Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қоғамтану» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы



бет4/6
Дата18.03.2017
өлшемі1,05 Mb.
#11834
1   2   3   4   5   6

Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1.Әкономика дегеніміз не?

2. Адам қандай меншіктің иесі?

3.Қазақстанда қандай экономикалық реформа жүргізілді?

4. Жекешелендіру дегенімізді қалай түсінесің?

5.Нарықтық экономика дегеніміз не?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин(44%)

1.1.Тақырып жоспары:

1.Демография туралы ұғым.

2. ҚР демографиялық жағдай.

3.Қазақстан халқының демографиялық өсу қозғалысы.

4. Қазақ халқы санының өсу және кему себептері.



Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Демография гректің халық және жазамын деген сөздерінен шыққан. Халықтың санының құрамын, құрылымын, аумаққа бөлінуін сонымен қатар олардың уақыт кеңістігіне қарай өзгеруін зерттейтін ғылым. Демография немесе халық статистикасы, халықтың құрамын, құрылымын жынысына, жасына, қызметіне қарай және туу, өлім, көші – қонымен анықталатын қозғалыс процесін зерттейді.

Демография туудың, өлімнің көші – қонының әлеуметтік, экономикалық, биологиялық, саяси медициналық жағдайға сандық және сапалық әсерін, сонымен қатар еңбек ресурстарының іске асырылуына, көшіп- қонушылардың тұрақтауына, отбасын жоспарлаудың саяси процестеріне байланысты әлеуметтік – экономикалық проблемалардың жиынтығын да қорытады.

Сонымен, демография қоғамдағы адам өмірінің қажетті, елеулі сапалық құрылымын, қозғалысын, оның әлеуметтік – экономикалық өмірімен байланысын зерттеп, қорытады. Демография қоғам өміріндегі өте маңызды құбылыс. Демографияға сүйеніп қоғам өзінің өткен тарихын, қазіргісін, болашағын аңғарады. Демография ғаламдық проблема.

Қазіргі кезде біздің республикамызда 15 миллион халық тұрады. Оның 55% пайызы қазақтар, 35% пайызы орыстар. Ал 1920 жылы Республикада не бары төрт млн. төрт жүз мың халық болды. Оның жеті пайызы қалада, тоқсан үш пайызы ауылда тұрған екен.

Туу, өлім және халықтың табиғи өсімі – демографиялық процесс көрсеткішінің бірі. 1940 жылы 1 мың адамға шаққанда туу мөлшері 40, ал 1990 жылы 23 баладан келген. Осы жылдар ішінде халықтың саны үш есеге дейін өскен, соған қарамастан туу екі есеге кеміген. Бұл арада ескеретін бір жағдай – екінші дүниежүзілік соғыс кезінде қазақ халқының соғыстан болған шығыны 350 мың адам. Соған байланысты ер адамның шығыны туу процесіне кері әсерін тигізгені белгілі. 1940 жылмен салыстырғанда туылған бала саны үш есе азайып, 21,4 пайыздан 7,6 пайызға кеміді. Ерлер мен әйелдер арасында да біршама айырмашылықтар бар. 1989 жылғы санақ бойынша 16,5 млн. халықтың 57 пайызы қалада , 43- і селода тұрған. Ал қалада тұратын ерлер 48,5 пайыз, селода тұратын әйелдер саны 51,5 пайыз болған.

Адам өмірінің ұзақтығы әр кезде әр кезеңде әр түрлі болды. 1978- 1988 жылдар арасында жалпы халықтың орта жасы 67,4 - 69,8 жыл болды. 1993 -1994 жылдардағы есеп бойынша елімізде туудан өлімнің саны көбейіп отыр.

1991 жылғы есеп бойынша халық шаруашылығындағы жұмысшылар мен қызметкерлер саны 6,5 млн. болды, оның 72,3 пайызы материалдық өңдірістің саласында , ал материалдық емес салаларда 27,7 пайызы жұмыс істеді.

1991-1993 жылдар ішінде республикаға 507 мың адам көшіп келген, 957 мың адам көшіп кеткен. Соның есебінен халық саны 450 мыңға кеміп кеткен. 1993-1994 жылдары жүргізілген зерттеулер бойынша, келушілер мен кетушілер негізгі себептерді отбасы жағдайымен, жұмыс орнын ауыстырумен байланыстырады. Көші-қонға байланысты Республикада орыстардың табиғи өсімі күрт төмендеді. 1972 жылы әрбір қазақ отбасына орта есеппен шаққанда 5 баладан келсе, 1990 жылы әр отбасыға 3 баладан келеді.

Қазақ халқының тарихына тигізген жағдайлар көп болды. 1916 жылы 5млн. 650 мың болған. Тарихтан білетініміздей, 1916 – жылы 45 пайызға кеміді. Мұндай қасиетті дүниежүзі елдерінің бірде-бірі басынан өткерген жоқ. Бірінші демографиялық апат 1916 - 1992 жылдар аралығында болды. Қазан төңкерісі мен азамат соғысы жылдарында шаруашылықтары күйзеліске ұшырауынан 950 мың қазақ апат болды. Шетелдерге 400 мың халық біржолата қоңыс аударды.

1932- 1933 жылдардағы ашаршылықтан 2 млн 300 мың адам өлді. Осы кезде жан сақтау үшін 900 мың қазақ Ресейге, Орта Азияға, Ауғанстан т.б. елдерге қоңыс аударды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарынды да адам шығыны көп болды.

Дүниежүзі қазақтарының саны 1990 жылдың ортасында он млн. адамға жетті. Демогфтардың зерттеуіне қарағанда , ХХІ ғасырдың қазақ халқының демографиялық мүмкіндігі, өсіріп айтқанда 33 млн. адамға, шамалап алғанда 28 млн. адам, ал орташа есеппен алғанда 30 млн. адамға жетеді деп болжанып отыр. Қазақтардың саны 2015 жылға қарай( сыртқы миграцияны қоса есептегенде) 15 млн. жетпек. Қазақстанда 13 млн. қазақ тұратын болады; ол еліміздің жалпы тұрғындарының 65 пайызын құрамақ.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5 мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Демография ғылымы. Демографиялық зерттеулер.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Қазақ отбасы: қазір және болашақта.

2. Дүниежүзілік демография және демографиялық саясат.

13сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Шығыс және Батыс өркениеті.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға өркениет дегеніміз не екендігін, Шығыс және Батыс өркениеттерінің ерекшеліктерін оқыту.

тәрбиелік: ежелгі шығыс және грек ойшылдарының қоғамға, мемлекетке, мемлекетті басқару формасына қарай бөліп көрсеткен көзқақарастарына түсінік беру.

дамыту: оқушыларға қазіргі қоғаммымыздың бірден қалыптаспай, біртіндеп даму арқылы қалыптасып бүгінгі күнге жеткенімізді түсіндіру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

А. С. Балғымбаев «Саясаттану» А. 2004 ж



ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1.Демография ғылымы нені зерттейді?

2. Демографиялық өсіп- өну егеменді еліміз үшін неліктен маңызды?

3. Демографиялық дүмпу дегенімізді қалай түсінесің?

4. Демографиялық жаңғыру дегеніміз не?

5. Депопуляция дегеніміз не?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин(44%)

1.1.Тақырып жоспары:

1.Өркениет туралы түсінік.

2.Өркениеттің мәдениетпен байланысы.

3. Шығыс және Батыс өркениетінің ерекшеліктері.

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

«Өркениет» (цивилизация) ұғымы қоғамтану ілімінде ең жиі қолданылатын терминдердің бірі. Бұл ұғым Францияда ХVIII ғасырдың орта шенінде туып, адам қоғамының идеалды құрлысы деген мағына берді. Бұл терминнің өзі «цивилис» - азаматтық, қалалық, мемлекеттік деген латын тілінен шыққан.

«Өркениет» ұғымы дүниежүзілік тарихи және философиялық әдебиетте төрт мағынада қолданылып жүр: мәдениеттің синонимі ретінде, оқшау мәдениеттер дамуының белгілі бір сатысы, атап айтқанда, олардың құлдырауы және кері кетуі ретінде, жабайылықтан кейінгі адамзат тарихы дамуының баспалдақтары ретінде, белгілі бір аймақтың немесе жеке этностың даму деңгейі ретінде. Антика (Ежелгі Грек, Ежелгі Рим) өркениеті туралы айтылғанда осы мағына қолданылады.

Өркениет деп қоғамдық байлықты молайтып, ұдайы өндіру мақсатындағы индивидтер мен алғашқы қауымдастықтардың жалпылама байланыстылығымен сипатталатын қоғамның әлеуметтік ұйымдасуын айтамыз.

Американ антрополгі Льюис Морган ( 1818 – 1889 ) өркениет ұғымына қоғам тарихындағы «жабайылық» баспалдығынан кейінгі өзінше бір «екінші баспалдақты» білдіретін ұғым ретінде пайда болды деп мағына береді. «Өркениет» термині «мәдениет» ұғымымен қатар жүреді. Халықтың жақсы өмір сүріп дамуы мәдениетпен тығыз байланысты. Әр дәуірде өмір сүрген ұлы ойшылдардың өркениет туралы көзқарастары әр түрлі болды. Олардың әрқайсысы әр түрлі түсіндірді. Адамзат тарихында өркениет Батыс және Шығыс болып екіге бөлінеді. Өркениет Шығыстан басталған. Ежелгі римдіктердің құрмет сөзімен: «Нұр – Шығыстан» деп айтып келгені тегін емес. Тарихта шығыс және батыс деп бөлгенде географиялық орналасуына байланысты емес, мәдениет пен өркениеттің дамуына байланысты бөлген.

Ертеде шығыс мәдениетінің жоғары болуына айналысқан шаруашылықтары әсер етіп, жабайылықтан тез арылды. Шығыс өркениетін құрайтын әрбір елдің өзіне тән мәдениетінің ерекшеліктері болады.

Шығыс өркениетінің даму үрдісі Батыстығыдан өзгеше болды. Біріншіден, оның дамуы лек – лек кезектескен цикл түрінде болды да, құрылымы оның тұрақтылығына қатер төндіретін жаңалықтарды қабылдамай тастап отырды. Екіншіден, Еуропада прогресті алға бастырушы және жаңалықтарды жақтаушы меншік иесі азамат болып келді. «Батыс» деген ұғымды айтқанда Еуропада шамамен ХV – XVII ғасырларда қалыптасқан өркениетті және мәдени дамудың ерекше типін түсінеміз. Бұл типтің алдында антикалық мәдениет пен христиандық дәстүр болды. Батыс өркениетін қалыптастыруға ықпал жасаған аса маңызды факторлардың бірі Ежелгі грек философиясы болды. Өз заманы үшін бұрын-сонды болып көрмеген идеяны адамның танып-білуді сүю идеясының тууына себеркер болған тек осы ежелгі грек философиясы. Грекия түрлі мәдениеттер арасында делдал рөлін атқарды. Ол бірнеше бір-біріне ұқсамайтын мәдениеттердің тоғысқан жерінде орналасқан еді.

Екіншіден, Грекия – демократиялық тәртіптер мен азаматтық заңдардың Отаны. Ұлы реформатор Салон заңдарды өздерінің мүліктік, әлеуметтік жағдайына немесе кез келген бақа да жағдайына қарамастан барлық азаматтардың міндетті түрде орындауына күш салды. Сөйтіп, бәріне ортақ бір құқықтық өрістің қалыптасуына ықпал етті.

Батыстың рухани өмірін сипаттайтын өте маңызды бір компоненті демократия болып табылады. Демократия-бәрін де билеп-төстейтін басқаруға төтеп бере алатын биліктің белгілі бір типі. Демократия жағдайында биліктің өкілетті органдары жұмыс істейді әрі елдің ішкі және сыртқы саясатын көпшілік анықтап отырады. Батыс мәдениеті көпшілікке қарсы жеке тұлғаға автономия беретін, оны мемлекеттік озбырлықтан қорғайтын құқықтық нормалар жүйесін жасаған.

А. Тойнби әлемдік тарихты зерттеу үстінде ХХ ғасырға дейін адамзаттың ортақ тағдыры болмаған деген тұжырымға келген. Тибеттік, қытайлық, египеттік өркениеттер, Колумбтан бұрынғы Америка өркениеті кейде тіпті бір-бірі жөнінде еш нәрсе білмеген, сондықтанда ортақ тәжірибесі болмаған. Ал қазіргі кезде жағдай мүлдем өзгерді. Әр түрлі континенттегі адамдар бұқарат ақпарат құралдары, ғаламтор арқылы бір-бірімен үнемі байланыста болады. Бірақ бұдан ортақ мәдениет пайда болмайды.

Қазақстан өзінің мәртебесі жағынан еуразиялық ел, еуразиялық өркениеттің бір бөлігі болып табылады. Бүгінде Қазақстанда ұлттық және азаматтық бірлесу тәсілі ретінде диалогті жолға қою қажетті барлық жағдайлар жасалған, экономиканың тұрақты және серпінді өсуі қамтамассыз етілген.



4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1.Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5 мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Шығыс және Батыс өркениеті.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин(6 %)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Шығыс және Батыс өркениеттерінің ерекшеліктері.

2.Қазақстан – өркениеттер тоғысында.

14сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік құндылық ерекшеліктері, құндылық.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға әлеуметтік бірлік және әлеуметтік байланыстар туралы, ол қоғамның субьектісі мен обьектісі болатын, адамдар жиынтығы екендігі туралы түсінік беру.

тәрбиелеу: әлеуметтік заңдар, олардың іске асырылуы, қызметі туралы түсініктерді айқындау, маңыздылығын үйрету.

дамыту: әлеуметтік байланыстар, әлеуметтік ұйымдардың құрылуы, олардың қызметіне талдау жасай білуге баулу.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.



қосымша: Д. Жамбылов « Саясаттану» А. 2003 ж.

ҮІ. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин ( 6% )

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Сабақтың мақсаты мен міндеті.



ҮІІ.Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.

15 мин (16%)

1.Өркениет қандай тарихи жағдайларда туындады?

2. Біз қандай адамдарды өркениетті деп айтамыз?

3. Өркениеттілік көзқарасының негізін қалаушы кім?

4. Шығыс өркениетінің Баыстағыдан ерекшелігі.

5. Қазіргі Қазақстанда өркениеттілік қалыптасты деп айта аламызба?

3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин(44%)

1.1.Тақырып жоспары:

1. Әлеуметтік бірліктің сипаты.

2. Әлеуметтік заңдар.

3. Әлеуметтік байланыстар мен іс-әрекеттер.

4. Жеке адамдар мен топтар арасындағы қатынастар.



Ақпараттық –дидактикалық бөлім.

Әлеуметтік бірлік дегеніміз – қоғамның субьектісі және обьектісі болатын, іc- әрекет етуші адамдардың жиынтығы. Әлеуметтік бірліктің негізгі салалары: адамдардың өмір сүру және іс-әрекет жағдайларды ( экономика білім және кәсіби мақсаттары мен мүдделері, т. б); өзара байланыста болатын дара адамдардың бірлігі ( ұлттар, таптар, ұйымдар, ұжымдар т. б); тарихи қалыптасқан аумағы ( қала, село, аймақ); өзара қатынастағы адамдардың әлеуметтік институттары (отбасы, білім, ғылым, саясат, дін т.б)

Әлеуметтік бірліктердің барлығы ( топтар, жіктер, таптар, ұйымдар, ұжымдар, отбасы, ұлт, халық т.б) әлеуметтік жүйенің және ұжымдардың тұрақтылығын, сонымен қатар олардың күйреуінің де себептерін көрсетеді.

Әлеуметтік бірлік – толық алғандағы қоғам емес, бірақ ол қоғамның ерекше, өзіндік өлшемі. Бірлік әлеуметтік өзгерістердің барлық түрлерін қамтиды. Әлеуметтік бірлік мүдделерінің айырмашылығы (таптардың,

топтардың, жіктердің) тарихи процестердің болашағын анықтайды. Мысалы: социалистік қоғамның шешуші табы жұмысшы болады, ол сол қоғамның негізін қалады.

Әлеуметтік бірлікті, ондағы адамның орнын ажыратқанда екіге бөліп қараймыз. Біріншісі күрделі әлеуметтік процестер, ірі әлеуметтік топтар құрайтын жүйе, айталық қоғам өркениет.

Екінші жағынан ірі әлеуметтік топтар ұсақ топтардан құралады, олар өзара тікелей қатынаста болады. Мінез-құлқын, еркін, санасын, іс-әрекетінің сипаты мен мазмұнын, әлеуметтік өзара қатынастардың бағытын және мақсатын белгілейді.

Әлеуметтік сананың толық жүйесін сипаттайтын заңдар бар. Сонымен қатар әлеуметтік саланың жеке элементтерін анықтайтын да заңдар бар (таптар, топтар, ұлттар, т.б.)

Заңдардың іске асырылу тәсілі: динамикалық және статикалық болып ажыратылады. Динамикалық тәсіл-әлеуметтік өзгерістердің бағытын, факторларын және формаларын анықтайды, белгілі жағдайлардағы өзгерістердің біркелкі, қатаң байланыстарын тіркейді. Статикалық заңдардың ерекшелігі сонда, олар сол әлеуметтік тұтастықтың тұрақтылығын сақтаған жағдайдағы өзгерістерді, олардың бағытын анықтайды.

Әлеуметтік байланыстардың қалыптасу негізі әр түрлі тілектерді қанағаттандыру үшін әлеуметтік бірлікті құраушы жеке адамдардың нақтылы бірлікте, белгілі уақытта, өзінің қандай да бір болмасын мақсатына жетуге бағытталған, біріккен іс-әрекетіне жағдай туғызатын факторлардың жиынтығын түсінеміз.

Әлеуметтік іс-әрекеттің обьективтік және субьективтік жақтары бар. Обьективтік жағы деп-жеке адамдарға байланыссыз, олардан тыс іске асырылатын, бірақ ол әрекеттердің мазмұны мен сипатын бақылайтын өзара іс-әрекеттердің байланысын айтамыз. Субьективтік жағы деп-жеке адамдардың өзара бетпе-бет, саналы, тікелей қатынасын түсінеміз.Субьективтік қатынас нақтылы әлеуметтік бірлікте ( әсіресе ұсақ топтарда, айталық, цехтарда, бригадаларда, т.б.) қалыптасатын жеке адамдардың арасындағы қатынас.

Адамдар қоғамда топтарға бірігеді. Соның нәтижесінде көп мүшесі бар үлкен әлеуметтік топтар құрылады. Олар әр түрлі байланысқа негізделеді. Үлкен топтардың бірнеше түрлері болады, олар әр түрлі тәртіп белгілеріне сәйкес құрылады. Мысалы, аудитория (радио, теледидар, кино театр), немесе ұлт түріндегі үлкен топтардың аумақтық бірлігі ( қала, мемлекет).

Адамдардың бірігуінің нәтижесінде ұсақ топтарда да пайда болады. Мұның үлкен топтардан айырмашылығы – оның барлық мүшелері ( 3,7,15 адам) тікелей яғни (бетпе- бет) қатынаста болады. Ұсақ топтардың да бірнеше түрлері бар. Соның ішінде ең бастапқы құрылымы – алғашқы топтар отбасы, көршілер және достар тобы. Бұлар адамның жеке өзара қатынасының негізгі, туыстық сезім, тілектестік, достық пейіл. Бұлар адамдардың табиғи қатынасына негізделеді.

Егер де ұсақ топтар еңбек немесе қоғамдық ұйымдардың арнаулы бөлімі ретінде қалыптасып өмір сүрсе, онда адамдардың өзара қатынастарының негізін олардың белгілі бір өнімді шығару әрекеті құрайды. Ал мұндай топтар мақсатты немесе арнаулы болады. Әр түрлі топтардың, жеке адамдардың өзара қатынасы барысында номиналдық топтар пайда болады. Мысалы: жасына, ойлау ерекшелігіне, тұрағына қарай (құрдастар, көршілер) жасалатын қарым- қатынас. Әлеуметтік топтарды да ажырататын белгілер бар. Олар – жыныстық, жастық, ұлттық, этностық, аумақтық белгілер. Әлеуметтік топтың негізін мына белгілер де құрайды: таптық, кәсіби, дүниелік, білім, тұрағы (қала, село, ірі және шағын қалалар, т. б.), саясатқа араласу тәсілі (әр түрлі партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге мүше болу). Топта (ол мәңгілік емес) белгілі бір мерзім ішінде динамикалық процестер жүріп жатады және топ сатылы қозғалыста болады. Олардың жиынтығы топтық динамика деп аталады. Әрбір топта әр түрлі өзгерістер болады. Олар топтың құрылымында, лидерлік проблемада, топтық шешім қабылдауда, топтық талас-тартыс тудыруда, топтық пікірді, мақсатты, нормаларды, тәртіп формаларын анықтауда және осы өзгерістерді оның мүшелерін қабылдауы арқылы көрінеді. Әрбір топта жеке адамдардың іс-әрекеті дамиды. Қоғамда, топтарда, жеке адамдар қатынасында әлеуметтік алмасу іске асырылады. Ол қоғамдық қатынастың негізі, соның нәтижесінде әр түрлі құрылымдық белгілер туындайды ( билік, мәртебе, атақ, даңқ, т. б.).

Өзара әлеуметтік алмасу қоғам дамуының, топтардың өмір сүруінің шарты.

Әлеуметтік ұйымдар ұжымның мүшесі болатын жеке адамдардың орындайтын, іске асыратын әлеуметтік позициялары мен атқаратын рөлдерінің күрделі, өзара байланысты жүйесі. Қоғам әлеуметтік ұйымдарды белгілі мақсаттарды (экономикалық, әлеуметтік саяси, рухани) іске асыратын құрал деп қарайды. Ұйымдардың түрлері: өнеркәсіп, ауылшаруашылық, көлік, байланыс, білм беру, денсаулық сақтау, мәдени, ғылыми т.б.

Ұйымдар – қоғамның әлеуметтік құрылымының өзіндік «торы», оның ұсақ жиынтығы. Ұйым мүшелері – адамдар қоғамдық жүйенің элементі сияқты, әлеуметтік статусы бар және белгілі бір рөл атқаратын тұлға. Ұйымсыз адам болмайды, адамсыз ұйым жоқ. Әлеуметтік ұйым – адамзат қауымының аса маңызды жетістігі. Адамдар әлеуметтік ұйымдарға екі жағдайда бірігеді: жалпы мақсатты іске асыру арқылы жеке мақсатқа жету үшін (жалақы алу, өзінің қабілетін іске асыру, атақ алу, т.б.) мекемелер, ұйымдар құрылады. Осылайша әр түрлі одақтар, кооперативтер, серіктестіктер, акционерлік қоғамдар пайда болады. Әлеуметтік ұйымдар әлеуметтік ортаның тұрақты факторы болып есептеледі. Қандайда болмасын бір әлеуметтік ұйымға енетін жеке адамдар еңбек ұжымының ( мысалы, зауыт, фабрика) ережелерін (инструкцияларды ), оның белгілі статусына сәйкес өзіндік тәртіп статусын сақтайды. Ең ақырында жеке адамның іс- әрекетінің нәтижесі анықталады (мысалы, жұмысының мерзімі және сапасы), сөйтіп жалақы белгіленеді.

Әлеуметтік жүйенің негізгі қызметінің бірі әрбір жеке адамды сол ұйымға тарту және қоғаммен байланыстыру. Әлеуметтік жүйенің әрбір элементі – адамдар басқарушы және бағынушы қызметін атқарады, соңғылары біріншісінен көп болады. Ұйымдық құрылымның дұрыс қалыптаспауынан, жеке адамдардың мүддесін толық ескермеуден қайшылықтар да пайда болады.

Қазіргі уақыттағы меншік түрлерінің көбеюі әлеуметтік ұйымды басқару ісін дамытып отыруды талап етеді. Ұйымдағы жеке адамның тиімді еңбегі – бүкіл ұжымның іс- әрекетінің тиімділігі болып саналады.

4.Жаңа тақырыпты бекіту: 20 мин(22%)

1. Жаңа тақырыптар бойынша негізгі түйінге тоқталу.

2.Негізгі терминдер мен тезистерді практика дәптеріне түсіру.

5.Сабақты қорытындылау: 5мин(6 %)

1. Оқушыларды бағалау:

2. Сабақтың тақырыбы: Әлеуметтік құндылық ерекшеліктері, құндылық.

6. Үй тапсырмасы: 5 мин (6%)

1. Жоғарыда көрсетілген әдебиеттерден үй жұмысына дайындалу.

2. Қосымша жұмыс:

Реферат тақырыбы:

1.Әлеуметтік жұмыс.

2. Әлеуметтік ұйымдар.

15сабақ

І. Сабақтың тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы негізгі діндер.

ІІ. Сағат саны -2 90мин(100% )

ІІІ. Сабақтың түрі: теориялық

ІY. Сабақтың мақсаты:

оқыту: оқушыларға ежелден келе жатқан мәдениеттің түрі – дін, діннің мәні, дін тарихы, дін түрлері туралы түсінік беру.

тәрбиелеу: ҚР Конститутциясында « ҚР – зайырлы мемлекет» екендігі көрсетілген, сол сипаттың мәнің ажырата білу, азаматтардың сенімін сыйлауға тәрбиелеу.

дамыту: Діннің адамзатты біріктіруші, имандыққа шақыратын күш екендігін ұғындыру.

Ү. Материалды- техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: құрылғы компьютерлер, интерактивті тақта, мультимедиялық құрылғы.

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: өзіндік жұмыстарға арналған кестелер, тест тапсырмалары, жағдайлық есептер, сөзжұмбақ.

б)оқыту орны: аудитория.



Ү. Әдебиеттер:

негізгі: Ә. Нысанбаев, Ғ. Есім, М. Изотов, Қ Жүкешев, Қ. Адамбосынов А. Құлсариева «Қоғамдық білім негіздері» А. 2006 ж. 10- кл.

Ә. Нысанбаев, Қ. Жүкешев, М. Изотов, К. Қажымұрат, М. Сәбит, М. Тәтімов « Адам және қоғам» 11- кл.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет