Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы 287. 1938-39 жылдары 1 қаңтарда қабылданған қаулы: «Қазақ әліппесі мен орфографиясын біраз өзгерту туралы» 288. Орынбор өлкесінің – «Колумбы» деген атпен даңқы шыққан орыс географы: Пётр Рычков 289. Қаңлыларға тәуелді болған тайпалар: сарматтар мен аландар 290. 1929-31 жылдардағы көтерілістің басты себебі: ұжымдастыруға қарсы 291. Абылай хан жоңғарларда тұтқында болған мерзім: 1741-43 жж. 292. Керейіттерде заң шығарып, сот істерімен айналысқан қоғамдық топ: бұйрықтар мен тархандар 293.
294. 1723-27 жж. аралығында орын алған оқиға: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» 295. «Жетісу михрабы» табылған өңір: Алматы маңы 296. Ғұндар жайлы дерек қалдырған тарихшылар: Прийск, Марцеллин 297. 1960 жылы Мұрат Әуезов Мәскеудегі қазақ жастарының басын қосып, ашқан ұйымы: «Жас тұлпар» 298. «Тотемизм» деген не: адамзаттың шығу тегін белгілі бір жануармен, өсімдікпен немесе табиғат құбылыстарымен тығыз байланыстыру 299. «Фетишизм» деген не: көбінесе алғашқы қауымдық құрылыс, архаикалық мәдениетіне тән жансыз заттарға қасиетті деп табыну 300. Арал маңы және Сырдария-Әмудария өзендерінің бойында өмір сүрген сақ тайпалары: сақ-парадарайалар 301. Қаңлы мемлекетінің астанасы: Битянь 302. II Мемлекеттік Думаға сайланған қазақ депутаттарының саны: 7 303. II Мемлекеттік Думаға Торғай облысынан сайланған қазақ депутаты: Ахмет Бірімжанов 304. II Мемлекеттік Думаға Орал облысынан сайланған қазақ депутаты: Бақытжан Қаратаев 305. II Мемлекеттік Думаға Жетісу облысынан сайланған қазақ депутаты: Мұхаммеджан Тынышбаев 306. II Мемлекеттік Думаға Сырдария облысынан сайланған қазақ депутаты: Төлеу Алдабергенов 307. II Мемлекеттік Думаға Ақмола облысынан сайланған қазақ депутаты: Шаймерден Қосшығұлов 308. II Мемлекеттік Думаға Семей облысынан сайланған қазақ депутаты: Темірғали Нұрекенов 309. II Мемлекеттік Думаға Астрахань губерниясынан сайланған қазақ депутаты: Бақтыгерей Құлманов 310. Алтын Орда ханы - Берке ханның билігін нығайту үшін қабылданған шешім: Ислам дінін қабылдады 311. 1845 жылы 11 тамызда Бөкей Ордасында (Ішкі Орда) орын алған оқиға: Бөкей Ордасын саяси, мәдени және экономикалық жағынан дамытқан, өлкенің басқару істеріне көптеген өзгерістер енгізген ұлы реформатор, жаңартушы – Жәңгір хан қайтыс болды 312. Ыстықкөл мен Іле өзенінің онтүстік жағалауында орналасқан ежелгі үйсін ордасы: Чигу немесе Чигучен (Қызыл Аңғар) 313. Қаңлылардың металл өңдеудің негізгі орталығы болған ежелгі қалашық: Құлата 314. Түргеш қағанатында сары және қара түргештердің арасындағы күресті өз пайдасына асырғысы келген Шығыс Түрік қағаны: Қапаған 315. Сары және қара түргештердің арасындағы күрес қанша жылға созылды: 20 жылға 316. Әлемдік өркениетке ортағасырлық түркі мәдениетінің қосқан үлесі: жазба ескерткіштері