Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Мәдениеттану» пәні бойынша оқу әдістемелік нұсқау



бет29/31
Дата05.06.2017
өлшемі2,05 Mb.
#17982
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Қытайда буддизм конфуцийлік-даосистік дінмен қатар өмір сүрді. Буддизм мен даосизмнің өзара ұштасуының нәтижесінде дзэн-буддизм ағымы пайда болды. Сыртқы дүниені менсінбеушілік, жеке бастың мәселелеріне баса назар аудару, интуитвизм бұл ағымның басты белгілері болып табылады. Дзэн-буддизм кейіннен Жапонияға да тарай бастады. Жауынгер-самурайлардың ықпалымен бүл ілімде әскери өнерге айрықша мән беріліп, ол адамның жан-жақты жетілуінің тез жүзеге асырылатын төте жолы деп тұжырымдалды. XX ғасырдың ортасына қарай дзэн-буддизм Батыс Еуропа елдеріне де тарап, өзінің өміршеңдігін байқата бастады.Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, махаяна үнді халқының дәстүрлі діни наным-сенімдеріне өте жақын болып шықты. Әрине, будцизмнің пессимистік сарыны үнді халқына ұнаған жоқ, шындығында, халыққа брахманизмнің жарқын идеялары одан гөрі жақындау болатын. Бірақ, бүл жағдайға қарамастан үнді қоғамы буддизмнен де мүлде бас тартқан жоқ. Сөйтіп буддизм мен брахманизмнің біраз қағидаларының өзара сабақтас- тығының нәтижесінде жаңа индуизм ағымы пайда болды.Өкімет тарапынан барынша қолдау тауып, қаншама шіркеулер тұрғызып, үнді қоғамында айрықша беделге ие болған будда дінінің өз позициясын (беделін) ешбір қарсылықсыз индуизмге бере салуын қалай түсіндіруге болады екен? Бұл сұраққа мәнді жауап беру үшін будда дінінің рухани дәстүрлерінің әлеуметтік негіздерімен толығырақ танысуымыз қажет. Үнді еліне келген арийлер варналарға бөлудің (брахмандар, кшатрийлер, вайшьилер және шудралар) негізін қалады, ал құлдар мен шетелдіктер варналарға кірмеді. Варналарға бөлу — үнді қоғамының негізі болып табылатын село қауымының беделін бүрынғыдан да көтере түсті. Оларды ақсақалдар бас- қарды, қауымдар өз іштерінде туындаған мәселелерді өздері шешті және өкіметке белгілі бір мөлшерде салық төлеп түрды. Өкімет тарапынан болатын озбырлықтардан оларды қатаң діни наным- сенімдер, салт-дәстүрлер және т.б. қорғап қалып отырды. Мұндай қауымдар шаруашылығы — натурадцы шаруашылық болды, онда жалдамалы еңбек кеңінен қолданылды. Қауымдар өмірінің тұйықтық сипатта болуы, олардың саяси қактығыстар мен толқулардан тысқары қалуларына себепкер болып отырды. Қауым басшылары өзгеріп отырғанмен, қауым тіршілігінің қаймағы бүзылмады.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Үнді мәдениетіндегі діннің алатын орны.
2. Б.з.д. екі мың жылдықтағы Ведалар.Упанишадалар.Брахмандар мен атмандар.
3.Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер:жайнизм,буддизм,даршандар,чарвактар,лакаяттар т.б.
4. Будда діні.Буддизмнің екі ағымы:Хинаяма,Махаяма.
5. Будда мәдениетінің таралу тарихы.Индуизм.
10.Сабақты қорытындылау.5 мин (6%)
2. Негізгі терминдер мен тезистерді жұмыс дәптерлеріне жаздыру. Будда,веда, жайнизм,буддизм,даршандар,чарвактар,лакаяттар.
1. Оқушыларды бағалау.
2. Келесі сабақ тақырыбын қысқаша хабарлау.
11.Үйге тапсырма беру.5 мин (6%)
Сабақтың тақырыбы: Христиан өркениеті.
Жоспар бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.


№19- сабақ.
1. Сабақтың тақырыбы: Христиан өркениеті.
2. Сағат саны: 90 мин (100%)
3. Сабақ түрі: теория
4. Сабақтың мақсаты: Христиан діні – адамзат тарихындағы ең ірі діндердің бірі. Ол Рим империясының шығыс бөлігінде пайда болды. Бұл кезеңде терең әлеуметтік күйзеліс империяны жайлаған еді. Христиан діні осындай кезеңде, яғни барлық езуші таптарды біріктіру кезеңінде пайда болған дін. Оның негізгі идеялық негізін қалауда әртүрлі шығыстық діндер және әлемдегі бірқатар философиялық түсініктер әсер етті.
*оқыту: тың мәліметтер беру арқылы, білімді қалыптастыру
*тәрбиелік: ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау;
*дамыту: танымдық қызығушылықты дамыту;
5. Материалды техникалық жабдықталуы:
а) техникалық құралдар:компьютер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.
ә) көрнекі және дидактикалық құралдар:өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер,тест тапсырмалары,сөзжұмбақтар.
б) оқыту орны: дәріс аудиториясы
6. Әдебиеттер:
1.Ө.С.Төкенов. Мәдениеттану. А. 2006.
2.Т.Х.Ғабитов, Ж.М.Мүтәліпов, А.Т.Құлсариева. Мәдениеттану. А.2004.
3.Т.Х.Ғабитов. Мәдениеттану. А. 2000.
1) Ұйымдастыру кезеңі – 5 мин. - (6%)
а) Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
ә) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
б) Сабақтың мақсаты мен міндеті.
7.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру. 15 мин (16%)
1. Үнді мәдениетіндегі діннің алатын орны.
2. Б.з.д. екі мың жылдықтағы Ведалар.Упанишадалар.Брахмандар мен атмандар.
3. Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер:жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар, лакаяттар т.б.
4. Будда діні.Буддизмнің екі ағымы:Хинаяма,Махаяма.
5. Будда мәдениетінің таралу тарихы.Индуизм.
8.Жаңа сабақты түсіндіру:40 мин (44%)
Тақырыбы: Христиан өркениеті.
мақсаты: жаңа тақырып бойынша түсінік беру.
1.1. Дәріс түсіндірме түрінде жүргізіледі.
1.2. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
1.3. Оқулықпен жұмыс істеу.
1.4. Қорытынды.
Ақпаратты – дидактикалық бөлім.
1. Христиан діннінің шығуының әлеуметтік мәдени алғы шарттары.
2. Христиан дінінің құндылықтары.
3. Христиан дінінің Еуропа мәдениеті дамуындағы ролі.
4. Христиан дініндегі адамгершілік мәселесі.
5. Христиан дінінің Еуропа өркениетіндегі орны.
Әлемдік діндердің бірі – христиан діні. Иса (с.ғ.)-ға түскен «Інжіл» кітабы адамдардың қолымен өзгертіліп жазылып, сол мазмұн бойынша тараған дін. Інжіл кітабының алғашқы түпнұсқасын өңдеп жазғандар: Матфей, Марка, Лука және Ионна еді. Кітаптардың түпнұсқасын жазған Павел деген апостол. Оның жазбасының 27 түрлі ерекшелігін Ионна атап көрсеткен. Діндарлардың көзқарасынша, кітаптың алғашқы түпнұсқасында әрбір әріп жоғарыдан, яғни жаратушы иеден, ал қоспа сөздерді адамдар өз қолдарымен жазды деген тұжырымдамаларды айтады. ІҮ ғасырда «Шіркеу тарихы» деген кітаптың авторы Кесарий кітапқа қосылған Ионна мен Павелдің қоспаларын атап көрсеткен.
Әртүрлі автордың жазғанынан Евангелий қолжазбаларының өзгергені соншалық, бір-бірінен ажырату немесе бір-біріне қабыстыру мүмкін емес. ІІ ғасырда-ақ христиан идеологтары Евангелийдің түпнұсқасын немесе біркелкі мәтінін анықтауға әрекет жасады. Әртүрлі пікірталастан кейін негізгі үш мәтінді қабылдады. Олар Александриялық Гесихия, Кесарийлік Памфила, Антиохийлік Лукиана мәтіндері.
Христиан дінінің пайда болу кезеңі Иса (с.ғ.)-ның туған кезінен, яғни дәуіріміздің бірінші ғасырының басынан деп белгіленеді. Бірақ оның кітабы – Інжіл бірнеше ғасыр бойы жазылып, өңделіп келді.
Дегенмен, христиан діні – адамзат тарихындағы ең ірі діндердің бірі. Ол Рим империясының шығыс бөлігінде пайда болды. Бұл кезеңде терең әлеуметтік күйзеліс империяны жайлаған еді. Күйзеліс дәстүрлі өндіріс, мемлекет, саясат, идея, сенім түрлерін ыдыратып жіберді. Мұндай дағдарысқа құлдар бұқаралық көтеріліспен жауап берді. Көтерілісшілерді басып тастауға Римнің күші жеткілікті еді. Өжеттерді жазалап, қинап, өлтіріп жатты. Ол кездегі Спартак көтерілісі де қанға боялды. Спартак көтерілісінен кейін құлдардың, езілуші таптың бостандықтан үміті үзілді. Ал, құлдардан басқа жер иеленушілер, саудагерлердің жағдайы өзгеше болды.
Рим империясы Жерорта теңізі бойындағы елдерді өзіне бағындырып, нағыз құл иеленуші болып алған. Олардың қасиетті жерлерін талқандады, дәстүр, әдет-ғұрпын, сенімдерін қорлады.
Римдіктер жаулап алған Шығыс халықтарының ескі тайпалық діндері, римдіктердің ұсынған ұлттық діндері халықтың көңіліне жұбаныш әкеле алмады. Сондықтан барлығына түсінікті дін қажеттігі туды.
Христиан діні осындай кезеңде, яғни барлық езуші таптарды біріктіру кезеңінде пайда болған дін. Оның негізгі идеялық негізін қалауда әртүрлі шығыстық діндер және әлемдегі бірқатар философиялық түсініктер әсер етті.
Келешектің жақсылығынан, «көктен келген құтқарушының» шапағатынан үміттенген Рим империясының адамдары оның іздерін иудей миссиясынан, Филоней Погосынан іздеді. Осындай жайлардан Құдай-адам, яғни Исус Христос бейнесіндегі құдай пайда болып, Христостың атымен христиан діні аталды. Бұл діннің негізін салған адам туралы, оның болғаны жайлы пікірталастар, дау-дамайлар осы күнге дейін жалғасып келеді. Өмірде болғанына сенімсіздікпен қараушылар көп.
9.Жаңа тақырыпты бекіту.20 мин (22%)
Бақылау сұрақтары:
1. Христиан діннінің шығуының әлеуметтік мәдени алғы шарттары.
2. Христиан дінінің құндылықтары.
3. Христиан дінінің Еуропа мәдениеті дамуындағы ролі.
4. Христиан дініндегі адамгершілік мәселесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет