Таным - адамдардың білімге жетуге бағытталған белсенді қызметі. Агностицизм: нақты таным мүмкін емес.
Скептицизм: реалды шындықты танып-білу мүмкіндігі күмәнді.
Танымның негізгі екі түрі: қарапайым стихиялық-эмпирикалық және ғылыми таным. Қарапайым таным мен ғылыми танымның арасында әсіресе қазіргі заманда кең өріс алып отырған ғылымнан тыс, парағылымдық (пара - грекше para қасында, жанында, маңында) таным бар. Ғылыми таным - таным мен білімнің ең жоғарғы формасы, ол адамға дүние туралы объективтік білім жинауға мүмкіндік беріп, оған өзін тұлға ретінде қалыптастыруға, белгілі бір көзқарасқа ие болуға және өмір мен қоғамнан өз орнын табуға көмектеседі.
Ақиқат – танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы алға тартылады. Ақиқат дегеніміз субъект пен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жататын әлеуметтік-тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективті. Объективті ақиқат деп қоғамдық адам түсінігіндегі, біліміндегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субъективтіктің диалектикалық бірлігі. Зерттеліп отырған объект жөніндегі толық емес білімді – салыстырмалы ақиқат, ал толық және дәл білімді – абсолютті ақиқат деп атайды. Салыстырмалы ақиқат пен абсолютті ақиқат – әлеуметтік, тарихи процесс ретіндегі объективті ақиқаттың көріністері. Объективті ақиқат салыстырмалы – абсолютті түрде ғана өмір сүреді.
Әдебиет Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.
Мырзалы С. Философия: оқу құралы. – Аcтана: Бастау, 2014/16. – 646 б.
Канке В.А. Философия: Учебное пособие для студентов высших и средних специальных учебных заведений. – М.: Логос, 2001. – 272 с.
Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы, 3-том, Қазіргі заман философиясының бастауы / Ғылыми ред. Нұрышева Г.Ж. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 394 б.
Спиркин А.Г. Философия. – М.: Юрайт, 2016. – 828 с.
Зотов А.Ф. Современная Западная философия.– М.: Высшая школа, 2012.
Гулыга А. Кант. (1977) www.Lib.ru/MEMUARY/ZHZL/kant.txt