«Қазақстан тарихы» кафедрасының
2017-2018 оқу жылының 2 семестріндегі тәрбие жұмысының
ЕСЕБІ
1) РЭТ, ОП, Э, ОЦ-17с академиялық топтарында 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын талдау
ҚР Президенті жыл сайынғы Қазақстан халқына арналған Жолдауында еліміздің бұдан әрі қарайғы даму жолдары мен бағыттарын айқындап берді. БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.2018 жылы «цифрлық дәуір» өнеркәсібін қалыптастыруға арналған индустрияландырудың үшінші бесжылдығын әзірлеуге кірісу керек.ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.Орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу басталды, ол 2021 жылы аяқталатын болады.Бұл – мүлде жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар.Педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау керек болады.Еліміздің университеттеріндегі педагогикалық кафедралар мен факультеттерді дамыту қажет. СЕГІЗІНШІ. Тиімді мемлекеттік басқару. ТОҒЫЗЫНШЫ. Жемқорлықпен күрес және заңның үстемдігі. ОНЫНШЫ. «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт» үшін.
2) «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өткен физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Ғасыр адамы» Т.А. Кокетаймен ҚарМТУ студенттерінің кездесуі.
23.02.2018 ж. ҚарМТУ-дың машина жасау факультетінің студенттерімен физика-математика ғылымдарының докторы, профессор, «Ғасыр адамы» Көкетай Темірғали Әбілдаұлымен кездесуіөтті. Кездесудің модераторы «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Н.З. Ошанов болды. Кездесуді ҚарМТУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры Н.А. Алпысбаева ашып, ғалымның Қазақстандағы физика ғылымының дамуына қосқан үлесін атап өтті. Студенттер «Ғасыр адамының» өмірі мен шығармашылық, ғалымдық қызметін бейне түсірілімдерді, слайдтарды көрсете отырып баяндап берді. Доцент Касимова С.С. Темірғали Көкетайұлының әлемдік деңгейдегі ғылыми жетістіктеріне егжей-тегжейлі тоқталды. Кездесу барысында студенттер өздерінің көкейлерінде жүрген ойларын айтып, ғалым ағаға сұрақтар қойды. Кездесуге Қарағанды қаласындағы М. Әуезов атындағы кітапхананың қызметкері Г. Жылтыбаева да қатысып, ғалымға ескерткішке кітап сыйлады. Кездесу соңында студенттер ғалым ағаларымен бірге естелік суретке түсті.
3) ҚР Президенті Н.Назарбаевтің 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы мен «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабын оқып, пікір алысуға арналған дөңгелек үстел
9 ақпан 2018 ж .сағат 11.00 ҚарМТУ-де ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» аттыҚазақстан халқына Жолдауы мен «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабын оқып танысу, пікір алысуға арналған дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді т.ғ.к., КарМТУ Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Касимова С.С жүргізіп отырды. Дөңгелек үстел жұмысына қатысқандар: Н.А.Алпысбаева – ҚарМТУ проректоры, техника ғылымдарының кандидаты, доцент; Д.Б.Малаев - Қарағанды облысы әкімі апаратының «Қоғамдық келісім» ҚМУ әдістемелік бөлімінің маманы, ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің бастығы; Е.Б.Қасенов-«Болашақ» Академиясының қоғамдық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент; Г.А.Жұмасұлтанова - тарих ғылымдарының кандидаты, академик Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ саясаттану және әлеуметтану пәндері кафедрасының доценті, А.С.Сағатова –ҚарМТУ-дың Қазақстан тарихы кафедрасының менгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты, М.Ж.Сулейменова - тарих ғылымдарының кандидаты, доцент.
Дөңгелек үстел ҚарМТУ-дың тәрбие жұмысы бойынша проректоры Н.А.Алпысбаеваның құтықтау сөзімен ашылды. Ол Елбасының жолдауы мен «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітапты оқып білудің маныздылығын атап өтті.Қарағанды облысының әкімшілігінің өкілі Д.Б.Малаев студенттерді «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының негізгі мақсаты өмір сүру сапасын арттыру және экономикасы бәсекеге қабілетті мемлекет арқылы цифрлық технологияларды дамыту болып отырғандығына тоқталды. Бұдан кейін сөз алған Г.А.Жұмасұлтанова, М.Ж.Сулейменовалар өз сөздерінде Қазақстанның үшінші модернизациясының мемлекетке экономикалық артуының жаңа моделінің пайда болуына серпін бергенін атап өтті. Іс-шараға қатысушы студенттер өз кезегінде ғалым-оқытушыларға жеке сұрақтар қоюға мүмкіндік алды. Дөңгелек үстел соңында Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі А.С.Сағатова Елбасының жолдауының іске асырылуы және де елімізде жүргізіліп жатқан реформалардың маңыздылығы мен өзектілігі туралы қорытынды жасады.
4) Тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Ж. Есенғараевтың «Қоғам, институттар және әлеуметтік ғылым» атты жаңа кітабының презентациясы.
28.02.2018 ж. ҚарМТУ-дың бас ғимаратының конференц-залында тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Е.Ж. Есенғараевтың «Қоғам, институттар және әлеуметтік ғылым» атты жаңа кітабының презентациясы болып өтті. Іс-шараны «Қазақстан тарихы» кафедрасы ұйымдастырып, кафедра меңгерушісі Сағатова А.С. жүргізіп отырды. Іс-шараға академик Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры, т.ғ.д. Сақтағанова З.Ғ., ҚарМТУ-дың тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Н.А. Алпысбаева, оқытушылар мен студенттер қатысты. Өз сөзінде Е.Ж. Есенғараев қоғамның жүйесін жаңартудағы әлеуметтік институттардың маңыздылығын атап өтті. Қоғамды жаңғыртуды дамытуда күрделі мәселелерді тәжірибеге енгізуді жалғастыру қажет – дейді ғалым. Кездесу соңы студенттер мен оқытушылардың өзара қызықты сұрақтар төңірегінде пікір алмасуына ұласты және қатысушылар кітап авторына үлкен ризашылықтарын білдірді.
5) «Қазақстан тарихы» кафедрасы оқытушыларының Қали Байжанов атындағы Қарағанды облыстық концерттік бірлестігінің 80 жылдығына арналған іс-шараға қатысуы.
28.03.2018 ж. «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушыларыСағатова А.С., Ошанов Н.З. және 1 курс студенттері Қали Байжанов атындағы Қарағанды облыстық концерттік бірлестігінің 80 жылдығына арналған «Арқа әуенін асқақтатқан»атты мерекелік іс-шараға қатысты. Мерекені өткізуге қаладағы М.Әуезов кітапханасының өлкетану бөлімі де өз үлесін қосты. Іс-шарада облыстық «Армысың, әз-наурыз!» атты облыстық ақындар айтысының гран-при жүлдегері, ҚарМТУ студенті Оспанов Бекарыс өнер көрсетті.Мереке соңында барлық қатысушыларға алғыс хат тапсырылды
6) «Сыр тұнған Сарыарқа» презентациялар конкурсы
2018 жылы 29 наурызда ҚарМТУ-да ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» атты бағдарламалық мақаласының аясында «Сыр тұңған Сарыарқа» атты презентациялар конкурсы ұйымдастырылды. Конкурстың ұйымдастырушысы т.ғ.к., доцент Касимова С.С.
Жобалар сайысына ҚарМТУ барлық факультеттерінің 1 курс студенттері қатысты, барлығы 13 жұмыс қабылданды.Сайыс қорытындысы бойынша әділқазылар алқасы мынадай номинациялар бойынша қатысушы командаларды марапаттады:
«ӨНЕРІМЕН ӨРГЕ ЖҮЗГЕНДЕРІ ҮШІН»
Мусаева Майра,Оспанов Бекарыс, Хұмар Ақмарал - БТ-17-2 тобының студенттері (ғылыми жетекшісі- п.ғ.м., аға оқытушы Жетпісбаев А.О.)
«ҰЛТТЫҢ ҰЛЫЛАРЫН ҰЛЫҚТАҒАНЫ ҮШІН»
Айтбақаева Рым,Абдуалы Ақмарал, Аргимбаева Айсара - БТ-17-1тобының студенттері (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Тлеугабылова К.С.)
3) «ТАРИХТАН МАРЖАН ТЕРГЕНІ ҮШІН»
Райхан Мейір, Бауыржан Жансая,Тлеубай Айкөркем - ГМУ-17-1 тобының студенттері (ғылыми жетекшісі – т.ғ.к., доцент Касимова С.С.)
4) «ТҰЛҒАТАНУҒА ТАУДАЙ ТАЛПЫНЫСТАРЫ ҮШІН»
Бақытова Тоғжан, Ахат Гүлсана, Алдаберген Жансая, Бақбергенова Анель - БТ-17-1 тобының студенттері (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Тлеугабылова К.С.)
5) «ТАРИХТЫ ТАНУДАҒЫ ІЗДЕНІСТЕРІ ҮШІН»
Асқарова Арайлым, Нұрғалиева Тұрсынай, Санатхан Олжас, Шарапов Дарын, Зекен Данияр, Тельбаева Толқынай - ФИТ-17-1 тобының студенттері (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Теміржанова Ш.М.)
6) «ЗА ТВОРЧЕСКУЮ АКТИВНОСТЬ»
Харченко Софья - ТМО-17-1 тобының студенті (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Амерханова Ж.Б.)
7) Ең үздік жоба «ЖҮЗДЕН ЖҮЙРІК, МЫҢНАН ТҰЛПАР» номинация иегерлері МКМ—17-1 тобының студенттері – Орман Руслан, Барат Меруерт, Камал Дархан,Төлеген Жанна, Есентайқызы Перуза, Өтеулі Асыл марапатталды. (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Теміржанова Ш.М.) Сонымен қатар ИС-17-1 тобының стденттері - Сарымбай Б., Алпысбаев А., Қажмағанбет А., Балғабаева Т., Рамазанова Т., (ғылыми жетекшісі – фс.ғ.к. Сағатова А.С.) және Тұрысбекова А.- ФИЭМ-17-1 (ғылыми жетекшісі – аға оқытушы Нурлигенова З.Н.) тобының студентіне сайысқа белсене қатысқаны үшін алғыс жарияланды.
7) Университетішілік студенттердің «Туған жер» ғылыми-практикалық конференциясы
2018 жылы 30 наурызда ҚарМТУ-дың «Қазақстан тарихы» кафедрасында университетішілік студенттердің «Туған жер» ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференция Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Конференция басында ҚарМТУ-дың тәрбие ісі жөніндегі проректоры Н.А. Алпысбаева сөз сөйледі. Конференция барысында студенттердің өзекті тақырыптарға өз таңдаулары бойынша қызықты баяндамалары оқылды. Қорытынды сөзді «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі А.С. Сағатова алды және конференцияның студент жастарды тәрбиелеудегі маңыздылығын атап көрсетті.
Конференция жұмысының соңында «Мазмұнды баяндама жасағаны үшін» келесі студенттерді марапаттауға шешім шығарылды:
1. ЖахметоваАина - ФиЭМ-17-3тобының студенті. «Урочище БектауАта»
2. Қорқытбай Әділхан - ГД-17-1тобының студенті. «Туғанжерім – Степногорск»
3.Шерубай Санжар - ГД-17-5тобының студенті. «НұрлыНұрадаласы»
4. БолманРза - ГД-17-5тобының студенті. «Ұлытау – ұлылар мекені»
5. ШайарыстанЕлдар - МКМ-17-1тобының студенті. «Туған қалам – Текелі»
6. ИсмондиеровМұхтар - МКМ-17-1тобының студенті. «Саялы жер – Сарыағаш»
7. Кариполла Авдол - ГД-17-5тобының студенті. «Туған жерім – мақтанышым»
8) ҚарМТУ-дың 65 жылдығына арналған техника ғылымдарының кандидаты, профессор Смаилов Төлеуғазы Хасенұлының «Тегіңді таны» атты жаңа кітабының презентациясы
2018 жылғы 11 сәуірде Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің 65 жылдық мерейтойы қарсаңында ҚарМТУ түлегі, техника ғылымдарының кандидаты, Е.А. Букетов атындағы ҚарМУ-дың профессоры Смаилов Төлеуғазы Хасенұлының «Тегіңді таны»кітабының презентациясы өтті. Іс-шараны «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақстан тарихы» кафедрасы ұйымдастырды.
Іс-шара басындаҚарМТУ тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Алпысбаева Н.А Т.Х.Смаиловтың өмірі мен шығармашылығына қысқаша тоқталып өтті. Кітап авторы Төлеуғазы Хасенұлы Смаилов өз сөзінде Елбасы Н.Назарбаевтың «Өз тарихын білмейтін және құрметтейтін адамның болашағы бұлдыр» деген сөзін мысалға келтірді. Оның пікірінше, өзіңнің тарихыңды оқып білу қажет. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің «Археология, этнология және Отан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Өскембаев К.С. кітапта даланың тайпалық ақсүйектеріне, орта жүз топтарының тарихына тоқталғанын, алаш қозғалысының тарихи дереккөздерге негізделгені туралы айтты.
Тарих ғылымының кандидаттары, ҚарМТУ-дың «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценттері Сүлейменова М.Ж., Касимова С.С. профессор Т.Х. Смаиловтың жаңа кітабы жоғары оқу орындарының студенттеріне, оқытушыларына, әсіресе, Қазақстан тарихына қызығушылық танытатын оқырмандарға өте пайдалы болатынын айтып, авторға еңбегі үшін өз алғыстарын білдірді. Н.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап кітапхананың қызметкері Телпекбаева С.О. кітапхананың өлкетану бөлімінің жұмысы туралы айтты. Іс-шара соңында «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Сағатова А.С. кітап авторына алғыс айтып, естелік кітабын сыйлады.
9) Студенттер мен «Қазақстан тарихы» кафедрасы оқытушыларының ҚарМУ-дегі академик Е.А. Бөкетовтың мемориалды музейіне экскурсиясы
16 сәуірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы Ж.Б. Амерханова 1 курс студенттерімен академик Е. Бөкетовтың музейіне экскурсия ұйымдастырды. Экскурсия Қазақ КСР Ұлттық Академиясының академигі, көрнекті ғалым Евней Арыстанұлы Бөкетовтың өмірі мен шығармашылығына арналды.
Музейдегі экскурсияға машина жасау факультетінің ТМО-17-2(ПО), НВП-17-2с топтарының студенттері қатысты. Музей қызметкері Аяулы Адамбекова студенттерге ғалымның өмірі мен қызметі жайында қызғылықты деректер келтіре отырып әңгімелеп берді. Сонымен қатар Қазақстанның болашағында студент-жастардың алатын орны үлкен екенін айта отырып, олардың туған тарихын тануға деген ынталарына қолдау білдірді.
10) «Қазақстан тарихы» кафедрасы оқытушыларының ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» жаңа кітабын оқып, пікір алмасуға арналған дөңгелек үстелге қатысуы
2018 жылы 18 сәуірде Қарағанды қаласындағы № 5 орта мектепте (ҚарМТУ-дың ресурстық орталығы) «Берік іргетас – мемлекеттілік негізі» тақырыбында ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Тәуелсіздік дәуірі» атты жаңа кітабын талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге қатысқандар: Кошербаев Е.К. –№ 5 орта мектеп директоры; Сулейменова М.Ж., Касимова С.С. –т.ғ.к., ҚарМТУ-дың доценттері; Молотов-Лучанский В.Б – профессор, Қарағанды Медициналық академиясы ректорының кеңесшісі; Жуынтаева З.Н. –ф.ғ.к., ҚарМУ доценті; Шырайманова Г. – ҚарМУ профессоры; Абылқасымова Г.К. – ҚарМУ доценті; Смагулова Н.А. –ҚарМТУ инновациялық колледжінің директоры. ҚарМТУ доценті Сулейменова М.Ж. «Қазіргі кездегі Қазақстандағы экономикалық жаңғыру», доцент Касимова С.С. «Қазіргі кездегі Қазақстандағы білім мен ғылымдағы реформалар» тақырыптарында баяндама жасады.
11) «100 жаңа оқулық» бағдарламасы аясындағы «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» тақырыбындағы интеллектуалдық ойын
2017 жылдың 12 сәуірінде Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында әлемнің ең үздік 100 оқулығын қазақшаға аудару туралы айтқан болатын. Міне, арада бір жыл өткен соң бұл бастаманың нәтижелері көріне бастады.
Осы бағдарламаны таныту, насихаттау мақсатында «Қазақстан тарихы» кафедрасының аға оқытушысы А.О. Жетпісбаев студенттер арасында «НЕ? ҚАЙДА? ҚАШАН?» тақырыбындағы интеллектуалдық ойынын ұйымдастырды. Ойын басталар алдында аға оқытушы А. Жетпісбаев «Не? Қайда? Қашан?» ойынының өту тәртібімен, мақсатымен таныстырып өтті. Әрі қарай доцент Касимова С.С. ойынға қатысушыларды ойын ережесімен, ұпайларды жинау тәртібімен таныстырып, капитандарды, жеңімпаздарды анықтау жолдарын айтты. Ұйымдастыру комитетінің шешімімен ойынға 3 команда қатысты. Ойын қорытындысы бойынша 1 орынды «Jiger» командасы, 2 орынды Каллипсо “A-Team” командасы, 3 орынды «Alash” командасы иеленді. Ең үздік ойыншы болып БТ–17–2 тобының студенті Қайырберлi Айдана аталды.
12) Доцент С.С. Касимованың «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақша 100 жаңа оқулық»жобасы бойынша сөйлеген сөзі.
2018 жылдың 18 сәуірінде «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті С.С. Касимова «Сарыарқа» (Қазақстан-Қарағанды) телеканалының кешкі жаңалықтар бағдарламасында «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақша 100 жаңа оқулық» жобасы бойынша сөз сөйледі.
13) Халық қаһарманы Қасым Қайсеновтың туғанына 100 жыл толуына арналған дөңгелек үстел
2018 жылғы 23 сәуірде «Қазақстан тарихы» кафедрасында екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, көптеген атақтар мен марапаттар иесі, көрнекті жазушы, Халық қаһарманы Қасым Қайсеновті еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті.Қасым Қайсенов 2018 жылы 23 сәуірінде 100 жасқа толып отыр. Дөңгелек үстелді қысқаша кіріспе сөзбен кафедра оқытушысы Н.Ошанов ашты. ГД-17-7 тобының студенті А.Амирова мен А.Жаксылыкова батырдың өмірбаянымен таныстырса, оның ерен ерліктері туралы көрсетілімдерді НВП-17-1 тобының студенттері Ә.Тілеуқұл, У.Ноянова әзірледі. Дөңгелек үстелге қатысушы А.Ахметова, А. Құлымбет, Н.Тілеубекова Қасым Қайсеновтың шығармалары жайында өздерінің пікірлерімен бөлісті. ГД-17-7 тобының студенті Т.Тұяқбай Қасым Қайсенов пен оның жары Асыл апаның үлкен махаббат тарихы туралы баяндады. Дөңгелек үстел қорытындысын аға оқытушы Айдар Жетпісбаев жасады. Ол соғыс әрқашан адам тағдырына қасірет алып келетінін атап өтті.
14) «Қазақстан тарихы» кафедрасы оқытушылары мен студенттердің «АЛЖИР»музейіне сапары
28.04.2018 ж. «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары С.С. Касимова, Ш.М. Теміржанова және «Серпін» студенттік топтарының жетекшісі Ш.А. Жетпісбайдың жетекшілігімен АЛЖИР музейіне экскурсия ұйымдастырылды.
Экскурсияға машина жасау, экономика факультеттерінің 1 курс студенттері, жатақанадағы белсенді студенттер қатысты (барлығы 120 студент). Сонымен қатар «Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Сағатова А.С., аға оқытушылар Нурлигенова З.Н., Сарсенбеков Н.Ж. қатысты. Экскурсия соңында студенттерге «АЛЖИР тұтқындары» деген деректі фильм көрсетілді.
5) 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған «Қазақстан Республикасында бірлік пен толеранттылықты қалыптастырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының ролі» тақырыбындағы дөңгелек үстел.
4 мамырда аталған дөңгелек үстелге студенттермен бірге «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары Сулейменова М.Ж.,Касимова С.С.,Темиржанова Ш.М қатысты. Осы мақсатты жүзеге асыруда 1995 жылы 1 наурызда республиканың қоғамдық-саяси сахнасына – саяси институт – Қазақстан халқы Ассамблеясы шықты. Бұл бірегей институт еліміздегі барлық этнос өкілдерін ортақ мақсатқа ұйыстыра отырып, республикадағы тұрақтылықты сақтау мен ел дамуының мақсатына айтулы үлес қосып келеді. Осы тақырыпқа студенттер де өздерінің баяндамаларын оқыды.
1.Бауыржанова А. - ГМУ-17-1 тобының студенті. «Қазақстан халқы Ассамблеясының даму тарихы»;
2.Мұхамеджан Н. - Оценка-17-1 тобының студенті. «Қазақстандағы этносаралық толеранттылық және конфессияаралық келісім»;
3.Абай Ы. - Оценка-17-1; Борат М. МКМ-17-1 топтарының студенттері. «Қарағанды облысына депортацияланған халықтар»;
4.Мұхамедия Ж. - Оценка-17-1 тобының студенті. «Қазақ халқы - Қазақстандағы ұлтаралық жарастықтың негізгі ұйтқысы»;
5.Мұхамедия А. - МКМ-17-1 тобының студенті. «Ақпыз, қара, сарымыз – туысқанбыз бәріміз;
6.Пернен Д. - МКМ-17-1 тобының студенті. «Елбасы Н.Ә. Назарбаетың қазақстандық татулық пен бірлікті нығайтудағы ролі»;
7. Есназарова С. - МКМ-17-1 тобының студенті. «Қазақстандағы әр ұлт өкілдерінің диаспорасы
Дөңгелек үстел жұмысының соңында сөз алған «Қазақстан тарихы» кафедрасының доценті Сулейменова М.Ж татулық пен бірлік қашан да Қазақстанның болашаққа кемел қадам басуының, гүлденуі мен өркендеуінің берік кепілі екендігі жайлы қорытынды жасады.
«Қазақстан тарихы» кафедрасының тәрбие ісі
бойынша жауапты Касимова С.С.
Достарыңызбен бөлісу: |