28.Құқықтық мемлекет – барлық заңдылықтарды сақтау арқылы адам бостандығы мен құқығын қорғау. Ата заңды құрметтей отырып, оны басшылыққа алу.
29.Құрылтай – Шыңғысхан әулетінің басшылығымен өтіп тұрған көшпелі монғол шонжарларының кеңесі.
30.Медресе – мұсылмандардың орта немесе жоғары оқу орны.
31.Нарықтық экономика – тауар айырбасы сферасы. Ол қажеттіліктен бақыланады және мұнда ерікті баға үстемдік етеді.
32.Репрессия – қатаң жазалау шаралары, мемлекеттің оқшау ойлаушыларға қарсы әрекеті.
33.Саяси партия – саяси бірлестік. Қоғамдық құрылысты дамыту саласында арнайы бағдарламасы бар, өкімет жұмысын ұйымдастыруда, мемлекет өміріне араласатын ұйым.
34.Уақытша үкімет – Ресейдегі 1917 жылғы Ақпан революциясынан кейін құрылған ресми үкімет.
35.«Үш жүз», үш жүз партиясы – Қазақстанда 1917 жылы қазан-қараша айларында құрылған ұлттық-саяси ұйым.
36.Харадж – феодалдық рента, өңделетін жерге салынатын салық.
37. Өркениет – материалдық және рухани мәдениеттің, қоғамдық дамуының деңгейі.
38.Ядролық қару – жаппай қырып-жоятын атом қаруы Қуаты мен қашықтықта әрекет ету түріне қарай ол тактикалық, стратегиялық болып бөлінеді.
39. Сал-серілер – ақындық пен әншілік қасиет бойына туа дарыған өнер иелері.
40.Реформа – қоғамдық өмірдің бір қырын қайта құру. Мұнда өмір сүріп отырған әлеуметтік құрылыстың негізі жойылмайды.