Қазақстан тарихы. 9-10 сынып оқу материалдары


-тақырып.Қазақ КСР – і соғыс алдындағы жылдарда



бет56/82
Дата22.12.2021
өлшемі3,59 Mb.
#926
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
-тақырып.Қазақ КСР – і соғыс алдындағы жылдарда.
1939 жылы Коммунистік партияның XVIII съезі болып өтті. Онда КСРО – ның индустриялық қуатын кеңейту, қорғаныс қабілетін нығайту бағыты көрсетілді. Үшінші бесжылдықта (1938 – 1942 жж.) Қазақ КСР – іне көрнекті орын берілді, ол түсті металдар (мыс, мырыш, қорғасын) өндіру жөніндегі ірі базаға, көмір, мұнай өндіретін ауданға, сондай – ақ ауыл шаруашылығы (етті мал шаруашылығы, дәнді және техникалық дақылдар) дамыған ауданға айналуға тиіс еді.

1938 – 1941 жылдары іске асырылған шаралар:
1) Қарсақпай мыс балқыту заводын қайта құру мен кеңейту.
2) Жезқазған мыс балқыту заводын салу.
3) Алтайда түсті металлургияны дамыту.
4) Ембідегі геологиялық жұмыстар мен барлау – бұрғылау ісін жеделдету шаралар қолданды.

Осы жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тәжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күнінен, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді.



1940 жылдың аяғында мемлекеттік еңбек резервтері жүйесі пайда болды. Әйелдер ірі өнеркәсіп жұмысшыларының 26,1 % -ын кұрады (1940 ж). Жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды: М. Д. Рогозина – ұңғылау машинасы, Р. Бүкірова – электровоз машинасы, Б. Досбаева – Байшонос мұнай кәсіпшілігінің аға операторы. 1941 жылы маусымда Батыс Қазақстан облысы Теректі МТС – те істеген П. Ангелинаның «Трактордыұ меңгеріңдер» бастамасын 26 мыңнан астам әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді.

Тұрақты механизаторлар кадрлары қалыптасты, 116 мың маман даярланды. Соғыс қарсаңында Халық шаруашылығында 11 мыңнан астам инженер, техниктер еңбек етті. Стахановшылар мен өндіріс жаңашыларының қозғалысы өрістеді. Риддердегі алғашқы стахановшы – шахтер Б. Ықыласов болды.

Соғыс алдындағы жылдарда құрылыстарды салу жеделдеді. 1940 ж. басы – ұзындағы 806 шақырымдық Ақмола – Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде салынды. Бұдан басқа Атырау – Қандығаш, Қандығаш – Орск, «Шығыс Орамы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Семей облысы), Алматы – Сарыөзек, Жамбыл – Алакөл темір жолдары (2681 км.) салынды. 1938 – 1940 жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.

Үшінші бесжылдықтың 3,5 жылындағы өнеркәсіптегі тасымал мен байланыстағы күрделі қаржы – 3,1 млрд. сом болды.




Каталог: uploads
uploads -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
uploads -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
uploads -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
uploads -> Ғарыш әлеміне саяхат
uploads -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
uploads -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
uploads -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
uploads -> 2011 жылдың 14 мамырында «Жалпы гигиена және экология», «Эпидемиология» кафедрасының ұйымдастыруымен және «Студенттік басқару ұйымының» ұйымдастыруымен Д. Е
uploads -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
uploads -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет