Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба


Жауаптары: 1. Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думасындағы қазақ депутаттары көтерген маңызды мәселелер



бет10/12
Дата12.03.2018
өлшемі3,89 Mb.
#38956
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Жауаптары:

1. Ресейдің І және ІІ Мемлекеттік Думасындағы қазақ депутаттары көтерген маңызды мәселелер.

Қазақ елі өзінің отарлық езгідегі халін түсіне бастауы мен ұлт зиялыларының нақты әрекетке көшуі 1905 жылғы алғашқы орыс революциясымен тікелей байланысты.Ресейдегі азаттық қозғалыстың өрлеуі барысында қазақ қоғамына жеткен тарихи жаңалықтардың бірі -1905ж. 6-тамызда шыққан манифест.Манифест бойынша қазақ еліне де Мемлекеттік Думаға депутат сайлау құқығы берілді.Қазақ ұлттық демократиялық қауымының белгілі өкілдері Әлихан Бөкейханов (Семей облысы), Ахмет Байтұрсынүлы (Торғай облысы), Б.Қаратаев (Орал облысы), М.Тынышпайұлы, Б.Сырттанов (Жетісу) қазақ еңбекшілерінің заңды мүдделерін қорғауда, талаптарын түсіндіруде аянбай күрес жүргізді.Ұлт зиялылары Мемлекеттік Думаны империяның Қазақстандағы саясатына, әсіресе жер мәселесін шешуге ықпал жасау құралы ретінде бағалады.Сондықтан, оның жұмысына белсене араласты. І Мемлекеттік Дума жұмысына Қазақстаннан 3 депутат қатысты.Олар:Алпысбай Қалменов(Орал облысы),Әлихан Бөкейханов(Семей облысы), Ахмет Бірімжанов(Торғай облысы). Дума отырысында А.Бірімжанов, А.Қалменов сөз сөйлеп, қазақ елінің мәселелерін көтерді. Аграрлық мәселе бойынша құрылған комиссия құрамына қазақ депутаттарынан өкіл енгізуді сұрады. Қазақ депутаттары Мұсылман фракциясы тарапынан аграрлық мәселеге байланысты даярланған тұжырымдаманы жазуға қатысты. Үкімет орындарына қазақ жеріне көшіп келгендерді орналастырумен айналысатын комиссиялардың заңсыз әрекеттеріне тыйым салу жөнінде сұрау салды.ІІ Думаға қазақтардан 5 депутат сайланды. Орал облысынан заңгер Б.Қаратаев, Жетісу облысынан инженер М.Тынышбаев, Бөкей Ордасынан заңгер Б.Құлманов, Сырдария облысынан саудагер Т.Алдабергенов және Семей облысынан қажы Т.Нұрекенұлы. Дума жұмысында қызу пікірталас тудырған мәселе тағы да жер және қоныс аудару мәселесі болып шықты.Қазақ зиялылары Ресейден Қазақстанға орыс шаруаларын қоныс аударуды тоқтатуды талап етті. Қазақ зиялылары ІІІ және ІV Думаға сайлану құқығынан айырылғанымен, Мұсылман фракциясының жұмысына қатысу арқылы белсенділік көрсетті және азаттық үшін ауыр күрес жолында белгілі-бір тәжірибе жинақтады.Қазақ зиялылары мынандай талаптар қойды: қазақ жерін бүтіндей қазақ елінің меншігі деп жариялайтын заң қабылдау, Ішкі Ресейден көшіп келушілер легіне тежеу қою, қазақ жұмысшыларына еркіндік , теңдік беру, олардың мүддесін қорғайтын заңдар шығару, қазақ балалары үшін мектеп, медресе, университеттер ашу т.б.



2. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы және оның тарихи маңызын талдаңыз..

Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы.”Мәдени мұра” мемлекеттік бағдарламасы Президенттің бастамасымен 2004 жылы қабылданды. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев 2004 жылғы 13-қаңтарда «2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды. Еліміздің өткен тарихын ұрпақ санасына сіңіру арқылы мәдениетті дамыту «Мәдени мұра» бағдарламасының ең басты алғышарты ретінде қарастырылып отыр. Бағдарлама бойынша ұлттық ойдың, мәдениеттің озық туындыларын жинап, қайта зерделеп, жас ұрпаққа тарту ету, Кеңес кезінде бұрмаланған Қазақстан тарихының жарқын беттерін қайта жазу, алдыңғы қатарлы өркениеттер мәдениетінің үлгілерін қазақ тіліне аудару жұмыстары қамтылды.Қомақты қаржы бөлініп, ұзақ мерзімге шаралар жоспарланды. Мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасын жүзеге асыру барысында жаңадан археологиялық және тарихи-мәдени жазба ескерткіштері ашылып, оларды жаңарту жұмыстары жасалды. Бағдарлама қабылданғаннан кейін тарих пен мәдениеттің 51 ескерткіші қайта жаңғыртылып, Қазақстан аумағындағы 39 қалашық, қоныс, тұрақ, обалар мен қорғандарда маусымдық археологиялық зерттеулер жүргізілді. Қытайға, Түркияға, Монғолияға, Ресейге, Жапонияға, Египетке, Өзбекстанға, Арменияға, АҚШ пен Батыс Еуропа елдеріне 15 ғылыми экспедиция ұйымдастырылып, Қазақстан тарихы, этнографиясы, өнері жөнінде бұрын белгісіз болып келген 5000-ға жуық қолжазбалар мен басылымдар табылды. Тек, Қытайға жасалған экспедицияның барысында Қазақстанның тарихы мен мәдениетіне қатысты бұрын зерттелмеген маньчжур тіліндегі 3 мың, қытай тіліндегі 300, шағатай тіліндегі 60, ойрат тіліндегі 70 дерек табылды. Ұлттық және әлемдік ой-сананың, мәдениет пен әдебиет, өнертану, философия, тарих ғылымы, саясаттану, тіл білімі сияқты 16 бағыт бойынша бірнеше жүз томды құрайтын кітаптар шығарылды. 100 томдық «Бабалар сөзінің» 50 томы, «Қазақ философиясының» 16 томдығы, «Әлемдік философиялық мұраның» 18 томдығы, «Баласағұн» қалашығы, Отырар, Орхон ескерткіштерінің толық атласы жарық көрді. 2006 жылы қазақ тілінде 10 томдық «Тарих – адамдар ақыл-ойының қазынасы» сериясы шықты. «Қазақстанның электрондық кітапханасы» және «Мәдени мұра» интернет-порталдары жасалды.Бағдарлама аясында еліміздегі ең ірі мәдени-ағартушылық мекеме - қарамағында Қазақ мемлекеттігінің тарихи мұражайы, ғылыми кітапханасы, ұлттық дәстүрлер театры бар Қазақстан Республикасының Президенттік мәдени орталығы құрылды. Аталған бағдарлама аясында Қазақстан тарихына тікелей қатысы бар алыс және жақын шетелдерден тарихи, мәдени ескерткіштерді зерттеу жұмыстары қолға алынды. Мысалы, Дамаск қаласындағы (Сирия) Сұлтан Бейбарыс кесенесі және Каир қаласындағы «Египет) мешіт жөндеуден өткізілді. Сонымен қатар темір дәуіріндегі қорғандарды, орта ғасырлардағы кесенелерді, Абылай хан ордасын қалпына келтіру, қазақ әдебиеті классиктерінің шығармаларын шет тілдеріне аудару жұмыстары атқарылды. Бұл бағдарлама еліміздің мәдени мұрасын жаңғыртуға және оны келесі ұрпаққа жеткізуге бағытталған.



3. Қарахан мемлекетінің астаналарын карта бойынша белгілеп, маңызын анықтаңыз.

Қарахан мемлекетінің негізі үлесті жүйеде қаланып, Шығыс және Батыс екі иеліктен (хандыктан) тұрды. 1. Шығыс хандық Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістан жерін алып жатты. Орталығы Баласағұн қаласына жақын жатқан Орда (оны Қара Орда немесе күз Орда деп атаған), кейін Қашғар каласы болды. 2. Батыс хандық Мауераннахрды биледі. Орталығы алғаш Үзкент, кейін Самарқан қаласы болды.




21 - Билет

1. ХХ ғ. басындағы жалпыұлттық басылымдар «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде қандай мәселелер көтерілді? Олардың ұлт-азаттық күрестегі рөлі қандай?

2. Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» қабылданған заңның тарихи маңызын анықтаңыз.



3. Ерте ортағасырлық мемлекеттердің астаналары болған Суяб, Баласағұн, Янгикент, Карантия қалаларын карта бойынша белгілеңіз.


Жауаптары:

1. ХХ ғ. басындағы жалпыұлттық басылымдар «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде қандай мәселелер көтерілді? Олардың ұлт-азаттық күрестегі рөлі қандай?

1905 жылы патшаның қол қойған манифесі бойынша елде сөз бостандығы мен баспасөз бостандығы жарияланды. Бұл Қазақстанда қазақтардың өздері шығаратын демократиялық басылымдарды – газеттер мен журналдарды шығаруына мүмкіндік берді.1911 жылы Орынбор губерниясының Троицк қаласында алғашқы қазақ журналы «Айқап» жарық көрді. Оның баспагері әрі бас редакторы белгілі ақын, прозашы және журналист Мұхамеджан Сералин болды. Журналды басып шығаруда қазақ халқының көрнекті өкілдері Б. Қаратаев, Ж.Сейдалин, Б.Майлин, С.Торайғыров және басқалары елеулі рөл атқарды. Журналда жарияланған материалдарда қазақ халқының отырықшы өмір салтына көшуінің, өлкедегі халықтың білім деңгейін көтерудің көкейкесті мәселелері қозғалды. Патша өкіметінің қазақ даласында жүргізіп отырған отаршылдық саясатын әшкереледі. Сонымен қатар қазақ даласында тауар-ақша қатынастарын дамыту, аграрлық мәселені шешу проблемалары қарастырылды. «Айқап» журналы отырықшы өмір салтын қалыптастыру, аграрлық мәселеге зор мән берді. Алайда журнал 1915 жылы жабылып қалды. Соған қарамастан, ол қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуда, жаңадан қалыптасып келе жатқан зиялы қауымның басын қосып, топтастыра түсуде орасан зор рөл атқарды. 1913 жылы жалпыұлттық «Қазақ» газеті апталық басылым болып жарық көрді. Ол Орынбор қаласында шығып тұрды. Газеттің негізін қалаушы көрнекті ғалым, тіл білімінің негізін қалаушы, ақын Ахмет Байтұрсынов болды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейхановтар барша қазақ елінің мүддесін білдіретін ғасырдың ұлттық газетін құра білді.Олар осы газеттің белсенді авторлары болды.Газеттің әр номерінің таралымы орта есеппен 3 мың данаға, кейде тіпті 8 мың данаға дейін жеткен. «Қазақ» газеті төңірегіне шоғырланған зиялылар азаттық күрестің идеологиясын қалыптастырды. Бұл әрекет екі бағытта жүрді. Біріншіден, ресейлік отарлық езгіге қарсы ұлттық бостандық үшін күрестің бағыт-бағдары мен әдіс-құралдарын анықтау ісі қолға алынса, екіншіден, бұл қызметті феодалдық тәртіптер мен қатынастарға, қоғамды кейінге тартқан салт-дәстүр мен түсініктерге қарсы күрес толықтыруға тиіс болды.Азаттық үшін күрес идеологиясының өзекті мәселесі – жер мәселесі болды.Үкімет пен қазақ зиялылары арасындағы дау алдымен осы төңіректе жүрді.Ішкі Ресейден көшіріп әкелінген орыс шаруаларына көбірек жер босатып алу үшін Қоныс аудару мекемесі қазақ қожалықтарына ер адам басына 15 десятинадан жер үлесін алып, отырықшы өмірге көшу идеясын ұсынып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Өз ретінде қазақ зиялылары «Қазақ» газеті арқылы егіншілік мәдениетін игермеген халық үшін 15 десятинадан жер үлесін алып, егіншілікке өту бұл жерден біржола айырылып қалуға апаратын жол екендігін түсіндіруге күш салды. Зиялылардың осы бағытта жүргізген түсіндіру жұмыстары, кейінгі уақыт көрсеткендей, қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы өмірге өтуден сақтап қалды.Азаттық идеологиясының келесі маңызды элементі – ол ұлттық мемлекеттілік идеясын негіздеу және оны халық санасында жаңғырту болды. Қоғамды басқару ісінде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен табиғи талап-тілектерді негізге алып жасалған заңдық актілерге сүйенетін мемлекет құру заман сұранысына айналған еді. Міне, осы жолда азаттық қозғалыстағы жетекшілік міндет ұлт зиялыларына өтті.Ұлт зиялылары өздерімен бірге ұлтқа арналған ойлы сөзді, оны қалың қазақ еліне тарататын баспасөз құралдарын ала келді. Осы үш күш – зиялылар, орынды айтылған сөз,және мерзімді басылым бірігіп ұлт өмірін өзгертті.Газет өз беттерінде халық ағарту, кітап шығару мәселелеріне басымдық берді. Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар отаршылдықтың мәнін ашып көрсетті.Газет бетінде жарияланған мақалалардың едәуір бөлігі тіл мен әдебиет, мәдениет пен тәрбие, халық санасын жетілдіруге арналды. «Қазақ» газеті қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңінде шығарылды, өз ұлтының көкейкесті мүдделеріне адал қызмет етті. Ол бүкіл қазақ халқын өзінің төңірегіне топтастыра білген ұлттық-саяси және ғылыми-әдеби басылым болды. 1917 жылдың шілде айынан бастап ол "Алаш" партиясының ресми басылымына айналды. «Қазақ» газеті 1918 жылға дейін шығып тұрды."
2. Қазақстан Республикасы «Тіл туралы» қабылданған заңның тарихи маңызын анықтаңыз.

КСРО-да 1985 жылғы «қайта құру» саясаты елді демократияландыруға жағымды әсер етті.Ұлт аймақтарындағы халықтардың тіліне, дініне, мәдени дамуына еркіндік лебі жетті. 1987 жылы Қазақстан КП Орталық Комитеті мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қазақ және орыс тілдері туралы қаулылары шықты. Осыдан бастап тіл мәселелері Қазақстанның ішкі саяси айтыстарында жиі сөз бола бастады.Көп жылдан бері қордаланып қалған тілдің өзекті мәселелері баспасөзде үнемі көтерілетін болды. Мұның нәтижесі тілдер туралы арнайы заңның қабылдануына түрткі болды. «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Қазақ КСР-нің заңын» республиканың Жоғарғы Кеңесі 1989 жылдың қыркүйегінде қабылдады. Бұл құжатта егеменді Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі деп көрсетіледі. Орыс тілі республикадағы ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды. Бұл заң қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оны одан әрі дамыту ісіне кең жол ашты. Қазақ тілінің қолданылуы аясын кеңейту бағытындағы жұмыстар шеңбері күрт кеңейді.Іс қағаздарын қазақша дайындайтын және қазақ тілінде жұмыс жүргізе алатын хатшы-машинкашылар даярлайтын кәсіптік-техникалық училище ашылды. 1990 жылдың маусымынан 1991 жылдың маусымына дейінгі бір жылдың ішінде республика бойынша қазақ тілінде тәлім беретін 482 балабақша, қазақ тілінде білім беретін 155 мектеп, 4 кәсіптік-техникалық училище, жоғарғы оқу орындарында факультеттер, бөлімдер ашылып, қазақ тілін үйрететін топтар құрылды.Тілдер туралы заң орыс тілінің өзекті мәселелерінің де көтеруге мұрындық болды.Орыс тілінде сөйлеу мәдениетін арттыру,ондағы жаргон сөздердің көбеюіне тосқауыл қою әрекеттері жасалды.Қазақ тілінің қоғамдық өмірдегі рөлінің күрт артуына байланысты тіл саясатының ұлтаралық қатынастарға әсері талқылауға түсіп жүрді.Қазақстанда тұрып жатқан өзге ұлттық топтардың- украиндрдың, ұйғырлардың, немістердің, татарлардың, түріктердің де жинақты қоныстанған жерлерінде ана тілдерінде сабақ оқытатын мектептер ашу қолға алынды. Көпұлтты Қазақстан тіл саясатының салауатты жүргізілуі қоғамның саяси орнықтылығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі еді.


3. Ерте ортағасырлық мемлекеттердің астаналары болған Суяб, Баласағұн, Янгикент, Карантия қалаларын карта бойынша белгілеңіз.

Батыс Түрік, Түркеш, Қарлұқ қағанаттарының астаналары болған Суяб қаласы Шу өзені бойында, Қарахан мемлекетінің орталығы Баласағұн Шу өзені бойында, Оғыз мемлекетінің орталығы болған Янгикент Сырдарияның бойында, Қимақ мемлекетінің орталығы Карантия Алакөл көлінің жағасында орналасқан.





Каталог: upload -> iblock
iblock -> Сабақтың тақырыбы: «Әліппенің атасы»
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет