Электролит ерітінділерінің эквивалентті электрөткізгіштігі
Электролит ерітінділерінің қасиетін зерттегенде меншікті электрөткізгіштікпен қоса эквивалентті электрөткізгіштікті де кеңінен қолданады, ол құрамында грамм-эквивалент еріген зат мөлшері бар қалыңдығы 1 см қабаты жазық электролит ерітіндінің өткізгіштігі болып табылады.
Меншікті және эквивалентті электрөткізгіш арасында тәуелділікті анықтайық. Электролит ерітіндісінің қабатының көлемі V0 см3 болсын. Егер қабат қалыңдығы 1 см болса, осы қабаттың беттігі V0 см2 болады, яғни электролит ерітіндісінің қабаты электрөткізгіштігі χ қабырғасы 1 см V0 кубиктерден тұрады. Электролит қабатының жалпы электрөткізгіштігі барлық кубиктердің меншікті электрөткізгіштігінің қосындысына тең және эквивалентті электрөткізгіштікке λ тең:
λ = V0 ∙ χ (2.5)
Ерітінді концентрациясының өсуімен эквивалентті өткізгіштік әрқашан кемиді.
Күшті электролиттердің электростатикалық теориясы бір-бір валентті электролит үшін концентрациясынан электрөткізгіштіктің келесі эквивалентті тәуелділікке әкеледі.
_
λ = λ∞ - (А + В λ∞)√с (2.8)
мұндағы, λ∞ - электролитті шексіз сұйылтуындағы эквивалентті электроөткізгіштігі, А және В – ерітіндінің температураға, тұтқырлыққа және ортаның диэлектрлік өткізгіштігіне тәуелді шамалар.
(28) теңдеудегі λ∞ шамасы экспоненциалды шама болып табылады және λ∞ - с тәуелділікті нөлдік концентрацияға экстраполяция жасағанда алынады.
Күшті ерітіндінің эквивалентті электрөткізгіштігі (28) теңдеуі бойынша есептеген концентрациялары 0,01-0,02 н. жоғары емес ерітінділерде тәжірибе де алынған мәндерімен жақсы сәйкес келеді. Ал концентрациялары жоғары ерітінділердің электрөткізгіштігін есептегенде әдетте эмпириялық әдістерді қолданады.
Достарыңызбен бөлісу: |