«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет13/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих
Педагогикалы ылымдар кафедрасы Психология п нінен емтихан с , 6 ата-ана, 1 aza-debieti-9t-1-n -ajtly-bjterek-pojemasy, 5 кл ксп рум
25.Сұрақ.
Қазақстандағы этникалық процестерді жүйелеп, қазақ халқының қалыптасу 
кезеңдерін көрсетіңіз. 
Жауап: Халықтың қалыптасуы өте күрделі және ұзақ үрдіс болып табылады. Халық 
болып қалыптасу үшін төмендегідей жағдайлар қажет: белгілі бір деңгейдегі 
мәдениеттің дамуы; шекаралары белгіленген территория; қоғамдық-этникалық 
сананың қалыптасуы; біртұтас қалыптасқан ортақ тіл; этникалық өкілдердің 
көпшілігіне тән белгілі сипаттағы сыртқы келбеті; этностың негізгі этносаяси немесе 
тарихи-географиялық белгілерін көрсететін мемлекеттің атауының болуы. XV – XVI 
ғғ. қазақ халқы мен оның этникалық аумағының құрылып, қалыптасуының сан 
ғасырлық үрдісінің негізінде жүзеге асады. Қазақ халқының құрылуына себеп болған 
этникалық процесстердің бастауы ежелгі уақыттан – алғашқы қауымдық құрылыстың 
ыдырау кезеңінен бастау алып, өз дамуында бірнеше күрделі кезеңнен өтеді. 
Ғалымдардың топшылауы бойынша, қазақ халқының қалыптасу үрдісі қола дәуірінен 
бастау алады, қола дәуірінде қалыптасқан дәстүрлі мал шаруашылығы кейінгі 
ұрпақтың негізгі кәсібіне айналады. Қола дәуірінде мал өсірумен, егіншілікпен 
шұғылданған, бет-бейнесі еуропатектес болып келетін андронов тайпаларының орнын 
ерте темір кезеңінде оңтүстік пен шығыс аудандарда – скифтерге ұқсас, көшпелі мал 
шаруашылықпен айналысқан сақтар және үйсін, қаңлы, ғұндардың тайпалары, 
солтүстік пен батыс облыстарда – сармат тайпалары басады. Қазақстандағы және күллі 
Евразия территориясының далалық аймақтарындағы этникалық процесстің шешуші 
кезеңі б.з. 1 – мың жылдығының орта кезінде Солтүстік Моңғолиядан Амударияға 
дейін, Жетісуды қосқанда оңтүстік және оңтүстік – батысқа қарай созылып жатқан 
орасан зор территорияға таралған түрік тайпаларынан бастау алады. VI ғ. көне түрік 
мемлекеті – Түрік қағанатының, содан кейін Батыс Түрік қағанатының ұйымдасуы 
түркі тілді тайпалардың батыс жеріне келуіне, сөйтіп Қазақстанның жергілікті халқын 
біртұтас мәдениеті мен, тілінің, ділі мен әдет – ғұрпының қалыптасуы мен түркі 
тайпаларының белгілі бір территорияда тұрақтап қалуына себепші болды. Бірқатар 
түркі мемлекеттері пайда болды. Бұл Қазақстан жеріндегі этникалық бірігу 
процесстерді күшейте түсті. Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Түргеш қағанаты 
VII – VIII ғғ. Шу мен Іле аумағында өмір сүрген тайпаларды біріктірді. Жетісу жеріне 


Батыс – Алтай мен Тарбағатай арлығынан келген қарлық конфедерациясына (VІІІ – Х 
ғғ.) бірнеше түркі тілдес, ортақ мәдениеті бар тайпалар енді. ІХ – ХІ ғғ. Оғыз мемлекеті 
Оңтүстік Қазақстан территориясында Сырдария алқабы мен Арал – Каспий алқабының 
тайпалары мен этникалық топтарын сол сияқты Жетісудан барған көшпелі түркі 
тайпалары мен этникалық топтарының басын біріктірген еді. Қазақстанның солтүстік, 
шығыс және орталық аудандарында VIII – XI ғғ. өздерінің ерте феодалдық мемлекетін 
құрған Қимақ саяси бірлестігінің құрамына көшпелі және жартылай көшпелі түрік 
тайпалары кірді. Ең ірі тайпаларының бірі – қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мұрагері 
болды. Қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірлестігі (ХІ – ХІІ ғғ.) Ертістен Орал мен 
Еділге дейін, тіпті одан әрі Батысқа қарай ұшы – қиыры жоқ кең территорияда 
жайылып жатқан түрік тайпаларының этникалық – саяси және шаруашылық – мәдени 
байланыстарына қолайлы жағдай туғызады. Қазақстаннын оңтүстік және оңтүстік 
шығысындағы халықтар мен тайпалардың өзара шауашылық және мәдени әрекеттестігі 
мен этникалық – саяси жағынан біріге түсуіне Х – ХІІІ ғғ. Орта Азия мен Шығыс 
Түркістанда, Оңтүстік және Оңтүстікшығыс Қазақстанның орасан зор аумағын алып 
жатқан Қарахандар әулеті мемлекетінің құрамында ұзақ уақыт болуы себебін тигізеді. 
XIII ғ. бас кезінде Шығыс және Оңтүстік Шығыс Қазақстанға Моңғолия мен Алтайдан, 
Шыңғысхан қолының тегеурінді тепкісінен түркі тілдес (басқа деректер бойынша 
моңғол тілді) наймандар мен керейттер, жалайырлар жер ауып келеді, олардың 
этникалық қауымдастық деңгейіне жеткен мемлекеттік – саяси бірлестіктері 
қалыптасты. Моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстан территориясына 
шапқыншылығы тұтас алғанда этникалық процесстерге теріс әсерін тигізді. Оны 150 – 
200 жылға кешеуілдетті деген көзқарастар да бар. Өйткені, халықтың көпшілігі 
қырылып – жойылып, құлдыққа алынып, ел-жұрт шебінен алысқа жер аударылып 
жіберілді. Қазақстандағы түрік тайпаларының көп бөлігі жаңа саяси құрылымдарға – 
Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының құрамында өмір сүріп, бірте-бірте моңғолдар 
жергілікті түркі тайпаларымен араласып, сіңісіп кетеді. Халықтың этникалық құрамы
оның этникалық – әлеуметтік ұйымдасу түрлері, өмір тіршілігінің әлеуметтік-
экономикалық жағдайы қатты өзгеріске ұшырайды. Дегенмен, түріктеніп кеткен 
моңғол тайпаларының тілі мен әдет – ғұрпы, діні мен көзқарастары араласып, бірлесу 
процестері жеделдей түседі. Біртіндеп шаруашылық өмірі де қалпына келеді. 
Қазақстанның түскей бетіндегі қалалар қайта жаңарып, бұрынғы отырықшы 
аймақтарда мәдениет, егіншілік ошақтары жаңғыра бастайды, тауар айналымы кеңейіп, 
әртүрлі облыстар халықтарының шаруашылық саласында қарымқатынас орнығады, 
бұл әрине тайпалар мен тайпалар бірлестіктерінің, басқа да этникалық – саяси 
топтардың өзара байланысын, алыс – берісін қамтамасыз етеді. Бұл процестердің бәрі 
Ақ Орда, Әбілқайыр хандығы, Ноғай Ордасы мен Моғолстан мемлекеттерінің 
құрылып, нығаюына байланысты болатын. Ақ Орданың, Әбілқайыр хандығы мен 
Ноғай Ордасы халықтарының этникалық құрамы бірегей еді. Олар сол кезеңдегі жазба 
деректерде жинақтауыш этно – саяси термин «өзбек» атымен белгілі болған түркі 
тілдес тайпалар болатын. Бұл тайпалардың көпшілігі қазақтың Орта және Кіші 
жүздерінің құрамында белгілі. Моғолстан құрамына кірген Жетісуды орта ғасырлар 
деректерінен жинақтауыш этно – саяси термин «моғолдар» атымен белгілі болған 
тайпалардың негізгі бөлігі қазақтардын басқа тармағы – Ұлы жүз құрамына кіреді. 
Моғолдардың енді бір бөлігі Шығыс Түркістанға барып, ұйғырлар қатарын 
толықтырады, ал үшінші бөлігі – Тянь – Шань өңіріне өтіп, қырғыздарға сіңісіп кетеді. 


Халықтың, бұрын моңғол ұлыстарында болғаны сияқты, ұзақ уақыт ХІҮ – ХҮ ғғ. жеке 
мемлекеттер құрамында болғаны жоғарыда айтылған факторлар әсерін күшейте түседі, 
соның нәтижесінде Қазақстан жерінде Үш жүз түрінде бірнеше этникалық бірлестіктер 
пайда болады. Қазақ жүздерінің әрқайсысының көшіп – қонатын жолдары мен жерлері, 
ілгеріде аталған мемлекеттер территориясының негізгі бөлігімен сәйкес келетін 
жалпыға ортақ этникалық территориясы болады. Ұлы жүз Сырдариядан бастап Жетісу 
жерін түгел жайлайды. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік-шығыс 
Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді. Сырдарияның төменгі жағы, Арал теңізінің 
жағалауы, Каспий ойпатының теріскей бөлігі Кіші жүздің мекені саналатын. ХҮ ғ. 
екінші жартысы мен XVI ғ. қазақ халқының негізгі этникалық территориясын мемлекет 
етіп біріктіру (Қазақ хандығын құру және территориясын кеңейту) халықтың да 
қалыптасу процесінің аяқталуын тездетті. ХҮ ғ. екінші жартысынан бастап, осы бір 
қалыптасқан халық көршілері арасында да сол заман оқиғаларын көрсететін жазба 
деректерде де «қазақ» атымен белгілі болды. Деректерде бұл термин әуелгі кезде 
әлеуметтік мәнінде қолданылып, «өз мемлекетінен, тайпасы мен руынан оқшауланып 
шығып, шытырман оқиғалар іздеуге мәжбүр болған адам». (В.В. Бартольд) 
мағынасында қолданылады. «Тарих – и Рашиди» мен өзге деректерде «қазақ» атауы 
Жәнібек пен Керей бастап Жетісуға көшіп кететін саяси топты білдіру үшін 
бастапқыда «өзбек – қазақ», сосын «қазақ» түрінде пайдаланылады.
26.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойының аталып өтілуі және оның тарихи 
маңызын анықтап көрсетіңіз 
Жауабы:2015 жылдың 8- қазаны — «Қазақ хандығының 550 жылдығын» халықаралық 
деңгейде атап өтумен ерекшеленіп, ел шежіресіне жазылды. 15 ғасырдың ортасында
Керей мен Жәнібек хандар Шу бойындағы Қозыбасыда Қазақ хандығының дербес 
шаңырағын көтеріп, бүгінгі егемен Қазақстанның түпқазығын қалады. Тарихи маңызы 
зор мерейтойдың қасиетті Жамбыл облысында өтуі сол себепті де заңдылық. 
Хандықтың дүбірлі тойына жер жүзінің 17 мемлекетінен қонақтар шақыртылып,
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақ халқын арнайы құттықтады. 
Расында, ұлы далада Алтын Орда ыдырағаннан кейін көптеген хандықтар, 
мемлекеттер пайда болды, бірақ олар өздерінің атауын көбінде білеуші әулеттердің 
есімімен байланысты атаса, Қазақ Хандығы Отанымыздың негізін қалап отырған
ұлағатты ұлтымыздың атымен аталды. Бұл дерек – Қазақ халқының ежелгі заманнан 
елдік санасы ерте оянып, бірегей дара кескін –келбеті сомдалып, тарих толқынында 
ұранды ұлысқа, ордалы жұртқа айналғанын, толысып қалыптасқандығын көрсетеді. 2 
мың жылдық тарихы бар көне Тараз бұл күні тотыдайын таранып, барын сала
дайындалды. Таңғы сағат 9-дан бастап еліміздің түкпір-түкпірінен келген қонақтар 
«Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай орнатылған монументтің ашылуына 
жиылды. Оның арасында 300-ге жуық Оңтүстік Қазақстаннан келген делегаттар бар.
Қазақ хандығы – Орталық Азия аумағындағы алғашқы ұлттық сипаттағы мемлекет. 
Бұл бүгінгі тәуелсіз Қазақстанның түпқазығын айқындайды. Хандықтың керегесін
жайған Керей мен Жәнібек хандардың ұлы істерінің құрметіне орнатылған еңселі 
ескерткішті ашу үшін Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев арнайы келді. Мемлекет
басшысы өз сөзінде: «Әлемдегі экономикалық қиындықтарға қарамастан Қазақ 
хандығының 550 жылдығын» атап өту — ата-баба аманатына адалдығымыз» деп атап 
өтті. 


Иә, тарихты білмей, өткенге құрмет жасамай, болашаққа нық қадам басу мүмкін емес. 
Бүгінде дүние жүзіне аты мәшһүр Қазақстанды қалыптастырған Елбасының бұл ретте 
еңбегін ерекше атап өтпеске болмас. Қасиетті ел шежіресіне үңіліп, «Қазақ 
хандығының 550 жылдығын» атап өту идеясын өткен жылы жариялаған да Мемлекет 
басшысы болатын. Әлем елдері мен түркі халықтарының басын қосқан Тараз қаласы 
бұл күні Алатау мен Арқаның, Алтай мен Атыраудың арасын жалғаған қасиетті 
шаһар ретінде ерекше құрметке бөленді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет