«Қазақстан тарихы» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 8-сынып



бет7/9
Дата25.05.2023
өлшемі0,53 Mb.
#177676
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОШ ТЖБ Қазақстан тарихы 8кл каз 2021-22 (1)

Жалпы балл:

25




ІІ ТОҚСАННЫҢ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ


Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут Балл саны - 25




Тапсырмалар түрлері:
КТБ
- Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.


Жиынтық бағалаудың құрылымы


Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.

ІІ тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы





Бөлім

Тексерілетін мақсат

Ойлау дағдыларыны
ң деңгейі

Тапс ырма саны
*

Тапс ырма


Тапсы рманы ң түрі

Орындал у
уақыты,
мин

Балл
*

Бөлімге берілетін балл саны



Қазақстанда кеңестік биліктің орнығуы

8.3.1.2 XX ғасырдың басындағы Қазақстандағы қоғамдық-саяси
процестерге баға беру

Жоғары деңгей дағдылары

1

1

ҚЖ

10

6

25

8.1.2.1 Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметін талдау

Жоғары деңгей дағдылары



1



2

ТЖ

10

6

8.3.1.6 Қазақстанда құрылған ұлттық
автономиялардың маңыздылығына баға беру

Жоғары деңгей дағдылары



1



3

ТЖ

15

7

8.3.1.7 ХХ ғасырдың 20-30 жылдардағы әміршіл-әкімшіл жүйе саясатының
зардаптарын талдау

Жоғары деңгей дағдылары



1



4

ТЖ



10



6

БАРЛЫҒЫ:

-

4

-

-

45

25

25

Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер

«Қазақстан тарихы» пәнінен ІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары



    1. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің қандай уәделері әсер етті?

a)
b)
c)
d)
XX ғасырдың басындағы Қазақстанда Ленин бастаған үкімет қандай уәделерді орындамады? Неліктен?

[6]

    1. Қазақ зиялыларының қоғамдағы рөлі мен қызметіне талдау жасаңыз.




Алаш автономиясының жетекшілері

Түркістан автономиясының жетекшілері

Әлихан Бөкейханов

Жаһанша Досмұхамедов

Мұхаммеджан Тынышпаев

Мұстафа Шоқай

Қоғамдағы қызметі мен рөлі













Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?

1.
2.

[6]

    1. Қазақ Автономиялық Кеңестік Республикасы құрылуына қатысты терминдер мен цифрларға анықтама беріңіз. Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызын жазыңыз.

1920 жылы 26 тамыз




1920 жылы 4 қазан




С. Меңдешев




В.А. Радус-Зенькович






Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызын жазыңыз.
1.
2.
3.



    1. Жаңа экономикалық саясаттың нәтижелеріне талдау жасаңыз.



[7]




Жаңа экономикалық саясат нәтижелері

Оң нәтижелері

Кемшіліктері







[6]

Балл қою кестесі






Жауаптары



Балл

Қосымш
а ақпарат

1

  1. халыққа бейбітшілік

  2. жұмысшыларға зауыт пен фабрика

  3. шаруаларға жер

  4. ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру



Ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру уәдесі орындалмады. Теңдік пен бостандық тек қағаз жүзінде ғана берілді. Ұлттардың құрған үкіметтері қудалауға ұшырады,
саяси жетекшілері кейіннен жазаланды.



6




2

Әлихан Бөкейхан – XX ғасырдың бас кезінде қазақ даласында кеңінен қанат жайған ұлт-азаттық «Алаш» қозғалысының негізін қалаушы және жетекшісі, Алашорда ұлттық автономиясы Халық кеңесінің төрағасы болды.
Әлихан Бөкейхан кезіндегі құдыретті Қазақ хандығының бірлігі мен күш-қуатынан айырылып, отарлық тәуелділікке қалай түскенін егжей-тегжейлі зерделеп шықты.
Жаһанша Досмұхамедов - Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі төрағасының орынбасары, Уақытша үкіметтің Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы туралы заң жобасын дайындайтын Мемлекеттік кеңестің мүшесі болған. Облыстық және жалпы қазақ съездеріне қатысқан. Алашорда үкіметінің құрамына сайланған. 1918 жылдың көктемінде құрылып, күзінде таратылған «Уақытша Ойыл Уәлаятын» және оның орнына құрылған Алаш автономиясының батыс бөлімшесін басқарған. Большевиктердің көсемдері В.И.Ленинмен және И.В.Сталинмен қазақ автономиясы туралы келіссөздер жүргізген.
Мұхаммеджан Тынышпаев 1917 жылдың ақпанында дүниеге келген Уақытша Үкiметтiң Түркiстан Комитетi құрамына мүше болып, халық трагедиясын шешуге барынша атсалысты. М.Тынышбаевтың қоғамдық-саяси қызметiнiң келесi бiр өте маңызды кезеңi — Алашорда үкiметi тарихынан табылады. 1917 жылдың соңына таман Ресейдегі биліктің дағдарысы мен анархияға ұшырауы Алаш зиялыларының ұлттық автономия мәселесін көтеруіне ықпал етеді.
Мұстафа Шоқай бастаған мұсылмандар қозғалысының өкілдері шұғыл жиналып, төтенше съезд өткізді. Съезд шешімімен құрылған Түркістан-Қоқан автономиясының 54 адамнан тұратын уақытша халық кеңесінің құрамына сайланды. Уақытша үкіметтің сыртқы істер министрі болды. Уақытша үкіметтің төрағасы Мұхамеджан Тынышпаев қызметінен кеткеннен кейін, оның орнына Шоқай сайланды. Мұстафа Шоқай автономияны сақтап қалу үшін аянбай еңбек етті. Бірақ, өкінішке қарай автономияның ғұмыры ұзаққа созылмады.
Алаш Орда үкіметі мен Түркістан (Қоқан) автономиясының идеялары неліктен жүзеге аспады?



6










  1. Кенес үкіметінің саясаты автономиялардың идеяларының жүзеге асуын қиындатты.

  2. Ұлттық автономиялардың жетекшілері қудалауға

ұшыратылды









3

1920 жылы 26 тамызда РКФСР құрамындағы
«Автономиялы Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декрет қабылданды.
1920 жылы 4 қазанда Орынбор қаласында Қазақ АКСР Кеңестерінің құрылтай съезі өткізілді.
Қазақ АКСР Орталық Атқару Комитетінің төрағасы С. Меңдешев, ал Қазақ АКСР-ның Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы болып В.А. Радус-Зенькович тағайындалды.


Қазақ АКСР-ның құрылуының тарихи маңызын жазыңыз.

  1. «Декларацияда» Қазақ АКСР-ның мемлекеттік басқару органдары, азаматтардың құқықтары мен міндеттері айқындалды.

  2. Декларацияда әрбір ұлттың ана тілін пайдалануға толық құқығы бар деп көрсетілді.

  3. Қазақ АКСР құрамына Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстары және Каспий облысы мен Астрахан губерниясының қазақтар тұратын аудандары енді. Астанасы Орынбор қаласы (1920-1924 жж.) болып белгіленді.

7




4

Жаңа экономикалық саясаттың оң нәтижелері:
1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалай төленетін болды. Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығы байларға және кулактарға түсті.Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды.
Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.


Жаңа экономикалық саясаттың кемшіліктері:
Саяси өмірде демократия бұрмаланды. Еркіндік мүлде болмады.
1921-1922 жылдардағы ашаршылық

6






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет