1
|
1. А.И.Левшинді «қазақ даласының Геродоты» деп атау себебіне төмендегі үзінділер дәлел:
«Қырғыз-қайсақтар» деп Еуропалықтар атаған. Атау екі сөздер құрылады: қырғыз және қайсақ.
Тек тоқтала кетейік дегеніміз, орыс тайпаларының ішіндегі «казак» аталып жүргендерде де бар. Бұл атауды олар орта ғасырларда иемденді. Негізгі иесі өздерін
«қазақ» деп жүрген қырғыз-қайсақтар. Ал өздері және орыстардан өзге жақын көршілері өздерін «қазақ» деп атайды. Бұл атпен оларды парсылар, бұхарлықтар, хиуалықтар атайды.
XVI және XVII ғасырлардағы жазбаларымызда «қазақ ордалары» дегеннен басқа атау кездеспейміз. Кейін анықтауыш ретінде «қырғыз» сөзі қосылды. Сөйтіп
«қырғыз-қазақ», кейін «қырғыз-қасақ», аяғында
«қырғыз-қайсақ» болып аталып кетті.
2. Қазақтар жөнінде алғаш монографиялық еңбек жазды.
«Қырғыз-қазақ немесе қырғыз-қайсақ далаларының сипаттамасы» (1832) атты еңбегінің 1-бөлімінде қазақ жерінің географиялық сипаттамасы берілген. 2-бөлімі қазақ халқының тарихына, 3-бөлімі этнографиясына арналған. Бұл еңбегінде Левшин “қазақ” деген атауға ғылыми анықтама беруге тырысқан. Қазақ халқының Ресей әкімшілігіне өтуінен бастап, XIX ғасырдың басына дейінгі Орынбор әкімшілігі және орыстармен арадағы сауда, ресми және саяси қарым-қатынастан
көптеген мағлұматтар береді
|
5
|
Басқа да дұрыс жауаптар қабылданады
|