Қазақстан тарихы бойынша түсіндірме жазба



бет6/12
Дата12.03.2018
өлшемі3,89 Mb.
#38956
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Жауаптары:

1. Қарахан мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)

X ғасырдың орта кезінде Жетісу аймағы мен Шығыс Түркістанның бір бөлігінде Қарахан мемлекеті кұрылды. Орталығы Баласағұн қаласы болды. Мемлекеттің негізін Білге Күл Қадыр-ханның немересі Сатұқ Боғра-хан (915-955 ж.) қалады. Ислам дінін қабылдаған Сатұқ Боғра-хан саманилерден қолдау тауып, өзінің туысы Огулшақты жеңіп шығады. Ол билеп отырған Тараз бен Қашғарды да бағындырады. Сөйтіп бірыңғай бір орталыққа бағынған Қарахан мемлекеті кұрылады. Қарлұқ кағанатының ыдырауына байланысты батыста Жетісудан Испиджабқа Шығыста Қашғарға дейінгі аумақ Қарахан мемлекетіне карады.Қарахан мемлекетінің этникалык күрамына жікіл, ягма,қарлұқ , огыз, қаңлы, үйсін сияқты тағы басқа да түрік тілдес тайпалар кiрген. Әсіресе, мемлекеттің кұрылуында басты рөл атқарған - карлұқ тайпасы. Одан кейін негізгі билеушілер яғма тайпасының арасынан шығып отырған. Хандардың Арслан хан, Богра-хан аталулары жікіл тайпасының тотемі арыстан, яғма тайпасының тотемі бура болуына байланысты қойылған.Жоғарғы өкімет билігі қағанның (хан) қолында болған. Билік мұрагерлік жолымен беріліп отырды. Билік иелері қатарына ханның ұрпақтары - тегіндер, ілік хандар, бектер, нөкерлер жатты. Билік иелігінде үлестік жерлер болды. Басқару жүйесі осы үлкен жөне шағын екі бөлікке бөлінетін үлестерге қарай жіктелді. Хан кеңесшісі қызметін уәзірлері атқарды. Бұлар Қарлұқ қағанаты кезіндегі "күл - еркіндерге" ұқсас еді. Ханның мемлекеттік саяси-өкімшілік іс жүргізетін орны орда деп аталған. Онда сарай кызметкерлері тұрған.Жер иеленудің бір түрі "иқта", ал иеленушілер "иқтадар" (парсы сөзі) деп аталынған. Мемлекеттің негізін калаушы Сатұк Боғра хан өлген соң, ел ішінде саяси бытыраңқылык басталады. Билікті 955 жылы ханның баласы Мұса алады. Ол өзінің ыкпалын күшейту үшін 960 жылы ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялайды. Мемлекеттің орталығы Қашғар каласы болады. Алайда Сатұқ Боғра ханның екінші баласы Сулеймен-ілік Баласағұнда билік жүргізді. Аз уақыттан кейін Мұса қаза болған соң оның орнына Әли Арслан (960-990 ж.) хан болады. Хандықтың орталығы Қашқар болды. Әли Арслан Тараз бен Баласағұнның да билеушісі болып саналды. Міне, осы кезден бастап Сатұк Боғра ханның екі баласы - Хасан Боғра хан мен Әли Арсланның ұрпактары арасында билік алма кезек ауысып отырды.XII ғасырдьң 30-жылдарында шығыстан қаракытайлар Жетісуға басып кіреді. Олар 1141 жылы Самарқан каласына жақын жатқан Қатуан даласында болған шайқаста селжұқтар мен қарахан әскерлерін ойсырата жеңеді. Бұхара қаласын, Мауераннахрдың ор­та бөлігін толығымен жаулап алады. Мұнда ескеретін жағдай, каракытайлар да Қарахан мемлекетінің ішкі баскару жүйесіне ешбір өзгеріс енгізбеген. Өздерін тыңдайтын хандарды сайлап, солар аркылы билігін жүргізіп отырған. Қарахан мемлекеті қаракытайларға толык тәуелділікке түседі. Алайда ішкі билік өз қолдарында калған қарахан билеушілері қарақытайлар үшін алым-салык жиғанда өздерінің де қазыналарын молайтып алуды көздеген.Қарақытайлардың ішкі баскару жүйесіне араласпауын пайдаланған қарахандықтар Самарқан, Бұхара, Үзкент калаларында өздерінің ықпалын күшейткен. Самарқан мен Үзкентте төл ақшаларын шығарған.Селжұқтардың әлсіреуіне байланысты Хорезм хандығы күшейе бастайды. Текеш билігі кезінде Хорезм мемлекеті карақытайларға соққы береді. Бұл жағдайды байқап отырған Қарахан билеушілері Хорезм хандығын қолдап, төуелсіздіктерін алуға тырысады. Талас бойында қарақытайларды талқандаған Хорезм шахы Мұхаммед Самарқанға оралып, өзіне опасыздық жасағаны үшін Қарахан ханы Оспанды катаң жазалайды. Батыс иеліктің ханы 1212 жылы қаза бо­лып, Мұхаммед Қарахан мемлекетін біржола құлатады. Ал Шығыстағы хандықты Найман ханы Күшлік басып алады.Сонымен үш ғасырға жуық өмір сүрген Қарахан мемлекеті құлайды.

2. Ә.Бөкейхановтың қоғамдық-саяси өміріне сипаттама беріңіз.

Әлихан Нұрмұхамедұлы Бөкейхановкөрнекті қоғам қайраткері, Ресейдің жергілікті және қалалық қоғам қайраткерлері съезінің депутаты, Ресейдің I Мемлекеттік думасының және мұсылман халықтары съезінің депутаты, IV Мемлекеттік думаның мұсылман фракциясының Бюро мүшесі, қазақтың ХХ ғасыр басындағы ұлт-азаттық қозғалысының негізін салушы әрі көсемі, халқымыздың тұңғыш саяси Алаш партиясының ұйымдастырушысы және ұлттық Алашорда автономиялы үкіметінің төрағасы, ғұлама ғалым – ормантанушы, экономист, тарихшы, этнограф, әдебиеттанушы, аудармашы, әрі дарынды публицист.Ә.Н.Бөкейханов 1866 жылы 25 наурызда Семей облысы Қарқаралы уезі Тоқырауын болысының 7-ші ауылында дүниеге келген. Бұл қазіргі Жезқазған облысы, Ақтоғай ауданына қарасты Қаратал ауылы. Ол қазақтың ақырғы ханының бірі Бөкейдің ұрпағы.Жасынан зерек, алғыр өскен Әлиханды әкесі Қарқаралыға алып барып, жергілікті молданың қолына оқуға береді. Бірақ ол молданың қолынан оқуды қанағат тұтпай, қаладағы үш сыныпты бастауыш мектепке ауысады. Оны бітіргеннен кейін, Қарқаралы қаласының қазақ балаларына арналған метепте 1879 жылдың 16 қырқүйегінен 1886 жылдың 16 маусымына дейін тәрбиеленіп, оқу барысында үлгілі тәртіп танытқан.Ол 1890-1894 жылдары Санкт-Петербургтегі Орман институтының экономика факультетінде оқыды. Осы жылдары ол барлық студенттік қозғалыстарға белсенді түрде араласып, әсіресе солшылдардың көзқарасына бейім болды. Ә.Бөкейханов Ресей жандармерия басқармасының назарына алғаш рет студенттік жылдары-ақ ілігіп, «саяси сенімсіздердің» қара тізіміне алынды. Әлихан бұл тізімнен патша өкіметі күйреп, Кеңес өкіметі орнаған жылдары да – 1937 жылдың қырқүйегінде «халық жауы» болып атылып кеткенге дейін де шыққан жоқ. Ол Ақпан төңкерісінен үлкен үміт күтті. Бірақ ол үміті ақталмады. Уақытша үкімет, оның ішінде өзі мүшесі болып жүрген кадет партиясының көсемдері қазаққа автономия беруге қарсы болады. Оның үстіне олармен жер мәселесі жөнінде де ымыраға келе алмайды да, ол бұл партиядан шығып, қазақтан сайланған тоғыз өкілді бастап барып, Томск қаласында Сібір автономистерінің құрылтайына қатысады. Осында болашақ Сібір республикасының құрамында Қазақ автономиясы құрылмақ болады.Құрылтайдан оралысымен Әлихан қазақ тарихындағы тұңғыш саяси ұйым Алаш партиясын ұйымдастыруға кіріседі. Артынша, 1917 жылы желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезі Алаш автономиясы жарияланып, Ә. Бөкейхан сол алғашқы Қазақ республикасының тұңғыш төрағасы (президенті) болып сайланады. 1919 жылы большевиктер өкіметінің бұрынғы алашордашыларға жасаған кешірімнен кейін Ә. Бөкейхан қалған өмірін ғылыми зерттеушілікке арнады.Бірақ, ұлттық намыстан жұрдай, жалған интернационалист белсенділердің көрсетуімен ол 1926 жылы екі рет тұтқындалып, түрме азабын тартты. Әлихан Бөкейхан Мәскеуге жер аударылады, зор беделінен қорыққан большевиктер өкіметі оны Қазақстанға жолатпады. Онда он жыл үй қамауында отырған Әлиханды 1937 жылы тамызында қайыра тұтқындап, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кеседі.
3. 1103,870,1021–әл–Фарабидің, Ж.Баласағұнидің,Қ.А.Йасауидің туған жылдарын анықтап, картадан дүниеге келген қалаларын көрсетіңіз.

1103 жылы Қожа Ахмет Йасауи Сайрам қаласында туған. 870 жылы Әбу Наср әл-Фараби Фараб аймағына қарайтын Отырар қаласында туған. Ал, 1021 жылы Жүсіп Баласағұн Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған.





14 - Билет

1. Шығыс Түрік қағанаты

2. 1993, 1995 жылдары қабылданған Қазақстан Республикасы Конституцияларының негізгі өзгерістеріне талдау жасаңыз.

3. ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер орын алған аумақтарды белгілеңіз және олардың маңызын анықтаңыз.



Жауаптары:
1. Шығыс Түрік қағанаты

Шығыс Түрік қағанаты — Түрік қағанаты ыдырап, екіге бөлінуі нәтижесінде пайда болған ерте ортағасырлық түркілер мемлекеті (682 - 744 жж.). Түркі қағанатында саяси-әлеуметтік қайшылықтардың шиеленісуі, оның дербестікке ұмтылған жеке бөліктерінде оқшаулану үрдісінің күшеюі, Шығыс және Батыс қағанаттарының құрылуына алып келді. Шығыс түркілері Қытаймен жүргізген қиян-кесті соғыстың нәтижесінде 682 жылы Монғолияда өз мемлекетін қалпына келтірді. Алғашқы қаған Елтеріс атанған Құтлық, одан кейінгі Қапаған Қағандардың тұсында қағанат қуатты мемлекетке айналды. Шығыс Түркі қағандығы (682-744) Қазақстан, Орталық Азия, Шығыс Түркістан, Оңтүстік Сібір жерлерін алып жатты. Білге қаған мен Күлтегін мемлекетті одан әрі дәуірлетіп, Қытаймен тиімді шарттарға қол жеткізді. Даңқты қолбасшы Тоныкөк түркі халқының жауынгерлік даңқын асқақтатты. Білге қағаннан кейін 741 жылдан қағанат әлсіреп, ыдырай бастайды. Шығыс Түрік қағандығы мемлекет ретінде 30 жылдан аса ынтымақ бірлікте өмір сүрді. Бірақ бұл ынтымақтастық ұзаққа созылмады. Себебі, Шығыс Түрік қағандығы көптеген тайпаларды күшпен біріктірген құрама мемлекет болатын. Әр тайпа реті келген сәтте орталық билікке қарсы бүлік шығарып отырды. Ақыры 745 жылы бас көтерген ұйғырлар Шығыс Түрік қағандығын біржолата талқандады. Шығыс Түрік қағандығы түркі халықтары тарихында мемлекет құру, азаттық үшін күрестің үлгісі мен ортағасырлық жазба мәдениетінің баға жетпейтін ескерткішін қалдырды.

2. 1993, 1995 жылдары қабылданған Қазақстан Республикасы Конституцияларының негізгі өзгерістеріне талдау жасаңыз.

1993 жылғы Конституция. Коммунистік болашақтан бас тартып, өркениетті қоғам кұру, нарық қатынастарына өтуге байланысты өндіpic кұрал-жабдықтарына меншіктің көп түрлілігін енгізу, құқықтық мемлекет құрудың негіздерін қалау, көппартиялылық пен пiкip алуандығын қамтамасыз ете отырып, дүние жүзіндегі дамыған елдер қабылдаған демократиялық ұстанымдарды батыл енгізу, азаматтардың құқықтары, бостандықтары және еркіндіктерін кеңейте отырып, олардың мідеттерін де нақтылай түсу, т.б. қоғамдық дамудың өзекті мәселелері жаңа Конституцияда тұжырымдалуға тиіс болды. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мәртебесіне сай Конституциясы 1993 жылы каңтардың 28-күні қабылданды. Төрт бөлімнен тұратын Негізгі заң 21 тарау мен 131 бапты біріктірді. Конституция бойынша,"Қазақстан Республикасы - демократиялық, зайырлы және біртұтас мемлекет" деп жарияланды. Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін, бостандықтары мен құқықтарын аса қымбат қазына деп таныды. Халық- республикадағы мемлекеттің биліктің қайнар көзі болып табылады. Қазақстан халқының атынан билік жүргізуге тек Республика Жоғарғы Кеңесінің және Президентінің ғана құқығы бар. Конституция баптарының көпшілігі Отанымызда ұлтаралық жарасымдылықты сақтауға арналған. Конституцияның тұжырымдары бойынша, республика азаматтарына заңды жолмен ақпарат алу, еркін қоныс аудару, жиналыстарға, шерулерге, митингілерге қатынасу, ереуілге шығу, меншік иeci болу құқығы берілді.Конституция республика азаматтығына қатысты тұжырымдарды айқындап берді. Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адам басқа елдің азаматы болып алмайды. Heгізгі Заңның тұжырымдары бойынша, кезінде республика аумағынан лажсыз кеткен адамдар мен шет елдерде тұратын қазақ жұршылығының өкілдеріне тарихи отанына оралуға жол ашылды.Негізгі заңда Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл- қазақ тілі екендігі,ал орыс тілі- ұлтаралық қатынас тіл деп анықталды.Сонымен бірге басқа тілдерді де қолдауға,олардың қолдану аясынан кеңіп,еркін дамуына кепілдік берілді. Конституцияның қабылдануының үлкен саяси-әлеуметтік маңызы болды. Қазақстан біртұтас, тәуелсіз, демократиялық мемлекет ретінде қайта жарияланды. Ұлттық, унитарлық мемлекеттің бұлжымастығы куатталды. Ол азаматтардың шын мәніндегі бостандықтары мен еркіндіктерін негіздей отырып, Қазақстанда көппартиялылық пен пiкіp алуандығы негізінде нағыз демократиялық және құқықтық мемлекет құрудың іргетасын қалап берді.

Экономикалық даму саласында негізгі заң өндіpic құрал-жабдықтарына мемлекеттік-монополистік меншікті жойып, меншіктің көп түрлігін енгізуді дәйектеуімен елдің социалистік даму жолынан бас тартып, нарық қатынастарына көшудің негіздерін жасап берді.Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Конституциясы республика экономикасын, саяси-әлеуметтік дамуын, қауіпсіздігін, ішкі-сыртқы саясатын түгелдей қайта қарап, жаңаша кұруға апаратын өзге заңдардың қабылдануын қамтамасыз етті. Түптеп келгенде, бұл оқиғалар Қазақстанның қоғамдық-тарихи даму жолында большевиктер тұсында ұстанған бағыттарынан бас тартып, мүлдем жаңа арнаға түсуінің заңдастырылуы еді.1993 жылғы Конституция өтпелі кезеңнің ахуалын сипаттайтын кұжат ретінде, жүріп жатқан реформаларға байланысты міндеттерді, әлеуметтік-экономикалык және саяси мәселелерді шешуге бағытталды. Өтпелі кезеңнің мақсаты бұрынғы және жаңа конституциялық заңдылыққа, мемлекет пен оның органдары мен институттарына қатысты кейбір жағдайларын байланыстыру, үйлестіруі тиіс болды. Конституция қарама-қайшылықты жағдайда әзірленіп, қабылданды. Оның дайындалу үрдісіне түрлі саяси күштер әсер етуге тырысты. Дегенмен өзінің өтпелі дәуірге лайық сипаты мен жүзеге аспай қалған мүмкіндіктеріне қарамастан, бұл құжат екі жыл бойы республиканың Негізгі заңы ретіндегі өзінің тарихи міндетін атқарды. 1993 жылдың желтоқсан айында Жоғарғы Кеңестің ХІІ шақырылымы мерзімінен бұрын өз өкілеттілігін тоқтатты. Азаматтық талап негізімен Конституциялық сот 1994 жылдың 7-наурызында сайланған Жоғарғы Кеңесті заңсыз (кейбір учаскелерде сайлау тәртібінің бұзылуына байланысты) деп тапты. Осы оқиға жаңа Конституцияны өмірге әкелуге бірден-бір себепші болды.Қазақстан Республикасының 1995 жылғы Конституциясы.Қазақстан Республикасы Президентінің ұсынысымен 1995 жылы 30 тамызда өткен республикалық референдумда мемлекетіміздің жаңа Конституциясы қабылданды. Онда мемлекетіміздің қазіргі таңдағы жағдайы, оның өркендеу үрдістері мен жер жүзінің жоғары елдерінің (соның ішінде, Францияның) конституциялық тәжірибесі ескерілді. Сонымен қатар 1993 жылғы Конституцияда орын алған кейбір қайшылықтар түзетіліп, бұлыңғыр және екі ұшты мәселелер нақтыланды. 1995 жылғы Конституцияның негізіне алдымен адам мен азаматтың құқықтары алынды.Конституция бойынша, Қазақстан Республикасы - демократиялық, унитарлы, зайырлы, әлеуметтік және құқықтық мемлекет. Басқару нысаны бойынша Қазақстан мемлекеті президенттік республика болып анықталды.Республиканың жаңа Конституциясында заң шығарушы, атқарушы және сот билігі жүйелерінің міндеттері мен олардың өзара қатынастары барынша нақтылы айқындалған. Конституция 98 бапты біріктіретін 9 бөлімнен тұрады. Олар: Жалпы ережелер; Адам және азамат; Президент; Парламент; Үкімет; Соттар және Сот төрелігі; Жергілікті басқару және өзін-өзі басқару; Қорытынды және өтпелі ережелер деп аталынады.1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстан парламенті тұрақты жұмыс істейтін екі палатадан – Сенат және Мәжілістен тұрады. Сенаттың құрамы әр облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және Қазақстан Республикасының астанасының әрқайсысынан сайланып келген екі адамнан, соған қосымша Парламент өкілеттігі мерзіміне Республика Президенті тағайындаған жеті депутаттан құралады. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттан тұрады.1995 жылы күзде республика парламентінің жаңа сайлауы өтті.1996 жылдың 30 қантарында Алматыда тұрақты жұмыс істейтін және екі палатадан-Сенат пен Мәжілістен тұратын Парламент өз жұмысын бастады. Мемлекеттік-құқықтық жүйені түбегейлі өзгерткен реформалар жүргізіліп, қазіргі мемлекетті басқару жүйесі қалыптасты. Мемлекеттік құрылым, еңбек ету құқығы –баршасы заңға бағындырылды.

3. ХІХ ғасырдағы патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы ұлт-азаттық көтерілістер орын алған аумақтарды белгілеңіз және олардың маңызын анықтаңыз.

1. 1816-1821жж. Арынғазы Әбілғазыұлы қозғалысы-Кіші жүз,Сыр бойы

2. 1822-1825, 1835жж. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс –Кіші жүз, Елек өзені бойы, Елек қалашығынан-Ор, Троицк бекіністеріне дейін

3. 1825-1836жж.Қасым Абылайұлы мен Саржан Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс- Орта жүз,Қарқаралы округы

4. 1836-1838жж. Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс- Кіші жүз, Бөкей Ордасы

5.1837-1847жж. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс – үш жүзді де қамтыды(1837-1838,Орта жүз, 1838-1845-Кіші жүз, 1845-1847-Ұлы жүз)

6.1847-1858жж. Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс-Кіші жүз, Арал теңізінің солтүстігі,Жем бойы

7. 1843-1851жж. және 1856-1857жж. Жанқожа Нұрмұхамедұлы бастаған көтеріліс-Кіші жүз, Сыр бойы

8.1868-1869жж. Орал (Ырғыз, Елек уезі), Торғай(Орал, калмыков уезі) көтерілісі- Кіші жүз

9. 1870,1873жж. Маңғыстау көтерілісі- Кіші жүз

ХІХғ. Қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы өзімен бірге ала келген қоғамдық өзгерістерге қарсылық ретінде көрінді. Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, сонымен бірге екі өркениеттің арасындағы қақтығыс еді.

Ұлт-азаттық қозғалыстардың барысында отаршыл үкімет жойып жіберген хандық билікті қалпына келтіру әрекеті байқалды. Көтерілісшілер өздерінің ұлттық мүддесін қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты




15 - Билет

1. Оғыз мемлекеті (территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)

2. Қазақстан тарихының әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі екенін нақты мысалдармен дәлелдеңіз.

3. Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілісшілер басып алған бекіністерді картадан тауып, көрсетіңіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет