Мәтін бойынша төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз
9. Қалалар көлемі жағынан бөлінді
6ға
10ға
7ге
5ке
3ке
10. Сырдың орта ағысында орналасқан қала
Сығанақ
Жаркент
Сүткент
Анас
Жетісу
11.Солтүстік-шығыс Жетісудан табылған қала саны
70
15
86
75
12
12. Шоқан Уәлихановтың еңбегі
Жоңғария очерктері
Манас жыры
Оян Қазақ
Мұсылмандық шарты
Ұшқан ұя
13. Орхон Енесей жазбалары кімге арнап жазылған
Білге мен Күлтегін
Томирис
Мөде мен Елтеріс
Күлтегін мен Тоныкөк
Бату мен Білге
14. Бүкіл Дешті қыпшақтың ханы болды
Жәңгір хан
Қасым хан
Тәуке хан
Хақназар хан
Нұралы хан
15. Қазақстанда ұжымдастырудың зардабы
А. Сауда саттықтың құлдырауы
Қазақ халқы санының кемуі
Ресей үкіметінің Қазақ жеріне орнауы
Азамат соғысы
Ұлт азаттық көтеріліс
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН ТЕСТ АЯҚТАЛДЫ
ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ
1-мәтін
Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызыққыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқарға жеткізіп отыр.
Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардыңқұмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген ғалымдар қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мирмекологтардың бірі Эдварт Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетіне 10 квадриллион,яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді.
1. Жан басына шаққандағы құмырсқа саны
A) Бір миллион
B) Үш миллион
C) Жарты миллион
D) Бір жарым миллион
E) Екі миллион
2. Мәтіннің тақыры қандай?
A) Құмырсқаның достығы
B) Құмырсқаның еңбегі
C) Жәндіктер туралы
D) Мирмекологтар туралы
E) Құмырсқа илеуі туралы
2-мәтін
Әйгілі жазушы Г.Бельгер: «Неміс тілі, қазақ тілі, орыс тілі – шабытымның үш қайнар бұлағы», - дегенекен. Бүгінгі күні бірнеше тілді қатар игерген адамдар саны күн санап артуда деп әбден айтуға болады.Ондаған тілдерді қатар үйренуге қабілетті адамдарды «Полиглот» деп атайды.Орыс жазушысы А.П.Чеховтың «Бірер тіл білмеген адам өзін құжатсыз жандай сезінеді» деген қанатты сөзі бар.
Көп тіл игергісі келетіндерге бірнеше кеңес:
1) Үзбей жаттығу Атақты неміс археологы Генрих Шлиман үнемі жаттығуының арқасында күніне прозалық мәтіннің жиырма бетін жаттап алуға қолы жеткен . Ол орыс тілін 6 апта ішінде үйренген.
2) Алдымен негізгі тілдерді, ал содан кейін сол тілдерге жақын тілдерді үйрену қажет екен. Әрине, адам көбірек тіл білсе, жаңа тілді игеру де жеңіл болады.
3) Ең бастысы – қорықпау керек. Тілді үйрене жүріп, өз ойыңызды сол тілде түсіндіруге тырысы керек.Үйреніп жүрген тілде сұрақ қоя отырып, тіл білетін және өзіңізге көмек көрсете алатын адаммен барыншакөбірек сөйлесіңіз.
4) Музыканы көбірек тыңдап, есту қабілетіңізді дамыта беріңіз. Өйткені ол – шетел тілін үйренуде жақсыкөмекші.Олай болса, достар, полиглот болғыларың келсе, тек алға ұмтылыңдар! Антик философтарының «тілдібесіктегі деміңнен соңғы деміне дейін үйренсең де аз» дегенін ұмытпайық!
3. Мәтін бойынша адамның есту қабілетін қалай арттыруға болады?
A) Әдемі сөйлеу арқылы
B) Ән шырқау арқылы
C) Әуезді саз тыңдау арқылы
D) Музыка жазу арқылы
E) Көп әңгімелесу арқылы
4. Қандай мақал-мател берілген мәтіннің мазмұнын ашып тұр?
A) Тілі тәтті жая жейді, тілі қатты таяқ жейді.
В) Тіл қаруы – сөз , сөз қаруы-ой.
С) Тіл тас жарады, тас жармаса, бас жарады.
Д) Жеті жұрттың тілін біл,жеті түрлі білім біл.
Е) Басқа пәле-тілден
5. «Полиглот» деп кімдерді айтамыз?
A) Музыкалық қабілеті жоғары адамдарды
В) Өлең оқу мәнері жақсы адамдарды
С) Он шақты тіл меңгергендерді
D) Екі тіл меңгерген адамдары
E) Жазушылық қабілеті бар адамдарды
6. Бірінші кеңеске сәйкес тіл үйренуге негіз болатын басты әрекет
A) Күн сайынғы жаттығу
B) Қорқынышты жеңе білу
C) Музыка таңдау
D) Адамның жеке қабілеті
E) Тілдердің ұқсастығы
3-мәтін
1. Аяқ астынан есіктің алдында жатқан, талай жылдан бері керегіме жарап жүрген балтам жоғалды.
Ары іздедім, бері іздедім – жоқ. Қора-қопсының ішін аударып – төңкеріп, астан-кестеңін шығара қарамадым. Жоқ. «Өз-өзіңе мығым бол, көршіңді ұры тұтпа» деген нақылды ұлық тұтқан қазақеңніңұрпағы болған соң, дымым ішімде.Досхан деген қызметтес дизайнер жігіт қайным болып келеді. Ол жұмысқа осы балта жоғалатын күніалғаш рет «шайтан арбамен» келген болатын. Әрі ол үйінде қызу құрылыс жұмысын бастап жатыр.Күдігім соған ауғандай.
ІІ. Тағы да бір күн өтті. Аяқ астынан жиенім келе қалсын.- Аға, өткен жолы тойға шақыру таратып жүріп көлігіммен үйіңізге соқсам, есіктеріңізқұлыптаулы. Ары отырып, бері отырып, сіздер келе қоймаған соң, көршілеріңізге қалдырып кетіп едім.Әйтеуір аманат қой, соны алған – алмағаныңызды білейін деп келіп едім, - дейді.- Ауыл қалай, ағайындар аман ба? – деп хал сұрасып жатырмыз.- Иә, аға, бәрі жақсы, сол жолы құрылысқа қажетті заттар алып келген едім. Соның біразын осыжолы түгендеп әкетіп барамын, - деді.Ойыма әлгі қу балтам сап ете түссін. Жиенімнің жүзіне қарасам, қыбыжықтап төмен қарағандай болды.Көзін көзіме тура қарамай алып қаша береді.
ІІІ. Балта табылғанша қанша адамды ұры етерімді кім білсін. Сенбі күні кешкілік үйді жинастырыпжүрген қызым: - Көке, іздеп жүрген балтаңыз мынау ма? – деп құж желке балтамды аяқ киім қоятынсөренің астынан шығарып тұр. «Сен алдың!» демесем де, ішкі ойыммен ұры тұтқан маңайымдағыларданұят болды. Енді балтам табылған соң, Досханға да, Құраққа да, жиеніме де қараймын, олардыңтүрлерінен ешқандай ұрлық жасаған «қылмыскердің» белгісі таба алмадым. Балта табылған соң, әлгікүдік-күмәндар күл болып ұшып кеткендей, Досханның баяғы сол жымия күліп жүргені, Құрақтың солеңбекқорлығы, жиенімнің жібектей ұяңдығы. Басқа ештене жоқ.
IV. Өзгені өзгеге танытуға, ғайбаттауға, нақақтан жала жабуға, қарай күйе жаға салуға құмарақпыз, аленді өзге түгілі өзімізді өзіміз осы күнге дейін танымай келгенімізге қайранмын. Үш күн тығылып жатып,өзімді өзіме танытқан «алтын сапты» балтама қарай бердім.
7. І бөлімде автор алдымен кімнен сезіктенеді?
А) Жиенінен
В) Отбасы мүшелерінен
С) Өзінен
D) Қызметтесінен
Е) Құрақтан
8. Қандай жауап мәтіннің негізгі түйіні бола алады?
А) Ат жүйрігін түлкі сүймес.
В) Досыңның қимасына көз салма.
С) Ала жіпті аттамағанның абыройы артық.
D) Бұзауды ұрлаған өгізді де ұрлайды.
Е) Өзін танымаған өзгені танып жарытпас.
9. Жиеннің қандай әрекет «балтаны осы ұрлады» деген сенімін нығайта түсті?
А) Жиенінің аяқ астынан келуі
В) Жиенінің шақыру билеттерін таратуы
С) Әңгіме кезінде жиенінің ұялып, төмен қарай бергені
D) Оның үй иесінің жоғында келіп – кеткені
Е) Жиенінің қолының шеберлігі.
10. Мәтін қандай стильде жазылған?
А) Ғылыми
В) Көркем әдебиет
С) Ауызекі сөйлеу
D) Публицистикалық
Е) Ресми іс-қағаз
11. Қорытынды бөлімдегі автордың айтқысы келген ойы
А) Барлық адамды танып білу мүмкін емес.
В) Дәлелсіз айып таққандарды кешіре білу керек.
С) Алдымен адам өзін-өзі танып білуі керек.
D) Адамды танып-білмей, шешім қабылдаудың сөккетігі жоқ.
Е) Балтасының табылғандығына қуанышын.
12. ІІІ бөлімнен автордың қандай адам екені көрініп тұр?
А) Өзінің кемшіліктерін мойындамайтын
В) Нәрсенің байыбына бармай жатып әрекет жасайтын
С) Өзіннің кемшілігін түсіне алатын
D) Өзіннің іс-әрекетіне сенімді
Е) Түк болмағандай өмір сүре беретін
13. Мәтін стилін анықтаңыз
А) Ресми
В) Көркем әдебиет
С) Ауызекі сөйлеу
D) Ғылыми
Е) Іс қағаздар
14. Мәтінге байланысты дұрыс тұжырымдарды табыңыз
1. Айдар шаш қою – ежелгі салт-дәстүріміздің бірі.
2. Айдарлы балалар үлкендердің ерекше назарында.
3. Наурызбай батырдың айдары болған.
A) Біріншісі мен үшіншісі
В) Үшеуі де бұрыс
С) Біріншісі мен екіншісі
D) Үшеуі де дұрыс
Е) Екіншісі мен үшіншісі
15. Мәтінге атау беріңіз
А) Қарын шаш
В) «Айдар» есімі туралы
С) Тайлантдық «Айдар»
D) Айдар шаш
Е) Бүгінгі шаш үлгісі
16. Мәтін мазмұнынан қатысы жоқ тұжырымды табыңыз
1. Айдар шашты ұл баламен қатар қыз балаға да қояды
2. Айдар қою бүгінге күні қайта жаңғырған.
3. Айдар қою дәстүрі басқа халықта да бар.
А) Екінші мен үшінші
В) Біріншісі мен екіншісі
С) Тек екіншісі
D) Тек біріншісі
Е) Тек үшіншісі
17. Айдарға байланысты қазақтың наным-сенімін көрсетіңіз
А) Тіл мен көзден сақтайды
В) Бала болашақта ғалым болады
С) Бала аурудан тез сауығып кетеді
D) Бала дәулетті, бай адам болады
Е) Баланың дос – жарандары көп болады
18. Мәтін бойынша баланың айдарын қай кезде алады?
А) Қырқынан шығарған кезде
В) Тілі шыққан кезде
С) Он жасқа толған кезде
D) Тәй-тәй басқан кезде
Е) Сүндетке отырғызған кезде
19. Мәтін мазмұны бойынша тайландықтар баланың айдарын қай кезде алады?
А) Жеті жасқа толған кезде
В) Мүшел жасқа келген кезде
С) Алғаш аңға шыққан кезде
D) Үйленген кезде
Е) Бала сырқатынан айыққан кезде
20. Мәтін бойынша салт-дәстүріміздің жаңарған белгісі
А) Айдар, кекіл қойған балалар жиі кездеседі
В) Бұрымды қыздар жиі кездеседі
С) Шашына үкі таққан қыздар жиі кездеседі
D) Ұлттық киім киген балалар жиі кездеседі
Е) Батыстық үлгідегі шаш үлгісі жиі кездеседі
Достарыңызбен бөлісу: |