Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану» пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау



бет25/31
Дата05.06.2017
өлшемі2,05 Mb.
#17982
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31
Мәдениет пен ғылымның дамуы . Соғыстан кейінгі жылдарда республикадағы мәдени құрылыс салалары да үлкен қиыншылықтарға кездесті. Оған интеллигенция өкілдерінің басым көпшілігінің майданға алынып кетуі, мәдени мекемелердің, мектептердің оқу орындарының санының азаюы өз әсерін тигізді. Республика жазушыларының шығармаларының басым көпшілігі Ұлы Отан соғысы тақырыбына жазылды, Ғ. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», сияқты соғыс тақырыбына жазылған шығармаларда қазақстандық жауынгерлердің майдандағы ерлігі баяндалды. С. Мұқановтың « Сырдария », Ғ. Мұстафиннің «Миллионер», Ғ. Слановтың «Кең өріс» атты еңбектерінде ауыл еңбеккекрлерінің өмірі көрсетілді. Осы жылдары М. Әуезовтың «Абай жолы», С. Мүхановтың «Шоқан Уәлиханов» сияқты көптеген шығармалары жарық көрді.
Музыка мәдениеті де біршама табыстарға жетті. М. Төлебаевтың «Біржан Сара», А. Жұбанов пен Л. Хамидидің «Абай», Е. Брусиловскийдің « Дударай », Қ. Қожамияровтың ұйғыр тіліндегі «Назгүл» опералары сол жылдарда дүниеге келді. «Абай» қойылымы мен «Біржан-Сара» операсы үшін Қазақ академиялық драма театрының ұжымы Кеңестер Одағының сыйлығын алды.
Сонымен қатар 40 жж. аяғы 50жж. басында өнер қайраткерлеріне де әділетсіз, орынсыз сындар айтылып, теріс баға беру жағдайлары орын алды. Осыған байланысты әдебиет пен өнерде өмірді жасанды түрде суреттейтін тартымсыз шығармалардың пайда болуына алып келді.
Ғылым саласында да елеулі табыстарға қол жетті. 1946 ж. маусымда Қазақстан Ғылым Академиясы ашылып, оның тұңғыш президенті болып Қ. Сәтпаев сайланды. 50- ші жылдардын аяғында Қазақстан Ғылым Академиясының жүйесінде 50 ғылыми-зерттеу институты жұмыс жасады. 1958ж. Орталық Қазақстанның кешенді металлогендік әрі болжамдық картасын жасағаны үшін ғалымдар И. И. Бок , Р. А. Борукаев, Г. И. Медведев, Қ. И. Сәтпаев және т.б. Лениндік сыйлықка ие болды.
Соғыстан кейінгі жылдары Қарағанды және Семей институттары, Өскемен педагогикалык, Семей мал зоотехникалық институттары, Қарағанды кен институты Ақтөбе, Гурьев, Қарағанды, Қостанай, Петропавл медицина дәрігерлік-институты ашылды.
Шымкент мұғалімдер институттары педагогика институттары болып қайта құрылды.
Жалпыға бірдей жеті жылдық білім бері туралы Заң одан әрі жүзеге асырылды. 50-ші жылдардың ортасына қарай, Қазақстанда тың игеруге байланысты, халыққа білім беру ісі біраз жанданды. Тың игеруші аудандарда көптеген мектептер ашылып, бұл мектептерге жолдамалармен өзге республикалардан көптеген мұғалім кадрлар келді. 1955-1956 оқу жылында республикадағы мектептердің саны 9240 - қа жетіп, олардың 3022 - і жеті жылдық және 1117 —і орта мектеп болды.
Сонымен қатар, бұл жылдары республикада, әсіресе, солтүстік облыстарда қазақ мектептері азайып кетті. Оның басты себебі демографиялык өзгерістермен байланысты болды. Баласының болашаған ойлаған ата-аналар да амалсыздан балаларын орыс мектептеріне көптеп бере бастады. Осының салдарынан. 20 жылдың ішінде ( 1950-1970 жж. ) қазақ мектептерінің саны 3891-ден 2577-ғе дейін азайды, ал онын есесіне сабақ орыс тілінде жүретін мектептердің саны 1,5 мыңға көбейді. Қазақ тілі өзінің толық қанды өмір сүруіне қажетті 50 әлеуметтік міндеттің 10-ын ғана атқарып, іс жүргізу орыс тілінде жүзеге асырылды.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. ХХ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы қайшылықтар мен ерекшеліктері.
2. Қазақстанның көпұлтты мәдениеті.
3. Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері.
4. Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары.
5. Модерн:оның ерекшеліктері,әлеуметтік және көркемдік бағыттары.
6. Авангард мәдени әлеуметтік құбылыс ретінде.
7.Қазіргі Қазақстан мәдениетінің жетістіктері.
1. Жаңа материал бойынша негізгі түсініктерге тоқталу.
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру.
Модерн,авангард.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.

№16- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу.
*оқыту: тың мәліметтер беру арқылы, білімді қалыптастыру
*тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау;
*дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. ХХ ғасырдағы мәдениеттің дамуындағы қайшылықтар мен ерекшеліктері.
2. Қазақстанның көпұлтты мәдениеті.
3. Қазіргі қазақ мәдениетінің типтері.
4. Мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары.
5. Модерн:оның ерекшеліктері,әлеуметтік және көркемдік бағыттары.
6. Авангард мәдени әлеуметтік құбылыс ретінде.
7.Қазіргі Қазақстан мәдениетінің жетістіктері.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы:Діни көзқарастың шығу тарихы мен қазақ халқының діни нанымдары.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Дін әлеуметтік құбылыс.
2. Діннің және діни ұғымдардың пайда болуы мен оның тарихи түрлері.
3. Қазақ халқының діни нанымдары және оның зерттелу тарихы.Көк тәңірі,Көк Бөрі,Ұмай Ана ұғымдары.Шамандық және бақсылық.Тәңір діні көне дін.
2009 жылдың 25 ақпаны мен 6 наурыз аралығында өткен халық санағының қорытындысы бойынша Қазақстанда 70 пайыз мұсылман, 2,8 пайыз атеист, 26 пайыз христиан тұратыны мәлім болды. Бұл туралы Қазақстанның статистика жөніндегі агенттігінің төрағасы Ә.Смаилов хабарлаған. (ИА Новости-Казахстан).
Негізінде дін адамзатты ізгілікке тәрбиелеп, елді ұйыту негізінде пайда болған. Ал діни ағымдар ше? Олардың мақсаты «Жеріңді жаулап, еліңді күң қылып аламын» дегеннің кері. Дүние жүзілік діндер, олардың тарихы туралы не білеміз? Қазақтың дәстүрлі діні дегенді қалай түсіну қажет? Ойымызды осы мәселелер төңірегінде өрбітсек…«Дін» – араб тілінен енген сөз. Сөздікте «Бас ию, мойынсұну, әдеттену, басқару, қызмет ету» мағыналарын береді. 
Дүние жүзi халықтарының ғасырлар бойы қалыптастырған сан қырлы рухани мәдениетiнiң бiр саласы – дiнтану. Дiнтану ғылымы – дiннiң пайда болуы, оның маңызы, мағынасы, адамға әсерi, коғамдағы, тарихтағы, мәдениеттегi орны, мыңдаған жылдар бойы әлемдегi алатын маңызы жайлы мәселелердi зерттеу. Басқаша айтқанда, дiнтанудың мақсаты – дiндi анықтау, түсiну және оның қоғамдық сана (идеология) есебiнде әлеуметтiк құбылыс екенiн түсiндiру болып табылады.Адамның рухани тазару дәрежесi көтерiлмесе және дiннен бас тартар болса, қоғам зандылықтары бұзылып, дүние ойран болады. Ислам философиясы – дiн адамды қатерден, апаттан, бос әрекеттерден сақтандырады, күнделiктi өмiрi мен тұрмысын мейлінше қатаң және дәл реттеп отырады, қоғамдық, жеке өмiрдегi тәртібін сақтайды, – дейді мамандар. Мысалы, 1969 жылы Америка Құрама Штаттары арақты харам еткен заң шығарады. Оны iшетiндердің мал-мүлiктерiн тәркiлеп, алты ай абақты жазасы белгiлендi. Әйтсе де, заңды орындауға, оны қысқа мерзiмде iске асыруға мүмкіншілік болмады. Бiрiншiден, қоғамдағы адамдарды түгелдей абақтыға жауып, дүниелерін түгелдей тәркілеу қажет еді. Ал олай жасалмаған жағдайда заңның күшін жою керек болды. Әрине заңның күші жойылды. Осындай жағдай 1400 жыл бұрын Араб түбегінде орын алған. Онда арақтан тыйылу Алланың бір-ақ сөзімен іске асты. Ол – Алланың: «Сендер тоқталасыңдар ма, жоқ па?» – деген бұйрықты сұрағы еді. Арақтан тыйылу әлеуметтік қажеттілік деп шешті де, жауап қатты: «Біз тоқталдық, ей иеміз…» – деп ыдыстағы арақтар түгелдей жерге төгілді. Сол кезде төгілген арақтан көшелер шылқып кетті. Міне, мұсылмандар арасында арақ ішу осыдан бастап тоқталды. Демек, арақты харам етіп заң шығарудан ештеңе шықпай, Алла тағаланың өзі берген тыйымды, шапағатты жол адамның жүрегімен астаса жұмыс істегенде ғана нәтижесін көрсетті. Бұл мысалдан діннің мемлекеттік саясатқа әсерін де көре аламыз. Негізінен мемлекетте қай дін «ресми» дін ретінде мойындалса, мемлекеттік саясат соның ыңғайына құрылады. Зиянды ағымдардың өз үстемдігін орнатуға барынша ұмтылу себебі сонда жатыр.Діннің құдіреті туралы тағы бір мысал келтірсек: Американың президенті Джон Кеннеди кезінде халқына: «Қасиетті бұйымдар мен әдет-ғұрыптарды, мінез-құлықтарды сақтау керек», – деп насихат жасап, оны діннің күшімен орындауға болатынын, яғни дінсіз ешқандай ұлылықты сақтай алмайтындықтарын атап көрсеткен. Бұл салада көптеген мысалдар келтіруге болады. Әлемдік діндердің мәні мен шығу тарихын да осы тұрғыда саралаған жөн. Сонымен…


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет