ҚАЗАҚ КЕҢЕСТІК СОЦИАЛИСТІК РЕСПУБЛИКАСЫ (ҚКСР) –1936 – 91 ж. КСРО құрамында болған одақтас республика. 1936 ж. жаңадан қабылданған КСРО Конституциясына сәйкес РКФСР құрамынан шығып, жеке одақтас республикаға айналды.
Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі (1937 – 91) Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасындағы (Қазақ КСР-і) мемлекеттік биліктің бір палаталы ең жоғары органы
Жоспарлы Экономика– КСРО-да және басқа да “социалистік” деп аталған елдерде қолданылған экономика жүйені ұйымдастыру тәсілі, мұнда материалдық қорлармемлекет меншік болып есептеліп, барлық кәсіпорындардың экономика қызметі директивалық жоспарлау, басқару және бақылау арқылы бағытталып, үйлестіріліп отырды.
Сұрақтар: Қазақстанның одақтас республика болып құрылуының тиімді жақтары қандай?
Қазақстанның одақтас республика болып құрылуының тиімсіз жақтары қандай?
Қазақ КСР қашан одақтас республикаға айналды?
1938 жылғы 15 шілде — Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясын кім ашты?
ҚазақКСР-нің құрылуының біздің тарихымыздағы маңыздылығы қандай?