1
|
Қыпшақ хандығы IX-XI ғасырларда қазіргі қазақ жерінде өмір сүрген мемлекеттік бірлестік. Қарахан мемлекеті ыдырағаннан кейін әскери-саяси билік қыпшақ ақсүйектерінің қолына көшкен
|
|
2
|
Әскери-әкімшілік жағынан Қыпшақ хандығы оң және сол қанат болып бөлінді. Оң қанаттың ордасы Еділ өзені бойындағы Ахтуба қаласы болса, сол қанаттың орталығы Сырдария бойындағы Сауран қаласында орналасты
|
|
3
|
Қыпшақ қоғамы әлеуметтік және сословиелік жағынан тең болған жоқ. Негізгі теңсіздік малға жеке меншік еді. Жылқы басты байлық саналды
|
|
4
|
Қыпшақ қоғамы «ұлы князь», «князь», «бояр», деген ақсүйектер енген қатал иерархиялық жүйеден тұрған
|
|
5
|
Қыпшақ мемлекетінде қарапайым адамдарды «ерлер» деп атады. Олар заң жүзінде ерікті болғанымен іс жүзінде үстем тап өкілдеріне тәуелді болды. Малы жоқ кедейлер жатақтар деп аталып, олар ханның немесе үстем тап өкілдерінің тәуелдігіне түскен
|
|
6
|
Қыпшақ қоғамының төменгі тобында малы аз шаруалар мен құлдар болды. Қолға түскен тұтқындар құлға айналдырылып, олардың ешқандай құқы болмаған. Құлдар Орта Азия, Шығыс елдеріне құлдыққа сатылып отырған
|
|
7
|
965 жылы Қыпшақ ханы мен Киев князі Святославтың арасында хазарларға қарсы бағытталған әскери одақ жасалды. Мұның нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды
|
|
8
|
XI ғасырдың орта кезінен бастап қыпшақтар қазіргі Волгадан (Еділден) батысқа қарай жылжыды, олардың территориясы шығыс Еуропа елдерімен, орыс княздіктерімен, Византиямен, Венгриямен шектесті
|
|