«Қазақстан тарихы және Қазақстан халықтарының мәдениеті»



бет22/39
Дата20.02.2022
өлшемі113,9 Kb.
#132573
түріКонспект
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39
Байланысты:
Философия конспектілер

Дәрістің мақсаты – философиядағы адам мәселесінің мәнін және адамға берілген анықтамалардың мазмұнын пайымдау.


Дәріс сұрақтары:

  1. Адам және әлем. Заттар әлемі. Адамды қарастырудағы философиялық тәсілдің ерекшелігі.

  2. Шығыс және Батыстық философиялық дәстүрдегі адам мәселесі. Адам анықтамалары.

  3. Марксизм, психоанализ және экзистенциализмдегі адам болмысының мәні. Философиялық антропология.



Кілт сөздер: адам, индивид, тұлға, индивидуалдылық, антропология, философиялық антропология, адамның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік мәні. Белсенді сана немесе Әрекетшіл ақыл-парасат. Білім, махаббат, ар-ождан, намыс, кісілік қадір-қасиет. Сократ, Протогор, Аристотель, Августин, Фома Аквинский, әл-Фараби, Кант, Фейербах, Маркс, Хайдеггер, Макс Шелер, Хельмут Плеснер, Фрейд.

Философиялық антропологияның негізін салғандар неміс философтары Макс Шелер (1874-1928) мен Хельмут Плеснер. Философиялық антропологияның негізгі идеялары және әдістемелік құрылымдары Макс Шелердің «Адамның космостағы жағдайы» (1928), Хельмут Плеснердің «Органикалық сатылары және адам. Философиялық антропологияға кіріспе» (1928) атты еңбектерімен байланысты.


Адам мәселесі Көне Шығыс философиясында ең терең қарастырылған мәселе. Мәселен, көне Қытай ойшылы Конфуций «Адамгершілік деген не?деп сауалдап, оған, ол адамдарға махаббат.
Білім деген не? –
дегенде, ол адамдарды білу» деп жауап береді.
Конфуций:

  • Едал кісіні адал еместерден биік қойсаң, адал еместерді адалдыққа тартасың»;

  • «Адамгершіл кісіде мына бес қасиет болу керек:

  • Кісіге шын құрмет, кеңпейілділік, шыншылдық, зеректік, мейірбандық.

  • Біріншісі – жарамсақтануға жол бермейді;

  • Екіншісі – барлығын бағындырады;

  • Үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады;

  • Төртіншісі – жеңіске жетуге мүмкіндік береді;

  • Бесіншісі – адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады»

Конфуцийдің «Мен жаңадан ештеңе ойлап шығарғам жоқ, мен небәрі ескіні бүгінге жалғастырушымын» деген пікірі бар. Яғни Конфуций – жаңаны негіздеуші. Бірақ бұл жаңа – көненің жаңғыруы, өңделіп, жетіліп, жүйеленіп, өзгеше қалыпқа түсуі. Мұндағы сыпайылық – өзін кеміту емес, көтермелеу, барлығы көне дәстүрден, ұлттық арнадан бастау алады дегенге меңзеу.


Конфуций «Мені жұрт білмейді деп қынжылма, керісінше, өзім жұртты білмеймін деп қынжыл» дейді.
Көне грек философиясындағы адам мәселесін қарастыру софистер мен Сократтан бастау алады. Протогор адам барлық заттардың өлшемі десе, Сократ өзіңді өзің танып біл деген ұстанымда болды.
Адамның биологиялық, психологиялық және әлеуметтік мәні. Еңбек, мораль, сана – қандай да болсын адамзаттың игіліктері (еңбек), адамдар арасындағы құқықтылық қатынас (мораль), адамға тән психиканың деңгейі (сана) қоғам қалыптасуындағы басты үш фактор, қажетті сектор. Үшеуінің қайысысы бұрын екендігі жөнінде тұжырым болмағандықтан еңбек, мораль, сананың тууы – қоғамның қалыптасуының түпкі шарты болып табылады. Сондай-ақ жанама факторлар: тіл, жанұялық қатынас, қоғамдастық және т.б да антропосоциогенездегі маңызды қатынастар.
Адамның табиғатпен, қоғаммен, әлеммен байланысынан оның биологиялық, психологиялық, әлеуметтік қырлары ашылады
Биологиялық жағынан адам – тәндік негізі бойынша барлық сүт қоректі хайуандарға ортақ қасиеттерді иемденеді. Организмдердің бәріне ортақ: қан айналым, зат алмасу, туу мен өлу және т.б. процестер адамның бір жағынан биологиялық тіршілік иесі екендігін көрсетеді. Сондықтан адам эволюциядан оқшау әлеуметтік жан иесі ғана емес, сол табиғи ортаның заңды жалғасы болып табылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   39




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет