4. Сабақтың мақсаты: Даосизм адамға қоршаған ортаның сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Оны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған. Және соңында даоға қайта оралады.
*оқыту: тың мәліметтер беру арқылы, білімді қалыптастыру
*тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау;
*дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1.Діннің және діни ұғымдардың пайда болуы мен оның тарихи түрлері.
2. Қазақ халқының діни нанымдары және оның зерттелу тарихы.
3. Көк тәңірі,Көк Бөрі,Ұмай Ана ұғымдары.Шамандық және бақсылық.
4. Тәңір діні көне дін.
5. Ш.Уалихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың діни нанымдары мен дүниетанымы.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Конфуций Дао ілімі.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Қытай этносының дүниетанымдық көзқарасы.
2. Конфуций ілімінің құндылықтары.Конфуций іліміндегі аспан құдайы.
3. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар.
4. Конфуций Дао ілімдерінің дінге айналу шарттары.Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар.
5. Конфуций Дао ілімдерінің Қытай мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.Конфуций Дао ілімдерінің әлемдік мәдениеттегі орны.
Даосизм (қытайша «дао цзяо» – «жол ілімі») б.з.б. ІҮ-ІІІ ғасырларда Ежелгі Қытайда пайда болды. Аңыз бойынша бұл ілімнің құпиясын аты аңызға айналған Хуан-ди («Сары император») ашқан. Ақиқатында даосизм шамандық нанымдардан және ежелгі магтар ілімінен бастау алды. Ал оның негізгі қағидалары данышпан Лао-цзыныкі саналады. «Жол және ізгіліктер туралы канонда» (Дао-де-цзинде) және философ Чжуан Чжоу көзқарастары көрініс тапқан (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.) Чжуан-цзыда баяндалады.
Тұтас жүйе ретіндегі даосизм «Лэ-цзы» (б.з.б. ІҮ-ІІІ ғ.ғ.) және «Хуаинань-цзы» (б.з.б. ІІ ғ.) еңбектерінде тұжырымдалған.
Даосизм адамға қоршаған ортаның сырларын ашуды, өмір мен өлім мәселелерін айқындауды мақсат етіп қоятын ілім. Даосизмнің негізгі категориясы дао (жол, ақиқат, тәртіп) – ғарыш болмысының ішкі заңдылығы, табиғаттың жалпы заңы іспетті, формалар әлемін тудырушы бастау. Дао тек бастапқы себеп қана емес, сондай-ақ соңғы мақсат, болмыстың аяқталуы. Оны ешкім жаратпаған, бірақ барлық нәрсе даодан жаратылған. Және соңында даоға қайта оралады.
Көне даосизмнің философиялық ұстанымы оратағасырлық даошылардың діни ілімдеріне негіз болды. Ортағасырлық даоцизмнің көрнекті өкілдері Ге Хун (ҮІғ.), Вань Сюаньлань (ҮІІ ғ.), Ли Цюань (ҮІІІ ғ.), Тянь Цяо (Х ғ.), Чжуань Бодуань (ХІ ғ.). Конфуцийшілдік білім алған зиялы қауым да даосизм философиясына қызығушылық танытты, оларға қарапайымдылық пен табиғилықтың көне культі қатты ұнады, табиғатпен тұтасуда шығармашылық еркіндікке қол жеткізілді. Даосизмге деген ықылас әсіресе Хань династиясы құлап, конфуцийшілдік ресми дін ретінде өз мүмкіндігін сарқыған уақытта орын алды. Буддизмнің Қытай жеріне бейімделуі арқасында даосизм одан бірқатар культтер мен философиялық ой-тұжырымдарды қабылдады, буддалық ұғымдар мен философиялық концепциялар қытайларға түсінікті даолық терминдер тіліне аударылды. Даосизм неоконфуцийшілдіктің дамуына ықпал етті.
ІІ ғасырда «Аспан жұлдыздарының жолы» деп аталатын Чжан даомин (І-ІІ ғасырларда) негізін қалаған бағыт пайда болды. Аңызға сай ол Лао-цзыдан аян алып, оның жердегі өкілі болу құқығын иеленеді. Оның «Көктен түскен ұстаз» титулы осы уақытқа дейін ұрпақтан ұрпаққа мирас болып келеді. ІҮғасырда «Жоғары тазалық» және «Рухани асыл қазына» атты даолық мектептер пайда болды. Олар медитациялық пайымдау тәсілдеріне көп көңіл бөлді.
ІҮ-ҮІ ғасырлардан бастап даолық ілімнің көптеген қағидалары қайта қарастырылып, ресми мәртебеге ие болды. Біртіндеп ауқымды иерархиялық канон жасалды. ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда монахтық институттар мен монастырлар, ҮІІІ ғасырда қытайлық көптеген институтттар мен монастрлар, ҮІІІ ғасырда Қытайдың солтүстігінде көптеген мектептер қалыптасады, солардың бірі – «кемелденген ақиқат ілімі» осы күнге дейін жетті.
Қазіргі уақытта даосизм ҚХР, Корея, Тайвань, Сяньганьда және қытай эмигранттары арасында кең таралған. Даосизмді күнделікті тұрмысқа енгізген діни синкретті топтар 1960 жылы ҚХР-да қудалауға ұшырады, бірақ 80-ші жылдардан бастап олар, әсіресе, шет аймақтарда өз ықпалын қалпына келтіруге талпынды. Белсенді әрекет ететін Қытай құдайлары пантеонында шаман – медиумдар, галлопаттар, бал ашатындар, физиогномистер қызмет жасайды. Даолық храмдарға, монастрлар мен киелі орындарға мыңдаған діндарлар барады. Қытайдағы «Даоцизм ілімін ұстанушылардың бүкілқытайлық ассоциациясы» жұмысын қайта жандандырған.
Даосизмнің қазіргі күні әлемде кең таралған оккульттік практикасы фен-шуй немесе геомантияға ерекше назар аударуға болады. Сөзбе-сөз фен-шуй «жел және су» – өмір ағымының қозғалысы деп аударылады. Бұл адамның ішкі дүниесін үйлесімділікке келтіріп, сыртқы ортадағы заттардың көмегі арқылы әлеммен гармонияда болу дегенді түсіндіреді.
Фен-шуй ТМД аумағына Қытайдан емес, Батыс елдері соның ішінде Англия мен Германиядан келген. Батыста халықаралық «Фен-Шуй» орталығы құрылған, ал оның Қазақстандағы филиалы 2000 жылдың 3 мамырында тіркелген. («Егемен Қазақстан» газеті, «Даосизм», 2006 ж. 7-шілде)
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Қытай этносының дүниетанымдық көзқарасы.
2. Конфуций ілімінің құндылықтары.
3. Конфуций іліміндегі аспан құдайы.
4. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар.
5. Конфуций Дао ілімдерінің дінге айналу шарттары.
6. Конфуций іліміндегі әлеуметтік этикалық нормалар.
7. Конфуций Дао ілімдерінің Қытай мәдениетінің дамуына қосқан үлесі.
8. Конфуций Дао ілімдерінің әлемдік мәдениеттегі орны.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.