Қазақстан ресубликасының білім және ғылым министрлігі


Өнім сапасын кешенді басқару



бет2/4
Дата27.08.2017
өлшемі0,89 Mb.
#29773
1   2   3   4

3. Өнім сапасын кешенді басқару.

Сапаны басқарудың қазіргі жағдайы үлкен тарихқа ие. Қысқаша, жалпы сипатта, оны келесідей бейнеде көруге болады. ХХғ. басталғанға дейін сапа туралы жұмыстар қамтамасыз ету және бақылаудың бірнеше шараларына орындауға апарды. Бұл ретте бөлшектерді, саймандарды және еңбек тәсңлдерін стандарттау мен біріздендіру қолданылды, материадардың кіру бақылаулары қолданылды, дайындау үрдісінде операциялық бақылау, сонымен қатар дайын өнімді сынаудың әртүрлі түрлері.

Шығарылатын өнімнің бәсекелістігінің шиеленісуі және күрделенуі жағдайында бәсекелестікке қабілеттіліктің негізі ретінде оның сапасы одан да үлкен мәнге ие болады.

Бастамасын «Белл» фирмасының қызметкері, ХХ ғ.30-шы жылдарында тәжірибеге бақылау карталарын енгізген, Шухардт негізін салған сапаны статистикалық бақылау әдістері (statistical quality control (ағыл.), SQC), маңызды рөлге ие болды. Статистикалық әдістерді енгізгеннен бастап жапондық фирмаларда сапаны басқару басталды, одан кейін американдық ғалым – статистик Деминг 1950 жылы Жапонияда оларды үйрену бойынша курстардан өтті. Бірақ 1960 жылдары сапаны статистикалық бақылау (SQC) өндірістік үрдістен тыс тарала бастады және SQC фирма деңгейіндегі сапаны жалпы бақылауға (TQC) айнала бастады – ағылшынша totalqualitycontrol .

Онда фирманың барлық жұмысшыларының қатысуы, кадрлерді дайындау, сапа үйірмелерінің жұмысы, статистикалық әдістерді пайдалану қарастырылды. Сапаны кешенді басқару, сапа үйірмелері және статистикалық әдістерді қолдану идеялары АҚШ пен Еуропада туындағанмен, Жапония оларды белсенді қолданып, жетілдірді.

Сапаны басқарудың американдық, еуропалық және жапондық тәжірибелерін қолдану нәтижесінде және сапаға әсер ететін көптеген факторлардыі есебінен, сапаны басқару кешенді, жүйелі сипатқа ие болды. Және осындай кешенді бағыт кәсіпорындардың жалпы басқару шеңберіндегі сапа жүйесі (ағыл. qualitysystems) ретінде жүзеге асты.

Сапа жүйесі бойынша 9000 сериялы ИСО халықаралық стандарттардың шығуынан кейін, ИСО 8402-86 стандартында «Сапаны кешенді басқару» ескертуде «Сапаны басқару» терминін анықтауда «компания деңгейінде сапаны басқару» синонимі ретінде қолданылды.

Сапа жүйелері тек АҚШ, Еуропа және Жапонияда ғана қалыптасқан жоқ, сонымен қатар бұрынғы КСРО-да өткен ғасырдың 70-ші жылдарында өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесін (ӨСБ КЖ) енгізуде қолданылды. Бұл ретте сапаны кешенді басқару сапағы біршама әсер көрсететін барлық факторлардың есебінен өнімді жасаудың барлық сатыларына барлық деңгейдегі қызметкерлер мен жетекшілердің үйлестірілген әсері ретінде түсіндірілді.

КСРО-да ӨСБ КЖ енгізудің бірінші сатысы 1950 жылдардың ортасында Саратовтық ақаусыз өнімді дайындау (АӨД) жүйесін құру болды. Бұл жүйеде бақылаушыға алғашқы ұсынудан ЖТБ өнімін өткізудің пайызы есепке алынжы эәне осыған байланысты жұмысшыны моральдық және материалдық мадақтау деңгейі орнатылды. Келесіде бұл жүйе ақаусыз еңбек жүйесіне (АЕЖ) айналды, онда АӨД жүйесіне өндірістің ырғақтығы мен мәдениеті есепке алынды. Бұл жүйелермен қатар КАНАРСПИ (сапа, сенімділік, алғашқы өнімдер қоры) жүйесі әзірленді, ол Горьков облысының (қазіргі Нижегород) кәсіпорындарында енгізілді, сонымен қатар Ярославтық мотор зауытында қолданылған НОРМ жүйесі (моторесурстарды арттыру бойынша ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру). Сонымен, 1970 жылдары Львов облысының кәсіпорындар қатарында ішіне АӨД, АЕЖ, КАНАРСПИ,НОРМ және басқа да сапаны басқару бойынша жүйелердің элементтері кіргген өнім сапасын басқарудың кешенді жүйесі әзірленіп, енгізілді.

Осыдан кейін кеңестік кәсіпорындарда нұсқамалық тәртіппен ӨСБ КЖ енгізу басталды, оның көмегімен отандық өнімдердің сапасын арттыруға үміттенді.

Бәрі сапа үшін күресті, сапаның бесжылдығы болды, ең жақсы өнімдерге «Сапа белгісі» берілді. 1987 жылы елдің 1500 кәсіпорынында мекемеден тыс сапаны бақылау - өнімдерді мемлекеттік қабылдау енгізілді. ӨСБ КЖ сапа жүйесін құжаттық рәсімдеуде, кәсіпорындардағы сапаны басқарудың жекеленген элементтерін бірыңғай жүйеге біріктіруде оңтайлы рөлге ие болды. Соңынан бұл ӨСБ КЖ жүйелерін сапа жүйесі бойынша 9000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарының талаптарына мағынасы жағынан жақын жүйеге жеткізу бойынша жұмыстарды біршама жеңілдетті бұның алғашқы баспасы КСРО-да орыс тілінде 1988 жылы шығарылды.
Сапаны статистикалық бақылау.

Үлкен сериялы және жаппай өндіруде сапаны статистикалық бақылау (statistical quality control (ағыл.), SQC). әдістері кеңінен таралды. Олардың ішінде ең кең тарағаны кәсіпорынның қатардағы жұмысшылары үшін тиімділі мен қолжетімділігі арқасында ең алдымен Жапон сапа үйірмелерінде, ал сосын басқа да елдерде кеңінен қолданылған «сапаны бақылаудың жеті құралы» болды.

Бұл «Жеті құрал» құрамына кіретіндер: Парето диаграммасы, себеп-салдарлық диаграмма, бақылау карталары, гистограммалар, қабаттарға бөліну әдістері, кестелер, таралу диаграммасы. Бұл әдістердің сапаны басқаруға қолданылатын қысқаша мазмұны келесіден тұрады:

Қабаттарға бөліну әдісі (қабатты талдау, аудандастырылған іріктеме - — stratification (ағыл.)) өнімдердің сипаттамасын тарату себептерін анықтау үшін қолданады. Әдістің мәні алынған сипаттамаларды әртүрлі факторларға байланысты бөлуден тұрады: жұмысшылардың біліктілігі, негізгі материалдардың сапалары, жұмыс әдістері, құрал-жабдықтардың сипаттамасы және т.б. бұл ретте әртүрлі фактордың өнімнің сапасына әсері анықталады, бұл олардың ретсіз таралуын жою үшін қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

Кестелер (диаграммалар) сандық шамалар немесе олардың уақыт бойынша өзгеруінің өзара тәуелділігін түсінуді жеңілдетуге және көрнекілік үшін қолданылады.

Парето диаграммасы (Pareto diagram), оның авторы итальяндық ғалым-экономист Паретоның (1848-1923) атына осылай аталған, шығындардың шамасын олардың әртүрлі ақауларына байланысты көрнекі таныстыруға мүмкіндік береді. Осының арқасында ең бірінші осы ақауларды жоюға назар аудару керек, себебі олар үлкен шығынға әкеледі. Бұл ақаулардың себебін анықтау үшін қосымша себеп-салдарлық диаграмманы қолдану орынды. Ақаулардың себептері мен жоюды анықтағаннан кейін қабылданған шаралардың тиімділігін тексеру мақстаында қайтадан Парето диаграммасы құрылады.

Себеп-салдарлыө диаграмма (cause and effect diagram) ең үлкен шығындарға әкелетін ақауларды талдауда қолданылады. Ол осындай ақаулардың себебін анықтауға және осы себептерді жоюға назар аударуға мүмкіндік береді. Бұл ретте фактордың төрт негізгі себептері талданады: адам, машина (құрал), материал және жұмыс әдісі. Бұл факторларды талдауда ақауға немесе жоюға жататын екіншілік, мүмкін үшіншілік себептер туындайды. Сондықтан ақауларды талдау үшін және диаграммаларды құру үшін жіберілген ақауларға қатысы бар болуы мүмкін себептердің ең көп санын анықтау керек.

Балық қаңқасы түріндегі мұндай диаграмманы жапондық ғалым Каору Исикава ұсынған. Бұл диаграмманы сонымен қатар «тән факторлардың бұтақты сұлбасы» деп те атайды. Кейде оны негізгі факторлардың құрамы Man (адам), Method (әдіс), Material (материал), Machine (машина) бойынша «төрт М» диаграммасы деп те атайды, Исикава диаграммасын қараңыз.

Гисторгамма бағана тәріздес кестені көрсетеді және белгілі уақыт кезеңінде (апта, ай, жыл) жиіліктің қайталануы бойынша параметрлердің нақты мәндерін таратудың көрнекіік суреті үшін қолданылады.

Кестеге параметрлердің қосымга мәндерін енгізгенде бұл параметр ықтимал диапазонға қаншалықты жиі түсетінін, шектік мөлшерде ауысатынын немесе оның мөлшерінен шығатынын анықтауға болады.

Алынған мәліметтерді басқа әдістерді қолдана отырып талдайды:


  • Әртүрлі ақауларға байланысты жарамсыздық шығындарын Парето диаграммасы көмегімен зерттейді;

  • Ақаулар себептерін себеп-салдарлық диаграммасы, қабаттану әдісі және таралу диаграммасы көмегімен анықтайды;

  • Уақыт бойынша сипатының өзгеруін бақылау карталары бойынша анықтайды.

Таралу диаграммасы (Scatter diagram — корреляциялық диаграмма)екі параметр аралығындағы тәуелділік кестесі түрінде құрылады. Бұл осы параметр арасында өзара байланыс бар ма екенін анықтауға мүмкіндік береді. Егер мұндай өзара байланыс бар болса, екіншісіне әсер ету арқылы бір параметрдің ауытқуын жоюға болады.

Бақылау картасы (Control chart)  - үрдіс бойы қарапайым жағдайларда сипаттардың таралуының шектік диапазонын көрсететін бақылау шегінің болуымен ерекшеленетін кестенің әртүрлілігі (қараңыз,Шухарттың бақылау картасы).

Аталған «Жеті құрал» сапаның туындаған көптеген мәселелерін шешуге көмектеседі. Біршама күрделі мәселелерді шешу үшін қосымша «Сапаны бақылаудың жеті жаңа құралы» қолданылуы мүмкін: тартқыштық диаграммасы, тәуелділік диаграммасы, ағаш тәріздес диаграмма, матрицалық диаграмма, жебе тәрізді диаграмма, үрдісті бағалауды жоспарлау диаграммасы, матриуалық мәліметтерді талдау.

Статистикалық әдістерді тереңінен үйрену үшін арнайы әдебиетке, сонымен қатар статистикалық әдіс жөніндегі ИСО 10017 халықаралық стандартын қараған жөн.

Халықаралық деңгейде статистикалық әдістер саласында стандарттаумен ИСО/ТК 69 «Статистикалық әдістерді қолдану» стандарттау жөніндегі Халықаралық ұйымның техникалық комитеті айналысады. Бұл комитеттің материалдары жұмыс түрі бойынша статиситкалық әдістерді қолданумен байланыстылар үшін қызығушылық тудыруы мүмкін.

Аталған статистикалық әдістерден басқа, сапаны бақылау мен басқару үшін «Шесть сигм» және Тагути әдістері қолданылады.

«Шесть сигм» әдісі технологиялық процессті өнімдердің істен шығу ықтималдығын төмендету мақсатында статистикалық басқару үшін пайдаланылады.

Өндірісте үрдістерді дәстүрлі статистикалық бақылау өнім бөлігі мен оны тестілеуді кездейсоқ таңдаудан тұрады. Ауытқулар үздіксіз шектілікке тексеріледі және қажет болған кезде жарамсыз бөлшектерді шығарғанға дейін түзетіледі.


2. Сертификаттау бойынша сынақ зертханаларын немесе органдарын аккредиттеу – ҚР заңнамалық актілеріне сәйкес уәкілетті орган арқылы өтініш берілген салада сертификаттау бойынша сынақ зертханаларын немесе органдарымен нақты жұмыстардың орындалуын ресми танитын рәсім.

Жарамсыздық – өнімнің ақаулық бірлігі, яғни ең кемі бір ақауы бар өнім.

Валидация – нақыт пайдалануға немесе қолдануға арналған талаптардың объективті куәліктерін ұсыну негізіндегі талаптардың орындалғанын бекіту.

Верификация: нақты куәліктерді көрсету негізінде орнатылған талаптардың орындалғанын бекіту.

Ақау – өнімнің нормативтік-техникалық құжаттамада бекітілген талаптарға жеке сәйкессіздігі.

Сәйкестік белгісі – бекітілген тәртіпте тіркелген белгі, бұл олар белгілеген өнімнің орнатылған талаптарға сәйкестігін сертификаттаудың осы жүйесінде орнатылған.

Сынақ – физикалық, химиялық, табиғи немесе қолдану кезіндегі факторлар мен жағдайлар жиынтығының әсерінен өнімнің бір немесе бірнеше сипаттарын анықтау немесе зерттеу.

Сапа – өнімнің қасиеттері мен сипаты жиынтығы, бұл оған мерзімді немесе болжанған қажеттілітержі қанағаттандыру қабілетін береді (ИСО 9000:2000).

Сапа – белгілі қажеттіліктерді оның тағайындалуына сәйкес жарамдылықты қанағаттандыруды қамтамасыз ететін өнім қасиеттерінің жиынтығы (МЕСТ 15467-79).

Квалиметрия – өнімдер мен қызметтердің сапасын өлшеу мен сандық бағалау әдістері туралы ғылым.

Бақылау – қолданыстағы мәндердің берілген ауытқулыары туралы ақпаратты анықтау мен бағалац үрдісі немесе олардың талдауының тура келуі мен нәтиделері.

Менеджмент – ұйымды басқару немесе жетекші ету жөніндегі үйлестірілген қызмет.

Сапа менеджменті – сапаға қатысты ұйымды басқару немесе жетекші ету жөніндегі үйлестірілген қызмет.

Өнім сапасын басқару механизмі басқарудың өзара байланысты объектілері мен субъектілерінің жиынтығын, өнімнің өмірлік кезеңінің әртүрлі сатыларындағы және сапаны басқару беңгейлеріндегі қолданылатын принциптердің, әдістердің және қызметтердің жиынтығын көрсетеді.

Ынта (немесе ниет) – белгілі қажеттіліктер мен мұқтаждықтарды қанағаттандыруға ұмтылу.

Қызметкерді ынталандыру (сапаны басқаруда) – өнімнің қажетті сапасын қамтамасыз ету бойынша жұмысшыларды белсенді қызметке ниеттендіру.

Норма – қанағаттандырылуы тиіс сандық немесе сапалық белгілерді орнататын ереже.

Нормативтік құжат – қызметтің әртүрлі түрлеріне және олардың нәтижелеріне қатысты ережелерді, жалпы принциптерді немесе сипаттамаларды орнататын құжат.

Сапаны қамтамасыз ету – сенімділікті орнатуға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.

Техника-экономикалық жне әлеуметтік ақпараттарды жіктеуші (ТЭӘАЖ) – техника-экономикалық және әеуметтік ақпарат саласында жіктелген топтаулар мен жіктеу объектілерінің атаулары мен кодтарын жүйеленген жиынтық түрінде көрсететін ресми құжат.

Өнім сапасы деңгейін бағалау – бағаланатын құжаттығ сапа көрсеткіштерінің номенклатурасын таңдаудан және өнім сапасын бағалауда осы көрсеткіштердің мәнін анықтаудан тұратын операциялардың жиынтығы.

Параметрлік стандарттау стандарттау объектілерін өнімдердің, үрдістердің, жіктеуіштердің сипаттамаларының параметрлік қатарын құру көмегімен стандарттау объектілерін реттеуге негізделген.

Сапа ілмегі – сақина түрінде тұйықталған өнімнің өмірлік кезеңі, ол келесі негізгі сатылардан тұрады: маркетинг; техникалық талаптарды жобалау және әзірлеу, өнімдерді дайындау; материалдық-техникалық қамтамасыз ету; өндірісті дайындау және технологиялар мен өндірістік үрдістеді әзірлеу; өндіріс; бақылау, сынақ және тексеру; орау және сақтау; өнімдерді сату және тарату; монтаж; пайдалану; техникалық көмек және қызмет көрсету; жою.

Сапаны жоспарлау –сапа саласында мақсаттарды орнатуға бағытталған және өнімнің өмірлік кезеңінің қажетті операциялық үрдістерін және сапа саласында мақсаттарға жету үшін сәйкес ресурстарды анықтайтын сапа менеджментінің бөлігі.

Сапа саласындағы саясат - жоғарғы басшымен ресми құрылған сапа саласындағы ұйымның жалпы ниеті мен қызмет бағыты.

Ереже – жұмыстарды орындаудың қолдану үшін міндетті ұйымдық-техникалық және (немесе) жалпы техникалық жұмысты орындаудың ережелерін, тәртіптерін, әдістерін орнататын құжат.

Рәсім – қызмет немесе үрдісті жүзеге асырудың бекітілген тәртібі.

Тексеру (ревизия) – баықлау картасының мазмұнына сәйкес болуы тиіс, бақылаушымен жүзеге асырылатын тексеру.

Регламент – міндетті құқықтық нормалар мен билік органдарымен қабылданған құжат.

Ұсыныстар – қабылдау үшін еркіті ұйымдық-техникалық және жалпы техникалық жұмысты орындаудың ережелері, тәртіптері және әдістері бар құжат.

Жетекшілік – жоғары деңгейде ұйымның қызметі мен басқаруын жүзеге асыратын жұмысшылар тұлғасы немесе тобы.

Өзіндік тексеру (өзін-өзі бақылау) – технологиялық картмасен операцияға орнатылған әдістерді қолдану бойыша персоналдық тескеру және оператормен бақылау, сонымен қатар тексерудің берілген жиілігін сақтау арқылы қарастырылған өлшеу құралдарын қолданы лады.

Қасиет деп өнімді жасауда, пайдалануда және тұтынуда туындауы мүмкін объективтік қабілетін атаймыз.

Сертификаттау - қызметтің немесе өнімнің белгіленген  талаптарға сәйкес келетіндігінің арнайы актімен хатталып расталуы.

Сәйкестік сертификаты - өнім, қызмет техникалық регламент, стандарт және басқа да нормативті құжаттардың талаптарына сәйкестігін күәландыратын құжат.

Симплификация - тұтынуды қанағаттандыратын бұйымдардың түрлерін жеткілікті санға дейін азайту мақсатымен жүргізілетін стандарттаудың түрі.

Жүйе – бір-бірімен қарым-қатынаста және байланыста болатын, сөйтіп белгілі бір тұтастық, бірлестік құратын көптеген құрамдас бөліктер жиынтығы; агрегаттар мен машиналардың территориялық принциппен емес, жұмыс істегенде атқаратын міндетіне негізделіп біріктірілген құрылымдар жиынтығы.

«ДЖИТ» жүйесі (just in time – дәл уақытында өндіру) – нөл қорға, нөл ауытқуға, нөл ақауларға бағытталған басқару қызметтерінің кешені.

Сапа менеджменті жүйесі – сапаға қатысты басшылық және ұйым басқармасы үшін өзара байланысты және өзара әрекет ететін элементтердің жиынтығы. 

Сертификаттау жүйесі – сертификаттау сәйкестігін жүргізу үшін өзіндік ережелердің процедуралары және басқаруы бар жүйе.

Сертификаттау тәсілдері (формасы, сұлбасы) – өнімнің берілген талаптарға сәйкестігін растау түрінде ресми қолданылатын әрекеттердің белгілі жиынтығы.

Стандарт,  – басқа ұқсас нысандарды, заттарды салыстыру үшін бастапқы үлгі ретінде қабылданатын үлгі, эталон, модель; құзыретті орган қабылдаған, шама өлшемін, терминдерді және олардың анықтамасын, өнімге және өндіріс үдерістеріне қойылатын талаптарды, адамдардың қауіпсіздігін, материалдық құндылықтардың сақталуын, т.б. айқындайтын нормативтік-анықтамалық құжат; кең мағынада өзіне ұқсас басқа нысандармен салыстыру үшін қолданылатын негізгі үлгі, эталон, модель.

Стандарттау - бұл белгілі бір салада нақты іс жүзіндегі немесе әлеуметті міндеттерге қатысты жалпыға бірдей және көп рет пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы регке (тәртіпке) келтірудің оңтайлы дәрежесіне қол жеткізугс бағытталған қызмет.

Техникалық бақылау  өндірістік процесс барысында іске асырылатын, нормативті-техникалық құжаттардың талабына сай бұйымдардың, материалдардың немесе процестердің техникалық сипаттамаларының сәйкестігін тексеру. 

Техникалық регламент - өнімдерге және олардың өмірлік циклінің процестеріне қойылатын міндетті талаптарды белгілейтін, «Техникалық реттеу туралы» заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын нормативтік құқықтық акт. 

Өнімнің техникалық деңгейі – өнім сапасының салыстырмалы сипаты.

Сапаның артуы – сапаға талаптары орындау қабілетін арттыруға бағытталған сапа менеджментінің бөлігі.

Уикипедия — бірыңғай мақсатқа пайдаланылатын объектілер санын тиімді түрде азайту.

Сапа саласындағы мақсаттар – сапа саласындағы жетістік немесе ұмтылыс.
Сұрақтар:


  1. Сапаны басқару әдістерінің қандай топтары бар?

  2. Статистикалық әдістерді атаңыз.

  3. Диаграмма әдістеріне сипаттама беріңіз.

4 ДӘРІС


Тақырып: Халықаралық стандарттардың сапа жүйесі бойынша ұсыныстары ИСО 9000.
Шет елдерде 9000 сериялы ИСО стандарттары жабдықтаушының өнімі сапасын қамтамасыз ету жүйелерін бағалау үшін үлгілер ретінде сауда байланыстарын орнатқанда кеңінен қолданылды. Бұл ретте жүйенің ИСО стандарттарының талаптарына сәйкестігін белгілі кепілдік ретінде қарастырады, бұл өнімнің тұрақты сапасын қамтамасыз етуге жабдықтаушы жеткізуге, қамтамасыз етуге орнатылған талаптарды орындауға қабілеттілігін көрсетеді.

20 ғ.70-80 жылдары көп елдердің мамандары дайын өнімді бақылау жолымен ғана сапаға кепілдік берілмейді деген шешімге келді. Ол одан бұрын қамтамасыз етілуі тиіс - нарық талаптарын зерттеуде, жобалық және құрылымдық әзірлемелерді дайындау сатысында, шикізаттарды, материалдарды және құрылымдық өнімдерді жабдықтаушыларды таңдауда, өндірістің барлық сатыларында және өнімдерді сатуда, оларды тұтынуда және қолданғаннан кейін жою процессінде.

Халықаралық бірлестік өнім сапасына техникалық талаптарды мөлшерлеуге біртұтас бағыт әзірледеі, ол сапа жүйесін әзірлеуде қолданылды – тұтынушыға үнемі жоғары сападағы өнімнің кепілдігін қамтамасыз ету үшін қажетті ұйымдық және техникалық шаралардың жиынтығы және оның стандарттар мен келісім-шарттың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.



Сапа жүйесімен жұмыс үрдісінде келесіде сапа жүйесінің халықаралық стандарттарын әзірлеуде ИСО-да қолданылған негізгі түсініктер мен принциптер қалыптасты. Сапаны басқарудың, талаптардың айырмашылығы мен үйлесімділігін жоюдың сұрақтарын шешудің біркелкі тәсілдерін әзірлеу мақсатымен ИСО құрамындағы халықаралық деңгейде ТК 176 «Сапаны басқару және сапаны қамтамасыз ету» әзірленді, оның міндетіне 9000 сериялы ИСО халықаралық стандарттарын әзірлеу мен сапа жүйелерінің негізіг принциптерін стандарттау мен үйлестіру кіреді. 1987 ж.осы серияның алғашқы бес стандарттары жарияланды және сапаны қамтамасыз ету саласындағы ХС ИСО 8402 терминдер мен олардың анықтамаларының үш тілдік сөздігі әзірленді. 1994 ж. Өзгерістерді енгізгеннен кейін екінші нұсқасы пайда болды және қазіргі уақытта стандарттардың үшінші нұсқасы әзірленуде.

9000 сериялы ИСО ХС құрылымы 6.10 суретте көрсетілген.



9000 сериялы ИСО ХС-да өндіріс пен қызмет көрсету саласында сапаны басқарудың жалпы бағдарламаларын құру бойынша негізгі талаптар орнатылған.
ИСО 9000 ХС «Сапаны жалпы басқару және сапаны қамтамасыз ету бойынша стандарттар» төрт бөлімнен тұрады, оның әрқайсысы басқа стандарттарды таңдау және қолдану бойынша жетекшілік ететін нұсқаулықтарды көрсетеді, нақты айтқанда ИСО 9000-1 «Таңдау мен қолдану бойынша жетекші нұсқаулықтар»; ИСО 9000-2 ХС «ИСО 9001, ИСО 9002 және ИСО 9003 стандарттарын қолдану жөніндегі жалпы басшылық», ИСО 9000-3 ХС «Бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу, жеткізу және қызмет көрсетудегі ИСО 9001 қолдану бойынша басшылық ету нұсқаулықтары», ИСО 9000 ХС «Сенімділіктің бағдарламалық қамтамасыз етуді басқару жөніндегі басшылық». Жалпы стандарт сол сапа жүйесін таңдау жөніндегі нұсқаулықтар береді, бұл нақты әрекеттерге байланысты қажет етіледі. Әртүрлі жүйелерді таңдауда ескеруге қажетті негізгі белгілер: жобалау үрдісінің күрделілік деңгейі, жобаның аяқталуы (өнімді пайдалану немесе сынау нәтижелері бойынша), өндірістік үрдістің күрделілігі (жаңа үрдістердің дайындамаларын қолдану мүмкіндігі, олардың саны, әртүрлілігі және т.б.), өнімнің сипаты, экологиялық факторлар және т.б.

ИСО 9000 ХС басшылық саясаты мен сапаны қамтамасыз етудің негізгі принциптерінен тұрады. Сапа саласындағы әртүрлі түсініктер арасындағы өзара байланысты анықтайды және ИСО 9001 ХС, ИСО 9002 ХС және ИСО 9003 ХС келтірілген үш үлгінің қолданылу ережесін анықтайды.

ИСО 9001 ХС «Жобалауда, дайындауда, өндіруде, монтажда және қызмет көрсетудегі сапаны қамтамасыз ету үлгілері». Стандарт егер екі тараптан бекітілген келісім-шартта қолданылатын сапа жүйесіне қатысты талаптарды айтады. Бұл үлгі жабдықтаушылар үшін ең қатал болды.

ИСО 9002 ХС «Өндірісте, монтажда және қызмет көрсетуде сапаны қамтамасыз етуге арналған үлгі». Стандарт, егер екі тарап арасындағы бекітілген келісім-шарт бойынша жабдықтаушы технологиялық процессті бақылауды жүзеге асыру қабілетін көрсетуі тиіс болса, соңғы өнімді қабылдау үшін шешуші болып табылатын сапа жөніндегі талаптарды бекітеді.

ИСО 9003 ХС «Дайын өнімді бақылау және сынауда сапаны қамтамасыз ету үлгісі». Стандарт, егер екі тарап арасындағы бекітілген келісім-шарт бойынша қолданылатын, соңғы өнімді қабылдау туралы сұрақтарды шешу үшін бақылау мен соңғы сынақтарды жүзеге асыру қабілетін көрсету қажет болса қолданылады.»

ИСО 9004 ХС «Сапаны басқару және сапа жүйесінің элементтері», сегіз бөлімнен тұратын, әрқайсысында басшылық ету нұсқаулықтары бар. Стандартта сапа жүйесінің барлық элементтер қарастырылады.

Ресей мен ҚР 9000 сериялы ИСО стандарттары «мұқаба әдісімен» қабылданған.


Сұрақтар:


  1. ИСО 9000 сериялы халықаралық стандарттарының мәнін неде?

  2. ИСО 9000 сериялы негізгі ХС кешенінің құрылмын келтіріңіз.

5 ДӘРІС


Тақырып: Сапа көрсеткіштері мен оларды бағалау әдістері.
Сапа (өнім) көрсеткіштері – өнімнің сапасына кіретін, оны құру және пайдалану немесе тұтынудың белгілі шарттарына қатысты қарастырылатын, бір немесе бірнеше қасиеттердің сандық сипаты.

Әрбір өнім өзінің номенклатуралық көрсеткіштеріне ие, ол өнімнің тағайындалуына, оны өндіру және пайдалану және басқа да көптеген факторлар жағдайына байланысты. Сапа көрсеткіштері әртүрлі физикалық өлшемдерде (мысалы, секунд, метр, шаршы метр, км/сағ, грамм, вольт, ватт және т.б.), өлшеудің шартты бірліктерінде (ұпай, рубль, FLOPS және т.б.), сонымен қатар өлшемсіз (күтілген жағдайдың туындау ықтималдығы) көрсетілуі мүмкін. Техникалық талаптар түрінде көрсеткіштер өндірілетін өнім мен техникалық жағдайлардың техникалық міндеттері құрамына кіреді.


Көрсеткіштердің жалпы сипаттары.

Көрсеткіштер номенклатурасы кесімді өнімді жобалау сатысында қалыптасады, себебі мұнда олар құрылымға салынады. Одан әрі, өндіріс сатысында бұл көрсеткіштер өз іске асуын табады. Ал пайдалану сатысында көрсеткіштер өнімнің жеке сипаттамасына айналады, оны өнімнің басқа түрінен бөліп алады, оның тұтынушылық қасиетін құрады және ізінше тартымды және бәсекеге қабілетті етеді.

Көрсеткіштерге келесі талаптар қойылады:


  • Басқа көрсеткіштердің тұрақтылығы жағдайында сапамен бір қалыпты байланыс;

  • Анықтаудың, өлшеудің және бақылаудың қарапайымдылығы;

  • Объект немесе үрдістері қасиеттерінің бейне көрнекілігі;

  • Қарастырылатын қасиеттерге сәйкестігі;

  • Осы қасиеттердің өзгеруіне жақсы сезімталдылық;

  • Кездейсоқ кедергілерге тұрақытылық.

Көрсеткіштердің жіктелуі:

Тіршілік кезеңінде орны бойынша



  • Болжалынатын;

  • Жобалық;

  • Өндірістік;

  • Пайдаланушылық.

Тұтынушылық қасиеттері бойынша:

Көрнекілік пен қолайлылық үшін барлық көрсеткіштерді әдетте екі топқа бөледі: шартты түрде «Баға» және «Сапа» деп аталады. Бірінші топ экономикалық екіншісі – техникалық талаптарды біріктіреді. Бір жағынан, практикалық тапсырмаларды шешуде бұл оптимизациялау әдістерін қолдануды және мақсатты қызметтерді таңдауды жеңілдетеді.

Техникалық көрсеткіштер:


  • Тағайындамалар көрсеткіштері (функционалдық талаптар);

  • Өнімділік талаптары;

  • Тиімділік талаптары;

  • Құрылымдық талаптар.

Сенімділік көрсеткіштері келесі қасиеттерді сипаттайды:

  • Тоқтауысыздық;

  • Жөндеуге жарамдылық;

  • Қалпына келушілік;

  • Сақталуы;

  • Ұзаққа жарамдылығы.

Эргономикалық көрсеткіштері- өнімнің адам-машина жүйесінің бөлігі ретінде әлеметтік қасиеттерін көрсетеді;

Қауіпсіздік көрсеткіштері: қалыпты жұмыс кезінде мүмкін қайғылы оқиғалардың болмайтынын көрсетеді. Қауіпсіздік түрлері: химиялық, радиациялық, механикалық, электромагниттік, жылулық, санитарлық-гигиеналық, өртке қарсы.

Экологиялылық көрсеткіштер. Өнімнің қоршаған ортамен бірігіп өмір сүруге қабілеттілігін сипаттайды.

Эстетикалық көрсеткіштері. Өнімнің сыртқы бейнелерінде әдемілікті көрсетуін сипаттайды: ақпараттық мәнер, форманң тиімділігі, орындалудың жетілуі, тауарлық түрдің тұрақтылығы.

Жою көрсеткіштері. Өнімнің оны пайдаланып болғаннан кейінгі жою әдістерн сипаттайды.

Жобалық-техникалық көрсеткіштер. Техникалық шешімдердің тиімділігін сипаттайды. Келесі көрсеткіштерден турады: Стандарттау, бірегейлендіру және сабақтастық. Көрсеткіштердің бұл топтарына жататын коэффициенттер: қолданылушылық, қайталанушылық, өнімнің немесе өнім топтарының бірегейленуі.

Технологиялық көрсеткіштер. Өнімнің ең төмен өндірістік шығындармен шығарылу мүмкііндігін сипаттайды.

Тасымалдаушылық көрсеткіштер. Өнімнің ең төменгі шығындық қасиеттірін сипаттайды.

Сақтау көрсеткіштер. Өнімнің қоршған ортаның қолайсыз әсерлеріне тәуелсіздігі қабілетін сипаттайды.

Патенттік-құқықтық көрсеткіштері. Өнімнің патенттік тазалығы мен патенттік қорғалуын сипаттайды.

Бағалау үшін қолданылуы бойынша:


  • базалық (абсолиттік) – физикалық мәні бар.

  • Салыстырмалы.

Сипатталатын қасиеттерінің саны бойынша:

  • Жекелеген көрсеткіштер: сапа бір параметрдің қызметі болғанжа.

  • Кешендік (оның ішінде салыстырмалы) көрсеткіштер – қасиеттердің қатарын біріктіретін көреткіштер, олардың әрқайсысы өз параметрлерімен сипатталады.

  • Интегралдық көрсеткіштер, кешенді көрсеткіштердің қатарын біріктіреді.

Бағалау мүмкіндігі бойынша:

  • Нысандандырылған көрсеткіштер. Әлдебір аталған мәнмен бағаланатын сандық бағасы бар.

  • Нысандандырылмаған көрсеткіштер.

Сапа көрсеткіштерін өлшу әдістері мен олардың маңызы.

Субъективті:



  • Эксперттік;

  • Сауалнама;

  • Органолептикалық.

Объективті:

  • Тіркеулік;

  • Құралдық.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет