«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»



бет2/39
Дата20.02.2022
өлшемі113,9 Kb.
#132573
түріКонспект
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Философия конспектілер

Бақылау сұрақтары

  1. Ойлау мәдениетінің пайда болуын түсіндіріңіз?

  2. Алғашқы адамдар мен бүгінгі адамдардың ойлауында қандай айырмашылықтар бар?

  3. Мифтік, образдық, логикалық, ұғымдық ойлау дегенді қалай түсінесіз?

  4. К.Ясперстің «Кіндік кезең» концепциясының мәні неде?

  5. Философияның даналыққа құштарлық ретіндегі анықтамасы қандай мағынаға ие?

  6. Үнді тілінде философия сөзінің мағынасы нені білдіреді?



2-тақырып: Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Дәрістің мақсаты – философиялық білімнің негізгі сипатын және философияның мәдениет жүйесіндегі орнын, адам мен қоғам өміріндегі рөлін пайымдау.


Дәріс сұрақтары:

  1. Дүниенің ғылыми, философиялық және діни суреттемелері.

  2. Философияның бөлімдері, болмыс, таным, адам және қоғам.

  3. Философия және медицина өзара байланысының диалектикасы. Грекиядағы ғылыми медицинаның пайда болуы.



Кілт сөздер: философия, даналық, болмыс пен ойлау, материя мен сана, рух және табиғат, онтология және гносеология, агностицизм және гностицизм, скептицизм, диалектика және метафизика, архэ, субстанция, медицина, Асклепия, асклепиадтар, философияның тарихи типтері. Пифагор, Фалес, Гераклит, Парменид, Платон, Аристотель, Гиппократ.

Философия – адамзат баласының сонау ықылым заманнан басталған білімі, қоғамдық сананың формасы, болмыс пен танымның жалпы заңдылықтары туралы ілім. Кез келген адамды әлем, қоршаған орта, қоғам, дін, діл, білім, саясат, мәдениет секілді мәселелер бей-жай қалдырмайтыны айдан анық. Міне, осы іспеттес мәселелер философия пәнінің негізгі қарастыратын бөлімдері болып табылады. Философия сөзі грек тілінен аударғанда - даналыққа деген махаббат мағынасын білдіреді.


Б.з.д. VII-VI ғғ. Ежелгі Үндістан, Қытай және Грекия жерлерінде бір уақытта пайда болады. Мәліметтерге сүйенсек, «философия» терминін алғаш қолданған Антика дәуірінің атақты философы және математигі Пифагор.
Философия дүниеге көзқарастың бір түрі. Дүниеге көзқарас – дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниеге көзқарас үш негізгі типтен тұрады: мифологиялық, діни және философиялық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет