталған ұжымдық  келісім-шарт;

- қызметкерлерге және әкімшілікке  берілетін кепілдіктерді, жеңілдіктерді  және өтемақыларды кеңейту.

Тұжырымдаманы іске асыруды басқару Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына  сәйкес экономикалық және құқықтық әдістер  негізінде жүзеге асырылады.

Тұжырымдаманы іске асыруды ағымдағы үйлестіруді  кәсіпорынның тиісті бөлімшесі жүзеге асырады. Тұжырымдаманың орындалуына  жауаптылық мақсаттық нұсқауларды, бағдарламалық іс-шаралар бойынша  шығындарды, оларды іске асыру механизмі  мен мерзімдерін нақтылайтын кәсіпорын басшыларына жүктеледі.

Тұжырымдаманың жекелеген тармақтарын іске асыруды басқаруды ұйымдастыру нысандары  мен әдістерін кәсіпорындар өздері белгілейді.

Кәсіпорынның  Тұжырымдамасы аясында бағдарламалық іс-шараларды қаржыландыру инвестициялық бағдарламаларды қалыптастырудың жалпы тәртібі туралы және оларды қаржыландыру жүйесі туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.

Тұжырымдаманы және оны іске асыру бағдарламасын  қаржыландыру көздері кәсіпорын  жинақтарының басым ішкі (жекеменшік) көздері: пайда, амортизациялық қор, сондай-ақ:



  • Банктердің инвестициялық, конверсиялық, мақсаттық несиелері;

  • Экологиялық қорлар мен қоғамдық ұйымдардың қаржылары;

  • Тұжырымдаманың немесе оның жекелеген іс-шараларын іске асыруға мүдделі шетел инвесторларының қаржылары;

  • Минералдық-шикізат базасының өндірісіне бөлінген қаржылар;

  • Кез келген басқа түсімдер болып табылады.

Бағдарламалық іс-шараларды іске асыру үшін арнайы мақсаттық қорлар құрыла алады. 

6. Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттары 

Тұжырымдаманы іске асырудың негізгі бағыттары:

- республика аумағында қызмет ететін консалтингтік компаниялардың  және менеджмент жүйесі саласында сертификаттау жөніндегі органдардың қызметіне мониторинг және талдау;

- республика кәсіпорындарында және  ұйымдарында менеджмент жүйелерін, соның ішінде біріккен жүйелерді енгізу бойынша орташа мерзімді бағдарламаны әзірлеу;

- сапа саласында жыл сайынғы конкурстарды өткізу және басқа  ұқсас халықаралық және өңірлік  конкурстарға қатысу;

- сапа саласында халықаралық және өңірлік конкурстарға қатысу үшін өнімдердің және көрсетілетін қызметтердің отандық өндірушілерін дайындау;

- сапа менеджменті жүйелері бойынша  ИСО барлық қолданылатын және  қайта қабылданатын стандарттарының Қазақстан Республикасы ұлттық стандарттары ретінде кезеңді  қатысуы;

- өнеркәсіптің қайта құрылған  кәсіпорындарында менеджмент жүйелерін  енгізуді тездету үшін халықаралық  сарапшыларды тарту арқылы «Қазақстанның  30 корпоративтік лидерлері» Мемлекеттік бағдарламасының озық жобаларын  инфрақұрылымдық қолдау;

- сарапшы-аудиторларды СМЖ, НАССР, экологиялық менеджмент, ОНSАS 18001, SА 8000, халықаралық деңгейде танылған біріккен жүйелер бойынша дайындауды және аттестаттауды жүзеге асыру;

- қызметкерлерді сертификаттау жөніндегі органды құру, оны аккредиттеу  және қызметкерлерді сертификаттау жөніндегі Халықаралық қауымдастықтың мүшелігіне кіру;

- республика мамандарын менеджмент жүйелері мәселелері бойынша  оқытуды белсендіру;

- ISO/ТС 176 жұмысына, сапа жөніндегі  халықаралық ұйымдарға белсенді  қатысу;

- менеджмент жүйелері саласында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және ұсыныстар, соның ішінде менеджмент жүйесін біріктіру жөнінде ұсыну;

- менеджмент жүйесін енгізетін  кәсіпорындар мен ұйымдардың  материалдық ынталандыру жүйесін  жетілдіру;



- менеджмент жүйелері бойынша үйлестіру жұмыстарын жүргізу жұмыстарын белсендіру және Сапа жөніндегі кеңеске және Техникалық реттеу және метрология жүйесінің қатысушылары қауымдастығына кезеңмен беру.


Сапа бойынша пирамиданың жоғарғы бөлігін барлық фирмалар үшін жетекшілік алады. Ол сапа саласында, фирманың қалыптасқан директивін, сапас боынша мақсаттарды және кәсіпорынның бойынша бекітілген ұйымдық құрылымынан тұрады. Пирамиданың орта бөлігін жалпы спаттағы әдістемелік құжат, сапаны қамтамасыз ету бойынша шаралар және операциялардың реттілігі құрайды. Пирамиданың тменгі бөлігі – орындаушылар үшін жұмыс нұсқаулықтарының жиынтығы.


Сұрақтар:

1. Сапа жүйесін құру қандай сатылардан тұрады?

2. Сапа жүйесінде қандай құжаттамлар қатысады?

8 ДӘРІС


Тақырып: Өнімнің сапа жүйесі және сертификациясы.

Сапа аймағындағы құқықтық сұрақтары.

Жоспары:

1. Сапа саласында құқықтық сұрақтар.

2. Өнім мен сапа жүйесін сертификаттаудың мәні мен мазұмны.
1. Нарықтық қатынас жағдайында сапа әрқашан тұтынушы тұрғысынан қарастырылады. Тұтынушылардың мүддесі азаматтардың мүдделері мен өсіңкі сұраныстарын және өнімді алу саласындағы ұйымдастырушылықтан тұрады. Осындай қажеттіліктерді қанағаттандыру өнім дайындаушылардың тұтынушылармен өзара әрекеттесу үрдісінде ғана мүмкін болады. Берілген саладағы қоғамдық қатынастар өндіруші жағы бұзған жағдайда мүліктік міндеттемелерді реттеуге бағытталған, нақтырақ айтсақ, олар тұтынушының абсолютті құқығын бұзу нәтижесінде туындайды. Сондықтан ҚР Заңнамасына тұтынушылардың құқығын қорғау деңгейін жоғарылату мәселесін шешу тапсырылған.

Тауар өндірушілердің қалыпты бәсекелестігі келесі міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін өркениетті нарықты құрғанда ғана мүмкін болады:

- өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне белгіленген талаптар қою;

- саудада пайда болатын қатынастарды қалыптастыру тәсілдерін регламенттеу.

Өнімді компетентті таңдау, заңда өнім туралы объективті ақпаратқа қойылатын талаптар болса, сонда ғана мүмкін болады. Өнімнің негізгі сипаттамалары сенімділік, қызмет ету мерзімі және ұсынылатын өнімнің жарамдылығы, оның кепілдік мерзімі және т.б. өткен соң анықталатын техникалық кемшіліктері болып табылады.

Жарамдылық мерзімі ең маңызды сипаттама болып табылады. Бұл терминнің мағынасын өнім қауіпсіз және атқаратын қызметі бойынша қолдануға жарамды болып табылатын кезең деп ұғамыз. Қалыпты өмір сүруге қажетті тұтынушы талаптарының қанағаттандырылмауы (нәтижесінде-қоғамның) өнім сапасының төменділігімен жиі түсіндіріледі. Тұтынушы бағасынан гөрі сапасын алдыңғы кезекке қояды, өйткені жоғарғы сапа сатып алынған тауарды жөндеу және пайдалануға шығатын шығындарды төмендететінін түсінеді. Өнім сапасы сату көлемін ұлғайтуды, шығындарды төмендетуді қамтамасыз етеді, осыдан келіп кіріс артады. Шығарылатын өнім сапасы өндіріс экономикасының дамуының өзіндік нышаны болып табылады.

Бірақ өнім сапасын жоғарылату – бұл бұйымның өмірлік циклының барлық кезеңдерін қамтитын, өндірушілер үшін еңбектенуді көп қажет ететін жұмыс, олардың негізгілері:

- ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар;

- өндіріс;

- пайдалану.

Бір қарағанда, ұйымның өнім сапасын арттыруға бағытталған іс-әрекетіне мемлекеттің араласуға қажеті жоқ сияқты болып көрінеді. Бірақ тәжірибе көрсеткендей мемлекет  тарапынан мұндай іс-әрекеттердің ретке келтірілуін ұйымдар айналып өте алмайды. Мемлекет пен қоғамның, еңбек ұжымдары мен тұтынушылардың мүдделері өнім сапасына қатысты жиі бұзылады. Сондықтан ұйымның өндірістік, экономикалық және басқа да қызметтерін құқықтық ретке келтіру қажеттілігі туындайды. Бұл жағдайда барлық субъектілердің мүдделері заңды талаптар түріне келтірілуі қажет және оны барлығы сақтауы қажет. Заң ұйымдардың өндірістік-шаруашылық қызметіне құқықтық реттегіштердің орынды мөлшерде араласуын қарастырады. Өндірушінің сапасыз өнімді сатуы сатып алушының жеке басына және мүлігіне зиянын тигізеді.

Өнім сапасын басқаруды құқықтық қамтамасыз ету келесі негізгі міндеттерді шешуге бағытталған:

- өнім сапасын басқарудың барлық деңгейіндегі қатынастарды құқықтық ретке келтіру;

- сапаны басқару функциясын тиімді жүзеге асыру үшін қажетті құқықтық ретке келтіруді қамтамасыз ететін нормативті-құқықтық базаны құру;

- еңбек қатынастарынан туындайтын жұмысшылардың құқығы мен мүдделерін қорғау.

Заңдық күші бар нормалар мен ережелер өнім өндіретін (сататын) объектілерге әсер етеді .

Құқық нормасы – бұл мемлекетпен белгіленетін, қорғалатын және міндетті күші бар жалпы сипаттағы тәртіп ережелері (оның орындалуы және сақталуы мемлекетпен мәжбүрлі қорғалады). Мысалы, стандарттың талаптарын сақтау азаматтық, еңбек, әкімшілік және қылмыстық заңнаманың нормативтік актілерімен қамтамасыз етіледі.

Нормативтік акт құқықтың дербес түрі ретінде заңдық нормаларды (тәртіп ережелері) белгілейтін, өзгертетін немесе күшін жоятын соған құзыреттілігі және уәкілеттігі бар мемлекеттік мекемемен шығарылатын актіні білдіреді. Ол негізгі екі топқа бөлінеді: заңдар және заңастылық нормативтік актілер.

Заң – мемлекеттік биліктің жоғарғы органымен немесе тікелей халықпен қабылданған және жоғарғы заңдық күшке ие нормативтік-құқықтық акт. 

Заңастылық нормативтік актілер – бұл президенттің жарлығы, үкіметтің актілері, аймақтық және жергілікті муниципалды мекемелердің актілері, ведомствалық актілер.

Өнім сапасын бақылауды жүзеге асыра отырып, ұйым әр түрлі тәсілдермен: үлгі бойынша, өзгешелігі бойынша, стандарт негізінде, алдын ала байқау бойынша анықтауға болатын өнімнің сәйкес сапасын қамтамасыз етуге және өндірістік үрдістерді жүргізуге қойылатын негізгі талаптарды орындауға міндетті. Сатылатын өнім үшін сапа эталоны болып табылатын дана үлгі деп аталады. Эталонды зерттеу (өнімнің бірнеше данасы) бизнес аясында сапа туралы жақтар арасындағы дау-дамайды шешуде маңызды шарт болып табылады. 

Өзгешелігі бойынша (спецификация) – онымен бірге жіберілетін құжаттарда көрсетілген барлық параметрлерге және пайдалану сипаттамаларына сәйкес келуі.

Стандарт негізінде – сапаны анықтаудың көп тараған тәсілі, ұлттық және халықаралық сауда айналымында кеңінен қолданылады.

Қазіргі жағдайда стандарттау әдісі өнім сапасын басқару аясында негізгі болып саналады. Өнім сапасын басқару халықаралық, мемлекеттік және ұйым стандарттары негізінде жүзеге асады.

 Мемлекеттік стандарттар өндіруші үшін міндетті ережелер болып саналады, өйткені мемлекеттік стандарттау қоғам және нақты тұтынушыларды қорғау құралы және басқарудың барлық деңгейлеріне таралады. Сондықтан олар тұтынушылардың өмірі, денсаулығы мен мүліктері және қоршаған орта үшін, техникалық және ақпараттық сәйкестілікті қамтамасыз ету, өнімдердің өзара алмастырылуы, оларды бақылаудың бірыңғай әдісі және таңбалау бірыңғайлығы үшін өнімдердің қауіпсіздігіне қатысты болады.

Қойылатын талаптарға өнім сапасының сәйкестігін бағалау үшін ҚР «Стандарттау туралы» және «Сертификаттау туралы» заңдарына, ал қазіргі кезде ҚР «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес стандарттау бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын және жүргізетін ұйымдар стандарттары бар. Нарықтық қатынас жағдайында заңнама ұйымдарға сыртқы нарыққа өз беттерінше шығуға құқық береді. Мұндай ұйымдар мемлекеттік стандарттар талаптарына өнімді сәйкестеу әдісіне негізделген өз өнімдерінің сапасын бағалау мәселелеріне жиі тап болады. Өнімдер мен қызмет көрсетудің мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігін растаудың екі тәсілі бар: сертификаттау жолы; өнімді мемлекеттік стандарттарға сәйкестік белгісімен таңбалау жолы.

Тәжірибе көрсеткендей өнім сапасының мемлекеттік стандарттар талаптарына сәйкестігіне кепіл болатын негізгі құрал сертификаттау болып табылады. Таңбалау сәйкес мемлекеттік стандарт немесе ТШ регламенттеледі.

Күрделі құрылыс саласындағы құқықтық қарым-қатынастарды реттеуде ҚР басқа да заң актілерімен жүзеге асырылады.

Келісім-шартта (договор) көрсетілген арнайы мердігерлік (подрядчик) қызмет көрсетудегі қарым-қатынастарды реттеуде, келісім жүргізгенде жүгінетін, заң және басқа да заң актілеріндегі арнайы ережелер мен құқытқық актілер жайында естен шығармаған жөн. Сонымен, тұрмыстық мердігерлік (бытовой) келісім-шарт жасауда ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау» заңында көрсетілген заң нормалары қолданылады, ал құрылыстық мердігерлік келісім-шарт құрылыс саласындағы (құрылыс саласында жүргізілетін жұмысқа және оның орындалу сапасына қойылатын талаптар) барлық заңды актілермен іске асады.

Сатып-алу келісім шарты бойынша сатушы (тауарды ұсынушы) затты немесе тауарды келесі жақ, яғни сатып алушыға (тауарды алушыға) беруі тиісті, ал сатып алушы (тауарды алушы) тауарды алып, ол үшін белгіленген бағасы бойынша төлем ақысын төлеуі қажет (қаражатты аудару қажет).

ГК ҚР бөлшектеп (розничная) сату келісім-шартын регламенттей отырып, сатушы тұлғаны кәсіпкер ретінде айықындап, ал энергожабдықтаушы (энергоснабжения) шартында ретінде коммерциялық мекемені атап көрсетеді. Сонымен қатар, бөлшектеп сату келісім-шарты мен жабдықтаушы келісім-шарттары көпшіліктік (ашық) (публичный) болып табылады.

Сату-сатып алу шартына кәсіпкерлік қызметпен айналысатын субъектілерден басқа, басқа тұлғалардың қатысуымен жүзеге асатын келісім шарттарға жылжымайтын мүлікпен кәсіпорынды сату шарттарын жатқызуға болады.

Сату-сатып алу шарттары негізгі (генеральный) болып табылады және сату-сатып алу нормалары оның арнайы түрлері пайдаланылады, егер ГК ҚР қарастырылған жағдайда.

Сатып алу-саты шарттарында өткізілетін тауар көлемі нақты көрсетілмеген жағдайда, келісім шарт заңды түрде жасалынған болып саналмайды. 466 Статья тауар көлемі шарттары сақталмаған жағдайды қарастырады. Мына жағдайларды:

1. Егер сатушы, сатып алушыға тауар көлемін шартта көрсетілген көлемнен аз көлемде берген жағдайда, сатып алушы шартта көрсетілген тауардың жетіспейтін бөлшегін талап етуге және тауардың бағасына сәйкес ақшасы төленген жағдайда, төленген ақшаны қайтарып алуға құқылы.

2. Егер сатушы сатып алушыға келісім шартта көрсетілген тауарды артық данасымен берген (сатқан) жағдайда, аталмыш Кодекстің 1п.48 ст. Сай сатып алушыны ескертуі тиісті.

3. Егер сатып алушы, сатып алу-саты шартында көрсетілген тауар саны артық данада болған жағдайда (2 пункке сай), шартта көрсетілген бағаға сәйкес артық алынған тауар сомаы төлені тиіс.

Тауар жинағы (ассортимент) шарттары сақталмаған (бұзылған) жағдайда:

1. Сатушымен жіберілген тауар жинағы Сату-сатып алу шарты бойынша сақталмаған жағжайда, сатып алушы тауар жинағын қабылдаудан және ақысын төлеуден бас тартуға құқылы, ал егерде тауар жинағы үшін қаражаты төленген жағдайда ақшалай қаражатты қайтарып алуға құқылы.

2. Егерде сатышы сатып алушыға сату-сатып алу шарты бойынша тауар жинағымен қатар, тауар жинағы сақталмаған тауарларды жіберген жағдайда, сатып алушы өз таңдауына қарай:



  • тауар ассортиментіне қарай тауарды қабылдай отырып, басқа тауарлардан бас тарта алады;

  • барлық тауардан бас тарта алады;

  • шартқа сәйкес тауар жинағын ауыстырып беру талабына құқылы;

  • барлық тауарды қабылдай алады.

3. Сату-сатып алу шартынынң талаптарына сай келмейтін тауарлардан бас тартқан жағдайда не болмаса ауыстырып беру (алу) жағдайында, сатып алушы аталмыш тауарлардың ақшасын төлеуден бас тартуға және ақшасы төленген жағдайда, төленген қаражатты қайтарып алуға құқылы.

4. Егер сатып алушы сату-сатып алу шарттарына сәйкес, тауар ассортименті сақталмаған тауарларды қабылдай отырып, шартқа сәйкес ол тауарлардан бас тартаныны жайлы көрсетілген мерзім аралығында ақпарат бермесе, тауар қабылданды деп саналады.

5. Егер сатып алушы, сату-сатып алу шарты бойынша тауар жинағы сақталмаған тауарлардан бас тартпаса, сатушымен келісілген баға бойынша тауар сомасын төлеуі тиіс.

Сатушымен келісілген мерзім аралығында сатушы тарапынан тауар бағасы жөнінде ешқандай шаралар, өзгерістер қолданылмаса, сатып алушы келісім шарт жасау аралығындағы баға бойынша тауардың сомасын салыстырмалы турде төлейді.

6. Аталмыш статья ережесі, сату-сатып алу шартында көрсетілмеген тауарға пайлаланылады.

Тауардың сапалық кепілі:

1. Сатушы, сатып алушыға өткізетін тауар осы Кодекстің 469 ст. Талаптарына сәйкес болуы тиіс, яғни тауар шарт талаптарына сәйкес өткізу барысында пайдалану мерзімі жарамды болуы қажет.

2. Сату-сатып алу шартына сәйкес сатушы оыс Кодекстің 469 ст.сәйкес, сатып алушыға, шартта көрсетілген арнайы уақыт мерзімі көрсетілген тауардың сапалық кепілін (гарантийный талон) беруі тиіс.

3. Тауардың сапалық кепілі тауармен қатар, оның қосалқы бөлшектеріне жарамды, егерде ол сату-сатып алу шартында көрсетілсе.

Кепілдік мерзім уақыты немесе кепіл уақыты (Исчисление гарантийного срока)

1. Кепілдік мерзім Сату-сатып алу шартында көрсетілмеген жағдайда, тауарды сатып алушыға тауарды өткізген уақыттан бастап саналады (457 ст.).

2. Сатып алушы аталмыш тауарды кепілдік мерзім көрсетілген аралықта, сатушы салдарынан немесе тарапынан пайдаланбаған жағдайда, сатушы тарапынан болған жағдайлар толығымен шешілмейінше кепілдік мерзім өз күшіне енбейді.

Сатушы тауардың ақауы жайлы хабар қағаз (извещения) берген жағдайда, осы Кодекстің 483 ст. Сәйкес тауардың кепілдік мерзімі, тауардың ақауы анықталмайынша ұзартылады,

3. Аталған жағдайлар сату-сатып алу шартында көрсетілмеген жағдайда, кепілдік мерзім қосалқы бөлшек кепілі де тауардың кепілдік мерзімімен қатар жүреді.

4. Кепілдік мерзімі жарамды бола тұрып, бірақ ақауы бар тауардың орынына Сатушымен ауыстырылып берген тауардын (толымдаушы бұйымдар (комплектующее изделие), кепілдік мерзімі ауыстырылған тауардың уақыты сақталады.

Тауардың жарамдық (пайдалану) мерзімі бойынша:

1. Тауардың пайдалану мерзімі және уақыты өткенде жарамсыздық деңгейі Заңмен немесе белгілі тәртіппен белігіленеді.

2. Тауардың пайдалану мерзімі белгіленген тауарды, сатушы тауарды сатып алушыға , жарамдылық мерзімі жарамды уақытқа сәйкес сатуы тиіс.

Тауардың жарамдылық мерзімі ҚР ГУ 473 ст. белгіленеді.

Тауардың жарамдылық мерзімі оның дайындалған күнінен бастап есептеледі, не болмаса тауардың пайдалану жарамдылығы аяқталатын уақыт аралығымен анықталады.

Тауардың сапасын тексеру.

1. Тауардың сапасын тексеру заңмен, өзге құқықтықтық актілермен, мемлекеттік стандарттардың немесе сату-сатып алу келісімінің арнайы талаптарымен қарастырылуы мүмкін.

Тауардың сапасын тексеру тәртібі заңмен, өзге құқықтықтық актілермен, мемлекеттік стандарттардың немесе сату-сатып алу келісімінің міндетті талаптарымен жүзеге асады.

Тауардың сапасын тексеру заңмен, өзге құқықтықтық актілермен, мемлекеттік стандарттардың немесе сату-сатып алу келісімінің шарттарымен бекітілген жағдайда, жоғарыда аталған заңнамалардың талаптарына тауар сапасы толықтай сәйкес келуі тиіс.

2. Тауардың сапасын тексеру тәртібі осы статьяның 1 пунктінде тағайындалмаған (не установлен) жағдайда, тауардың сапасын тексеру іскерлік айналымдағы шарттардың немесе сату-сатып алу келісімінің шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Сатып алушыға өткізілетін тауардың сапасын анықтау (тауардың сапасын, сараптамасын, т.б.), Заңмен, өзге құқықтықтық актілермен, мемлекеттік стандарттардың немесе сату-сатып алу келісімінің шарттарының талабы бойынша сатушы міндетіне жататын болса, сатушы сатып алушы тұлғаға тауардың сапасын анықтайтын дәйектемелермен таныстыру қажет.

4. Сатушы мен сатып алушы тарапынан тауардың сапасын тексерудегі тәртіптер мен басқа шарттар, екі жақтада ортақ болуы қажет.

Келесі шарт мердігерлікпен, сату-сатып алу келесімдерін салыстыру қажет. Осы келісімдерді толтыруда немесе жасауда жіберілген кемшіліктерді (келіспеушіліктерді) анықтау қажет.

Біріншіден, мердігерлік пен сату-сатып алу келісімінінің шарттары тауардың қандай шикізаттан жасалған материалына қарай, ерекшеліктері анықталады.

Екінші критерий бойынша, мердігерлік пен сату-сатып алу келісімінінің шарттарын ажыратуға, келісім шарт бойынша нақты бір жұмыстарды орындауға, сонымен қатар осы жұмыстырдың жүзеге асырылуын құжатпен қадағалау болса, ал келісім шарттың негізгі мақсаты сатып алушыға алатын тауарын толықтай өткізіп беру (сатып алушы тарапына) болып табылады.

Еңбек шартында басты назар еңбек нәтижесіне емес, еңбек процессіне аударылады.

Мердігерлік келісімнің негізігі шартының бірі- қызмет көрсетуші басқа жақтардың (тараптардың) жұмыстың орындалу мерзімін анықтау.

ҚР «Тұтынушылардың құқығын қорғау» заңына сәйкес, жұмыстың орындалу мерзімінің сапасы жайлы ешқандай шарттар қойылмаған.

Осыған орай немесе сол себепті, екі жақта келіспеушіліктер тудырмас үшін, келісім шартта жұмыстың орындалу мерзімінің бастапқы және аяқталу мерзімін көрсеткен жөн.

Жұмыстың орындалу мерзімінен басқа, кейбір келісім шарттардың арнайы талаптары болады.

ҚР ГК 743 ст. 2 п. сәйкес, Мердігерлік құрылыс қызметін көрсетуші тарапынан арнайы құрамы мен мазмұннан тұратын техникалық құжат анықталу қажет және екі жақ осы аталған құжатты қандай уақыт аралығында тапсыру қажеттілігі анықталып, бекітіледі.

Техникалық құжатта ҚР ГК 743 ст. 2 п. сәйкес, ең аз дегенде жұмыс көлемі (ауқымы) мен мазмұны көрсетілуі тиіс.

Құрылыс жұмыстарының жұмысын бағалау үшін, Мердігерлік құрылыс шартының міндетті талабы смета құрастыру қажет.

Мердігерлік шартта жұмыс бағасы немесе құнын көрсету шартты емес.

Шарт бойынша істелінетін жұмыс, пайдаланылатын материалдар сапасы, жұмыс күші мердігер өз тарапынан қадағалап, жауап береді.

Тапсырыс беруші жұмысқа пайдаланылатын жабдықтар мен (немесе) материалдармен қамтамасыз еткен жағдайда, (ГК ҚР 713 ст. 2п.) материалдың сапасы мен кемшіліктеріне жауап береді.

Сонымен қатар, төтенше жағдай, адам өлімі, қауіп-қатер немесе мүлікке зақым келген жағдайда да жауап береді. Материалға, жабдықтарға қатысты қауіп-қатер, аталған заттармен қамтамасыз еткен тарап жауапты. Ал, жұмыстың нәтижесіне қатысты қауіп-қатер, жұмыс толығымен аяқталғанша мердігер жауапты. Басқа да қауіп-қатер туындаған жағдайда немесе туындау мүмкін болған жағжайда екі тарап алдын-ала шартта қарастыруы мүмкін.

Нәтижесінде, Кодекс сату-сатып алу шарттарын реттеуде, мердігерлік қызмет көрсетуде, тапсырыс беруші тарапынан болатын келіспеушіліктерді шеш отырып, екі жақтың міндеттерін айқындап береді.

Сертификаттау жүйесі- осы жүйемен бекітілген, сертификаттау жұмыстарын іске асыратын, сертифкаттауға қатысушылар жиынтығы.

Сертификаттау жүйесінің құрамына: сертификаттау жұмыстарын қадағалаушы, сертификаттау жұмыстарын басқа орган жүргізуге рқсат беретін, жүйені басқарушы орталық орган; сертифкаттау жұмыстарын жүзеге асыратын нормативтік құжаттар; сертификаттау процедулары (схемалары); инспекциялық бақылау тәртібі. Сертификаттау жүйесі ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейде әрекет ете алады. Егерде сертификаттау жүйесі нақты бір өнімнің (процесс, қызмет) сәйкестігін растауды жұмыс атқаратын болса, бұл жүйе осы өнімге қатысты ережелер мен стандарттар пайдаланады.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет