«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет17/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих
Педагогикалы ылымдар кафедрасы Психология п нінен емтихан с , 6 ата-ана, 1 aza-debieti-9t-1-n -ajtly-bjterek-pojemasy, 5 кл ксп рум
52 Сұрақ*
. А. Байтұрсынның қазақ халқының рухани да- муына қосқан үлесін 
көрсетіңіз. 
Жауап: ХХ ғасыр басындағы ұлттық тәуелсіздік бағытын- дағы идеялық күрес 
басшысы Ахмет Байтұрсынұлы–қазақ хал- қының тарихындағы тұлға. Ахмет 
Байтұрсынұлы 1873 жылы 25 қаңтарда Торғай уезінің Тосын болысындағы қарапайым 
шаруа отбасында өмірге келген. Ахметтің он жасында акесі Бай- тұрсын уезд басшысы 
Яковлевтің қазақ халқына жасаған озбыр- лығына шыдамай бауыры Ақас екеуі оны 
сабап тастайды. Нәти- жесінде екі ағайынды екеуі 15 жылға Сібірге жер аударылады. 
Қоғамдық әділетсіздіктің құрбандары болған ағайынды Байтұр- сын мен Ақастың 
балалары кенже інісі Ерғасының тәрбиесінде болады. 
Ағасы Ерғазының көмегімен және Ахметтің оқуға зерек- тігінің нәтижесінде 
Торғайдағы екі сыныптық орыс – қазақ учи- лищесін үздік бітіріп, 1895 жылы 
Орынбор қаласындағы мұға- лімдер даярлайтын қырғыз (қазақ) мектебін аяқтайды. 
Ахмет Байтұрсынұлының ресми деңгейде алған жүйелі білімі осымен шектеледі. 
1896 – 1907 жылдар аралығында Ақтөбе, Қостанай және Қарқаралы уездеріндегі 
ауылдық және болыстық мектептерде мұғалімдік қызмет жасайды. 
Қарқаралыда мұғалімдік қызметте жүрген уақытында Ресей әкімшілігінің отаршылдық 
саясатына наразылығына қатысты, патша өкіметінің билік тарапына бақылауға 
алынады. Нәтиже- сінде алты жолдасымен 1909 жылы тұтқындалып, Семей қала- 
сындағы түрмеге жабылады. Қызмет жасаған Қарқаралысымен қоштасып, Семей 
қаласына айдалғанда қоғамдағы әлеуметтік, саяси күрделі жағдайларды төмендегі 
жолдардымен көрсете білді: 
Қош, сау бол, Қарқаралы, жуылмаған, Айдай бер қалса адамың қуылмаған. Әдепті, 
сыпайы елдің қалпында жоқ. Жасырын дыбыс шықты шуылдаған. Бүркеніп, 
арсыздардың шайнауына Жем тапты пісірмеген, қуырмаған. Шыққан соң талғамайтын 
доңыздарың. Қасыңа қиын болар жуу маған. 
1910 жылы патша әкімшілігі Ахмет Байтұрсыновты қазақ даласынан алыс жерге жер 
аудару турады шешім қабылдайды. Нәтижесінде, 1910 – 1917 жылдар аралығында 
Орынбор қала- сында тұрады. Патша жандармының бақылауына қарамастан, Ахмет 
Байтұрсынұлы өзінің қазақ халқының тәуелсіздігі бағы- тындағы идеялық күресін 
тоқтатпай, керісінше белсенді түрде шыңдай түсті. Осы кезеңдерде қоғамдық – саяси 
және мәдени бағыттағы еңбектері өмірге келді. Мысалы, 1911 жылы Орынбор 


қаласының баспаханасына басылған «Маса» жинағы халықты болашақтағы тағдыры 
үшін күреске шақырған және ұлтты ұйқысынан оятқан шығарма болды. 
Ахмет Байтұрсынұлы ақындық шығармалары арқылы өз маса болып шағып оятайын, 
ойландырайын деген мақсатты алға қойды. Бұл мақсат өлең жолдарында былай 
қарастырады: 
Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып, Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша, Ұйқысын аз 
да болса бөлмес пе екен, Қоймастан құлағына ызыңдаса?! 
ХХ ғасыр басында ұлттық бағытта қалыптасқан зиялы қауым өкілдері қазақ халқын 
қараңғылықтан шығарудың бір- ден-бір жолы мерзімдік басылымдар деп те 
қарастырды. Нәти- жесінде, 1913 – 1917 жылдар аралығындағы «Қазақ» газеті мен 
газет редакторы Ахмет Байтұрсынұлының қызметінің орны ерекше болды. «Қазақ» 
газеті беттерінде халықтың қоғамдық, әлеуметтік, саяси, мәдени бағыттағы қажеттілігі 
мен қатар, сол кезеңдегі гендерлік бағыттағы да мәселелер қарастырылды. Өз 
уақытында газет ұлтшыл – буржуазияшыл орган ретінде сипат- талып, басылымға 
тиым салынғаны белгілі. «Қазақ» газеті негі- зінде Ахмет Байтұрсынов және оның 
әріптестері өз пірілерін басты мақсат ретінде көрсете білді. Оның негізгі мақсатты 
жұрт пайдасына тиімді шаруасымен айналысу екенінен бастайды... Қазақ арасына 
ғылым, өнер жайылуына басшылық ету, басқа жұрттардың халінен хабар беріп, 
таныстыру. Сол мақсаттарды орнына келтіру үшін закүндерді, хакімдердің бұйрық-
жарлық- тарын білдіріп тұру. Государственная дума һәм Государствен- ный совет 
жұмыстары турасында жете хабар беру, ішкі һәм 184 
сыртқы хабарларды жазып тұру, қазақтың бұрынғы және бүгінгі жайын жазу, күнелту, 
сауда, кәсіп, жер – су, егін – тарап, мал шаруасы жайынан кеңесу; оқу, оқыту, мектеп, 
медресе, школа, ғылым, өнер, тіл, әдебиет турасында жөн көрсету, адам һәм мал 
дәрігерлігі жайын жазу («Қазақ» No1, 1913, 2 ақпан), қалың бұқараға кезінде аян 
болған. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ қоғамындағы білім мен ғылым- ға қатысты тұжырымды 
еңбектер мен мақалалар жазды. Олар- дың қатарында «Әліп – би», «Тіл құралы», 
«Әдебиет танытқыш» атты еңбектері мен 1923 жылы Мәскеу қаласында «Ер Сайын» 
атты қазақ халқының эпостық жырына алғы сөз және ғылыми бағыттағы 
түсініктемелер жазып баспадан шығарады. 
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқының ұлттық бағыттағы рухани дамуына қосқан 
үлесін оның ғылыми – творчестволық мұрасы негізіде қарастыруға болады. Ахмет 
Байтұрсынұлы ағар- тушы, ғалым, тілтану, ақындық және аудармашылық творчест- 
восы негізінде болды. 
Ахмет Байтұрсынұлының аудармашылық қызметінде мысал жанры өзгеше орын 
алады. Мысал жанрына баруының өзінде үлкен мән жатыр. Әсіресе философиялық 
бағыттағы тағылым тәрбиелік мәні зор тұжырымдары бүгінгі таңға дейңн өзінің 
өзектілігін жойған жоқ. Мысал ретінде,сонау Эзоп пен Лафан- теннен, И.А. Крыловтан 
бастау алатын бұл мысал әңгімелерді Ахмет Байтұрсынұлы да аударып, қазақ 
халқының рухани да- муында ерекше орын алатын тұлға. 


ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында қалыптасқан кеңестік бағыттағы тоталитарлық жүйе 
қазақ халқының да басына ауыр күндерді туғызды. Ұлттық саяси зиялы қауымға 
бағытталған қудалау процесі басталған кезеңде Ахмет Байтұрсынұлы да 1929 жылы 2 
маусымда қамауға алынып Архангельск облысына жер аударылады және 1934 жылы 
кайтадан Алматыға кері қайтары- лады. Бірақ, 1937 жылы 8 қазанда қайтадан 
тұтқындалып ату жазасына кесіледі. 
53. 
Кеңес қоғамының дамуы жайлы идеялық-саяси күрес 
1920
 жылдары 
КСРО-да
 социалистік құрылыс мәселелері жөнінде терең идеялық-
саяси күрес өріс алды
. Бұл күрестегі басты мәселе - КСРО-дағы социалистік 
құрылыстың үлгісі жөнінде еді. Ол уақытқа дейін 
социализмнің
 екі үлгісі: бірі 
коммунизмге
 «секіріп өту» мүмкіндігі болған, шаруаларға одан әрі қысым жасау, күш 
қолдану мен 
террорға
 сүйенген әскери-коммунистік демократияны дамыту; екіншісі - 
өндірушілердің материалдық ынтасын арттыру қағидасына, тауар-ақша қатынастарын 
жан-жақты дамыту идеясына негізделген ЖЭС-тік үлгісі болған еді. 
Большевизм
 
басшыларының қай-қайсысы болмасын 
индустрияландыруды
, ауыл шаруашылығын 
кооперациялау мен мәдени 
революцияны
 жүзеге асырудың қажеттігіне еш күмән 
келтірмеді. Алайда олар социализм 
құрылысының
 қарқыны мен әдістері, пролетариат 
диктатурасының кеңес қоғамындағы әр түрлі таптар мен топтарға деген 
көзқарасы
 
жөнінде әр қилы түсінікте болды. Бұл 
уақытта
 
Лениннің
 өзінде де бұл мәселені 
шешуде қандай да бір аяқталған, жүйеге келтірілген ұстаным болған жоқ. 
Осындай жағдайда саяси өмірде біртіндеп 
мемлекет
 аппаратын алмастыра бастаған 
коммунистік партияның үстемдігі мен авторитарлық биліктің күшею тенденциясы өсе 
түсті. 
Қазақстанда
 
автономияның
 жариялануы сөз жүзінде қалып, республика өзін-өзі 
іс жүзінде толық басқаруға қол жеткізе алмады. 
Өнеркәсіп
 орындары, темір жолдар, 
республиканың халық шаруашылығына қатысы бар нәрселердің бәрі 
Мәскеудің
 
тікелей басқаруында болды. Демократияға жат сайлау заңдары қазақтардың 
басшылық
 
қызметтердегі санын шектеп отырды. 
1920
 жылы қазақтар барлық өнеркәсіп 
жұмысшыларының бар-жоғы 17%-ын құрады. Бірінші облыстық партия 
конференциясының 163 делегатының тек 19-ы ғана қазақ болса, 
1922
 жылы Қазақстан 
партия ұйымдарындағы қазақтардың жалпы саны бар-жоғы 6,3%-ға ғана жетті. 
1920
 жылы жергілікті халықтар коммунистерінің саяси хал-ахуалды ортаазиялық 
республикаларды бірыңғай Түркістан АКСР-іне біріктіру жолымен өзгерту, түркі 
халықтарының Коммунистік партиясын құру 
әрекеті
 орталық 
өкімет
 орындарының 
араласуымен сәтсіз аяқталды. 
Партияның
 өлкелік комитеті таратылып, 
реформаның
 
Т. 
Рысқұлов
 бастаған бастамашылары партиялық және мемлекеттік қызметтерден кетуге 
мәжбүр болды. Өздерінің «қателіктерін» ресми түрде мойындаған соң тек екі жылдан 
кейін ғана олар республика басшылығына қайтып оралды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет