«Қазақстан тарихы» пәнінің міндеті мен мақсаты, деректік көздері мен


Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз



Pdf көрінісі
бет23/23
Дата18.12.2023
өлшемі1,04 Mb.
#197558
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
Байланысты:
Билет-Жауабы-Тарих
Педагогикалы ылымдар кафедрасы Психология п нінен емтихан с , 6 ата-ана, 1 aza-debieti-9t-1-n -ajtly-bjterek-pojemasy, 5 кл ксп рум
72. Тәуелсіз Қазақстанның әлемдік қауымдастықтағы орнын сипаттаңыз. 
Тәуелсіз Қазақстан Республикасына өзіндік сыртқы саясаты ұстанымын қалыптастыру 
қажет болды. Сыртқы саясаттағы негізгі мақсат — елдің кауіпсіздігін сақтау, саяси 
және экономикалық қарым-катынастарда аймақтық, субрегионалдық құрылымдарға 
ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды 
қарастыру және оны тиянақтау. 
«Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан геосаяси жағдайы, экономикалық 
және әскери-саяси мүдделері, сондай-ақ қол жеткен қуаты Қазақстанды қазіргі 
халықаралық қатынастарда өзінің айналасындағы елдермен қауіпсіздігін, егемендігін, 
аумақтық тұтастығын құрметтеу қағидаларына негізделген тату көршілік аймағын 
құруға мүдделі ірі аймақтык мемлекет ретінде танытты». 
Бүгінгі әлем күрделі де жан-жақты. Бұрынғы кездегі идеологиялық қарама-қайшылық 
(социалистік жүйе — капиталистік жүйе) енді жекелей мемлекеттердің экономикалық 
және саяси беделіне ауысты. 
1993 жылдың 13 желтоқсанында Үкімет қаулысына сөйкес, ядросыз мемлекеттер 
қатарында Қазақстан «Ядролық қаруды таратпау жөніндегі Келісімге» қосылды. 
Республика аумағында бірнеше жылдар бойы ядролық қару болып келді. Бірақ оны 
Қазақстан өз бақылауында ұстай алған жоқ. Ендігі бірден-бір шешім — ядролық 
қарудан бас тарту еді. 1994 жылы үш мемлекеттің — Еуропадағы қауіпсіздік пен өзара 
достық қарым-қатынастар жөніндегі Будапештте өткен Кеңесінде Қазақстанның 
қауіпсіздігін сақтауға Ұлыбритания, АҚШ және Ресей мемлекеттері өз кепілдіктерін 
берді. 1995 жылы оларға Қытай мен Франция қосылды. Сөйтіп, Қазақстанның 
төуелсіздігі, дербестігі, шекара біртұтастығы мен қауіпсіздігі басты-басты ядролық 
державалар тарапынан кепілдікке алынды. 
73. Қазақстан Республикасындағы білім, ғылым, мәдениет және денсаулық сақтау 
ісінің дамуы мен негізгі реформаларын түсіндіріңіз. 


Білім. Қазақстан кеңестік кезеңде одақтас республикалардың бірі ретінде білім беру 
мен ғылымды дамыту салаларында уйымдастырылған шаралардан тыс қалмады. 
Алайда Қазақстан білім мен ғылым саласында дербес саясат ұстана алмағандықтан, 
ұзак жылдар бойғы өркениетті елдер тәжірибесіне назар аудармады. Ұтымды да тиімді 
тұстарына көңіл бөлмеді. Ақараттық-технологиялык бағыттар назардан тыс қалды. Оқу 
орындарын, ғылыми-зерттеу мекемелерін мемлекет өзінің қатаң бақылауына алып, 
идеологиялық ұстанымды үнемі кадағалат отыруы мұндағы ғылыми-педагогикалық 
әлеуеттің белсенділігі мен шығармашылық ізденімпаздығына бөгет жасады. 
Материалдықтехни-калық жабдықтауда да келеңсіздіктер орын алды. 
Ғылым жене оның басымдықтары. КСРО ыдырап, бұрынғы одақтық республикалар 
дербес тәуелсіз мемлекет болғанға дейін де Казакстанда ірі ғылыми-өндірістік 
мекемелер калыптасты. 1988 жылдың соңында Қазақстанда 233 ғылыми мекеме, сонын 
ішінде 92 ғылыми зерттеу институттары қызмет істеді. Онда 41 мыңнан астам ғылыми 
және ғылыми педагогикалық қызметкер болды. Онын 989-ы ғылым докторы жане 14,8 
мыңы ғылым кандидаты болды. КСРО кезінде Қазақстанның ғылыми орталықтары 
Мәскеуге қарап келді. Мәскеу үшін республиканың ғылыми орталықтары аймақтық 
болып саналды. Көптеген салалар бойынша ғылымды облыстардың аймақтық 
ерекшеліктерін ескермей тиімсіз орналастыру орын алды. Мысалы, металлургия, 
химия, ауыл шаруашылығы, тау-кен ісі, геология, энергетика бойынша ірі ғылыми 
зерттеу институттары Алматыда орналасқанмен, бұл салалардың өндірістік қуаты 
басқа аймақтарда калды. Ғылыми мекемелердің 40%-дан астамы Алматыда 
шоғырланды. 
Тәуелсіздіктен кейінгі үш-төрт жылдың ішінде жиырмадан астам қазақ тіліне арналган 
оқулықтар мен оқу құралдары оқырманға жол тартты. 1992-1995 жылдар аралығында 
қазақ тілінде оқитын орта мектептерде өтетін пәндерге байланысты 112 төлтума 
оқулык жарық корді. 1995 жылы К.И. Сәтбаевтың алғы сөзімен жарияланған «Ер 
Едіге» эпосы қайта басылды.Әл-Фарабидің. Шәкәрімнің еңбектері, Қожа Ахмет 
Иасауи трактаттары, М. Дулатов-тың екі томдығы, «Қазақ», «Айқап», «Дала 
уалаятынын газеті» деп аталатын жинақтар мен осы іргелі басылымдардың 
библиографиялык көрсеткіші жарыққа шықты. 1976 жылы КОКП тураты тастаган 
«Көшпенділер.Эстетика» кітабы да жарияланды. 
74.
Егемендік алған соң Қазақстан республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде 
халықаралық аренаға шықты. 1992 жылы наурыздың 3 күні Қазакстан Біріккен Ұлттар 
Ұйымына мүше болды, сондай-ақ республика халықаралық валюта фонды, 
халықаралық қайта құру және даму банкі, халықаралық банк, дүниежүзілік денсаулық 
ұйымы және тағы басқа кӛптеген халықаралық ұйымдарға мүше болды. Тәуелсіз 
Қазақстанды бүгінгі таңда 113 мемлекет мойындады, олардың 105 мыңы елшіліктер, 
өкілеттер дәрежесінде дипломатиялық қатынас орнатты. Қазақстанда шет елдің 55, шет 
елде Қазақстанның 30 елшілігі бар. 
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты халықтар арасында бейбіт және өзара 
тиімді қарым-қатынас орнатуға бағытталып отыр. Қазақстан өз территориясындағы 
ядролық қаруды жойып, ядролық қарусыз мемлекет статусын алды. Осының 
нәтижесінде Америка, Ресей, Қытай және тағы басқа ірі мемлекеттер Қазақстанның 
тәуелсіздігіне кепілдік беріп отыр. 


Қазақстан Республикасы Азияда бейбітшілікті сақтап, осы құрлық елдерінің арасына 
сенімділік қатынас орнатты. Орта Азия Республикаларымен ТМД елдерімен саяси, 
экономика саласындағы қатынасты нығайтуға ерекше көңіл бөліп отыр. 
Қазақстан сыртқы экономикалық байланысқа айрықша көңіл бөлуде. Бұл саладағы 
негізгі мақсат ел экономикасын дамытуға шет ел инвестициясын тарту болып отыр. 
Бұған мысал ретінде бірлескен «Тенгизшевройл» өндірісін айтуға болады. Бұл келісім 
40 жылға жасалған. Кәсіпорынның барлық табысының 80% Қазақстанға, 20%-і 
Шевройлға тиесілі болмақ. Қазақстандағы саяси тұрақтылық шет ел инвестициясына 
сенім туғызып отыр. Экономикаға енгізілген инвестицияның көлемі жөнінен Қазақстан 
ТМД елдерінің алдыңғы қатарында отырған.
1992 жылдың 4 маусымы-тарихи күн. Сол кездегі Республика Жоғарғы Кеңесі тәуелсіз 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Елтаңбасын бекітті. Елтаңбаның 
үздік жобасына 245 жұмыс, 67 хат ұсынылған еді. Халық қалаулылары мен Елбасы 
назары Ж. Мәлібекұлы мен Ш. Уәлиханов жасаған берікті елтаңбаға ауды. 
Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Оңласынұлы Ниязбеков. Мемлекеттік туға арналған 
байқауға 600-ден астам жоба түсті. Егемендік алған қазақ елінің қыран тәріздес биікте, 
ғұмыры ұзақ болсын деген ойдан туған дүние. Ал күн сәулесі мен ұлттық ою-ӛрнек 
қазақтың ұлттық танымын, қасиетін кӛрсетеді.
2006ж. 7 қаңтарынан бастап ән ұран қайта ӛзгертілді Алғашқы Қазақ халқының ән 
ұранын Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай Молдағалиев, Жадыра 
Дәрібаева жаңа тексін жазған болатын. 
Сӛзі: Ж. Нәжімеденов, Н.Ә. Назарбаев, Әні: Шәмші Қалдаяқов.
Егемен мемлекет болған Қазақстан соңғы 200 жылдан астам уақытта дүние жүзі 
қазақтарының тұңғыш құрылтайын ӛткізуге мүмкіндік алды. Жер шарының он үш 
елінен келген отандастарымыз Құрылтайға қатысты. Гуманизмнің кӛрінісі, әміршіл-
әкімшіл басқару жүктесінің қатыгездігінен өз елін, өз жерін тастап, шет елдерге ауа 
көшіп кеткен қандастарымыздан кешірім сұраудың айғағы болды. 
Құрылтай қонақтарының қатарында белгілі дін қайраткерлер, ғалымдар, бизнесмендер, 
студенттер болды. Қазақ диаспорасы бар Ресей мен Өзбекстаннан келгендердің саны 
көп болды. 
1993ж. 28 қаңтарда тәуелсіз Қазақстанның бірінші Конституциясы қабылданды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет