«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»



бет24/39
Дата20.02.2022
өлшемі113,9 Kb.
#132573
түріКонспект
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39
Байланысты:
Философия конспектілер

Бақылау сұрақтары

  1. Философия тарихындағы адам мәселесі? Адамға бетбұрыс мәні.

  2. Адамдағы биологиялық пен әлеуметтіктің арақатынасы?

  3. Философиялық антропологияның қалыптасуы?

  4. Философиядағы адам анықтамалыры?

  5. Қазіргі заман адамының алдында тұрған басты міндеттерді қалай түсінесіз?

8-тақырып: Өмір және өлім. Өмірдің мәні


Дәрістің мақсаты – философиядағы адам оның өмірі, өлім, өмірдің мәні туралы пайымдаулармен таныстыру.


Дәріс сұрақтары:

  1. Адам болмысының категориялары (бақыт, сенім, өмір және өлім). Адам өмірінің мәні мен мағынасы.

  2. Мораль, құқық және саясат. Философия тарихындағы адам өмірінің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм. Эвтаназия мәселесі.

  3. Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы. Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі.



Кілт сөздер: бақыт, сенім, өмір және өлім. Дүние, қанағат, құмарлық. Өмірдің онтологиялық және аксиологиялық мазмұны. Cократ, Аристотель, Сенека, Эпиктет, Диоген, Августин, әл-Фараби, Николай Бердяев, Жан Поль Сартр, Анахарсис, Қорқыт, Асанқайғы, Абай, Шәкәрім, Мәшһүр Жүсіп Копеев, Шал ақын.

Адам, оның ажалдығы және ажалсыздығы. Іргелі философиялық мәселелердің өмір және өлім мәселесімен байланысы: метафизика және моральдық философия. Өмірдің мәні – оның шектеулілігін ұғыну. Уақыт, мәңгілік және мақсат. Қорқыт дүниетанымындағы мәңгілік өмір мәселесі.


Өмірдің мәні. Өмірдің мәнін іздеу. Философиялық ойлар тарихындағы өмірдің мәні мәселесі: фатализм, гедонизм, волюнтаризм, функционализм. Өмірдің мәні – қазақ философиясының негізгі категориясы.
Өмірмәндік құндылықтар туралы ілім. Адам қажеттіліктерінің пирамидасы. Махаббат – адамның өмір сүру мәні. Фәлсафа дәстүріндегі Қожа Ахмет Яссауидің мистикалық дүниетанымы. Абай философиясындағы махаббат мән-мағына туғызатын бастама ретінде. «Махаббатпен жаратқан адамзат ...». Өмір философиясы барлық тіршілік иелеріне рухқа, не материяға ұқсамайтын, бірақ түйсік сезімі арқылы тануға болатын өмір көрінісінің формасы және әлдеқандай бір алғашқы реальдық ретінде қарастырады. Бұл философияның пайда болуына биология немесе психология сияқты ғылымдарының жедел дамуы әсер етті. Өмір философиясындағы басты ұғым - өмірдің мәні мен мағынасын алуан түрлі, оны қай позициядан, қалай түсіндіруге байланысты. Мұндағы «өмір» ұғымы бәрінен бұрын тірі организм өмір сүріунің шарты ретіне биология-натуралисттік мағынасында қолданады. Сонымен қатар, «өмір» - дүниенің фбсолюттік шектік негізі болып табылады. Ол материя мен санаға қарағанда белсенді, көп мағыналы әрі мәнгі қозғалыста болады. Оны сезімдік немесе ақыл ой сатылары арқылы емес, тек түйсікпен ғана тануға болады, әрі діни толғаныстармен топшаланады. Өмір философиясы ішкі логикасы жағынан екі салаға бөлінеді: 1) Өмірді тек биология жағынан қарастырып, түсіндіріп биологиядық қасиеттерді шындық өмірдің барлық түрлеріне телиді.Бұл конспекция өмір философиясының психологиялық варианты деп аталады. 2) Өмірді рухани күштердің иррационалдық құбылуы ерік және ішкі толғыныс формасында қарастырады. Сонымен бірге өмір философиясының мәдениет философиясы немесе «тарихи» нұсқа деп аталатын түрі де бар. Бұл қағиданы жақтаушылар өмірді «ішкі» жағынан талдап түсіндіре отырып, тікелей ішкі толғаныстарға жүгінеді. Өмірдің мәнін адам жан дүниесі мен психологиялық тәжірбиелері арқылы емес, мәдени тарихи тәжірібиелер арқылы түсіндіріледі. Өмір философиясының жекеленген нұсқалардың принциптік айырмашылықтарға қарамастан, оның әр түрлі концепцияларының ортақ негізі бар. Ол - қаншылдық пен позитивизм ықпалына байланысты 19 ғ-дың соңы мен 20 ғ-дың басында кең тарап, үстем болған мотодологизмге қарсы күрес жүргізу. Қазіргі таңда, Өмір философиясы экзистенцириализм мен персонализмге ұстанып отыр.
Адам өмірінің мақсаты мен мәнін ажыратып қарау қажет. Олар бір нәрсе емес. Егер адамның алдында дәрігер, инженер немесе журналист болу мақсаты тұрса, бұл әлі де өмірдің мәніне байланысты мәселе емес. Өмірдің мәні дегеніміз – адамның не үшін дәрігер болғысы келеді деген сұрақты өзіне қоюы. Яғни осы әрекеттерімнің барлығы не үшін деп ойланып көру.


Әдебиет

  1. Нұрышева Г.Ж. «Философия» – Алматы: Інжу-маржан, 2013.

  2. Петрова В.Ф., Хасанов М.Ш. «Философия». – Алматы: Эверо, 2014.

  3. Мырзалы С. Философия: оқу құралы. – Аcтана: Бастау, 2014/16. – 646 б.

  4. Бертран Р. История западной философии. – М.: Издатель Litres, 2018. – 1195 с.

  5. Джонстон Д. Философияның қысқаша тарихы: Сократтан Дерридаға дейін. – Алматы: «Ұлттык аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 216 б.

  6. Хесс Р. Философияның таңдаулы 25 кітабы. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2018. – 360 б.

  7. Канке В.А. Философия: Учебное пособие для студентов выс­ших и средних специальных учебных заведений. – М.: Логос, 2001. – 272 с.

  8. Кенни Э. Батыс философиясының жаңа тарихы, 4-том, Қазіргі заман философиясы / Ғылыми ред. Нұрышева Г.Ж. – Алматы: «Ұлттық аударма бюросы» қоғамдық қоры, 2019. – 420 б.

  9. Зотов А.Ф. Современная Западная философия.– М.: Высшая школа, 2012.

  10. Нұржанов Б.Ғ. Модерн. Постмодерн. Мәдениет / Б.Ғ.Нұржанов / Қазақ тіліне аударған Марал Хасен / – Қарағанды: «TENGRILtd», 2013. – 320 б.

  11. Сейтахметова Н. Мұсылман философиясы // «Әлемдік философиялық мұра». Шығыс философиясы. Оқу құралы. – Алматы: Жазушы, 2009. – 480 б.

  12. Соловьева Г. Қазіргі Батыс философиясы // «Әлемдік философиялық мұра». Батыс философиясы. Оқу құралы. – Алматы: Жазушы, 2009. – 480 б.

  13. Әбу Насыр әл-Фараби. 10 томдық шығармалар жинағы. 4-том. Бақыт жолын сiлтеу // Әлеуметтік философия. Этика. Эстетика. (1 бөлім) Астана: ТОО «Лотос – Астана», 2007. – 286 б.

  14. Әбу Насыр әл-Фараби. 10 томдық шығармалар жинағы. 5-том. Бақытқа жету жайында // Әлеуметтік философия. Этика. Эстетика. (2 бөлім) Астана: ТОО «Лотос – Астана», 2007. – 299 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет