Қазақстан тарихы пәнінен студенттердің өзін-өзі тексеру үшін сұрақтар


-сұрақ. Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері



бет41/52
Дата18.12.2022
өлшемі165,98 Kb.
#163157
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52
Байланысты:
Тарих 100 сұрақ

76-сұрақ. Ұлттық валютаны енгізу және оның маңызы. ҚР мемлекеттік шекарасын делимитация және демаркациялау нәтижелері.
Ұлттық валюта-бұл елдің заңмен белгіленген ақша бірлігі. Өзінің ұлттық валютасын енгізу Қазақстанның тәуелсіздігін нығайтуда және дербес дамуында маңызды рөл атқарады. Теңге елдің қаржылық Тәуелсіздігінің ажырамас символына айналды. Теңгенің тарихы ең алғаш қазақ даласында күміс монета XV-ғасырда Отырар қаласында «таньга» деген атаумен пайда болған. Ал Ұлттық валютамыздың тарихы 1992 жылдан бастау алады. 1992 жылдың 27 тамызы күні Қазақстаның Ұлттық банкі теңге купюрасының үлгілерін бекіткен болатын.
Политологиялық тұрғыда шекараны ұлттық егемендік таралатын кеңістіктің шектері ретінде түсіндіреді. Мемлекеттік шекара – белгілі бір елдің құрлықтағы немесе судағы аумағының шегін көрсететін меже.
Меже ішіне енетін әуе кеңістігі мен жер қойнауы және су түбі сол мемлекеттің аумағы болып табылады. Көршілес мемлекеттердің шекара межелері өзара келісімдер мен шарттарда белгіленеді.
* Мемлекеттер арасындағы шекараны белгілеу делимитация деп аталады.
* Жер бетінің құрамына қарай (тау жоталарымен, өзен арналарымен, т.б.) жүргізілген шекара сызығы орография деп аталады.
* Жер бетіндегі екі белгі арасында тікелей тартылған шекара сызығы геометрия деп аталады.
* Әдетте шекараны делимитациялау туралы шарттар шекара жөніндегі арнаулы келісімдерде, бітім шарттарында, мемлекеттік аумақтың белгілі бір бөлшегін екінші бір мемлекетке беру туралы, т.б. келісімдерде белгіленіп, шекара сызығын сол белгіленген жерлер бойынша нақтылы жүргізу демаркациялау деп аталады. Ресми түрде белгіленген және бекітілген сызығын мемлекеттердің бір жақты бұзуы немесе қайта қарауы халықараралық құқыққа қайшы келеді. Мемлекеттік шекараны бойлай шекаралық белгілер орнатылады. Мемлекеттік шекараның күзетін шекаралық әскер (шекарадағы күзеттер, шекаралық қара-уылдар) жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасынан керекті құжаттарсыз және тиісті рұқсатсыз өту немесе шекаралық белгілерді заңсыз алу, жылжыту не жою қылмыстық жауапкершілікке тартылады (Қазақстан Республикасы Қазақстан Конституциясынің 330, 331-бабы). Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғалы бері көршілес мемлекеттер – Қырғыз Республикасы, Қытай Халық Республикасы және Өзбекстан Республикасымен мемлекеттік шекараны делимитациялау туралы меморандумға қол қойды. ҚР Мемлекттік шекарасы – Қазақстан территориясындағы құрлықтың, судың, жер қойнауының және әуе кеңістігінің шегін анықтайтын түзу сызық, сол сызық арқылы өтетеін жазықтық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   52




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет