«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен


Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысын



Pdf көрінісі
бет22/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих
Педагогикалы ылымдар кафедрасы Психология п нінен емтихан с , 6 ата-ана, 1 aza-debieti-9t-1-n -ajtly-bjterek-pojemasy, 5 кл ксп рум
70. Қазақстан тәуелсіздігінің жариялануы және ҚР мемлекеттік құрылысын 
жүйелеп сипаттаңыз. 
Тамыздағы мемлекеттік төңкерістің болуымен және орталықтың ешқандай ымыраға 
келмеуімен байланысты одақтас республикалардың жетекшілері бұған дейін жүргізіп 
келген келіссөз талаптарынан бас тартты. Ол КСРО-ның күйреуін және бұрыңғы 
одақтас республикалардың, оның ішінде Қазақстанның егемендік алуын шапшаңдатты. 
КОКП, оның бір бөлігі Қазақстан Компартиясы тарихи аренадан өтті. 
1991 ж. 1 желтоқсанда Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін 
бүкілхалықтық сайлау болып өтті. Халықтың демократиялық жолмен өз еркін білдіруі 
арқасында Н.Ә.Назарбаев Президент болып сайланды. Республикада көптеген 
өзгерістер жасалды: прокуратура, мемлекеттік қауіпсіздік, ішкі істер, әділет, сот 
органдары қайта құрылды. Қазақстанның мемлекеттін қорғаныс комитеті 
ұйымдастырылды. 
1991 ж. 10 желтоқсанда Қазақ КСР атауы Қазақстан Руспубликасы болып өзгертілді. 
1991ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің 7 сессиясында 
парламент депутаттары « Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі 
туралы» Заң қабылдады. 
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін зайырлы, демократиялық, құқықтық және 
әлемге ашық мемлекет құруға кірісті.Елімізде саяси партилардың және партиялық 
жүйенің орнығуына, күшті заң шығарушы органның, тәуелсіз баспасөз және 
автономиялық жергілікті басқарудың дамуына көп көңіл бөлінді. 
71. Патриотизмді дамытудағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік 
рәміздерінің рөлі мен маңызын талдаңыз

1992 ж. 4 маусымда мемлекеттік Ту, Елтаңба, Қазақстан Руспубликасының Әнұраны 
бекітілді. Мемлекеттік рәміздер- мәдениет пен тарихтың айнасы, ол азаматтардың 
ұлттық санасын оятуға қызмет етеді және еліміздің қайталанбас мазмұнын баян етеді. 


Қазақстан халықтарының тәуелсіздікке ұмтылған асыл арманы, қасиетті мұраты 1991 
жылы желтоқсан айында жүзеге асты. Ал 1992 жылы 4 маусымда ұлттық болмысымыз 
бен қазақ елінің дербестігі мен тәуелсіздігін бүкіл әлемге танытушы, әрі 
мемлекетіміздің өткені мен бүгінгі және болашағы арасындағы сабақтастықтың 
жарқын көрінісін айқындайтын рәміздеріміз дүниеге келді. Рәміздер – отан тарихының 
әлемдік қауымдастықтағы орнын айқындайтын негізгі фактор. Мемлекетіміз саяси 
салмағы жағынан ілгерірек тұратын басқа елдермен иық теңестіруге мүмкіндік беретін 
мәртебеге ие болды. Тәуелсіздік талай игі істерге қол жеткізуімізге себеп болды. Әрбір 
мемлекет үшін Отаншылдық рухта тәрбие беру әрбір азаматтың мемлекетімізге, оның 
даңқты да қиын тарихына, алдағы болашағына өзінің қатысты екендігін сезініп, 
еліміздің мұң-мұқтаждарын ойлануынан басталады. Бұл міндеттің күрделілігін Елбасы 
пайымдап, «...бұл міндет білім берудің, мәдениет органдарының, қоғамдық 
ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының барлық жүйесіне, әрбір отбасына 
қатысты. Ал оны елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуден, заңды, өкіметті 
құрметтеуге тәрбиелеуден бастау керек. Әрбір адам бала кезінен: «Қазақстан – менің 
Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын деген 
қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей еткен жөн» – дейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет