72-сұрақ. Тәуелсіздікті жариялау қарсаңындағы Қазақтандағы қоғамдық-саяси жағдай. 1991 жылы 16 желтоқсанда Парламент Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық заңды жариялады. Осылайша, Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігі заңнама тұрғысынан рәсімделді.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзі басы-қасында болған осы маңызды тарихи оқиғаны өзінің 2017 жылы жарық көрген «Тәуелсіздік дәуірі» атты кітабында былайша еске алып және бағалайды: «1991 жылғы сайлаудан кейінгі бірінші жұмыс аптасында, өзім 1991 жылдың 16 желтоқсанында қол қойған «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» заңның мәтінімен жұмыс істедім. Құқықтық тұрғыда әлемнің саяси картасында дәл осы күні жаңа тәуелсіз мемлекет – Қазақстан Республикасы пайда болды. Осылайша, тарихи әділеттік орнап, бабаларымыздың ұлы арманы орындалды. Бұған дейін декларация түрінде ғана болған мемлекеттік тәуелсіздік енді конституциялық негізге ие болды. Заңдағы 18 баптың біріншісі біздің елімізді ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілейтін және жүргізетін тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.
73-сұрақ. Қазақстан Республикасы тәуелсiздiгi туралы Заңының қабылдануы және оның тарихи мәнi. 1991 жылдың 16 желтоқсанында «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңы қабылданды. Осы уақыттан бастап республика егеменді, демократиялық мемлекет мәртебесіне ие болып, өз территориясында өкімет билігін толық иеленіп, ішкі және сыртқы саясатын дербес белгілеп, жүргізе бастады. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХV сессиясында сөйлеген сөзінде: «Біз эволюциялық даму мен сала-матты прагматизмнің пайдасына, қарапайым адамдардың берекеттілі-гі мен өркендеуі үшін тоталитарлық өткеннен, сілкіністер мен жұмылдырушылық жолынан біржолата бас тарттық» деп атап өтті. Қазақстандықтар мемлекеттік стратегияны басшылыққа ала отырып, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыруда, саяси жүйені жетілдіріп, демократиялық институттарды дамыту үстінде. Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін нығайту – Президент Нұрсұлтан Назарбаев белгілеген біздің еліміздің магистральдық бағыттарының бірі болып табылады. Бұл «2010-2014 жылдарға арналған жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасында» көрініс тапты.