8.Батыр (парсыша баһадүр – ержүрек, батыл) – әскери өнерді жақсы меңгерген, жау түсірер ерлігімен аты шыққан адамға берілетін атақ.
9.Би – әділдігімен, шешендігімен төрелік айту құқығына ие болған беделді адам.
10.Бодандық – 1) монархиялық елдің басқа елді өзіне бағынуға мәжбүр етуі; 2) еркі жоқтық, тәуелділік.
11.Даруға – ортағасырлық қалада алым-салық жинау мен тәртіпті қадағалау істерін басқарған адам.
12.Демография – халық, халықтың саны, өзгерісі туралы ғылым.
13.Демократия – халық билігі, саяси құрылыс, онда халық билігінің тәсілдері мен түрлері бекітіліп, тәжірибе жүзінде іске асырылады.
14.Депортация – жеке адамдарды, халықтарды (олардың бір бөлігін) еріксіз, күшпен жер аудару.
15. Албан – қазақ халқын құраған ірі тайпалардың бірі. Шежіре бойынша, Ұлы жүздің құрамына енеді. Албанның ұраны – Райымбек, Бәйдібек, таңбасы – дөңгелек.
16.Егемендік – абсолют саяси билікке өкіметтің қандай да бір жоғарғы органдарының қысымынсыз саяси шешім қабылдап, іске асыруға құқықты болу талабы. Мемлекеттің, халықтың, ұлттың, адамның саяси тәуелсіздігі.
17.Жарғы – дәстүрлі қазақ қоғамындағы заңдар жинағының атауы. Ежелгі түркі тіліндегі «иар» – әмір беру, билік айту мағынасындағы сөзден шыққан.