22 - Билет
1. XX ғ. басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуындағы «Қазақ» газетінің рөлі.
2. 1989 жылы Қазақстанда болған толқулар мен ереуілдерге талдау жасаңыз.
3. Атлах шайқасы болған аумақты карта бойынша белгілеңіз және сол шайқастың маңызын түсіндіріңіз
Жауаптары:
1. XX ғ. басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуындағы «Қазақ» газетінің рөлі.
1913 жылы жалпыұлттық «Қазақ» газеті апталық басылым болып жарық көрді. Ол Орынбор қаласында шығып тұрды. Газеттің негізін қалаушы көрнекті ғалым, тіл білімінің негізін қалаушы, ақын Ахмет Байтұрсынов болды. А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Бөкейхановтар барша қазақ елінің мүддесін білдіретін ғасырдың ұлттық газетін құра білді.Олар осы газеттің белсенді авторлары болды.Газеттің әр номерінің таралымы орта есеппен 3 мың данаға, кейде тіпті 8 мың данаға дейін жеткен. «Қазақ» газеті төңірегіне шоғырланған зиялылар азаттық күрестің идеологиясын қалыптастырды. Бұл әрекет екі бағытта жүрді. Біріншіден, ресейлік отарлық езгіге қарсы ұлттық бостандық үшін күрестің бағыт-бағдары мен әдіс-құралдарын анықтау ісі қолға алынса, екіншіден, бұл қызметті феодалдық тәртіптер мен қатынастарға, қоғамды кейінге тартқан салт-дәстүр мен түсініктерге қарсы күрес толықтыруға тиіс болды.Азаттық үшін күрес идеологиясының өзекті мәселесі – жер мәселесі болды.Үкімет пен қазақ зиялылары арасындағы дау алдымен осы төңіректе жүрді.Ішкі Ресейден көшіріп әкелінген орыс шаруаларына көбірек жер босатып алу үшін Қоныс аудару мекемесі қазақ қожалықтарына ер адам басына 15 десятинадан жер үлесін алып, отырықшы өмірге көшу идеясын ұсынып, үгіт-насихат жұмысын жүргізді. Өз ретінде қазақ зиялылары «Қазақ» газеті арқылы егіншілік мәдениетін игермеген халық үшін 15 десятинадан жер үлесін алып, егіншілікке өту бұл жерден біржола айырылып қалуға апаратын жол екендігін түсіндіруге күш салды. Зиялылардың осы бағытта жүргізген түсіндіру жұмыстары, кейінгі уақыт көрсеткендей, қазақ қожалықтарын жаппай отырықшы өмірге өтуден сақтап қалды.Азаттық идеологиясының келесі маңызды элементі – ол ұлттық мемлекеттілік идеясын негіздеу және оны халық санасында жаңғырту болды. Қоғамды басқару ісінде қазақ халқының ұлттық ерекшеліктері мен табиғи талап-тілектерді негізге алып жасалған заңдық актілерге сүйенетін мемлекет құру заман сұранысына айналған еді. Міне, осы жолда азаттық қозғалыстағы жетекшілік міндет ұлт зиялыларына өтті.Ұлт зиялылары өздерімен бірге ұлтқа арналған ойлы сөзді, оны қалың қазақ еліне тарататын баспасөз құралдарын ала келді. Осы үш күш – зиялылар, орынды айтылған сөз,және мерзімді басылым бірігіп ұлт өмірін өзгертті.Газет өз беттерінде халық ағарту, кітап шығару мәселелеріне басымдық берді. Ә.Бөкейханов бастаған зиялылар отаршылдықтың мәнін ашып көрсетті.Газет бетінде жарияланған мақалалардың едәуір бөлігі тіл мен әдебиет, мәдениет пен тәрбие, халық санасын жетілдіруге арналды. «Қазақ» газеті қазақ халқы тарихының бетбұрысты кезеңінде шығарылды, өз ұлтының көкейкесті мүдделеріне адал қызмет етті. Ол бүкіл қазақ халқын өзінің төңірегіне топтастыра білген ұлттық-саяси және ғылыми-әдеби басылым болды. 1917 жылдың шілде айынан бастап ол "Алаш" партиясының ресми басылымына айналды. «Қазақ» газеті 1918 жылға дейін шығып тұрды."
2. 1989 жылы Қазақстанда болған толқулар мен ереуілдерге талдау жасаңыз.
Жаңаөзен оқиғалары. 1989 жылдың маусым айында Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды. Жылдар бойы қордаланып қалған әлеуметтік мәселелер адамдарды ашық наразылыққа шығуға мәжбүр етті.Мұнда тұрғын үй бөлуде өрескел бұрмалаушылыққа жол берілді. Мектепте дейінгі балалар мекемелеріне кезек те баяу жылжыды. Жастар арасында жұмыссыздық көбейді. Оның себебі, мұнай мен газ өнімдерін өндіретін Одақтық министрліктің жергілікті тұрғындар арасынан кадрлар дайындамай, жұмыс күшін республикадан тыс жерден әкеліп, жаңа пәтерлерді соларға таратуынан болды. Сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет мекемелерін билеп алушылар да өздерінің қолайына жаққанын істеп бақты.Өнеркәсіп тауарларын бөлуде де әділеттік ұстанымдар сақталмады. Әлеуметтік қақтығыстың шығуына вахталық әдіспен жұмыс істеуге келіп, бар игілікті иемденіп алғандардың жергілікті халықтың дәстүрлерімен санасқысы келмеуі, оларды дөрекі түрде кемсітуі түрткі болды. Жаңаөзен оқиғалары сырттай қарағанда ұлтаралық қақтығыс сипатында өтті.Жанжал алдымен жергілікті ұлт өкілдері мен Кавказдан келушілер арасындағы қарама-қайшылықтан басталды. Қалада қантөгіске дейін жеткен жаппай тәртіпсіздіктер басталды.Бұл оқиғалар құқық қорғау органдарының және арнайы тапсырмамен әрекетке қосылған әскер күшімен басылды. Вахтамен жұмыс істейтіндердің көпшілігі қаладан кетуге мәжбүр болды.Дегенмен осындай ірі әлеуметтік қақтығыстардан кейін де мәселе шешіліп, жағдай оңала қойған жоқ.Өйткені саяси жанжалдың шығу төркіні қазақтар мен кавказдықтардың арасындағы ұлт араздығынан емес,әлеуметтік мәселелердің дұрыс және әділ шешім таппағандығында еді.Қарағанды шахтерлерінің ереуілі. 1989 жылы шілде Ресейдегі Кузбасс, Украинадағы Донбасс кеншілерінің ереуілге шығуы Қарағанды көмір бассейнінде істейтін жұмысшылардың бас көтеруіне ықпал етті. Кеншілер алғашында экономикалық талаптар қойды: еңбекақыны көбейтуді, шахтадағы жұмыс жағдайын жақсартуды, азық-түлік түрлерін молайтуды алға тартты. Кейннен бұларға саяси талаптар қосылды. Семей полигонындағы ядролық жарылыстарды тоқтату, Одақтық министрліктердің монополиясын жою мәселелерін көтерді. Бұл талаптар көпшіліктен қолдау тапты. Кеншілер ереуіл комитеттерін құрып (Д.Тегісов, П.Шлегель, М.Рамазанов, В. Перебойнос басқарды) ұйымдасқан түрде бас көтерулерін жалғастырды. Ереушілерді тыныштандыру үшін Қарандыға келген КСРО көмір өнеркәсібі министрі М.Шадовтың уәделеріне олар қанағаттанбады. Осы кезде Қазақстан КП Орталық Комитінің бірінші хатшылығына таяуда сайланған Н.Назарбаев шұғыл ұшып келіп, кеншілермен бірнеше кездесулер өткізді. Екі жа та орталық ведомстволардың монополиялық биліктеріне наразықтарын білдіріп, экономикалық дербестікті жақтады.Республика басшылығы кеншілермен тізе қоса отырып, халық бұқарасының мүдделерін қорғау бағытында жұмыс жүргізуге уағдаласты. Республика басшыларының кеншілердің әділ қойылған талаптарын орындауға уәде беруінен соң ереуілдер тоқтатылды.
3. Атлах шайқасы болған аумақты карта бойынша белгілеңіз және сол шайқастың маңызын түсіндіріңіз
751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласы маңында араб әскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай әскерлеріне күйрете соққы берді. Аман қалған қытайлар Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды.
23 - Билет
1. XX ғ. басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуындағы «Айқап» журналының рөлі.
2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жасаңыз.
3. Кестені салыстыра отырып, толтырыңыз:
|
Палеолит
|
Мезолит
|
Неолит
|
Кезеңдері
|
|
|
|
Қоғамдық өміріндегі өзгерістер
|
|
|
|
Кәсібі
|
|
|
|
Еңбек құралдары
|
|
|
|
Жауаптары:
1. XX ғ. басында қазақ халқының ұлттық сана-сезімінің оянуындағы «Айқап» журналының рөлі.
1911 жылы Орынбор губерниясының Троицк қаласында алғашқы қазақ журналы «Айқап» жарық көрді. Оның баспагері әрі бас редакторы белгілі ақын, прозашы және журналист Мұхамеджан Сералин болды. Журналды басып шығаруда қазақ халқының көрнекті өкілдері Б. Қаратаев, Ж.Сейдалин, Б.Майлин, С.Торайғыров және басқалары елеулі рөл атқарды. Қазақ елінің түкпір-түкпіріне жетіп, жалпыұлттық дәрежеде мойындалған басылым- «Айқап» журналы болды. Журналдың қоғамдық пікірге ықпалының зор болғаны соншалық, журнал оқырмандары «онымен бірге қазақққа жаңа заман – «Айқап заманы» келді деп жазды. Журнал қызметіне мұндай бағаның берілуі оның беттерінде сол тарихи кезеңдегі қазақ қоғамы үшін ең өзекті деген мәселелердің арнайы көтеріліп, ал олардың қайсыбіреулерінің пікірталас тақырыбына айналуы еді. Онда үкімет тарапынан қарқынды түрде отарлау саясаты жүргізіліп жатқан жағдайда қазақ жерін қайткенде ел иелігінде сақтап қалу, ресейлік отарлауға байланысты қазақ қоғамы тарапынан берілетін жауап қандай мазмұнда болуға тиіс және ортақ стратегияны анықтау үшін Жалпы қазақ құрылтайын шақыру, әйел теңдігі сөз болды. Журналда жарияланған материалдарда қазақ халқының отырықшы өмір салтына көшуінің, өлкедегі халықтың білім деңгейін көтерудің көкейкесті мәселелері қозғалды. Патша өкіметінің қазақ даласында жүргізіп отырған отаршылдық саясатын әшкереледі. Сонымен қатар қазақ даласында тауар-ақша қатынастарын дамыту, аграрлық мәселені шешу проблемалары қарастырылды. «Айқап» журналы отырықшы өмір салтын қалыптастыруды жақтады, аграрлық мәселеге зор мән берді. Алайда журнал 1915 жылы жабылып қалды. Соған қарамастан, ол қазақ халқының ұлттық сана-сезімін оятуда, жаңадан қалыптасып келе жатқан зиялы қауымның басын қосып, топтастыра түсуде орасан зор рөл атқарды.
2. «Қайта құру» жылдарындағы Қазақстанның саяси жағдайына талдау жасаңыз.
1985 жылы наурызда КОКП-ның басшылығына М. С. Горбачев бастаған, қалыптағыдан өзгеше ойлап, жаңаша әрекет ететін топ келді. Қайта құру мен қоғамды демократияландыру үрдісіндегі қадам 1987 жылы жасалды. М.Горбачев Кеңес қоғамы дамуының негізгі кезеңдеріне талдау жасады. Бұл жолы сталинизмнің жан түршігерлік қылмысты әрекеттері жайында ашық айтылды.
Кадр саясаты. 1986 жылғы Алматы толқулары сол кездегі билік иелерінің күш қолдануымен аяусыз басылып тасталса да, халықтың санасына түскен демократия саңылауын мүлдем өшіре алмады, оның әділетті қоғам құруға деген құлшынысын тежей алмады. Қазақстанның жаңа басшысы Г.Колбин шын мәңінде генерал-губернатор миссиясын атқарды, билік басына келгеннен кейін ол республика кадрларының жоғарғы легін тазалаудан өткізді.1989 жылдын маусымында Қазақстан КП Орталық Комитетінің бірінші хатшылығына Н.Назарбаев келді. Жаңа басшылық алдында бір қатар жауапты шараларды іске асыру міндеті тұрды. Ең алдымен халықты «қазақ ұлтшылдығы» деген айыпты атақтан арашалауға күш салынды.
Тіл саясатының жаңаша жүргізілуі. 1987 жылы Қазақстан КП ОК мен Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қазақ және орыс тілдері туралы қаулылары шықты. Мұнын нәтижесі тілдер туралы арнайы заңның қабылдануына түрткі болды. «Қазақ КСР-індегі тілдер туралы Қазақ КСР-нің заңы» 1989 жылдың қыркүйегінде қабылданды. Бұл құжатта егеменді Қазақстан республикасының мемлекеттік тілі- қазақ тілі деп көрсетілді. Орыс тілі республикадағы ұлтаралық қатынас тілі болып жарияланды. Бұл заң қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, оны одан әрі дамыту ісіне кең жол ашты.
Қайта оралған есімдер. 1988 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің қаулысымен 1930-1950 жылдары жазықсыз жазаға ұшыраған қазақ зиялыларының бір тобы ақталды.Олар- көрнекті ақын, философ Шәкәрім Құдайбердіұлы (1858-1931), жазушы әрі ғалым Жүсіпбек Аймауытов (1889-1931), жазушы, педагог Міржақып Дулатұлы (1885-1935), тіл, әдебиет, саясат, ғылым, журналистика салаларында мол қалдырған Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1937), атақты ақын, белгілі саясатшы, педагог Мағжан Жұмабаев (1893-1938) т.б.Кеңес билігі жылдарында әр түрлі жаламен айдалып, сотталып кеткен кеткен қоғам және мәдениет қайраткерлерінің бұған дейін ақталмағандарының өзі жүздеп саналатын. Осы кезден бастап баспасөз бетінде аса көрнекті қоғам және мәдениет қайраткерлері Әлихан Бөкейханов,Мұхамеджан Тынышбаев, Халал Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов, Мұстафа Шоқай, Құдайберген Жұбановтардың өмірі мен қоғамдық қызметіне қатысты шындықтар айтылған материалдар көптеп жариялана бастады. Осыдан бастап большевиктік лаңкестік құрбандарын ақтау, олардың қоғамдық қызметін саралап, баға беру, Қазақстан тарихында алатын орнын анықтау түгелімен ұлт зиялыларының, қазақ халқының өз қолына көшті.
Қазақстандағы саяси жағдай.1980 жылдардың екінші жатысында КСРО-да және өзге социалистік елдерде түбегейлі өзгерістер болып жатты.1989 жылдың соңғы айларында ГДР-де, Румынияда,Чехословакияда, Болгарияда болған саяси толқындар елдердегі тоталитарлық режімдерді жойып, демократиялық өкіметтер орнатты.1989 жылы жаңадан сайланған КСРО халақ депутаттарының I съезінде саяси, эканомикалық-әлеуметтік және рухани даму салаларындағы көптеген көлеңкелі жақтардың беті ашылды. Демократиялық қоғам құру үшін одақтас республикалардың құқықтық жағдайын қайта құру мәселелері көтерілді. КСРО-да болып жатқан оқиғалар Қазақстанда демократия үшін күрестің одан әрі өрлеуіне,бұқараның саяси белсенділігінің артуына тікелей ықпал етті.1989 жылдың күзінде Қазақстанның Жоғарғы және жергілікті кеңестерінің сайлауы өтті. Бұл сайлауда алғаш рет балама кандидаттар дауысқа түсті.Олардың арасында пәрменді іс жүргізуге қабілетті, ынталы адамдар бар еді. 1990 жылдары партияның барлық іске араласуына шек қойыла бастады. Кеңестер алғаш рет өзінің төл ісіне – заң шығарумен айналысуға, мемлекеттің даму үрдісіне қатысты өзекті мәселелерді талқылап, шешімдер қабылдауға отырды. Біртіндеп кәсіподақтар мен комсомол ұйымдары да өз еріктерімен әрекеттенуге көше бастады.Қоғамдық-саяси бірлестіктердің құрыла бастауы. Адамдардың өзінің жүрек қалауымен қоғамдық-саяси бірлестіктер құрып, ұйымдасқан әрекет арқылы алдына қойған мақсаттарына жетуге мүмкіндік алуы республикада демократиялық ұстанымдарды енгізу үрдісіндегі маңызды қадамдардың бірі болды. 1980 жылдардың соңында Қазақстанда да түрлі қозғалыстар мен саяси бірлестіктер пайда бола бастады. Олардың ішіндегі алдына ізгі мақсаттар қойған ең ірілерінің бірі –«Невада-Семей» антиядролық экологиялық қозғалысы болды.1989 жылдың 28 ақпанында Алматыда бой көтерген бұл қозғалыстың ұйымдастырушысы және идеялық жетекшісі-белгілі ақын,қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов болды.Қозғалыс халыққа аса үлкен қасірет әкелген Семейдегі ядролық сынақ полигоның жаптыру міндетін алдына қойды.Сонымен қоса бұл саяси ұйым "5-5" формуласы бойынша әлемдегі аса ірі полигондардың бәрін жою,әскери мақсаттағы-ядролық соғыс қаупін ыдырату сияқты ғаламдық мәселелерді көтерді. 1990 жылдың жазында «Азат» азаматтық қозғалысы құрылды. Қозғалыс алдына аса үлкен саяси-әлеуметтік мақсаттар қойды. Қазақстанның егеменді ел болуы, КСРО-дан бөлініп, өз алдына жеке мемлекет ретінде әлемдік қауымдастыққа енуі-қозғалысты ұйымдастырушылардың көкейкесті арманы еді. «Славян» қоғамы Қазақстанда тұратын славян текті жұрттар өкілдерінің мүдделерін қорғау ниетін көздеп құрылды. Қазақстандық немістердің «Видергебурд» (қайта өрлеу) ұйымы құрылды.Украин, татар, корей , тағы басқа халықтардың тарихи-мәдени ұйымдары сол ұлт өкілдері жинақы қоныстанған елді мекендерді қамтып, алдарына қойған саяси-ағартушылық мақсаттарын орындауға кірісті.1990 жылдың соңына таман Қазақстандағы саясаттанған қоғамдық бірлестіктердің саны жүзден асып кетті. 1991 жылдың маусымында «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы заң» қабылданды. Республикада шын мәніндегі пікір алуандығы көрініс беретін, көппартиялық саяси құрылымның негізі қалана бастады.
3. Кестені салыстыра отырып, толтырыңыз:
|
Палеолит
|
Мезолит
|
Неолит
|
Кезеңдері
|
Б.з.б. 2,6 млн жыл- б.з.б. 12 мың жыл
Ерте палеолит:
б.з.б.2,6млн жыл - б.з.б.40 мың жыл
Кейінгі палелит:
б.з.б.40-12 мың жылдар аралығы
Ерте палеолит кезеңдері:
Олдувэй –б.з.б.2,6млн- 800 мың жыл
Ашель – б.з.б.800- 140 мың жыл
Мустье – б.з.б.140- 40 мың жыл
|
Б.з.б. 12-5 мың жыл
|
Б.з.б. 5-3 мың жыл
|
Қоғамдық өміріндегі өзгерістер
|
Ерте палеолитте адамдар ұжымы - тобыр. Орта тас-аналық рулық қауымның бастапқы түрі қалыптаса бастады.
Кейінгі палеолитте адамдар тобыры бірте-бірте туысқандардың ұжымына –рулық қауымға айналды.
Рулық қауым «саналы адамның» шығу уақытына сәйкес келеді. Әр руда бірнеше ондаған рулас адам болды. Палеолиттің соңында рулық қауым толық қалыптасты.
|
Рулық қауым нығайып, күшейеді. Ерлер мен әйелдер арасында еңбек бөлінісі қалыптасты.
Қауым: қариялар, ересектер, балалар болып үш топқа бөлінді. Балалар тобынан ерсектер тобына өті – бағыштау (инициация)
|
Аналық ру үстемдік етті. Рулық қауымның ыдырауы. Бірте-бірте аталық руға көшу басталды. Бұл кезең қоғамның жаңа түрі – тайпаның, тайпалық одақтың құрылуына әзірлік болатын.
Қоғамдық еңбек бөлінісі пайда бола бастады.
|
Кәсібі
|
Терімшілік, аң аулау, балық аулау. Адамдарсүйек тебендер жасап, теріден киім тіге бастады.
Палеолиттің соңына қарай аң аулау неғұрлым жетілдірілген құралдармен жүргізілді
|
Терімшілік, балық аулау, киім тігу. Балық аулау құралдары жетілдірілді. Аңшылық осы кездегі адамдардың негізгі кәсібінің біріне айналды. Жеке аңшылық қалыптасты. Аңшылықта үйретілген иттің көмегі көп тиді.
|
Өндіруші шаруашылыққа көшу.
Кен кәсібінің бастамалары шықты. Қыш құмыра ісі, жіп иіру, тоқымашылық дамыды. Әшекей бұйым жасау пайда болды(тас, сүйек). Сүйектен жасалған түйреуіш, әшекей заттар, қарудың түрлері көп табылды. Мал шаруашылығы мен қарапайым егіншілік қалыптасты.
|
Еңбек құралдары
|
Ашель құралдары: қол шапқы мен жарғыш.
Мустье құралдары: қол қашау, үшбұрышты қалақша, қырғыш, ине, біз
Кейінгі палеолит құралдары: дротик, гарпун, болос, кескіш
|
Микролит , макролит садақ пен жебе, шанышқы, қармақ,ау,бумеранг, сал, қайық, ескек
|
Тас балта, тас кетпен, қайла, тесе, дәнүккіш, тас келі, тас келсап, тас орақ
|
24 - Билет
1. Қарлұқ қағанаты, территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы
2. «Тоқырау» жылдардағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы, ондағы орын алған олқылықтарды ашып көрсетіңіз.
3. Антропологиялық сипаттамасы:
Қола дәуірі
|
Темір дәуірі
|
Андрондықтар
|
Сақтар
|
Сарматтар
|
Үйсіндер
|
|
|
|
|
Жауаптары:
1. Қарлұқ қағанаты, территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы
Жазба деректерде қарлұқтар біздің заманымыздың V ғасырындағы тирек тайпаларының құрамында кездеседі.Қытай деректерінде карлұктардың бұлак руы Алтай тауының баурайын мекендейтіндігі хабарланады. Ал VII ғасырдағы басындағы кытайдың Таншу әулеттік хроникасында қарлұқтардың түрік тілдес тайпалардың бір тармағы екендігі, олардың құрамында бұлақ ,жікіл,ташлық деген тайпалардың бар екендігі корсетілген. Қағанаттың орталығы Суяб қаласы болды. Билікті өз қолдарына алған қарлұқтар Қытайдан төнген қауіпті жоюды ойластырды. Олардың Тараз, Ташкент қалаларын жаулап алған кездерін жақсы білетін еді. Атлах түбіндегі шайқасқа өздері де қатысқан болатын . Сондықтан олардың қауіп болдырмау үшін 766 -775 жылдарды Қашқарияны жаулап алып, шығыстағы шекарасын кеңейтеді. Әл- Марвази өзінің еңбегінде: «Қарлұқтар бұрын Тулис тауында тұрды және тоғыз- оғыздарға құл болды. Мұнан кейін олар өздерінің билеушілеріне қарсы көтерілді, түркештердің елін жаулап алды, ал ол жерден мұсылман елдеріне қарай жылжыды деп жазды. Бұдан әр жерде бытырап , тәуелді болып жүрген қарлұқтардың VIII ғасырдың аяғында бірігіп, мемлекетін құрып күшейе бастағанын көруге болады. Қарлұқтар IX ғасырдың басында өздерінің шығыстағы жауы Ұйғыр қағанатының жеңіліс табады. Оларға қарсы күрес жиырма жылға жуық уақытқа созылған, Ақыр аяғында бұл соғыста қарлұқтар қырғыздармен бірге отырып , 840 жылы Ұйғыр қағанатын тас- талқан етіп жеңді. Жалпы қарлұқтардың арабтарға қарсы күресі екі ғасырға жуық мерзімге созылған. Бұл мезгілді екң үлкен кезеңге бөліп қарастыруға болады. Бірінші – қарлұқтардың 712-713 жылдарда Соғды, Шаш, ферғаналықтармен бірігіп жүргізген күрес кезеңі. Бұл кезең қарлұқтардың 756 жылы билікті өз қолдарына алған кезге дейін созылады. 751 жылы Атлах шайқасында қарлұқтар арабтарды қолдады. Соғыста Қытай әскері талқандалды, Қытай империясының Орталық Азиядағы ықпалы әлсіреді. Екінші кезеңде қарлұқтар күресі VIII ғасырдың екінші жартысында IX ғасырдың аяғына дейін барады. Бұл кезеңде қарлұқтар жеңіліске ұшырып та отырды. Оның себебі, арабтар бұл кезде ислам дінін идеялық қару ретінде қолданады.
2. «Тоқырау» жылдардағы Қазақстан мәдениеті мен ғылымы, ондағы орын алған олқылықтарды ашып көрсетіңіз.
Білім. Тоқырау жылдары қазақ мектептерінің жағдайы ауыр болып қала берді. Қазақ тілінің қолданыс қызметі шектеліп, тұрмыс аясынан аспауы білім беру саласына кері ықпал етті.1970 жылдар ішінде ірі агрокешендер құрылып, "болашағы жоқ" елді мекенеер қараусыз калғанда олардағы жүздеген мектептер жабыла бастады. Олардың бәрі дерлік қазақ тілінде оқытатын, көпшілігі шағын комплектілі мектептер болды. 1950-970 жылдар ішінде сабақ орыс тілінде оқытылатын мектептердің саны 1,5 мыңға артқанда, қазақ мектептерінің саны кеміп, 3 891-ден 2 577-ге түсті.
Ғылым. 1960-1970 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы КСРО-дағы ірі ғылыми орталықтардың біріне айналды. Жекелеген ғалымдар мен топтар өндірістік мәні бар салаларда жетістіктерге қол жеткізді. 1970 жылдар ішінде құқықтық ғылымда бағыттар пайда болып, заң актілерін белгілеу жұмыстарына қатысты. Отырарда және басқа өңірлерде қазба жұмыстарын жүргізген археологтар едәуір табыстарға қол жеткізді. Тұтастай алғанда тоқырау жылдарында қоғамдық ғылымдар қатты зардап шекті.Ғалымдар ғылыми еңбектерін әкімшілік сызып берген шеңбер көлемінде ғана жазатын болды. Ол кезде ғылыми еңбектерді бағалау мен оның авторларына ғылыми дәреже беру тек Мәскеуде ғана шешілетін. Бұл жағдай қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар саласында тек Орталықта отырған идеологтардың қолайына жағатын еңбектердің ғана жарыққа шығуын қамтамасыз етті. Сонымен қоса, жергілікті ұлт өкілдері арасынан шыққан ғалымдардың сандық мөлшеріне де шек қойылды. Қоғамтанушы ғалымдардың кемелденген социализм жағдайында қазақ халқының өзге ұлттармен барынша жақындасып, коммунизмнен бақыт табатынын дәлелдеген трактаттарында ғылыми зерттеуден гөрі насихат басым түсіп жатты. Қазақ халкының өз жерінде ұлттық азшылыққа ұшырап, экономиканың басты саласы - қала өнеркәсібінен аулақтап қалғаны, демографиялық дамуда баланстың бұзылуы, ұлттық дәстүрдің тозуы, ұлттық мәдениеттің кұлдырауы сияқты мәселелердің бәрі нақты ғылыми тұрғыдан талданбады.Ғылым академиясына қарасты Философия және құқық институты бола тұра, әлеуметтік психология, эстетика, кибернетика, социология, демография ғылымдарының түрлі салалары бойынша халыққа қажетті зерттеулер жүргізілмеді. Қазақ халқының ұлт ретінде ыдырау жолына түсуінің сырына үңілу талабы жасалмады.Әсіресе Қазақстан тарихы қатты бұрмаланды. Тарихшылар тек Кеңес заманының жетістіктерін зерттеуге жұмылдырылды. Соның салдарынан көпшілік санасында Қазан төңкерісіне дейін қазақ халқы тек көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған, мәдениетке тек Кеңес билігі тұсында ғана қол жеткізді деген ұғым қалыптасты. Өткен ғасырларда өмір сүрген қазақ халқының мемлекеттік қайраткерлерінің - хандары мен билерінің, ел қорғаған қолбасылары мен батырларының есімдері ұмытыла бастады. Тәуелсіздік үшін күрескен қайраткерлер буржуазияшыл-ұлтшыл ретінде сипатталды. Кеңес билігі тұсындағы ауыр нәубеттердің сырын ашуға бағытталған зерттеулер жүргізуге тыйым салынды.
Әдебиет. Қазақстан жеріне шет жұрттықтарды мейілінше көп әкелуге қарамастан, 1960 жылдары жергілікті ұлт өкілдері қоныстанған ауылдарда қазақша тілдік орта сақталып келген еді. Осы жағдай қазақ әдебиетіне жастардың әлі де болса ынтызарын аударып, әдебиетте соны серпін туғызды. Әдебиет көкжиегінде жыл сайын ондаған тың есімдер пайда болып, жыл сайын жаңа романдар, повестер, поэмалар жарық көріп жатты.Республика жазушыларының ішінен қазақ әдебиетінің аса көрнекті өкілі, танымал сөз шебері Ғабит Мүсірепов сол кездегі ең жоғары Социалистік Еңбек Ері атағына ие болды. «Қан мен тер» трилогиясының авторы Ә.Нұрпейісов, майталман акын, көптеген эпикалық поэмалардың авторы Жұбан Молдағалиев КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды.Ілияс Есенберлин романдары бұқара арасында кең танымал болды. Аса ауыр қуғын-сүргіннен кейінгі кезеңнің өзінде, таптық идеологияның өктемдігі жағдайында жазушының хан Кенесары Қасымұлы туралы тарихи шындықты ашып жазуы әдебиет тарихындағы батыл қадам еді. Шығармаларын орыс тілінде және екі тілде бірдей жазатын қазақ жазушыларының шоғыры дүниеге келді. Олардың көрнектілері Ә.Әлімжанов, О.Сүлейменов, Б.Момышұлы болды. Әнуар Әлімжанов тарихи романдары арқылы бұқараның санасына асқақ отаншылдык сезім ұялата білді. Әсіресе оның Әбу Насыр әл-Фараби туралы жазған "Ұстаздың оралуы" романының маңызы зор болды. Бұл шығармасы үшін автор Дж.Неру атындағы халықаралық сыйлыққа ие болды. Б.Момышұлының соғыс такырыбына жазған шығармалары оқырман көңілінен шықты. Ұлттық мәдениеттің келешегіне қатты алаңдайтын қайраткерлер отаншылдык сезімдерін оқырманына жеткізу үшін небір көркемдік айла-тәсілдерді қолданды. Қазақ халқының басынан өткерген ауыр кезеңдерді бейнелеп, бірегей жеке тұлғаларды кейіптеген Т.Ахтанов, Қ. Жұмаділов, М.Мағауин, Ә.Кекілбаев, С.Сматаев, т.б. шығармалары қазақ оқырмандарының көңілінен шықты.
Өнер. Бұл кезеңде классикалық музыка жанрында сазгерлер Е.Рахмадиев, Ғ. Жұбанова, К. Күмісбеков, ұйғыр сазгері Қ.Қожамияров өнімді еңбек етті. Әнші Ә.Дінішев есімі әлемге өйгілі болды. Нұрғиса Тілендиев этнографиялық оркестр құрып, ұлттық сарындағы аспапты музыканы уағыздаумен ұштастырды. Дос-Мұқасан ансамблі, Р.Рымбаева, Н.Есқалиева сынды әншілер халықаралық сайыстар лауреаты атағына ие болып, көптеген шетелдерге танылды. Ш.Аймановтың "Атаманның ақыры", С.Қожықовтың "Қыз Жібек" фильмдері халық арасында ілтипатпен қабылданған, шын мөніндегі көркем таспалар болатын. Бұл жылдары қазақша кино-драматургияның тапшылығынан, қолда бар репертуардьң тақырып ауқымының тарлығынан орта қол қойылымдар шығып жатты. Цензурадан өтпей, көпшілікке жолдама ала алмай қалған қойылымдар да болды.Өндірістік мәні бар салаларда ішінара қол жеткен табыстар болғанына қарамастан,Қазақстан ғылымының даму барысында тоқырау көрінісі айқын байқалды.Қоғамдық-әлеуметтік ғылымдар идеологиялық тығырыққа тірелді. Көркем өнерде жекелеген авторлар құнды шығармалар бергенімен,қазақ тілінің рухани өмірдегі жағдайы өзгерістер қажеттігін байқатты.Тоқырау жылдарының идеологиясы ұлы державалық шовнистік бағытымен ерекшеленді.
3. Антропологиялық сипаттамасы:
Қола дәуірі
|
Темір дәуірі
|
Андрондықтар
|
Сақтар
|
Сарматтар
|
Үйсіндер
|
Нәсілі – еуропеоидік.
Сипаттамасы: «Қыр мұрынды, ат жақты, өңі ақшыл, шашы сарғыштау, бойы орташалау».
В.П.Алексеевтің андрондықтарды сипаттауы: «Андрондықтар мұрынды келген, бет сүйегі шығыңқы емес, көздері үлкен. Кескін-кейпі ірі, дене құрылысы мығым, жігерлі, келбетті адамдар болған».
|
Нәсілі-еуропеоидік
Сипаттамасы: «Бас сүйегі шағын, беті жалпақтау, көз шарасы үлкен, қабақ сүйегі шығыңқы, кеңсірігі дөңестеу болып келеді»
Андрондықтарға қарағанда еуропеоидік белгілер көмескілене бастаған.
|
Нәсілі-еуропеоидік
Батыс Қазақстанды мекендеген сарматтардың бет пішіні Жетісуды мекендеген байырғы үйсіндердің түріне ұқсас болып келеді.Бұлардың бет әлпетінде еуропеоидтік белгілер басымырақ. Сарматтарда кейінгі темір дәуірінде монғолоидтық белгілер көбейе бастайды. Дегенмен, монғолоидтық белгі үйсіндерге қарағанда аздау.
|
Нәсілі-еуропеоидік
Сипаттамасы: «Басы орташа, маңдайы тайқылау, бет сүйегі шығыңқы, қабақ доғасы орташа, кеңсірік бітімі дөңестеу».
Үйсіндерде сақтарға қарағанда монғолоидтық белгі басымырақ болған.
|
25 - Билет
1. XVIII ғ. Қазақ жерінде салынған әскери бекіністер.
2. «Жылымық» жылдарындағы қоғамдық-саяси және мәдени өмірге талдау жасаңыз.
3. Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз:
Билеушілер
|
Жүргізген саясаты
|
Наркеш Дайын
|
|
Инанч-білге
|
|
Бұйрық
|
|
Жауаптары:
1. XVIII ғ. Қазақ жерінде салынған әскери бекіністер.
Патша үкіметі қазақ жерінің Азияға "кілт пен қақпа" екенін ескеріп, қандай жолмен болсын өз ықпалын нығайтуды империяның шығыстағы саясатының күретамыры ретінде қарады.Орыс үкіметі Қазақстан жөніндегі жоспарын әскери бекіністер салудан бастады. 1714-1720 жылдар аралығында Ертіс өзенінің оң жағалауында - Жәміш, Омбы(1716ж.), Колбасинск, Железинск (1717ж.), Семей(1718ж.), Коряков (Кереку), Өскемен, Черноярская (1720ж.) бекіністерін бірінен кейін бірін тұрғызған патша өкіметі қазақ жеріне ауыз сала бастады.Қазақтардың жоңғарлармен соғысып жатқанын пайдаланып, қазақ жерінде бекіністер салу арқылы елді біртіндеп жаулап алуды ойластырды.XVIII ғасырдың 30-жылдарында патша үкіметі қазақ жерін тірек ретінде пайдаланып, Ресейден алшақ жатқан Хиуа, Қокан, Бұхар хандықтарына жорық ұйымдастыруды көздеді. Саяси жағдайдың шиеленісіп кетуіне байланысты И.Кирилловтың экспедициясы (1734ж.) мақсатының барлығын іске асыра алмады. Тек 1735 жылы Ор өзені бойында Ор бекінісінің негізі салынды.Орынбор шекаралық комиссиясының келесі төрағасы И.И.Неплюев 1735 жылы негізі қаланған Ор бекінісін 1743 жылы жаңа жерге көшірді. Бұл қоныс Орынбор деп аталды.Ертіс пен Обь өзені аралығында Шульба, Обь, Староалейск форпостары, Колыван, Шағыр, Барнаул, Белоярск, Бийск бекіністері тұрғызылды. Ол Колыван-Кузнецк шебі деп аталды. Қазақ жерінде Жоғарғы Ертіс бойындағы бес бекіністен (Семей, Өскемен, Жәміш, Кереку, Омбы) басқа қосымша 21 форпост салынды. Яғни, қазақ-жоңғар тартысын пайдаланған Сібір губерниялық басқармасы Петербургтің талабымен кенге бай Алтай өңірін отарлауды тезірек аяқтауға тырысып бақты. Барлық күшті жоңғар шапқыншыларымен күреске жұмсаған қазақтар бұл қамалдар өздеріне қорғаныс болады деп сеніп, Ресейге қарсылық жасамады. Қазақтардың біртіндеп Ресей қол астына өтуі, Қоқан билеушілерінің қарсылығын тудырды.Егер ХІХ ғасырдың басында Хиуа мен Қоқан хандары өздерінің қол астына кірмейтін қазақ және қырғыз еліне жорық жасаумен шектелген болса,ХІХ ғасырдың 30-40-жылдардағы олардың саясатында басқа ниет басым жатты.Олар Қазақстанның оңтүстігі мен Қырғыз жерінің Ресей иелігіне өтуін қаламады,оған барынша кедергі жасауға тырысты.
Ресей әкімшілігінің күшеюі. Оңтүстік Қазақстанда Ресей ықпалы одан әрі күшейіп,әскери бекіністер пайда бола бастады.Орта жүз бен Ұлы жүз аумағы жапсарында ХІХғ. 40-50жж.Ақтау,Алатау, Қапал, Сергиополь (Аякөз),Лепсі бекіністері салынды.Бұл жаңа бекіністер Ресейдің Іле аймағын отарлауына қызмет етті.1853 жылы Орынбор генерал- губернаторы граф В.А.Перовскийдың басшылығымен іске асырылған әскери қимылдар нәтижесінде Қоқан билеушілерінің Ақмешіт бекінісі Ресейдің қол астына қарады.Енді орыс әскерінің Іле бойына жылжуына жол ашылды. Ұлы жүз приставы майор М.Д.Перемышельскийдің отряды 1853 жылы Талғар өзенінің Ілеге құяр жерінен Іле бекетін тұрғызды.1854 жылдың көктемінде сол отряд Верный деп аталған бекіністің іргетасын көтерді.Верный Алматы деп аталған ертедегі қазақтардың қоныс қалдықтары сақталған жерде пайда болған еді. 1859 жылы Ұлы жүз бен қырғыз елінің солтүстік шекаралық ауданда тұрғызылған Кәстек бекінісі осы өлкедегі империяның бір тірегіне айналды және Қоқан ханының қазақ, қырғыз халықтарына қарсы қимылдарына біршама тосқауыл болды.
Әскери шептерді салудың барысы. XVIII ғасырдың 40-50-жылдарында патша үкіметі іске асырған әскери- инженерлік шаралардың нәтижесінде солтүстік-шығыс Қазақстан өңірі бекініс шептерімен қоршалды. Сібір редутынан Омбыға дейінгі бекіністерді Горъкая шебі деп атады, ұзындығы - 553 верст. Бекіністер орналасқан өңірде көптеген тұзды көлдер болғандықтан осындай ат берілген. Екінші шеп - Омбы бекінісінен Ертістің оң жағасын қамти отырып, Кіші Нарын бекінісіне дейін созылды, ұзындығы - 1684 верста. Бұл бекіністер тобы Ертіс шебі деп аталды. Үшіншісі - Өскемен бекінісінен басталып, Алтай тауларының батысын жағалай, Колыван зауыттарын басып өтіп, Кузнецк шебімен жалғасты. Колыван шебі деп аталған бұл шептің ұзындығы - 723 верста болды. XVIII ғасырдың 50-жылдарының басында жоңғар- қытай, жоңғар-қазақ қарым-қатынастарының шиеленісуіне байланысты, Ресей үкіметі Звериноголовск редутынан Омбы бекінісіне дейінгі аралықта қосымша бекіністер салуды ұйғарды. Екі алты бұрышты, тоғыз төрт бұрышты бекіністер, 33 редут, кейіннен Есіл немесе Пресногорьковск шебін құрды. Осы бекіністердің ең ірісі Петропавл2 (1752 ж.) қамалы еді. Тобыл өзенінен тартылған Ой шебі Жаңа Есіл шебімен жалғасты (540 верста). Енді Қазақстанның батысындағы Жайықтың құйылысындағы Гурьев (Атырау) қалашығынан Звериноголовск бекінісіне дейінгі аралықтың ұзындығы 1600 шақырымға созылды. Патша үкіметі осылайша қазақ жерін бекіністер арқылы отарлаудың шешуші кезеңін аяқтады. Жайықтың, Есілдің, Торғайдың, Ертістің бойында ғасырлар бойы көшіп жүрген қазақ халқының шұрайлы жерінде отаршылдық езгі күшейді.
2. «Жылымық» жылдарындағы қоғамдық-саяси және мәдени өмірге талдау жасаңыз.
«Хрущев жылымығы». 1956 жылы 14-25 ақпанда өткен КОКП-ның ХХ сьезі өтіп, онда Н.С.Хрущев баяндама жасап Сталиннің жекебасына табынушылығын айыптады. Бірақ, жекебасқа табынушылық жөніндегі сын Сталин қалдырған мемлекет басқарудың қатал тәртібіне емес, көсемнің тікелей өзіне бағытталды. Дегенмен, осыдан кейін қоғамда жартылай болса да бірқатар өзгерістер орын алды. Сталин қайтыс болғаннан кейінгі кезеңде социалистік қоғамның қайшылықтары, олардың мәні, тарихтағы жеке адам және халық бұқарасының орны, социализмді құрудағы теория мен тәжірибиенің арақатынасы сияқты іргелі мәселелерді талқылауға жол ашылып, баспасөзде пікірталас орын алды. Өткенге сын көзбен қарау, қоғамды алаңдатып отырған күрделі мәселелерге жауап іздеу, партияның ірі жиындарының мінберінен айтылып жүрді.Бұл қоғамда ауқымды өзгерістер жасау қажеттігінен туындаған заңды құбылыс еді. Дегенмен мығым басқару аппаратының кертартпалығынан бұл ұмытылыстар кең қанат жайып кете алмады.
Млн-даған адамның құқығын аяққа басып, жазықсыз жандарды қан қақсатуға қатысқан саяси қайраткерлердің көпшілігі әлі билік басында қала берді. Саяси қырғынның құрбаны болғандарды ақтау тиянақты жүргізілмеді. КОКП-ның ХХ сьезінен кейін ғана Қазақстанның бірқатар мемлекет қайраткерлері С.Асфендияров, О.Жандосов, О.Исаев, Л.И.Мирзоян, С.Меңдешов, М.Масанчи, Н.Нұрмақов, А.Розыбақиев, С.Сейфуллин, т.б есімдері қайта қалпына келтірілді. Бірақ, сол кезде қазақ зиялыларының Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, Ш.Құдайбердіұлы сияқты жарқын өкілдері ақталмады. Мәскеу өкімет органдары оларды «барып тұрған ұлтшылдар» мен алашордашылар деп есептеді.Билік иелері басталған демократиялық үрдістерді аяғына дейін жеткізбей, үзіп тастап отырды. Бірқатар адам лагерлерден босатылып, ақталғанымен, әлі де жүздеген мың адамда абақтының тар қапастарында қала берді. Өткен жылдардың ауыр қасіреттері – қазан төңкерісінің мәні, азамат соғысың себептері мен салдары, ұжымдастыру кезіндегі жаппай қырғын сияқты құбылыстарға сыңаржақ баға беру мен шындықты көпе-көрінеу бұрмалау жалғаса береді. Сталиннен кейін билікке келгендер өз жерінен жазықсыз қуылған шешен, ингуш, қалмақ, балқарларды отанына қайтарғанымен, корейлердің , немістердің, қырым татарларының, месхет түріктерінің құқықтарын қалпына келтіруден бас тартты.
Қоғамдық-саяси өзгерістер.Кеңестік әкімшіл-әміршілік басқару жүйесі 1950 жылдардың ортасында одақтас республикалардың құқықтарын кенейту мәселелерін күн тәртібіне қойды. Бұл ниет одақтас республикалардың конституциялық құқықтарын сыйлаудан туындаған жоқ. Бар билікті бір қолға жиып,тек орталықтан шешу әдісінің өзі қоғамның алға жылжуын тежей бастаған болатын. Бұдан былайғы шаралар жүргізілмейінше, алға басу мүмкін емес еді.КСРО Министрлер Кеңесінің 1955 жылғы мамыр айындағы қаулысы бойынша одақтас республикалардың халық шаруашылығын жоспарлау мен қаржы бөлу тәртібі өзгертілді.Өндіріс көлемі мен күрделі қаржыны жоспарлау республикалардың Министрлер Кеңестерінің қарауына берілді.Республикалардың бюджетті бөлу құқықтары кенейтілді,табыстың кейбір түрлері бойынша республикалық бюджетке бөлінетін қаржының үлесі артты. 1954-1956 жылдарда одақтық органдардың қарауынан республиканың қарауына өнеркәсіп пен көліктің 144 кәсіпорны өтті. Металлургия және химия өнеркәсіп орындарын салу, құрылыс жүргізу, геология министрліктері одақтық-республикалық министрліктер болып қайта құрылды.Республикалық министрліктердің құқықтары кеңейтілді.Ішінара мәдени құрылыс саласында республиканың құзыры молайды.1956-1958 жылдардан бастап одақтас республикалар әділет органына басшылық жасау, сот құрылымын анықтау, азаматтық, қылмыстық кодекстерді бекіту істерімен айналыса алатын болды.Республика Жоғарғы Кеңесінің заң шығару қызметі ұлғайды.Одақтас республикалар одақтық шеңбердегі мәселелерді шешуге қатысатын болды.1957ж КСРО Министрлер Кеңесінің құрамына лауазым бойынша одақтас республикалар Министрлер Кеңестерінің төрағалары, ал КСРО Жоғарғы Сотының құрамына одақтас республикалар Жоғарғы Соттарының төрағалары енгізілді.Алайда бұл шаралар Орталықтың одақтас республикаларға емес, оларды басқарып отырған өз адамдарына берілген кеңшіліктері болғандықтан, одақтас республикалардың шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етпек түгілі, олардың КСРО құрамында қалыпты дамуына да септігін тигізе алмады.Әкімшіл-әміршілік басқару жүйесінің іс жүзіндегі әрекеттері конституцияларда жазылған жарқын заңдардан тыс болды. Қазақстан сөз жүзінде егеменді мемелекет деп аталғанмен, Кеңес билігі жылдарында ішкі-сыртқы саясатын өзі айқындауға қол жеткізе алмады.
Мәдени даму. Ғылым. Соғыстан кейінгі жылдарда мәдениеттің материалдык базасы әлсіз болды. Тек 1950 жылдар ішінде мәдениетті дамыту жағдайы біртіндеп түзеле бастады.Тарихшылар 1957-1959 жылдары "Қазақ КСР тарихының" екі томын жариялады.Сонымен қоса республикадағы қоғамдық ғылымдардың даму барысында келешекте тоқырауға соқтырмай қоймайтын келеңсіз тенденция да орын алды. Оның себебі, ол жылдары қоғамдық ғылымдар комунистік идеология үстемдігі жағдайында дамыған еді. Партия тарихы барлық жоғары оқу орындарында өтілетін ең негізгі пәнге айналды. Партиялық-әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан тек коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер талап етті.1950 жылдардың соңында "КСРО-да социализм толық және түпкілікті жеңіске жетті" деген ресми партиялық тұжырым қабылданганнан кейін, бүкіл одактағы сияқты, Қазақстанда да қоғамдық-саяси ой осы формула шеңберінде дамытатын болды. Қоғамтанушы ғалымдар капитализмнің "іріп-шіріп бара жатқандьнъш", таяу арада оның "мүлдем құритынын" "дәлелдеп" бақты.
Көркем әдебиет. Көрнекті мәдениет қайраткерлерін саяси қуғындау әдебиет пен өнердің даму қарқынын тежегенімен, мүлдем тоқтатып тастай алмады, ұлттық көркемөнер үнемі өрлеу үстінде болды. 1955жылы Мұхтар Әуезовтің іргелі туындысы "Абай жолы" эпопеясы дүниеге келді. Бұл шығарма автордың ғана емес,көп жанрлы қазақ әдебиетінің жетістігі деп танылды.1959 жылы М.Әуезовке әдебиет пен өнер саласындағы Лениндік сыйлықтың берілді. Ғабит Мүсіреповтің "Оянған өлке" романы 1950 жылдардағы ұлттық прозаның тағы бір жетістігі болды. Романда жазушы қазақ даласындағы өзгерістерді- қазақтардың өнеркәсіпке араласа бастауын, дала өміріндегі жаңалықтарды суреттеді.Көрнекті қазақ жазушысы.1950 жылдарда қазақ поэзиясы неғұрлым байып, алуан түрлі сипат ала бастады.Қазақстанның 1950 жылдардағы әдеби өмірі республикада тұратын орыс, ұйғыр, корей, неміс жазушыларының шығармаларымен толығырақ сипатталады. И.Шуховтың "Тың игерушілер" атты очерктер кітабы одаққа танымал шығарма болды. Ұйғыр жазушысы Х.Абдуллин "Гүлстан" повесін жазды.Ол кезде өзге Кеңес жазушылары сияқты Қазақстан қаламгерлері де коммунистік партияға сеніп, елдің болашағына сеніммен қарады. Сондықтан олар революцияны, социалистік құрылыс әкелген жаңалықтарды шабытпен жырлады, большевиктердің ұнамды бейнелерін жасады. Халықтар достығы такырыбы көркем шығармаларға өзек болып жатты. Сталиннің жеке басына табынушылықты айыптаған КОКП XX сьезінен кейін өділетсіз жазаға ұшыраған С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров есімдері ақталды. Алайда А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы, Ж.Аймауытов секілді аса көрнекті әдебиетшілер мен ірілі-уақты өзге ақын-жазушылардың есімдері жабулы күйінде қала берді. Олардың көркем туындылары республика оқырмандарының қолына тие қоймады.
Өнер. Соғыстан кейінгі онжылдықтарда қазақ өнері даму үстінде болды. 1952 жылы В.Голубович Қазақ драма театрында М.Әуезовтің "Абай" драмасын койды. Қойылым КСРО Мемлекеттік сыйлығына ұсынылды..Қазақстанның музыка мәдениеті елеулі табыстарға жетті. Қазақ мемлекеттік хор капелласы шығармашылық ұйым ретінде қалыптасты. Қазақ КСР Мемлекеттік ән және би ансамблі Жастар мен студенттердің дүниежүзілік VI фестивалінің лауреаты атанды. Опера және балет өнері де жолға қойылды. Сазгер Е.Брусиловский "Дударай", М.Төлебаевпен бірігіп "Амангелді" операларын, Қ.Қожамияров тұңғыш ұйғыр операсы "Назугумды" жазды. Ұйғыр сазгерінің "Ризвангүл" симфониялық поэмасы 1954 жылы Мемлекеттік сыйлыққа ұсынылды.Соғыстан кейінгі жылдарда Алматы көркемсурет училищесінен басқа оқу орны болмағандықтан, қазақстандық жас суретшілер орталық қалалардың жоғары оқу орындарынан білім алды. Жас суретшілер Қ.Телжанов "Жамал", "Атамекен", С.Мәмбеев "Тауда", "Киіз үй қасында"атты суреттерінде бейне әсерлілігіне, психологиялык тереңдікке қол жеткізе білді. Н.Таңсықбаев, Ә.Қастеев сияқты қылқалам шеберлері тарихи-революциялық тақырыпқа, индустриялық пейзаждарға бой ұрды.
3. Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз:
Билеушілер
|
Жүргізген саясаты
|
Наркеш Дайын
|
Мемлекет дами бастады. Егін шаруашылығы дамып, отырықшы қалалық өмір салты орын алады.
|
Инанч-білге
|
Наймандар одағының басын қосып, Найман мемлекетін күшейтеді. Басқа елдермен сауда қатынастарын дамытуға көп көңіл бөлді. Елді өнерге, күнкөріс-тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтына тартады. Сыртқы саясатта елді қарақытайлардың үстемдігінен құтқарады.
|
Бұйрық
|
1201 жылы Темучинге қарсы қырғыз, меркіт, найман тағы басқа тайпалардың Құрылтайын ұйымдастырушылардың бірі болды. Соғақ суаты деген жерде осы тайпалардың одақтас қолы Темучин мен Ван хан әскерлеріне қарсы шайқасып, ойсырай жеңілді. Бұйрық хан Алтайдың оңтүстігіне қарай ойысып кетеді.
|
26 - Билет
1.Кіші жүз қазақтарының Е.И.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуы
2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын анықтаңыз.
3. VІ –ІХ ғасырларда салынған архитектуралық ескерткіштер жайлы кестені толтырыңыз:
Архитектуралық ескерткіштер
|
Қысқаша сипаты
|
Өзіндік ерекшеліктері
|
|
|
|
|
|
|
Жауаптары:
Кіші жүз қазақтарының Е.И.Пугачев бастаған көтеріліске қатысуы
Ресейдегі И.Болотников, С.Разин, К.Булавин, Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысының бір-бірінен ерекшеліктері болса да, саяси бағыты жағынан бәрі де басыбайлылыкқа қарсы бағытталған бұқаралық қозғалыстар еді. Әсіресе Еділ мен Жайық бойындағы бірқатар езілген халықтар - башкұрт, татар, қазақтар 1773-1775 жылдардағы орыс шаруалар соғысына белсене ат салысты. Орта жүз, әсіресе Кіші жүз қазақтары белсене араласқан бұл соғыс патша үкіметіне қарсы қақтығыстар ішінде ерекше орын алады.Негізінде, қазақ шаруаларының және жеке феодалдардың шаруалар қозғалыстарына қатысуына түрткі болған - жер мәселесі.Кіші жүздің ханы Нұралы көшпенді қауымның талаптарын ескеріп, 1742ж. қазан айында патша үкіметінің Жайық өзені бойында мал жаюға тыйым салған үкімін жоюды талап етті. Осы үкімді негізге алған Жайық казак әскері және әскери шеп бекіністерінің коменданттары Жайық қаласы мен басқа да орыс-казак шаруалары қоныс тепкен өңірлерге қазақтарды жібермеген. Қазақ сұлтандары мен патша үкіметі арасындағы жерге байланысты қайшылықтарды өршітіп отырған тек Жайық казактары емес, сонымен қатар XVIII ғасырдың екінші жартысында құрылған Орынбор казак әскерімен арадағы тартыс та себеп болды. 1756ж. казак әскерлерінің мүддесін қызғыштай қорғаған патша үкіметі қазақтардың Жайық өзенінің оң жағасына көшіп-қонуына тыйым салды. 1770 жылға дейін Жайық пен Еділ өзендері бойындағы қазақтар мен қалмақтардың арақатынасы да тым күрделі болды. 1771ж. шамамен алғанда отыз мыңнан астам қалмақтардың бұл кезде тарихи сахнадан түскен Жоңғарияға қарай көшіп кетуі, жер тапшылығын бірқатар бәсеңдетті. Қазақ рулары атам заманғы өз иеліктерін қайтып алудан үміттенді. Алайда патша үкіметінің пиғылы бұл өңірден қазақтарды ығыстырып, казак әскері мен орыс помещиктерінің иелігін кеңейту еді. Орта жүз қазақтарын ашындырып, шаруалар соғысына оларды катыстырған да патша үкіметінің жер мәселесіндегі отаршыл саясаты еді. XVIII ғасырдың 60-жылдарында Ертістің оң жағасындағы шұрайлы өлкені казактарға тартып алып беру, қазақтардың бекіністер орналасқан өңірге жақындауына тыйым салу жергілікті халықтың ашу-ызасын тудырмай қоймады. Ғасырлар бойы рулық қауым пайдаланып келген иелікті жаңадан қоныс аударған орыс шаруаларына, Сібір казак әскеріне үлестіріп беруі - езілген бұқараны жермен қарық етемін деп уәде берген Пугачев бастаған шаруалар соғысын Орта жүздің қолдауына басты алғышарт болғаны ақиқат.Алайда соғыстың өршуін өзіне тиімсіз деп қараған Нұралы хан мен оның сарайлық сыбайластары екі жақты бағыт ұстады: біріншісі — соғысты пайдаланып, жер тапшылығын жою, қазақтарға тартып алынған жайылымды қайтару; екіншісі - күннен-күнге соғысқа өршелене қатысқан өзіне бағынышты қазақтарды тәуелділікте ұстау, соғыс жеңіліс тапса патша үкіметінің алдында ақталу. Орта жүз қазақтарының шаруалар соғысына қатысуы. Шаруалар соғысының өршуіне Кіші жүзге іргелес орналасқан Орта жүз тұрғындары да белсене ат салысты. Пугачев бастаған шаруалар соғысы жеңілгеннен кейін де қазақтардың қозғалысы толастамады. 1775 жылы Жайық бойындағы шаруалар соғысы біртіндеп әлсірей бастаса, керісінше, қазак жеріндегі көтерілістер өршіп, патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы қозғалыстың ірі ошағы қалыптасты.
Тарихи маңызы. Қазақтардың 1773-1775 жылдардағы шаруалар көтерілісіне белсене катысуының зор тарихи маңызы болды. Көтерілістің барысында Еділ-Жайық аймағындағы орыс, башқұрт, қазақ және қалмақ сияқты халықтардың патша үкіметінің отаршылдық саясатына бірлескен күресінің мүмкіндігі айқын көрінді. Көтеріліс басып-жаншылғаннан кейін, патша үкіметі қазақтарды тыныштандыру үшін кейбір шаралар қабылдауға мәжбүр болды. Мысалы, 1782 жылы Кіші жүз қазақтарының қысқы кезеңде Еділ мен Жайық аралығын жалға алу арқылы уақытша қыстап шығуына рұқсат етілді.Қазақтардың бұл шаруалар көтерілісіне қатысуы көшпелі халықтың өз тәуелсіздігін қайтадан қалпына келтіруге, Қазақстанды әскер күшімен басып алуға жол бермеуге деген ұмтылысының күшті екенін көрсетті. Сонымен қатар, көтеріліс Кіші жүзде хан билігінің беделі төмендегенін көрсетті.1783 жылы қазақтар патша үкіметіне қарсы алғашқы және кең көлемді дербес ұлт-азаттық көтеріліске шығуына сабақ болды.
2. Тың және тыңайған жерлерді игерудің кезеңдері, нәтижелері мен салдарын анықтаңыз.
Бүкіл Одақтағы сияқты, Қазақстанның ауыл шаруашылығы да халықтың азыққа және өнеркәсіптік шикізатқа деген қажетін қанағаттандыра алмады. Астық өнімдерінің тапшылығы айқын сезіле бастады. 1946-1950 жылдары егістік жердің әр гектарынан алынған өнім орта есеппен 5-6 ц ғана болды. Дағдарыстан шығу үшін өндірістік қатынастар жүйесін өзгерту, атап айтқанда, нарық қатынастарына көшу керек болатын. Бірақ, ол кезде мұндай әңгіме қозғау мүмкін емес еді. Билік басындағылар мәселені экстенсивті жолмен — кең ауқымда тың жерлерді игеру әдісімен шешуге кірісті.
Тың игеруге жаппай кірісу.1953 жылдың соныңда тың игеруге қатысты мәселелер Одақ деңгейінде қызу талқыланып жатты.Жарамды жерлері мол Орал мен Сібір мен қатар Қазақстан да аталып жүрді."Жерді жаппай жыртып тастау дәстүрлі мал шаруашылығын дамытуға зиян келтіреді" деп санаған республика партия ұйымының басшылары орнынан алынды. Орталықтың нұсқауы бойынша Қазақстан КП Орталық комитетінің бірінші хатшылығынан Ж.Шаяхметов түсіріліп, оның орнына П.К.Пономаренко сайланды.
Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім 1954 жылдың көктемінде қабылданды.Онда 1954-1955 жылдары тың жерлерді игеру есебінен дәнді дақылдар егісі аумағын 13 млн г-ға арттыру,ол жерлерден 1100-1200 млн пұт астық,соның ішінде 800-900 млн тауарлы астық алу көзделді.
Тың игерудің нәтижелері.Тың игеру республиканың солтүстік өңіріндегі 6 облысында - Ақмола, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан,Торғай облыстарында жүргізілді.1954 жылдың өзінде-ақ тың көтеру жөніндегі жоспар артығымен орындалды. КСРО-да жоспарланған 13 млн га орнына, 19 млн га жер жыртылды, оның ішінде Қазақстанда 8,5 млн га тың жер жыртылды. 1955 жылы тың жерлерде жоспарланған 7,5 млн га орнына 9,4 млн га жер жыртылды. Тың игерушілер айтарлықтай көрсеткішке 1956 жылы ғана жетті. Бұл жылы республика 16 млн т астық жинады. Мұны коммунистік даңғазалықпен 1 млрд пұт деп ауыз толтыра айтып жүрді. 1956 жылы тың жерлердегі дәнді дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн га дейін жеткізу міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1956-1958 жылдары республикада тағы да 4,8 млн га тың жер игеріліп, eгic аумағы 28,6 млн га-ға дейін есті. Мұның ішінде дәнді дақылдар егісінің аумағы 23,2 млн га еді. Республикада техникалық дақылдар, көкөніс, жемшеп өндіру де ұлғайтылды. Қазақстанда 1954-1960 жылдары 25,5 млн га тың және тыңайған жерлер игерілді.
Тың игерудің алғашқы табыстары. Тың игеру кезінде еңбекші бұқараның ерен ерлігі нәтижесінде Қазақстанда астық өндірудің көлемі артты. Тың көтеру экономиканың өзге салаларының дамуына да оңды ықпал етті. 1940-1950 жылдар ішінде Қазақстанда 15 жаңа қала, 86 қала тұрпатты поселке, жүздеген шағын елді мекендер пайда болды. Тұрғын үй құрылысы кең көлемде жүргізілді. Ондаған мың шақырым жол төселді. Қазақстанға өзге республикалардан адамдармен қоса қыруар техника келді. Егіншілік мәдениеті, қала салу, экономиканы өркендету тәжірибесі кеңейді.
Тың игерудің салдары.Астық өндіру бұрынғыдай экстенсивті әдістермен жүргізіле берді. Жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін орасан мол аумақтар жыртылып, экологиялық тепе-теңдік бұзылды. Топырақ эрозиясы күшейді, жердің құнарлы қарашірік қабаты (гумус) желге ұшты.Млн-даған гектар жерді жырту, елді мекендер салу, мал жайылымдарын және жемшөп дайындайтын алқаптардың ауқымын тарылтты. Инфрақұрылымдар жүйесіне мыңдаған гектар жарамды жер бөлінді. Осылайша, дәстүрлі мал шаруашылығы орны толмас шығынға ұшырады. Бұл жағдай, тиісінше ет, сүт өнімдерінің тапшылығын туғызды.Біраз жылдан кейін-ақ астык өндіру қарқыны төмендеп, тыңның берері азая бастады. Алтыншы бесжылдық (1956-1960 жж.) жоспардың орындалмауын көрер көзге жасыру үшін жарияланған жетіжылдық (1959-1965 жж.) жоспардың өзі орындалмады. Республика бойынша жалпы өнім өндіруді 70%-ға арттыру көзделгенімен, іс жүзінде ол 15%-ға ғана артты.Ауыл шаруашылығының өндірісі мен халық санының өсуінен тұрғын үй салу қарқыны мен мәдени-тұрмыстық қызмет көрсету ісі айтарлықтай артта қалды. Бұл жағдай тың игерген облыстардың бәріне тән еді. Тың игерудің алғашқы 2 жылында республикаға барлыға 640 мың адам келді.Бірақ олардың 150 мыңы ғана ауыл шаруашылығының механизаторлары еді.
Демографияға тигізген кері әсері. Тың игеру желеуімен 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға 2 млн-ға жуық адам қоныс аударды. Олардың басым көпшілігі славян тектілер еді. Бұлардың бәрі тек ауыл шаруашылығы жұмыстарына тартылған жоқ, көпшілігі өнеркәсіп, құрылыс, тасымал мен байланыс салаларына орналастырылды.Жұмысшы кадрлардың жетіспеуін сылтау ете отырып, әкімшіл-әміршілік басқару жүйесі шеттен келгендерді Қазақстанның қалаларына тежеусіз орналастыра бастады. Нәтижесінде қала халқының үлесі 1939 жылы 28% болса, 1959 жылы 44%-ға дейін артты. Республикадағы демографиялық ахуал мүлдем өзгеріп кетті. 1939 жылмен салыстырғанда, республика тұрғындарының саны сырттан келгендер есебінен 3 млн 216 мың адамға өсіп, 1959 жылы 9 млн 295 мың адамға жетті. Аталған мерзім ішінде Одақ халқы 9,5%-ға көбейгенде, Қазақстанда бұл көрсеткіш 52,8% болды. 1959 жылғы халық санағы бойынша, республикада тұратын жергілікті ұлт өкілдерінін саны 2 млн 787 мың, яғни Қазақстанды мекендеген барлық тұрғындардың не бары 29%-ын ғана құрап, оз жерінде ұлттық азшылық жағдайына түсті. Қазақтардың қалаға қоныс аудару үрдісі де жасанды түрде баяулатылды.Демографиялық ахуалдың орыс тілді тұрғындардың пайдасына қарай өзгеруі қазак тілі мен мәдениетін ауыр жағдайға түсірді. Қазақша тілдік орта тарылды. Қазақша аудандык, облыстық газеттер жабыла бастады, газеттердің, кітаптардың таралымы азайды. Ақпараттьщ өзге түрлерінде де жағдай осыған ұқсас болды. Қазақ мектептерінің саны күрт кеміді. Қоғамдық орындарда, экономикалық айналыста, іс жүргізуде орыс тілінің үстемдігі арта берді.
Мал шаруашылығының жайы. 1950 жылдары мал шаруашылығының жағдайы ауыр болды. Оның басты себебі, әкімшіл-әміршілік баскару жүйесінің ауыл шаруашылығын жүргізудегі сауатсыз әрекеттерінен болатын. Мал шаруашылығының материалдық-техникалық жабдықталуы өте төмен деңгейде қала берді. Соғыс жылдарындағы қиындық, тың игеруге байланысты жайылым мен шабындықтың тарылуы бұл саланың дамуына тежеу болды.
3. VІ –ІХ ғасырларда салынған архитектуралық ескерткіштер жайлы кестені
толтырыңыз:
Архитектуралық ескерткіштер
|
Қысқаша сипаты
|
Өзіндік ерекшеліктері
|
Ақыртас
|
VІІ-VІІІғғ. басталып, құрылысы аяқталмай қалған ғимарат.Іргетасы тастан қаланған. Академик К.М.Байпақовтың зерттеуі бойынша Ақыртас Қарлұқ қағанатының кезінде салынып, бітпей қалған. Ғимараттың көлемі: 180х205м. Құрылыс жүйесі үш-төрт бөліктен, көп бөлмеден тұрады. Сыртқы дуалдың қалыңдығы 5 м болса, ішкі дуалдың қалыңдығы 3-3,5 м болған.. Ақыртас жеріміздегі сәулет өнері тамаша ескерткіштерінің бірі.
|
Ескерткіш төрт бұрышты кесек тастардан қаланған. Олардың ортасы ақыр тәрізді ойылып, арасы ұсақ тастармен және балшықпен толтырылған.Сондықтан, Ақыртас аталады.Аңыз бойынша Алан-Хазар деген жігіттің қызға арнап тұрғызбақ болған сарайы, белгісіз себептермен аяқталмай қалған.
|
Мырзарабат
|
VІ-ІХғғ. салынған екі сардобаның бірі. Сардоба – парсыша «құдық үстіне салынған құрылыс» дегенді білдіреді. Сардобалар керуен жолдарының бойында және көші-қон бағыттарында жолаушылар
мен малшылардың су тапшылығын көрмеуі үшін қазылған құдықтардың үстіне салынған. Күмбезді құрылыс болып табылады. Мырзарабад сардобасы Мырзашөл керуен жолының бойына салынған.
|
Біркүмбезді және көп күмбезді сардоба.Құрылыс жүйесі және күмбезі киіз үйге ұқсас. Шаруашылық қамы үшін салынған, азаматтық ғимарат.
|
27 - Билет
1. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың өмірі мен шығармашылығы.
2. І және ІІ дүниежүзілік соғыс кезіңіндегі Қазақ халқының жағдайын салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
3. Неолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз:
Тұрақтар
|
Орналасқан жері
|
Ерекшеліктері
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жауаптары:
1. Қадырғали Қосымұлы Жалайыридың өмірі мен шығармашылығы.
Қайырғали Жалаири (Қадыр Әлі Қосымұлы би, арғы тегі Жалайыр) деп аталған бұл кісі ХVI-ғасырдың ортасы мен ХVII-ғасырдың басында өмір сүріп (1530-1605 жылдары), қазақ халқының тарихында өшпес із қалдырған. Ресейдің атақты патшасы Борис Годуновтың қол астында жүріп, 1602 жылы "Жылнамалар жинағын" жазып бітірген. Туған жері — Қазақстан жеріндегі Сырдария бойы. Қадырғалидың ата-бабалары Қарахан әулеті билігінен бері үздіксіз хан сарайында қызмет етіп, ханның ақылшы-кеңесшісі, қол бастар батырлары болған. Оның өз атасы Темшік Шығай ханның батыры болса, әкесі Қосым бек лауазымын иеленген.Ол қазақтың ұлы хандарының бірі Тәуекел сарайында қызмет етіп, ақылшы, кеңесшілік рөл атқарған. Ана тілімен қатар араб, парсы тілдерін жақсы меңгергендіктен, асқан зор білімінің арқасында жас бекзадаларды оқытып, тәрбиелеген. Әсіресе оның үлкен үміт еткені — Оразмұхаммед сұлтан еді. Өзінің ғылыми еңбегінде бұл туралы былай дейді: "Менің аталарым Оразмұхаммед сүлтанның аталарына қызмет етті. Өзім Оразмұхаммедтің қасында болдым". Жас сұлтан Оразмұхаммедтің аңшылыққа құмар екенін, жылма-жыл ерте көктемде, күзде Ертіс, Тобыл бойын жағалап ит жүгіртіп, құс салатынын жансыздары арқылы біліп отырған Сібірдегі орыс әкімдері (патшаның тапсырмасы бойынша) аңдып жүріп, Тобыл алқабында қаршыға салып, көңіл көтеріп жүрген Оразмұхаммедті, Қадырғали бастаған саятшы, нөкерлерімен қоса тұтқынға алады да, "аманат" ретінде Мәскеуге жөнелтеді. Бұл 1588 жыл еді. Оразмұхаммедтің хан ордасы адамы екенін, Қадырғали Шығыс тарихын, мәдениетін жақсы білетінін, көп тілдерді игерген ғұлама екенін сезген соң, орыс патшасы оларды жақсы қабылдайды, өз маңайында ұстайды. Әскер өнерін жетік білетін батыр жігіт Оразмұхаммед 1590-91 жылдары орыстардың Шведтерге, Қырым хандығына қарсы жүргізген соғыстарына қатысып, ерлік көрсетеді. Соны ескерген жөне оның хан тұқымы екенін білетін патша Федор Иоанович 1592 жылы Ока өзені бойындағы мұсылмандар мекендейтін бұрынғы Қасымов хандығынан Оразмұхаммедке жер бөліп береді, 1600 жылы ұлы патша Борис Годунов Оразмұхаммедті Қасымов ханы етіп тағайындаған. Өзінің арғы тегі жалайыр екенін білді ме, жоқ па — әйтеуір Қадырғали бек те зор құрметке бөленіп, бас уәзірлік қызметін атқарады. Қазақ елінің тарихы жөніндегі ғылыми еңбекті де Борис Годуновтың тапсырмасы бойынша жаздым деуі орынды. Себебі бұл еңбек ақ патшаға арналған және алғашқы тарауында соның билік жүргізу жүйесін бейнелейді. Қадырғали бұл шежіресі ертедегі қазақ тілінде жазылған тұңғыш тарихи еңбек екені аян. Ш.Уәлиханов бұл кітаптың аңыздан гөрі ақиқаты басымырақ деп бағалаған. Онда қазақ жері, оның қалалары, ХIII-ХVӀ ғ. аралығындағы қазақ жеріндегі оқиғалар, қазақ хандарының ішкі-сыртқы жағдайлары, әлеуметтік топтар және қазақ жерін мекендеген ежелгі рулар бірлестігі жайында деректер бар.
2. І және ІІ дүниежүзілік соғыс кезіңіндегі Қазақ халқының жағдайын салыстыра отырып, талдау жасаңыз.
Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақстан (1914-1918 жж.). XIX ғасыр Қазақстан үшін Ресей империясына тұтастай бодан болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың басында ол шикізат өндіретін әрі сауда рыногы болып танылған отарлы өлке санатында жалпы ресейлік шаруашылық кешенінің құрамды бөлігіне айналды.Капиталистік қатынастарға ерте көшкен елдер дамуы жағынан едәуір озып кетіп, әлемнің қарқынды дамыған мемлекеттерінің алдыңғы легін құрды. Ресей капиталистік экономика жолына кеш түссе де, жедел дамып, орташа дамыған екінші лекте өзін нық сезінді. Азияның, Африканың, Латын Америкасының баяу дамыған елдері үшінші қатарда қалды. Алдыңғылар соңына ерген елдерге қысым жасады, олардың ішкі істеріне қол сұқты,еңбек ресурсы мен шикізатын пайдаланды. Ресей де Азия елдеріне көз тікті, шет өңірлерді өзінің отарына — шикізат әрі тұрақты нарық көзіне айналдырды.ХХ ғасырдың басында капиталистік елдер арасындағы қайшылықтар күшейе түсті. Дамыған мемлекеттер бөлшектеніп кеткен отарларды қайта бөлгісі келді. Оларға арзан шикізат көзі жетіспеді. Өзара топ құрып одақтасқан бәсекелес әскери-саяси блоктар — Үштік Одақ (Германия, Австро-Венгрия, Италия) пен Антанта (Франция, Англия, Ресей) тартысы 38 мемлекет қатысқан дүниежүзілік соғысқа әкеліп соқтырды.«Қазақ" газетінде Ә.Бөкейхановтың "Тағы соғыс" деген мақаласы басылды. Онда автор соғыстың әділетсіз екендігін, күшті мемлекеттер тарапынан зорлық саясат жүргізіліп отырғанын делелдеді. Ол: "Бұл соғыстан жалпы жұртқа пайда жоқ. Нарлар алысар, ал шаруасын бұзып, қанын төгетін — сорлы халық болар. Жиырмасыншы ғасырда Еуропа патшалықтарының қылған ісі кімнің алдында ақталмақ?" — деп жазды.Қазақ сахарасының болмысы XX ғасырдың басында күрделене түсті. Ресей Азиялық Шығысты отарлауды жедел қарқынмен жүргізді. 1907-1912 жылдардың өзінде Қазақстанға Ресейден 2 млн 400 мың адам әкеліп қоныстандырылды. Қазақтар шұрайлы жерінен айырылды. Сонау Столыпин реформасының бас кезінде-ақ "Санкт-Петербургские ведомости" газеті: "Егер мемлекет мүддесі қырғыздарды құрбан етуді талап етсе, әрине, бұған қарсы шығудың керегі жоқ...»—деп жазған болатын.1917 жылға қарай Қазақстаннан жақсы егістік жер мен жайылымдардың 45 млн-нан астам десятина жері тартып алынды. Қоныстанушылар жалдамалы еңбекті пайдаланды. Өз елінде жерсіз қалған қырғыз-қазақ жалшылары пайда болды. "1899 жылдан кейін қазақтар мен орыстар арасындағы этностық жанжалдар даладағы өмірдің сипатты белгісіне айналды", — деп жазды Т.Рысқұлов.Өлкені талауға салу бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында бұрынғысынан да жеделдете жүргізіліп, ауқымды сипат алды. Қазақ даласынан арзан бағамен орасан көп мөлшерде мал сатып алынды. Патша армиясы үшін киіз үй мен бұйымдар жиналды. Салық мөлшері өсіп, соғыс салығы енгізілді, мемлекеттік заемдар таратылды, баж салығын төлеу міндеттелді, жергілікті халық соғысқа арналған жүктерді (негізінен, азықты) теміржол станциясына тасуға мәжбүр болды.Қазақ даласынан азық-түлік, мыңдаған жылқы мен түйе майданға жіберілді.Әскерге алынғандардың отбасыларына көмек көрсетуді желеу етіп, батырақ қазақтарды кулактар шаруашылықтарына, кәсіпорындарға жұмысқа тартты. 1916 жылы патша әкімшілігі ресейлік отаршылдар үшін жаңадан жер тартып алуды ойластырды. А.Байтұрсынұлы сонау 1913 жылдың өзінде: "Қазақ ұлтының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды", — деп жазған еді.1916 жылғы 25 маусымдағы патша Жарлығы бойынша, қара жұмысқа 19-дан 43 жасқа дейінгі еңбекке жарамды барлық ер адамдар алынуға тиіс болатын. Сол арқылы патша үкіметі көптеген орыс солдаттары мен жұмысшыларын неғұрлым көнбіс жөне арзан жұмыс күші ретінде "реквизицияланған бұратаналармен" ауыстырып, оларды қорғаныс құрылыстары мен басқа да тыл жұмыстарынан босатқысы келді. Түркістан мен Дала өлкесінен 500 мыңнан астам жігіт алу көзделді. Бұл жағдай қазақ даласына үлкен қобалжу туғызды. Соңында көтеріліске әкеліп соқтырды.
Қазақстан 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы жылдарында. Ұлы Отан соғысы еліміз басынан өткерген барлық соғыстардың ішіндегі ең ауыр сұрапыл соғыстардың бірі болды.Соған қарамастан кеңес халқы тарихында ол қаһармандық пен даңққа толы кезең ретінде қалды."Барбаросса" жоспарын жасаған кезде фашистік Германияның билеушілері басып алынатын Кеңес аумағында Остланд (Беларусь пен Балтық жағалауы), Украина, Московия (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Түркістан және Еділ-Орал рейхскомиссариатын құруды жоспарлады. "Ғылыми-зерттеу институты" деп аталған "Арбайтегемайншафт Түркістан" атты жоғары барлау мектебі құрылып, болашақтағы "Үлкен Түркістан" картасын әзірледі. Оған Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның бір бөлігі енгізілді. Қуыршақ мемлекет құру идеясы экономикалық және саяси мақсаттардан туындады. Бұл өңірде ұлы Герман империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын құру белгіленді.Кеңес елін отарға айналдыру, ал оның халқын құлдықка түсіру - гитлершілдердің дүние жүзіне үстемдік орнату жолындағы басты нысаналарының бірі болды. Фашистік идеологтар кеңес адамдарын саяси және нәсілдік тұрғыдан аяусыз қырып-жоюдың кең көлемді бағдарламасын әзірледі. Алайда тарихи тағдыры бір ортақ Отанын қорғауға ұмтылған көп ұлтты халық бұл зұлымдық ойдың тас-талқанын шығарды. Кеңес Одағы тас-түйін болып, аса қауіпті жауға қарсылық көрсетті. Жалпыға бірдей міндетті әскери іске үйрету өрістетілді. Республикада екі млн-нан астам адам әскери даярлықтан өтті. Әрбір бесінші қазақстандық майданға аттанды.Республика экономикасын соғыс жағдайына лайықтап қайта құру жүзеге асырылды. Соғыстың алғашқы кезеңі аса ауыр болды. 1941 жылдың соңына қарай КСРО аумағының өндіріс пен стратегиялық ресурстар орналасқан біршама бөлігі жау қолында қалды. Осындай жағдайда Қазақстанның соғыс тылы ретіндегі рөлі арта түсті. Республика экономикасын соғыс қажетіне қарай қайта құру мен соғыстың мықты тылын жасау алдыңғы қатардағы маңызды міндетке айналды. Өнеркәсіп орындарын майданға жақын өңірлерден елдің шығыс аудандарына көшіру жүзеге асырылды. Оның ішінде, 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер Қазақстанға орналастырылды. Республикаға тамақ өнеркәсібінің 54, жеңіл және тоқыма өнеркәсібінің 53 кәсіпорны көшіріліп әкелініп, қалпына келтірілді.Оларды орналастырған кезде соғыс уақытының талабы - қалпына келтіру жұмыстарының мейлінше асығыс болуы, майдан үшін өте қажетті өнімді мүкіндігінше тезірек беру жағы ескерілді.Ауыл шаруашылығын қайта құру міндеті де оңай болған жоқ. 1942 жылы Қазақ АКСР-і ауыл шаруашылығында соғысқа жарамды тұрғындардың саны 1939 жылмен салыстырғанда 600 мың адамға азайды. Осыған байланысты ауыл шаруашылығында әйелдер еңбегінің үлес саны артты. Қазақстан армия мен тұрғындарды азық-түлікпен, өнеркәсіпті ауылшаруашылық шикізатымен қамтамасыз ететін негізгі көзге айналды.Соғыс кезінде Қазақ КСР-і КСРО-ның аса ірі мал шаруашылық базасына айналды. Колхозшы шаруалар мемлекеттік мәні бар міндеттерді құлшына орындап, отаншылдық үлгісін танытты.Звено жетекшілері Ш.Берсиевтің (қуаңшылыққа төзімді жоғары өнім беретін тарының сортын алып, әлемдік рекорд жасады), Ы.Жақаевтың, Ким Ман Самның (күріш өсірушілер) , А.Дацкованың еңбектегі даңқы бүкіл елге тарады..Республика еңбекшілері майданға сыйлықтар, сәлемдемелер, жылы киімдер жинап жөнелтуде жоғары белсенділік көрсетті.Майданға бүкілхалықтық көмек отан қорғаушылардың жауды жеңетініне сенімін нығайтып, оларды жаңа ерлікке жігерлендірді. Қазақстан тұрғындары фашистік отаршылықтың ауыртпалықтарын бастан кешірген 12 қала мен 45 ауданды қамқорлыққа алды. Қазақстандықтар қаһарман қалаларға, Мәскеу маңының Курск және Калинин облыстарының, Солтүстік Кавказдың, Украинаның, Беларусьтің, Молдованың, Балтық жағалауының еңбекшілеріне халық шаруашылығын қалпына келтіруге туысқандық, көмек көрсетті.І дүниежүзілік соғыс жылдарында қазақ елі отарлау саясатының зардабын тартып, әділетсіз соғысқа қатысқан Ресей мүддесіне қызмет етсе, Ұлы Отан соғысында ортақ Отан үшін майданда жандарын қиып, ал тылда болса тер төгіп еңбек етті.
3. Неолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз:
Тұрақтар
|
Орналасқан жері
|
Ерекшеліктері
|
Усть-Нарым
|
Шығыс Қазақстан
|
Бұл ескерткіш жаңа тас ғасырының ерте кезеңіне, яғни
б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады. Шығыс Қазақстан
аймағынан табылған қоныстар құрал-сайманға өте
бай болып келеді. Мұнда құрамалы құралдар жасау
үшін пайдаланылған, құралдың ұшы қызметін атқарған
өткір ұсақ сынатастар көп табылды. Бұл
аймақты мекендеушілер егіншілік, балық аулау
және терімшілікпен айналысқан.
|
Пеньки
|
Солтүстік Қазақстан
|
Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы
маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ
пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек
кездеседі. Тұрақты мекендеген адамдардың
негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық
аулау, терімшілік болды.
|
Сексеуіл
|
Қызылорда облысы
|
Сексеуіл тұрағының маңында су қоймасы болған.
Табылған жануарлардың қалдықтарын зерттей
келе, ғалымдар олардың басым көпшілігі қой мен
сиырдың, қалғандары жабайы жылқылардың
қаңқалары екенін дәлелдеді. Сексеуіл
тұрағының тұрғындары мал өсірумен және
аңшылықпен айналысқан.
|
Достарыңызбен бөлісу: |