4.Атабек – хан, сұлтандардың балаларын тәрбиелеуші әрі олардың қамқоршысы.
5.Ауыл – 1) Көшпелі дәуір кезіндегі рулық, тайпалық одақтардың шағын тобы; 2) Белгілі бір ауылда тұратын халық, ел-жұрт; 3) Отырықшы болып, ұжымдасқан шаруалардың қыстағы.
6.Әулет – бір атадан немесе бір рідан тараған үрім-бұтақ, тұқым, туыс, жұрағат. Әулеттің екінші мағынасы – мұрагерлік жолмен бірінен соң бірі өкімет басына келіп, ұзақ жылдар үстемдік еткен бір рудан немесе бір тектен шыққан билеушілер.
7.Балбал – археологиядағы ғұрыптық ескерткіштердің бір түріне байланысты қолданылатын атау. Балбал тас мүсін емес, дұрысында оның жанына тізбектеле қойылатын, сәл ғана өңделген, көбіне өңделмеген кішірек тас бағаналар.
Достарыңызбен бөлісу: |