«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен



Pdf көрінісі
бет14/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих
Педагогикалы ылымдар кафедрасы Психология п нінен емтихан с , 6 ата-ана, 1 aza-debieti-9t-1-n -ajtly-bjterek-pojemasy, 5 кл ксп рум
27.Сұрақ.
Қазақ хандығының өркендеуіндегі Қасым ханның қызметі. 
Жауап: XVІ ғасырдағы Қазақ хандығының тарихында ерекше орын алатын бірнеше 
хандар болды. Олардың тарихи рөлі 102 әрбір хан тұсындағы хандықтың саяси – 
экономикалық және әскери жағдайымен бағаланады. Қасым ханның XVІ ғасыр 
басындағы тарихи рөлі неден көрінді десек, ең алдымен, Қазақ хандығының 
территориясы жағынан кеңеюімен, мемлекеттілік жағынан нығаюымен, халқы 
санының өсуімен, қазақ деген халықтың және мемлекеттің атын алыс – жақын елдерге 
паш етумен көрінді дейміз. Қасым хан басқарқан жылдары (1511 – 1521 жж.) қазақ 
халқының саны 1 миллионға жетіп, қуатты мемлекетке айналды. Қазақ халқы дербес 
халық ретінде Батыс Еуропаға әйгілі болды. Қасым хан Мәскеу князі III Василиймен 
дипломатиялық қарымқатынас орнатты. Әмір Темірдің ұрпағы, Үндістандағы Ұлы 
Моғол империясының негізін салған ұлы жазушы Бабыр өзінің атақты «Бабырнама» 
кітабында: «Қазақ халқының бұрынғы – соңғы хан – сұлтандарының ішінде Қасым 
хандай құдіретті әмірші болған емес. Оның үш жүз мың әскері бар еді» деп жазған. 
Сонымен бірге тарихшы Мұхамед Хайдар Дұғлат «Тарихи Рашиди» деген еңбегінде: 
«Шыңғыстың ұлы Жошы ханнан соңғы жерде бұл жұртта Қасымнан асқан кұдіретті 
хан болған жоқ» деп жазды. Ортағасырлық жазба деректерде Қасым ханның жеке 
өмірбаянын толық баяндайтын мәліметтер жоқ, тек оның сұлтандық және хандық 
кездеріндегі өмірінен қысқа-қысқа мәліметтер жағымды жағынан сипатталған әртүрлі 
ортағасырлық деректерде кездеседі. Олардың қатарына Әбілғазының, Қадырғали 
Жалайырдың, Бабырдың, Бинай мен Шадидың, ибн Рузбихан Исфаханидың, Махмуд 
ибн Уәлидің, Хайдар Разидің, Гаффаридің, Абдоллах Балхидың, Мұхаммед Хайдар 
мырза Дулатидың еңбектері мен анонимді «Тауарихи гузидаи нусрат нама» 
шығармасы жатады. Қасым ханның тұсында Қазақ хандығының территориясы қазіргі 
территориямыздың негізгі аймақтарын біріктірді. Хандықтың шекарасы батыста 
Жайыққа, Оңтүстік – батыста Сырдың оң жағалауы, Аралдан Маңғыстауға дейінгі 
жерлерді алып жатты, солтүстікте Ұлытауға дейігі жерлер, оңтүстік-шығыста 
Жетісудың көп бөлігі қарады. Қасым ханның аталарының бәрі бір кездерде Дешті 
Қыпшақта хандық құрған. Ол XVІ ғасырдағы Ақ Орданың ханы Орыч ханының 
тікелей ұрпағы, деректерде: «Орыс ханның жеті ұлының бірі – Қойыршақ, 
Қойыршақтан Барақ хан, Барақтан үш ұл: Мір Сайд, Мір Қасым және Әбу Сайд 
дүниеге келеді». Әбу Сайдты Жәнібек хан деп атайды» – деп жазылады. Жәнібек 
ханнан – Иренші, Махмуд, Қасым, Әдік, Жаныш, Қамбар, Таныш, Өснак (Осак), 
Жадық атты тоғыз ұл болады. Жәнібек ханның 9 ұлының екеуі: Қасым хан мен Қамбар 
бір анадан, Жаған – бикеден туған. Қасым ханның туған жылы анық белгілі емес. Бірақ 
та оның туған жылын шамалап есептесек, онда ол 1445 – 1446 жылдары дүниеге келген 
болады, Т.И. Сұлтанов Қасым ханды 1445 ж. шамасында туған деп санайды. «Шайбани 


нама» авторы Қасым хан туралы: «Бұрындық хан әскері ішіндегі атақты баһадүр және 
белгілі сұлтанның бірі», – деп мәлімдейді. Қасым хан өмірінің сұлтандық дәуірі, 1511 
жылға дейін Қазақ хандығының күшеюі мен Сыр бойы үшін жүргізілген күрестер 
жылдарында өтеді. Бұл кездердегі оқиғаларға Қасым хан тікелей қатынасып, маңызды 
рөл атқарады. Күрестің алғашқы кезеңдерінде ол қазақ әскерлерінің қолбасшысы 
болып, үнемі Бұрындық хан қасында болады. «Бұрындық ханға бағынып, оны 
тыңдайды», XVІ ғасыр басында, Мұхаммед Шайбани ханның Қазақ хандығына 
жасаған жорықтары кезінде ерлігімен көрінеді. Әсіресе, 1510 жылғы соңғы жорық 
кезінде, XVІ ғасыр басында Әдік сұлтан қайтыс болғаннан кейін, ол сұлтан Нигар 
ханымға үйленеді және «ең күшті, ықпалды тұлғаға айналады». Шайбани ханның 
соңғы жорығы қарсаңында Қасым хан ресми түрде хан болмаса да «оның күшінің 
өскендігі соншалықты, Бұрындық хан туралы ешкім ойламайды» және «хандықты 
басқару мен хандықтағы бүкіл билікті өз қолына алады», – деп сипатталады 
ортағасырлық деректерде. Шайбани хан әскерін 1510 жылы Қасым ханның тас-талқан 
етіп жеңуі, оның беделін бүкіл Дешті Қыпшақта өсіреді, қазақ қоғамы оның саяси 
билігін мойындайды. 1511 жылы Бұрындық хан Мауреннахрға кеткеннен кейін, Қасым 
хан хандық билікке өзі отырады. Қазақ хандығы үшін Сыр бойындағы қалалардың 
маңызы өте зор болды. Қасым хан тұсында Қазақ мемлекеті өзінің Сыр бойындағы 
иеліктерін сақтай отырып, оңтүстікте Мауреннахрмен Ташкент аймағында шектеседі. 
Түркістан аймағы ХVІ ғ. І ширегінің соңына дейін Дешті Қыпшақпен бірге біртұтас 
саяси, экономикалық, этникалық, мәдени кеңістік құрайды. Жетісудың, Сыр бойының 
Қазақ хандығы құрамына қосылуы қазақ тайпаларының экономикалық территориясын 
біріктірудегі үлкен жеңіс болды. Қазақ хандығының билеушісі Қасым ханның мықты 
қолбасшы, мемлекетті өз қолында ұстай білген, көрші мемлекеттермен сыртқы 
саясатта дипломатиялық шеберлігі арқасында жағдайды өз елінің пайдасына шеше 
білген күшті тарихи тұлға екендігінде дау жоқ деп айта аламыз. Қазақ халқының ауыз 
әдебиетінде кездесетін Қасым хан туралы «Қасым ханның қасқа жолы» деген сөз 
тіркесі осыдан жарты мың жыл бұрын өмір сүрген тарихи тұлғаның халық санасында 
терең де тұрақты орын алғандығын көрсетеді. Қасым хан алғашқы қазақ заңы «Қасқа 
жолды» жарыққа шығарды. Бұл заң қазақтар арасында бұрыннан қалыптасқан әдет – 
ғұрып ережелері негізінде жасалды. Бұл заңның сол кездегі мұсылман елдердегі 
жаппай қолданылып, жүрген ислам дінінің заңынан өзгеше, көшпелі қазақ өміріне 
үйлесімді етіп жасалды. Халық арасында бұл заң «Қасым ханның қасқа жолы» деп 
аталды. Қасым ханның кезіндегі заңдар жинағы бес бөлімнен тұрды: 1) мүлік заңы 
(мал, мүлік, жер дауын шешу ережелері); 2) қылмыс заңы (кісі өлтіру, ел шабу, мал 
тонау, ұрлық) 3) әскери заң (қосын кұру, аламан міндеті, тұлпар ат, қару жарақ); 4) 
елшілік жоралары (шешендік, халықаралық қатынастарда сыпайылық, әдептілік) 5) 
жұртшылық заңы (ас, той, мереке үстіндегі ережелер) Қасым ханның қасқа жолы бір 
ғасырдай қолданған соң, тиісті толықтырулар енгізіліп, Есім ханның тұсында «Есім 
ханның ескі жолы» деп аталған. Қасым ханның қай жылы қайтыс болғандығы жайлы 
түрлі деректерде әр түрлі берілген. Мұхаммед Хайдар Дулати 1518 – 1519 жж. десе, 
Гаффри және тағы басқа тарихшылар 1523 – 1524 жж. деп көрсетеді. Орыс 
деректерінің мәліметі негізінде зерттеушілер Қасым хан 1521 жылы қыс айында, 
шамамен қаңтарда қайтыс болды деген қорытындыға келіп отыр. 
28. 
XVII ғасырдағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайын талдап 
беріңіз. 


Қазақ хандығының тағына отырған Есім хан (1598-1628 жж.) бүкіл саналы өмірін ат 
үстінде өткізген, Қазақ хандығының шекарасын кеңейту, қорғау жолында халқына 
өлшеусіз қызмет етті. Халық оны «Еңсегей бойлы ер Есім» деп атады. Есім хан - 
Шығай ханның он екі ұлының бiрi, Сейітқұл сұлтан, Ондан сұлтан және Тәуекел 
ханнан кейінгі төртінші ұлы. Анасы шағатайлық Якшым бике (Жақсы бике болуы да 
мүмкін). Тәуекел хан екеуi бiр анадан туған. Оның толық есiмi - Есмұхаммед 
(Ишмұхаммед), бiрақ жазба дерек мәлiметтерi мен ауыз әдебиетiндегi материалдарда, 
сондай-ақ тарихи әдебиеттерде ИШИМ, АШИМ, Есим, Есiм түрiнде кездеседi. 
Есім ханның кезiнде Бұқар ханы Имамқұл, Ташкент, Түркістан аймағын қайтару үшін 
1612-1620 жылдары қазақтарға бірнеше рет соғыс ашты. Бұл соғыстарда қазақтар өз 
жерлерін қорғап қалды. Есім ханның кезiнде қазақ жеріне ойрат тайпалары да бірнеше 
рет шапқыншылық жасады. Бұл шапқыпшылықтарға қазақтар тойтарыс беріп 
отырды.Есім ханның билiк етуiнiң алғашқы кезеңінде елдің сыртқы саяси жағдайы 
неғұрлым қолайлы болса, ішкі саяси жағдай соғұрлым қолайсыз болады. Есім ханға 
қарсы бiрiншi болып Түркістан өңіріндегі қарақалпақ тайпалары бас көтереді. 1603 
жылдың күз айында олар шайбанилық бiр сұлтанды хан көтеріп бөлектене бастайды. 
Екi жақ арасындағы алғашқы ұрыстар сәтсiз болып, қазақ ханы Түркістан, Ташкент, 
Сайрам қалаларынан айырылады. Тек 1605 жылы ғана Есім хан қарақалпақ ханы 
Жалған Әбдіғаппарды өлтiрiп, елдің тұтастығы мен бiрлiгiн сақтап қалады. 
Қарақалпақ бүлігінен кейiнгi екiншi бүлікке қазақ сұлтаны Тұрсын Мұхаммед сұлтанның 
бүлігін жатқызуға болады. Шамамен 1613-1614 жылдары Есім ханнан билікті тартып алған 
Турсын хан 13 жылдай Ташкентте хан болып отырады. Есім хан мен Тұрсын хан бірде 
араздасып, бiрде татуласып жүрген болатын. Бұл араздық екi хан арасындағы ұзаққа созылған 
күрделі әрі шиеленісті қарым-қатынастың соңғы мәресi болды. Ақыры, ол қарым-қатынас 
Әбілғазының жазғанындай, 1627 жылы Тұрсын ханның өлтiрiлуiмен аякталады. 
Есім хан Тұрсын хан мәселесін шешкеннен кейiн өзiнiң Ордасы орналасқан Түркістанға 
қайтып оралады. Онда ол бір жылдай емiр сүрiп, келесi 1628 жылы шамамен 70 жасқа қараған 
шағында өз ажалынан қайтыс болады. Оның денесі Қожа Ахмет Йасауи кесенесi жанына 
қойылып, қабiрiнің басына кiшiгiрiм мавзолей салынады. Есім ханнан кейiн қазақ хандығының 
тағына оның баласы Жәңгір отырды. 
XVII ғасырдың екiншi жартысында Қазақ хандығындағы билiк Жәңгірдің ұлы Тәуекел - 
Мұхаммед батыр ханға көшті. Тәуекел - Мухаммед - батыр хан (1680-1715 жж билік құрған) 
өзінің даналығы, жеке басының қасиеті арқасында ел арасында «Әз-Тәуке» деген атаққа ие 
болған. Қазақ жерiне орыс елшiлiгiн бастап келген А. Тевкелевтің 1748 жылғы жазған құжатта: 
«Тәуке хан өте акылгөй кiсi болған, оны қырғыздар (қазақтар) үлкен құрметпен еске алады», 
деп көрсетеді. Халық зердесінде Тәуке заманының Қазақ хандығының ең бір өркендеген, «қой 
үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман», «алтын ғасыр>> деп еске алынады. Тәуке хан 
билікте өзiнiң жеке қабілетімен көзге түскен билерге арқа сүйеді. Оның тарихи маңызы болды. 
Билер кеңесі хандықтағы маңызды iстердi шешiп отырды. Билер кеңесі әрдайым Тәуке ханнын 
белгiлi бiр ордасында: Түркiстан каласы жанындағы Битөбеде, Сайрам қаласының маңындпғы 
Мартөбе және Сырдария облысының Ангрен қаласына жақын жердегі Күлтөбеде өткізілген. 
Ол қазақтың Үш жүзінің беделді билерiнiң қатысуымен, билер кеңесін сәттi ұйымдастырып 
отырды. 
29.
Тәуке хан – мемлекет қайраткері, реформатор, дипломат ретіндегі қызметін сипаттаңыз. 


Тәуке ханды сыртқы саясаттағы жетістігіне қарап білгір дипломат ретiнде де карастыруға 
болады. Тәуке хан билік құрған тұста қазақ-орыс байланыстары мен қарым-қатынастарын 
қайта жаңғырту үшін барлық мүмкіндікті қарастырып бақты. Өйткенi осы кезде қазақтар 
тарапынан Ресейдiң бекiнiстерiне шабуыл жасау секілді арандатушылык әрекеттер болып 
тұратын. Бұл мәселені өзара түсіністікпен шешу мақсатында 1687 жылы Тобыл қаласына 
Тәшім батыр бастаған елшi жiбередi. Бұл елшiлiктiң негiзгi мақсаты бұрынғы сауда 
байланысын қалпына келтіру еді. Өйткені Тәуке қазақ жерi аркылы өтетiн Ресей, Бұқар, Хиуа , 
Үндістанға өтетін керуендерінің Қазақ хандығының экономикалық дамуына әсері зор екендiгiн 
көрегендiкпен болжай бiлдi. 1686-1693 жылдар аралығында Тәуке орыс жеріне бес рет елшi 
жiбердi. Тәуке терезесі тең көрші қатынасын ұстануға тырысты. 
Тәуке хан орта азиялық хандықтармен де тығыз байланыс орнатты. Ол тарапынан шамамен 
1687-1688 жылдары Бұхар ханы Субханқұлымен Ташкент жөнінде келіссөз жүргізген Сейтiп, 
XVII ғасырдың соңы XVIII ғасырдың басындағы Қазақ пен Бұхар хандығының арасындағы 
бейбiт қарым-қатынас сауданың едәуір дамуына өз ықпалын тигiздi. 
1635 жылы Қазақ хандығының шығысында пайда болған Жоңғар хандығы Қазақ жерiне 
шабуылын жиi жасап отырды. Галдан-бошақту билеген кезде, Цеван-Рабдан тұсында да бұл 
қайшылықтар үдей түстi. Жонғарлар 1698 жылы жорық жасады. Жоңғарлардың үздіксіз 
шабуылы да өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Тәуке ханның қазақ билеушiлерiнiң басын қосып 
1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің өкiлдерiнiң курылтайын өткізді (Арал өңiрi). 
Қарақұмдағы жиында ұрыс қимылдарының жоспарын жасау және бытыраңқы қазақ 
жасактарын бiрiктiру мәселесi талкыланды. Цеван-Рабюан бастаған жоңғар қолына тойтарыс 
берiп, жонғар жасағын керi қарай қуып тастайды. 1711-1713 жылы қазақ жерiне екiншi рет iрi 
шабуыл жасауға бекінген жоңғар-қалмақтар бұл жолы да жеңіліс тапты. Әскер Жоңғарияға көп 
шығынмен оралды. 1714 жылы Жоңғарияға барған қытай елшiлерi, олардың қазақтарға қарсы 
сәтсіз соғыстары туралы мәлімет қалдырған. 1715 жылы қартайған Тәуке қайтыс болады. Осы 
кезеңнен бастап Тұрсын Сұлтанов атап көрсеткендей "келте хандар" заманы басталады. 
Дәстүрлі билік тәртiбi бұзылып, жоңғар шапқыншылығы орасан зардаптар әкеледі. 
Оның тұсында "Жеті жарғы" деген атаумен қазақ қоғамындағы әдеттегі құқық өлшемдерінің 
жинағы құрастырылды. Мұнда феодалдық құқық тәртібі мен мемлекеттік құрылымның негізгі 
шарттары белгіленді. Тәуке хан елдің бірлігін, ынтымағын ойлап, халықты ру-руға, жүзге 
беліну саясатын және бет-бетімен әрекет жасауды шектеу үшін аянбай күресті. Осы мақсатта 
ол қазақ мемлекетінің саяси-құқық жүйесін белгілеп, халықты бірлікке, ынтымаққа шақырды. 
Тәуке хан өз төңірегіне ұлы жүзден Төле биді, Орта жүзден Қаз дауысты Қазбекті, Кіші жүзден 
Әйтеке биді кеңесші ретінде қызметке тартты. Сөйтіп, қазақ халқының тарихына ірі құқықтық 
өзгерістер енгізді. Бұл оның халыққа кең тараған "Жеті жарғысымен" байланысты еді. Ол тек 
сол заманға сай құқықтық құжат емес, сонымен қатар көшпелі қазақ халкының этникалық, 
шаруашылықты ұйымдастыру және жағрафиялық ерекшеліктеріне сай келетін аса құнды 
ескерткіш. 
30. 
ХҮІІ-ХҮІІІ ғ. 1-ші ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынастарын талдап көрсетіңіз. 
XVII-XVIII ғасырларды қазақ тарихында қақтығысқа толы кезең ретiнде сипаттауға болады. 
Көрші мемлекеттермен саяси мәмілегерлiктi ұстанған қазақ билеушiлерi осы қақтығыстарды 
бейбіт жолмен шешудi де көздедi. Бірақ осы кезеңде шаруашылық үлгісі қазақ халқына ұқсас 
ойрат тайпалары жаңа жерлерді басып алуды көздеді. XVI ғасырдың аяқ шенінде ойраттар 
басты-басты төрт тайпалық бiрлестiктен құралды. Олар: Тарбағатайдан шығысқа қарай өңірді 
алып жатқан торғауыттар, Ертістің жоғарғы ағысын бойлай қоныстанған дербеттер, қазіргі 
Дихуа қаласының төңірегіндегі хошоуыттар және Іле өзенінің жоғарғы жағындағы шоростар 


еді. 1635 жылы қонтайшы Батырдың бастауымен Жоңғар хандығы құрылды. Қазақ -жоңғар 
қатынастары, әсіресе Батыр қонтайшы (1634-1654 жж.) билік құрған кезде ерекше шиеленіске 
түсті. Одан кейін Қалдан- Бошакту билеген (1670-1697 жж.) қонтайшы Қазақстанның 
оңтүстiгiндегi қалаларды басып алуға әрекет жасады, бiрақ 1684 жылы Сайрам қаласын 
алғанымен, Кытай мемлекетi тарапынан басталған соғыс (1691-1697 жж.) оларды кейін 
шегіндірді. Оның мұрагері Цеван-Рабдан (1697-1727 жж.) тұсында қазақ-қалмақ қатынастары 
қатты шиеленiсiп кеттi. Жоңғарлардың шапқыншылығына қарсы қазақ жасақтары 1698 жылы 
және 1702 жылы жорық жасады. Тауке хан тұсында жоңғарлар 1711, 1712, 1714 жылдары қазақ 
жерiне бiрнеше дүркін басып кiрдi. Жоңғарлардың үздіксіз шабуылы да өз әсерін тигізбей 
қойған жоқ. Тәуке хан ойрат жасақтарының үздіксіз шабуылын тыю мақсатында Жоңғар 
ордасымен бейбiт қарым-қатынас орнату үшін ұдайы елшілер жiберiп тұрды. Соның бiрi 1703 
жылы 25 сәуірде Цеван-Рабданның Текестегі ордасына қазақ елшiлiгi бейбіт қарым-қатынас 
орнатуға келгендiгiн сол кезде жоңғар еліндегі орыс мемлекетiнiң елшісі П. Гордеевке 
хабарлайды. 1709 жылдары басталған ойраттардың жаңа шабуылы, Тәуке ханның қазақ 
билеушiлерiнiң басын қосып 1710 жылы Қарақұм маңында үш жүздің өкiлдерiнен құрылтайын 
өткiзуге итермеледі. 
Тәуке хан қайтыс болғаннан кейiн қазақ жерiнде тарихшы Т. Сұлтанов атап өткендей «келте 
хандар» заманы басталды. қазақ хандығы бiр мезгiлде Әбілқайыр, Сәмеке, Барақ сұлтан және 
басқарған шағын иеліктерге бөлінді. 1722 жылы Қытай императоры Кансий қайтыс болғаннан 
кейiн жоңғар-қытай арасында бітім жасалды. 1723 жылы көктемiнде қазақ жерiн бет каратпай 
басып алуға әбден бекінген жоңғарлар шешушi жарыққа шықты. Мол әскер жинап, барынша 
толық қаруландырып, оның қолбасшылығына Шуно Дабо деген қалмақ баһадүрін 
тағайындады. Оның тактикалық жоспары бойынша қалмақ әскерлерi стратегиялық екі бағытта 
қимыл жасауға тиiстi болды. Бірінші бағыт Қаратауды басып өтіп, Шу мен Талас өзендеріне 
шығу болса, екiншi бағыт - қазақтарға ес жиғызбай соққы беріп, Шыршық өзенінің қойнауына 
жету еді. Бұл жоспарды iске асыpy үшiн әскерлер жеті топқа бөлініп, оның бiрi Жетісу 
Алатауының етегіндегі Балқаш көліне құятын төрт өзеннің бойына топтастырылды. 
Қалмақтың ірі қолбасшысы Әмірсана басқарған 70 мың адамнан тұратын екiншi бiр тобы Іле 
өзенінің бойын, Кеген өзенiнiң солтүстік жағасына, Нарын өзенiнiң күн шығыс жағындағы 
Кетпен тауының баурайына орналасты. 1723- 25 жылдарда қазақ халқының жау қолынан 
өлгені бар және ашаршылықтан қырылғаны бар, жарты халқынан айырылып қалды. Бұл 
кезеңді қазақ «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламама» деп атады. 1726 жылы Шымкентте 
таяу Ордабасы деген жерде Үш жүздің басшылары, билері жиын өткізіп, онда қазақ 
жасақтарының қолбасшысы болып Әбілқайыр хан және Бөгенбай батыр сайланды. 1727 жылы 
халықтың қаһарлы қарсылығынан алғы шебінде болып, қалмақ әскерлерімен үш жылдай ұрыс 
жүргiзген Әбілқайыр бастаған Кіші жүз жасақтары, ондағы айтулы батырлардың бiрi Тайлақ 
және оның жиенi Ұлы жүздің Ошақты руындағы Тасжүрек тайпасынан шыққан Сағырак батыр 
Ырғыздың оңтүстік шығыс бетіндегі Бұланты өзенінің жағасында «Қара сиыр» деген жерде 
қалмақтарға есенгірете соққы бердi. Қалмақ әскерлерi қиян-кескі соғыста ондаған мың 
адамынан айырылды. Бул жеңiске қол жеткен жер кейiн «Қалмақ қырылған » деп аталды. 1729 
жылы көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен қалмақтардың арасында тағы бiр катты 
қырғын соғыс жүрді. Бөгенбай, Қабанбай, Шапырашты Наурызбай, Жәнібек, Малайсары 
сияқты атақты батырлар бастаған қазақ қолдары мен жасақтары қалмақ әскерлерiне екiншi рет 
күйрете соққы берді. Майдан даласында мыңдаған қалмақ әскерлерi қаза тапты. Көбi қырылып, 
жаралы болып, жаны шықпай жатқан жау әскерінін аңыраған дауысы бiрнеше күн даланы 
басына көтерді. Бұл жер кейiн «Аңырақай» аталып кетті. Сөйтіп, Аңырақайда аяусыз соққыға 
душар болған Шуно Дабо басқарған қалмақ әскерлері Іле өзенінің бойымен шығысқа қарай 
қашуға мәжбүр болды. 1730-31 жылдары Аңырақай шайқасынан кейiн екi жақ та әлсіреп, 
соғысты тоқтату жөнiнде келiсiмшарт жасасқан. Оған тағы бiр себеп, Жоңғар мемлекетіне 
Цинь империясының шабуылының күшеюi едi. 


31.
Дәстүрлі шаруашылығы ортақ екі мемлекет арасындағы жер үшін тартыс XVIII ғасырдың 
20 – 30 жылдары үлкен апатқа әкелді. Көрші Қытайдағы ішкі жағдайы жоңғарлардың батысқа 
қарай қайта шабуылын бастауға мүмкіндік берді. Қазақ тарихында бұл кезең «Ақтабан 
шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Қашып, босқан қазақтардың паналаған жері 
Сырдарияның сыртындағы Алқакөл көлі болды. Осы заманнан бізге дейін жеткен «Елім – ай» 
әні халықтың мұңына айналды. Осы кезеңдегі қазақ даласындағы сыртқы және ішкі саяси 
жағдайда билеушілері жоңғар шапқыншылығын тойтару ісін ұйымдастыруда қабілетсіз болып 
шықты. Қазақ тарихындағы ең ірі тәуелсіздік жолындағы Отан соғысы басталды. Жоңғарлар 
1723 жылы көктемде 70 мың әскермен жеті бағыттан қазақ жеріне тұтқиылдан басып кірді. 
Қаратау мен Арыс өңіріндегі қазақтардың көп бөлігі жаудың қолынан қаза тапты. Алтай өңірі 
толығымен жоңғарлардың қолына көшті. Жоңғарлар Қазақ хандығы территориясының басым 
бөлігін жаулап алды. Ендігі жерде қазақ жері мен жоңғарлар ұлысының шекарасы Ұлытау, 
Балқаш көлі мен Шу, Талас өзендерінің арасымен өтті. Осы соғыста ерлігімен әйгілі болған 
Бөгенбай, Тайлақ, Саурық, Малайсары, Жәнібек және басқа да батырлар болды. Олар халықты 
туған елді жат жерлік басқыншылардан азат етуге шақырды. Халық жасақтарының бірігіп 
қимылдауы осылай басталды. Барлық үш жүздің жасақтары 1726 жылы бірлесіп қимылдаған 
кезден бастап қазақтар басқыншыларға ұйымдасқан түрде тойтарыс берді. 1726 жылдың 
күзінде Бадам өзені маңындағы – Ордабасы деген жерде бүкіл қазақ съезі өткізілді. Съезге 
Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс хандар, султандар, Толе би, Қазыбек би, 
Әйтеке би бастаған әр рудың билері, қолбасшылар мен батырлар шақырылды. Съезде негізгі 
мәселе басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру туралы мәселе болды. 
Съезде талқыланған маңызды мәселенің бірі бүкіл қазақ жасағының қолбасшысын сайлау 
туралы мәселе болды. Осы съезде Әбілқайыр қазақ жасағының қолбасшысы болып сайланды. 
Батырлар арасынан бүкіл қазақ жасағының Сардар бегі болып Қанжығалы Бөгенбай сайланды. 
Сөйтіп Ордабасындағы съезд халықтың рухын көтерді. Осы кезеңнің ең бір шешуші шайқасы 
Буланты өзенінің маңында болды. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Мұнадағы 
қазақ жасақтарының жеңісі соғыстың бағытын өзгертті. Жоңғар басқыншыларына қарсы Отан 
соғысында қазақ тарихы үшін маңызы зор шайқастардың бірі – Аңырақай шақасы. 1730 жылы 
көктемде Балқаш көлінің маңында қазақ пен жоңғарлардың арасында тағы бір қатты қырғын 
соғыс басталды. Аңырақай шайқасының ұрыс қимылдары болған алқап 200 километрдей жерді 
алып жатты. Аңырақайдағы шайқасқа Әбілқайыр хан басшылық етті. Нақ осы шайқас оның 
саяси қызметінің шарықтау шыңы болды. Шайқасқа барлық үш жүздің жасақтары қатысты. 
Шайқас жекпе – жектен басталды. Жоңғарлар жағынан ортаға талантты әскербасы, қоянқолтық 
ұрыстың асқан шебер жауынгері Шарыш шықты. Қазақтар жағынан жекпе – жекке 20 жасар 
Сабалақ (Абылайдың бүркеншік аты) сұранды. Абылай нақ осы жекпе – жекте өзінің қатарлы 
қарсыласын жеңіп, есімін мәңгі даңққа бөлеген. Аңырақай шайқасына 30 – 35 мың қазақ, 35 – 
40 мың жоңғар әскері қатысты деген болжам бар. Орыс зерттеушілерінің деректеріне қарағанда 
1723 – 25 жылдары қырғынға көп ұшырап, жері жау қолында қалған Ұлы жүз 10 мың жасақ 
шығарған. Орта жүз жауынгерлерінің саны 15 мыңдай болған. Адамдары көбірек сақталған 
Кіші жүз жер шалғайлығынан 10 – 15 мыңдай әскермен келді деп топшылауға болады. Майдан 
даласында мыңдаған қалмақ әскерлері қаза тапты. Көбі қырылып, жаралы болып жаны шықпай 
жатқан жау әскерінің аңыраған дауыс бірнеше күн даланы басына көтерді. Бұл жер кейін 
«Аңарақай» деп аталып кетті. М.Қозыбаев бастаған ғылыми экспедиция шайқас болған жерді 
жан-жақты зерттеді. Аңырақай шайқасына қатысқан қазақ сарбаздары асқан ерлік көрсетті. 
Қаракерей Қабанбай, Саңырық, Шақшақ Жәнібек, Тама Есет, Шапырашты Наурызбай, 
Райымбек , Құдайменді Жібекбай, Сенгірбай, Шүйкебай тағы басқа батырлар қанды 
шайқастардың алдыңғы шептерінде болып, талай рет суырылып шығып, ерлік үлгісін танытты. 
Аңырақай шайқасы халық санасындағы бетбұрыс болды. 
32.
Қазақ қоғамындағы әлеуметтік қатынастар жүйесі өзіне дейінгі далалық өңірде өмір 
сүрген әскери – потестарлық құрылымдардан жалғасын тапты. Қазақ қоғамының 


әлеуметтік топтары бір-бірін толықтыратын, қалыптасқан нақты қызметі бар 
санаттардан тұрды. Қазақ қоғамының әлеуметтік бөлінуіне тән ерекшелік 
индивидтердің «ақсүйек» және «қарасүйек» дейтіндерге саралануы болды. «Ақсүйек» 
санатын әулеттік және шығу тегіне қарай ерекшеленетін, сырттан ешкімді өткізбейтін 
индивидтердің жабық әлеуметтік тобы құрады. Оған төрелер, сайидтар және қожалар 
енді. Бұлар қоғамдық қатынастар құрылымында саяси және құқықтық белгілері 
арқылы анықталды. Қазақ қоғамындағы индивидтердің ашық әлеуметтік тобын: билер, 
батырлар, ақсақалдар құрады. Төрелер – бұлар Шыңғыс ұрпағынан тараған қазақ 
қоғамының билеушілері. Шыңғыс ұрпағынан тарағандарды төре немесе «сұлтан» деп 
атаған. «Сұлтан» атауы бастапқыда жинақталған түсінікті, билеп – төстеу, үстемдік, 
үкім жүргізушілік, сонымен қатар мемлекет ұғымын білдірді. Сұлтан атауымен қатар 
билікте жоқ әр Шыңғыс ұрпағына «оғлан» немесе «төре» терминдері қолданылды. 
«Сұлтандар мемлекеттік басқару ісін және ұлыстық басқаруды жүзеге асырды. Осыған 
орай «Жеті жарғының» бабында «халықтың ханы, сұлтаны қастандықпен өлтірілсе, 
олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін» немесе 
«Сұлтанды, қожаны балағаттағаны үшін тоғыз айыбын төлейді» делінген. Келесі топ 
қожалар – қазақ арасындағы бұл әлеуметтік топтың өкілдерін «асылсүйек» деп те 
атаған. Қазіргі ортаазия мен Қазақстан территориясына алғашқы арабтардың арасынан 
ислам дінін тарату үшін келеді. Олардың қазақ қоғамындағы ерекше құқығы «Жеті 
жарғыда» айқын берілген. «Жеті жарғы» баптарында қожаларға берілген 
артықшылықтарға арнайы тоқталып өткен. Осы заңның үшінші бабында «кімде – кім 
қожаны өлтірсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің мөлшерінде кұн төленсін». 
Олардың арасынан Қазақстанның оңтүстігінде ірі жер иеленушілер болуына қатысты 
грамоталар сақталған. Дала ақсүйектерінің көрнекті тобы «билер» болды. Би атағы 
қазақ қоғамында ертеден, Дешті – Қыпшақ дәуірінен бұрын кең қолданылған. «Би» 
атағының шығуын түркі дәуіріндегі «бек» атағының өзгеріске ұшыраған ұғымы болып 
табылды. Қазақ билеріне тән қасиет олар бейнелеп сөйлеу немесе оның классикалық 
түрі жұмбақтап сөйлеу өнерін еркін игерген еді. Л. Баллюзек өз еңбегінде «билердің» 
орнын өте жоғары дәріптеп келтіреді: «Би – өз халқының тірі шежіресі, заңын көп 
білетін заңгері болып қана қоймай, шешендігі, суырып салма сөз өнерін жетік білетін, 
халқымен біте қайнасып, тұрмысына да, әдет – ғұрпына білгір болған саясаткер». Қазақ 
хандығының сыртқы және ішкі саяси жағдайында «батырлар» тобынан шыққан 
билеушілердің рөлі ерекше болды. Хандықтың сыртқы қорғаныс қызметі батырлардың 
ел ішіндегі негізгі функциясы болды. «Батыр» би түсінігімен салыстырғанда сұлтандар 
да, хандар да ие бола алатын атақ болып саналады. «Батыр» түсінігі қазақтың ауызша 
тарихында және тұрмыс салтында жиі қолданылып, кеңінен тараған. Батырлар хан 
кеңесінде маңызды рөл атқарған. Батырлар туралы қазақтардың жоңғарларға қарсы 
ерлік күресі кезеңінде қалған мағлұматтар көп. Батырлар жиі ру басшылары болды. 
Елшіліктерді басқарып отырған. Қазақ қоғамындағы тағы бір әлеуметтік топ ретінде 
«төлеңгіттерді» қарастыруға болады. «Төлеңгіт» институтының алғашқы қалыптасуы 
кезеңінде оларды хан, сұлтанның әскери қызметтегі адамдары құрады. Олар өздерінің 
ертеден қалыптасқан функциясы сұлтандардың оқ қағары, әскери жасағын құрады. 
Олар өздерінің рулық, ұран таңбаларынан бас тарту керек болды. Ш.Уәлиханов оларды 
тәуелді категорияға жатқызды. Сұлтандар сенімді төлеңгіттерден қарулы жасақ ұстап 
отырған. Төлеңгіттер өздерінің төрелеріне тәуелді болды, оларды қорғауға әрқашан 
әзір тұрды. Қазақ қоғамының басым әлеуметтік ортасын малшылар құрады. Олардың 


өз ішінде бөлініс болуы туралы деректерде мағлұматтар берілмеген. Сонымен дәстүрлі 
қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымы бір текті болмады. Бұл қоғамда генеалогиялық, 
екіншіден құқықтық, үшіншіден – жеке басының қасиеттерімен ерекшеленетін 
әлеуметтік құрылымды айқын көреміз 
33.
Қазақ халқының тұрмыс тіршілігі көшпелі мәдениеттің қалыптастырған 
заңдылықтарына бағынды. Мал шаруашылығы мен егіншіліктің дамуы қолөнер 
кәсіпшілігімен тікелей байланысты болды. Мал шаруашылығы үшін ер – тұрман, ат 
әбзелдері, малды ұстайтын, байлайтын жабдықтар, егіншілік үшін жер жыртатын және 
тырмалайтын, астықты жинайтын және өңдейтін құралдар қолөнершілердің еңбегімен 
дайындалды. Үйде істелетін бұйымдардың көпшілігі тауарға айналмайтын, 
өндірушінің өз отбасын ғана қанағаттандыруға пайдаланылатын. Халық өнері, әсіресе, 
киіз үйдің жабдықтарын, жиһаздарын жасауда ерекше өрістеді. Бұл кезде Оңтүстік 
Қазақстан қалаларының Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен 
сауда – саттық байланысы жанданды. XVI – XVIII ғасырларда «Ұлы жібек жолы» 
бойында орналасқан Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және тағы басқа қалалардан 
табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда – саттық 
өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен 
Отырардың архитектуралық кешендері, Жәнібек пен Қасымның Сарайшықтағы, 
Қазанғаптың Ұлытау жеріндегі кесенелері, Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы 
және Қаратау қойнауларындағы мазарлар өзіндік сәулет сипатымен, архитектуралық 
формаларының жинақылық әрі айқыншылығымен ерекшеленді. Ұлан байтақ кең 
далада мал бағып, күндерін табиғат құшағында мал өрісінде, түндерін жұлдызды аспан 
астындағы мал күзетінде өткізген қазақ халқы аспан әлемін бақылау арқылы «құс 
жолы», «құйрықты жұлдыз», «ақпа жұлдыз» және «кемпірқосақ» жайында ұғымын 
кеңейтті. XVI – XVII ғасырларда қазақтар арасында ислам діні кеңінен тарады. Оны 
таратуда Сығанақ, Түркістан, Хорезм, Бұхара, Самарқанд сияқты қалалар айрықша рөл 
атқарды. Ислам діні көшпелі халық арасында терең тамыр жайған жоқ. Оған себеп 
қақтығыстар, соғыстар және түрлі саяси қарама – қайшылықтар еді. Сондықтан 
халықтың, әсіресе, көшпелі бөлігі ислам дінін көпке дейін қабылдамай, тәңірге, күнге, 
аспанға, жерге, суға табынуға негізделген нанымды ұстады. XVI – XVIII ғасырларда 
қазақ халқының арасында тақырыбы мен жанры жағынан алуан түрлі ауыз әдебиеті 
кең өріс алды. Қазақ халқының поэзиясында жыраулардың орны ерекше бағаланды. 
Жыр толғауларында қанатты сөздер, ғибратты нақылдар кең орын алды. Жыраулар 
бірнеше қызметті қатар атқарды. Олар хандардың кеңесші, сыншысы, елдің 
қамқоршысы мен жоқтаушысы болды. XVI – XVIII ғасырлардағы жыраулар 
поэзиясының аса ірі өкілдері – Асан Сәбитұлы(XIV – XV), Шалкиіз Тіленшіұлы (1465 
– 1560), Доспамбет жырау (1490 – 1523), Жиембет жырау (XYII ғ.), Марғасқа жырау 
(XYII ғ.), Ақтамберді жырау (1675 – 1768), Бұқар жырау Қалқаманұлы (1693 – 1787). 
Қазақтың батырлар жыры эпосқа тән аңыз сияқтанғанымен, олардың бәрі дерлік 
тарихи оқиғаларға құрылған. Мәселен, Қобыланды, Алпамыс, Ер Тарғын, Ер Сайын, 
Қамбар дастандары тарих шындығымен қабысып жатқан шығармалар қоғамның өмірін 
үлкен шеберлікпен көрсетеді. Бұл кезде Қазақ хандығының мемлекеттік құрылысы мен 
халық өмірінің ерекше жағдайларын өзіндік өзгешелігімен қамтитын қоғамдық 
құрылыс «билер сөзі», «билер айтысы», «билер дауы», «төрелік айту», «шешендік 
сөздер» деп аталатын көркемдік мәдениеттің бірегей түрін туғызды. Билер хан 
кеңесінің мүшелері болып, мемлекеттік істерге белсене араласты. XVI – XVIII 


ғасырларда би – шешендер арасында мемлекеттік және қоғамдық қызметінің 
маңыздылығы, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Төле би 
Әлібекұлы (16631756), Қазыбек Келдібекұлы (1665–1765) және Әйтеке Байбекұлы 
(1682–1766) ерекше орын алды. Олар тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар 
Ресейде, Хиуада, Жоңғария мен Қытай империясында танымал болған. Бұл кезде қазақ 
тіліндегі жазба әдебиеттер діни және аңыздық мазмұндағы кітаптар түрінде таралды, 
сондай-ақ тарихи шығармалар мен рулар тарихы (шежіре) жасалды. Олардың ішінен 
Захир – аддин Бабырдың «Бабырнамасын», Камаладдин Бинайдың «Шайбанинамесін», 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің «Тарихи Рашидиін», Қадырғали Жалайырдың «Тарихи – 
и Ораз – Мұхаммед» және басқа да шығармаларды арнайы бөліп көрсетуге болады. 
Сонымен, XVI – XVIII ғасырларда қазақ қоғамында шаруашылықтың және 
мәдениеттің дамуында елеулі ілгерілеушілік орын алды. Оның басты себебі, қазақ 
халқының біртұтас мемлекетке бірігуімен байланысты еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет