70-сұрақ. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КОКП қызметінің тоқтатылуы. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) (орыс: Содружество Независимых Государств, СНГ) — ыдыраған КСРО орнына 1991 ж. 21 желтоқсанда құрылған халықаралық ұйым.
Мүшелік:
10 мүше мемлеке
Штаб-пәтер:
Беларусь, Минск
Ресей, Мәскеу
Ресей, Санкт-Петербург
Штаб-пәтер:
Беларусь, Минск
Ресей, Мәскеу
Ресей, Санкт-Петербург
Ресми тілдері:
Қазақ тілі
Өзбек тілі
Түрікмен тілі
Тәжік тілі
Беларус тілі
Румын тілі
Әзірбайжан тілі
Армян тілі
Қырғыз тілі
Ресми тілі:
Орыс тілі (жұмыс тілі)
Басшылары
Төраға Мемлекет басшылары кеңесі
Қасым-Жомарт Тоқаев
Тұрақты өкілдер кеңесі
Андрей Шведов
Жауапты хатшы
Сергей Лебедев
Төраға-ел
Қазақстан
Құрылуы
Құрылуының ресми датасы
1991 жыл 8 желтоқсан
Тамыз бүлігі (орыс. Августовский путч), кейде Тамыз төңкерісі — Кеңес Одағы Коммунистік партиясының жақтастарының сол кездегі Кеңес Президенті және Коммунистік партияның Бас хатшысы болған Михаил Горбачёвтан ел билігін күшпен тартып алудың сәтсіз әрекеті. Төңкеріс жетекшілері жоғары әскери және азаматтық шенеуніктерден, соның ішінде вице-президент Геннадий Янаевтан тұрды, олар бірге Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетті (ГКЧП) құрған. Төңкеріс жасау Горбачёвтың Қырымдағы демалысы кезінде орындалған және сәтсіз аяқталды.
Дата
19–21 тамыз, 1991
Орын
Мәскеу, Санкт-Петербург, РКФСР және Ресей
Себеп
КОКП билігін сақтау, КСРО ыдырауын тоқтату
Нәтиже
Төңкеріс сәтсіз болды
ТЖЖМК ыдырауы;
КОКП және РКФСР жойылуы
Эстония және Латвия тәуелсіздігі
Украина тәуелсіздігінің жариялануы
КСРО ыдырауының жылдамдануы
71-сұрақ. Қазақ КСР-інің Егемендігі туралы Декларациясының жариялауы және оның мәні.
Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар - экономикалық және ғылыми-техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды.
Достарыңызбен бөлісу: |