IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 45 минут
Балл саны - 25
Тапсырмалар түрлері:
КТБ- Көп таңдауы бар тапсырмалар;
ҚЖ - Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар;
ТЖ - Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар.
Жиынтық бағалаудың құрылымы
Тоқсан бойынша жиынтық бағалауда әртүрлі тапсырмалар: көп жауапты таңдауы бар сұрақтар, қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтар қолданылады.
Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді.
Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушылар орындаушылық және шығармашылық дағдыларын көрсетеді.
IV тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
Бөлім
|
Тексерілетін мақсат
|
Ойлау дағдыларыны
ң деңгейі
|
Тапс ырма саны
*
|
Тапс ырма
№
|
Тапсы рманы ң түрі
|
Орындалу уақыты, мин
|
Балл*
|
Бөлімге берілетін балл
саны
|
8.4А Кеңестік Қазақстанның мәдениеті: әдебиет пен өнер
|
8.2.2.4 Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне баға беру
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
1
|
1
|
ТЖ
|
8
|
7
|
12
|
8.2.2.3 Өнер мен әдебиеттегі өзгерістерді анықтау
|
Білу және түсіну
|
1
|
2
|
ҚЖ
|
8
|
5
|
8.4 В Қазақстан Ұлы Отан соғысы жылдарында
|
8.3.2.1 қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғысының жеңісіне қосқан
үлесін бағалау
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
1
|
3
|
ТЖ
|
17
|
7
|
13
|
8.4.2.2 Қазақстан экономикасының соғыс жағдайларына
бейімделгендігін дәлелдеу
|
Жоғары деңгей дағдылары
|
1
|
4
|
ТЖ
|
12
|
6
|
БАРЛЫҒЫ:
|
-
|
4
|
-
|
-
|
45
|
25
|
25
|
Ескерту: * - өзгеріс енгізуге болатын бөлімдер
|
«Қазақстан тарихы» пәнінен IV тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлының қазақ халқын әлемге танытудағы рөліне дәлел келтіріңіз.
Әміре Қашаубаев
|
Қажымұқан Мұңайтпасұлы
|
1.
2.
3.
|
1.
2.
3.
|
Қорытынды
|
[7]
XX ғасырдың 20-30 жылдарындағы қазақ өнерінің жаңа белеске көтерілуі неден байқадыңыз?
[5]
Ұлы Отан соғысындағы қазақстандықтардың ерлігіне баға беріңіз.
Ұлы Отан соғысында қазақстандықтар қатысқан шайқастардың үшеуін атаңыз. 1.
2.
3.
Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен батырларды жазыңыз және оның ерліктеріне дәлел келтіріңіз.
Батырлар
|
Ерліктері
|
1.
|
|
2.
|
|
3.
|
|
4.
|
|
[7]
Қазақстанда «Бәрі майдан үшін, бәрі Жеңіс үшін!» ұраны қалай жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
Тылдағы ерліктерге дәлел келтіріңіз
|
Тылда еңбек еткендер
|
Ерліктері
|
Ауыл шаруашылығында
|
1.
2.
|
Өнеркәсіпте
|
1.
2.
|
Өнер саласын
|
1.
2.
|
[6]
Балл қою кестесі
№
|
Жауаптары
|
Балл
|
Қосымша ақпарат
|
1
|
Әміре Қашаубаев:
1925 жылы Парижде өткен Дүниежүзілік сән өнері көрмесінде этнографиялық концертте «Ағаш аяқ»,
«Қанапия», «Үш дос», «Жалғыз арша», «Қос
балапан», тағы басқа әндерді орындап екінші орын алып, күміс медаль иемденеді.
«Париж апталығы» газеті мен «Ле мюзикль» журналы Әміре Қашаубаевтың сирек кездесетін талант екенін жазса, Сарбонна университетінің профессоры Перно фонографқа Әміренің орындауында бірнеше ән жазып алған.
Әміре Қашаубаев шет елде өнер көрсетіп қазақ елін танытқан тұңғыш әнші болды.
Қажымұқан Мұңайтпасов:
Қажымұқанның тұңғыш рет әлемдік деңгейде көрінген шағы — 1906 жыл. Алманияда өткен дүниежүзілік сайыста ол әлем чемпионы атанады.
1910 жылы Мұқан тұңғыш рет Оңтүстік Америка құрлығына табан тірейді. Аргентинаның астанасы Буэнос- Айрес қаласында өткен еркін күрестен болған біріншілікте ол Америка чемпионы атанады.
1914 жылы Парижде әлем чемпионы атағын жеңіп алды Қорытынды
Әміре Қашаубаев пен Қажымұқан Мұңайтпасұлыны ХХ
ғасырдың ең биік тұлғаларының бірі. Сол заманда қазақ халқын әлемге танытқан ең ірі тұлғалар болды.
|
7
|
Нақты түсінік қалыптастыра тын, құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылданады
|
2
|
1.1949 жылы М. Әуезовке КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Ақын – жазушылар шындықты жеткізе білді.
Қазақ өнер туындылары ЮНЕСКО көрмелеріне қойыла бастады.
Тарихи фильмдер түсіріле бастады.
Ресресия ұшыраған ақын жазушылардың туындылары жарық көрді.
|
5
|
Нақты түсінік қалыптастыра тын, құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылданады.
|
3
|
Мәскеу шайқасы
Сталинград шайқасы
Берлинге шабуыл
|
3
|
Нақты түсінік қалыптастыра
тын,
|
|
Кеңестік Шығыс әйелдері арасынан бірінші болып Ленин орденімен және Алтын жұлдыз медалімен марапатталғандар — шығыстың қос шынары: пулеметші Мәншүк Маметова мен 54-атқыштар бригадасының Мергені (снайпер) Әлия Молдағұлова болды.
Кеңес Одағының батыры, Қазақстан республикасының қорғаныс министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін бастап кірді. Берлинге шабуыл жасауға жерлестеріміз Есжанов, И.Я.Сянов, Х.Қайдаусов, З. Тұрарбеков, Х. Көбеков, Т. Бигелдинов, А.Еремеев, Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты.
Жас офицер Р.Қанқарбаев өзінің досы Г.Булатов пен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті.
Қазақстандықтар партизандық қозғылысқа белсене қатысты. Белоруссияның әр түрлі аудандарында әрекет еткен 65 партизандық бригадалар мен шоғырларда 1500-ден аса қазақстандықтар болған. Партизан қозғалысына қатысқан даңқты қазақ жігіттері: Ғ.Ахмедьяров, Ғ.Омаров, В.Шарудов, Қ.Қайсенов, Ә.Шәріпов, Ә.Жангелдин, Ж.Саин, Н.Көшекпаев т.б. есімдері бүгінде зор құрметке
ие болды.
|
4
|
құрылымы әртүрлі сөйлеммен жазылған мүмкін болатын жауаптар қабылданады.
|
4
|
Ауыл шаруашылығында
1939 жылғы санақпен салыстырғанда 1942 жылы Қазақстанда ауыл шаруашылығы еңбекшілерінің саны 600000 адамға азайған. Ауыл шаруашылығында еңбектенген ерлердің майданға тартылуымен олардың орнын қариялар, әйелдер мен балалар басты.
1944 жылы қолхоздағы еңбекке жарамды ерлердің сандық үлесі – 20%, әйелдер – 58%, жасөспірімдер – 22% болды. Яғни, майданды азық-түлікпен, шикізатпен іс жүзінде әйелдер, балалар мен қарт адамдар қамтамасыз етті.
Өнеркәсіпте
1942-1943 жылдар аралығында республика ауыл шаруашылығынан 4111 трактор, 1184 жүк машиналары, 30318 жылқы майданға жіберілді. Сондықтан да соғыс жылдары егін салу жұмысының 50%-ін ірі қара атқарды. Тылдағы еңбекшілер жоғарыдан берілген жоспарды орындау барысында күні-түні еңбек етті. Соғыстың бірінші жылы мемлекетке 100 млн. пұт астық тапсырылды. Бұл көрсеткіш 1940 жылмен салыстырғанда 24 млн. пұтқа артық. Колхозшылар мен совхозшылар өз еркімен еңбек күнін таңғы бестен, кешкі 22.00-ке дейін ұзартқан. Әрбір шаруа 2-3 адамның жұмысын атқарды.
Өнерде
Қазақстанға Ресей, Украина, Белоруссиядан 100-ден аса жазушылар уақытша көшіп келді. Олардың ішінде А.Толстой, С.Маршак, С.Михалков, К.Паустовский, М.Зощенко, О.Форш, С.Сергеев-Ценский, Л.Квитко сияқты атақты жазушылар болды. Соғыс жылдары партизан-ақын Ж.Саинның топтамасы, Қ.Аманжоловтың “Ақын өлімі туралы аңызы”, М.Әуезовтың “Абай жолы” эпопеясының бірінші кітабы, С.Мұқановтың “Өмір мектебі”, Ғ.Мүсіреповтың “Қазақ солдаты”, Ғ.Мұстафиннің “Шығанақ” повесі, Ж.Жабаевтың “Ленинградтық өренімі” дүниеге келді.
|
6
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |