ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ
1. Қазақ хандығы Қазақ КСР-ге айналған уақыт
1920жыл 26 тамыз
1960жыл 12 ақпан
1860жыл 16 желтоқсан
1916жыл 15 сәуір
1972жыл 12 маусым
2. 745-840жылдары өмір сүрген қағанат
Түрік қағанаты
Оғыз
Ұйғыр
Қазақ хандығы
Ноғай
3. Жошы ұқпақтарының мемлекеті
Монғол
Хиуа
Алтын орда
Қазақ хандығы
Ноғай
4. Арабтарға қарсыкүрес жүргізген билеуші
Сұлу қаған
Бұмын қаған
Мөңке
Хақназар
Жашы
5. Оңтүстік Кавказдағы үстемдік үшін Иран мен әскери қақтығысқа түскен Алтын орда ханы
Берке
Бату
Мамай
Әмір Темір
Жәнібек
6. Мәскеу билеушісі Иван Грозныймен елшілік қарым қатынас орнатқан қазақ ханы
Қасым хан
Абылай хан
Бұрындық хан
Хақназар хан
Берке
7. 2004 жылы Президент бастамасымен қабылданған бағдарлама
Шанхай ымтымақтастық ұйымы
Мәдини мұра
Рухани жаңғыру
Қазақстан 2050 сратегиясы
Қазақстан 2030 стратегиясы
8. 24 руға бөлінгенжәне олар «түменбасы» аталған бекзадалар билеген ел
Ғұндар
Үйсіндер
Сақтар
Қаңлылар
Оғыздар
Ерте орта ғасырдағы қалалар
Ерте орта ғасырға (6-9 ғ.) қарағанда дамыған орта ғасырда (10-12 ғ.) отырықшылық мәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген. Оңтүстік Қазақстанда, кейінгі зерттеулер бойынша, қала саны 37-ге жеткен. Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жері – Арыс өзенінің Сырдарияға қосылатын тұсындағы сағалары. Сырдың орта ағысында Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ, Жанкент, Аснас, Жент, Баршынкент қалалары болған.Қалалық отырықшылық мәдениет Жетісу аймағында да дамыды. Оңтүстік-батыс Жетісу аймағынан (орталығы – Тараз) 36 қала орны табылды. Солтүстік-Шығыс Жетісудан 70 қала жұрты ашылды. Ортағасырлық қалалар көлемі мен экономикалық жағы бойынша өсіп отырған. Олар 3 топқа бөлінді. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қалалар жатады. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар кіреді. Үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар жатады. 10-12 ғасырлардағы қалалар дамуының ерекшелігі – отырықшылық мәдениеттің Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай тарала бастауы. Дамыған ортағасырлық қалаларға Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбе жатады. 10-12 ғасырлардағы қала құрылысындағы басты жаңалық – мешіттер мен шығыс моншаларының салынуы. 10 ғасырдағы тұрақ-жайларда бөлме саны көбейе бастаған.
Достарыңызбен бөлісу: |