«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсан бойынша жиынтық
бағалау спецификациясы
5-сынып
Мазмұны
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты 4
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 4
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 5 класс 4
4. Ойлау дағдыларының деңгейі 5
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу 5
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 6
7. Модерация және балл қою 6
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 7
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 12
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 17
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 22
1. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мақсаты
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау оқу жоспарындағы тоқсан ішінде меңгеруге тиісті оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.
2. Тоқсандық жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар
Негізгі орта білім беру деңгейінің 5-9-сыныптарына арналған «Қазақстан тарихы» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы
3. «Қазақстан тарихы» пәнінен күтілетін нәтижелер, 5 класс
Білім алушы:
Білу
- ежелгі Қазақстан тарихының кезеңдерін және оқиғалардың хронологиясы;
- тарихи тұлғаларды;
Түсіну
- мемлекеттердің қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуына тән ерекшеліктерді;
- тарихи ұғымдарды;
- тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді;
Қолдану
- әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдана алады;
- ортағасырлық мемлекеттердің аумағын саяси картада көрсету;
- ортағасырлық тайпалардың миграциялық бағыттарын көрсету;
Талдау
- тарихи оқиғалардың байланысын анықтау;
- дереккөздегі маңызды ақпаратты табады;
- мемлекеттердің құрылуына әсер еткен факторларды талдайды;
-тарихи оқиғалардың, құбылыстардың және үдерістердің себеп-салдарын және сабақтастығын талдайды;
Жинақтау
- тарихи оқиғалар, құбылыстар және үдерістердің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын салыстырады;
- алғашқы тайпалық бірлестіктердің басқару жүйесінің ерекшеліктерін жіктейді;
- тарихи фактілердің маңыздылығын жіктейді;
- тарихи оқиғалардың себеп-салдарын жинақтайды.
Бағалау
- тарихи тұлғалардың рөлін бағалайды;
- тарихи үдерістердің маңызын бағалайды.
4. Ойлау дағдыларының деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Сипаттама
|
Тапсырмалар түрлері
|
Білу және түсіну
|
Тарихи үдерістердің тұтастығы мен ерекшеліктерін сипаттайтын тарихи фактілерді, құбылыстарды, үдерістерді, ұғымдарды білу.
Маңызды тарихи оқиғаларға қатысты қазіргі зерттеулер мен көзқарастарды білу.
|
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Қолдану
|
Тарихи картаны қолдану арқылы саяси-экономикалық және әлеуметтік үдерістерді түсіндіреді.
Әр түрлі тарихи дереккөздерді қолдана алады.
Этноәлеуметтік құрылымын жіктейді.
Тарихи оқиғалардың байланысын анықтайды.
Берілген дереккөзге сұрақ құрастыра алады.
|
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
Тарихи құбылыс, оқиға немесе үдерісті басқа ұқсас тарихи құбылыстармен уақыт пен кеңістікте байланыстырады және бағалайды;
|
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар
|
5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу
Тоқсан
|
Білу және түсіну
|
Қолдану
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
I
|
40%
|
60%
|
-
|
II
|
50%
|
50%
|
-
|
III
|
25%
|
75%
|
-
|
IV
|
50%
|
50%
|
-
|
Барлығы
|
41%
|
59%
|
-
|
6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз.
Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз.
Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы: сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз.
Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз.
Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жекелеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады.
Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын үнемі хабарлап отырыңыз.
Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз.
7. Модерация және балл қою
Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
1-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
1-тоқсанның жиынтық бағалауына шолу
Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут
Балл саны – 20
Тапсырмалар түрлері:
КТБ - көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсандық жиынтық бағалаудың нұсқасы 9 тапсырмадан тұрады: соның ішінде 6 көп таңдауы бар тапсырмалар, 3 қысқаша жауап нұсқаларынан тұратын сұрақтар берілген.
Көп жауапты таңдауы бар сұрақтарда білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрысын таңдайды.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар тақырыпқа қатысты кеңейтілген жауап жазуы қажет.
Тапсырмаларда суреттер, кестелер, сызбанұсқалар ұсынылған.
1-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
|
Тексерілетін мақсат
|
Ойлау дағдыларының деңгейі
|
Тапсырма саны*
|
тапсырма*№
|
Тапсырма түрі*
|
Орындау уақыты, мин*
|
Балл*
|
Бөлім бойынша балл
|
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
|
5.4.1.1 Ежелгі адамдардың алғашқы кәсібін сипаттау
|
Білу және түсіну
|
6
|
1-6
|
КТБ
|
10
|
6
|
20
|
5.4.2.1. Еңбек құралдары мен қару түрлерін сипаттау
|
Білу және түсіну
|
5.2.2.1 Археологиялық ескерткіштерді сипаттау
|
Қолдану
|
1
|
7
|
ҚЖ
|
10
|
5
|
5.2.2.2 Археологиялық деректерге сүйене отырып, Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттерінің белгілерін анықтау
|
Қолдану
|
1
|
8
|
ТЖ
|
10
|
6
|
5.2.1.1 Алғашқы адамдардың наным-сенімдерін сипаттау
|
Қолдану
|
1
|
9
|
ҚЖ
|
10
|
3
|
Барлығы:
|
-
|
9
|
|
-
|
40
|
20
|
20
|
Еcкерту: *-өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
|
«Қазақстан тарихы» пәнінен 1-тоқсан бойынша
жиынтық бағалау тапсырмалары
Көп жауап нұсқаларынан бір жауапты таңдап белгілеңіз.
1. Адамзат тарихы дамуының ең алғашқы кезеңі:
А) қола дәуірі
В) темір дәуірі
С) рулық-тайпалық кезең
D) тас дәуірі
Е) андронов кезеңі
2.Тас дәуірінің (палеолит) қамтитын кезеңі:
А) б.з.б. 12-5 мың жыл
В) б.з.б.5-3 мың жыл бұрын
С) б.з.б. 100-75 ғасырлар
D) б.з.б.75-20 ғасырлар
Е) б.з.б. 2 млн 500 мың-12 мың жыл
3. Қоғамда алғашқы ірі еңбек бөлінісін туғызған жағдай:
А) терімшіліктің дамуы
В) шаруашылықтың егіншілік пен мал шаруашылығы болып бөлінуі
С) тобырдың қалыптасуы
D) темірді пайдалану
Е) аңшылықтың тууы
4. 1938 жылы Өзбекстаннан неандертальдық баланың сүйегі табылған үңгір:
А) Шақпақата
В) Арыстанды
С) Бөріқазған
D) Шабақты
Е) Тесіктас
5. Жамбыл обылысындағы 5 мыңға жуық тас құралдар табылған тұрақтар:
А) Арыстанды, Шақпақата
В) Тесіктас, Семізбұғы
С) Атасу, Пеньки
D) Қарасу, Сексеуіл
Е) Бөріқазған, Шабақты
6. "Қыш құмыралар заманы" деп аталатын дәуір:
А) кейінгі палеолит
В) мезолит
С) энеолит
D) неолит
Е) қола дәуірі
[6]
7. Кескін картадағы санмен берілген ескерткіштерді анықтаңыз. Жауабын арнайы жауап кестесіне жазыңыз.
5
1
3
2
4
[5]
8. Кестені толтырыңыз
Мәдениет атауы
|
хронологиясы
|
Таралу аймағы
|
Мәдениеттің өзіндік ерекшелігі
|
Андронов мәдениеті
|
|
|
|
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
|
|
|
|
[6]
9. Алғашқы адамдар табынған заттардың (кемінде 3-н) көрсетіңіз.
[3]
Балл қою кестесі
№
|
Жауап
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1-6
|
D
|
1
|
|
E
|
1
|
B
|
1
|
E
|
1
|
E
|
1
|
D
|
1
|
7
|
1-Арыстанды
2-Шүлбі
3-Майбұлақ
4-Ботай
5-Шақпақата
|
1
1
1
1
1
|
|
8
|
Мәдениет атауы
|
хронологиясы
|
Таралу аймағы
|
Мәдениеттің өзіндік ерекшелігі
|
Андронов мәдениеті
|
Б.з.б. XYIII-XII ғасырлар
|
Қазақстанның батысынан басқа аймақтары
|
Қоныстары өзен маңында орналасқан
|
Беғазы-Дәндібай мәдениеті
|
Б.з.б. XII-VIII ғасырлар
|
Орталық Қазақстан
|
Жабайы түйенінің қолға үйретілгені дәлелденді
|
|
6
|
мәдениеттің өзіндік ерекшелігі бойынша оқушылардың басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
|
9
|
Күнге табыну
|
1
|
Оқушының басқа да дұрыс жауаптары қабылданады
|
Ай мен жұлдызға табыну
|
1
|
отқа табыну
|
1
|
Жалпы балл
|
20
|
Достарыңызбен бөлісу: |